Семинар тақырыбы. Тұлғаның іс-әрекеті – оның өзін-өзі дамытуының негізі

Сұрақнама

1. Тұлға», «адам», «индивид», «даралық».

2. Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін негізгі факторлар.

3. Өзін-өзі тәрбиелеу - тұлғаның дамуы мен қалыптасуының шарты, нәтижесі.

4. Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи әлеуеті.

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Негізгі түсініктерді анықтаңыз: индивид, даралық, даму, тәрбие, қалыптасу, тұлѓа дамуы жєне ќалыптасуы факторлары, тұлға қалыптасуының қозғаушы күштері жєне заңдылыќтары, объект, субъект.

Тапсырма 2. Білім алушылар тұлғасының даралық және жыныстық жас ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.

Тапсырма 3. Ұл және қыз балаларды әлеуметтендірудегі гендерлік айырмашылық және заңдылықтарды айқындаңыз.

Тапсырма 4.Әр түрлі жастағы білім алушыларды оқытудың, тәрбиелеудің ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Семинар тақырыбы. Тұтас педагогикалық үдеріс – педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің объектісі

Сұрақнама

1. Педагогикалық үдерістің белгілері, сапалары мен қасиеттері.

2. Тұтас педагогикалық үдеріс қызметтерінің өзара байланысы мен бірлігі.

3. Педагогикалық үдерістің қозғалыс тетіктері (құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер).

4. Тұтас педагогкалық үдеріс теориясы туралы білім – мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізі.

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. «Мұғалімнің іс-әрекет объектісі» және «педагогикалық үдеріс» ұғымдарына талдау жасаңыз.

Тапсырма 2. Педагогикалық үдерістің негізгі заңдылықтары, оларға сипаттама беріңіз.

Семинар тақырыбы. Мұғалім мен оқушының педагогикалық үдерістегі өзара әрекеттестігі

Сұрақнама

1 Педагогикалық үдерістің оқу және оқудан тыс саласының бірлігі жеке тұлғаны қалыптастырудың шарты.

2. Оқушы – педагогикалық үдерістің субъектісі.

3. «Педагог-оқушы» жүйесіндегі ТПҮ компоненттері мен құрылымының ерекшеліктері.

Тапсырмалар:

Тапсырма 1.Мұғалімнің педагогикалық үдерісті басқарудағы, болжаудағы заңдылықтар мен қағидаларды есепке алуының маңыздылығын көрсетіңіз.

Тапсырма 2. Педагогикалық үдерістің тәрбиелік механизмдері – педагогтар мен оқушылар арасындағы, топ ішіндегі қарым-қатынас жүйесін сипаттаңыз.

Семинар тақырыбы. Оқушылардың интеллектуалды әлеуетін дамыту

Сұрақнама

1. Оқушыларда танымдық қызығушылық пен ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру

2. Оқушыларды үйрету (оқыту) мотивтері.

3.Иинтеллектуалды әлеуетін дамытудағы өзекті мәселелер

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Интеллектуалды тұлға қалыптастыру бағдарындағы шетелдік және отандық тәжірибелерге талдау жасаңыздар.

Тапсырма 2. Оқушылардың іздену әлеуетін, шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстарының түрлеріне тоқталыңыз.

 

№11 семинар тақырыбы. Педагогтың кәсіптік іс-әрекетіндегі мақсаттылық

Сұрақнама

1. Педагогтың кәсіптік іс-әрекетіндегі мақсаттылыққа байланысты мəселелер.

2. Педагогтың кәсіптік іс-әрекетіндегі мақсаттылықтың мәні.

3. Педагогтың кәсіптік іс-әрекетіндегі мақсаттылықтың ерекшеліктері.

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Педагогтың кәсіптік іс-әрекетіндегі мақсаттылықтың мазмұнын айқындаңыз.

Тапсырма 2. Педагогтың кәсіптік іс-әрекетіндегі мақсаттылықтың мәнін сипаттап, ашып көрсетіңіз.

Тапсырма 3. Педагогтың кәсіптік іс-әрекетіндегі мақсаттылыққа қойылатын талаптарды қарастырыңыз.

Тапсырма 4.Өзiңiздiң мектеп жылдарындағы дамуыңызға талдау жүргiзiп көрiңiз, ондағы алдыңызға қойған басты мақсаттар қандай едi?

Семинар тақырыбы. Қазіргі мектепте рухани-адамгершілік, толерантты тұлғаны қалыптастыру мәселелері

Сұрақнама

1.Қазіргі мектепте рухани-адамгершілік, толерантты тұлғаны қалыптастыру мәселелерінің мәні.

2.Мектепте рухани-адамгершілік, толерантты тұлғаны қалыптастыруға ортаның әсері

3. Білім беру мазмұнының рухани-адамгершілік, толерантты тұлғаны қалыптастырудағы рөлі.

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. «Рухани-адамгершілік», «толеранттық», ұғымдарына түсінік беріңіз.

Тапсырма 2. Қазіргі мектепте рухани-адамгершілік, толерантты тұлғаны қалыптастырудың маңыздылығын ашып көрсетіңіз.

Тапсырма 3. Қазіргі мектепте рухани-адамгершілік, толерантты тұлғаны қалыптастырудағы сыныптан тыс іс-шараларды атаңыз.

Тапсырма 4.Толерантты тұлғаны қалыптастыруда қазіргі мектептердіңрөлін ашып көрсетіңіз.

Семинар тақырыбы. Оқытудағы құзыреттілік тәсіл. Оқушылардың түйінді құзыреттілігі – оқытудың нәтижесі

Сұрақнама

1. Құзыреттілік – оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі.

2. Оқушыларды оқытудағы құзыреттілік тәсілдері.

3. Оқушылардың түйінді құзыреттілігі-оқытудың нәтижесі ретіндегі маңызы.

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. «Құзыреттілік», «құзырет» ұғымдарына анықтама беріңіз.

Тапсырма 2. Оқушылардың түйінді құзыреттілігінің мазмұнын ашыңыз.

Тапсырма 3. Оқытудағы құзыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі білім сапасын қамтамасыз ететіндігін дәлелдеңіз.