Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметтерінің экономикасының сапасын қалыптастыру факторлары

Билет

Кәсіпорынды дамыту, құру және оның негізгі мақсаты

Жаңа кәсіпорынды құрудың бастапқы сатысында құрылтайшылар құрамы анықталып, құрылтайшы құжаттары дайындалады (Кәсіпорын жарғысы мен Ұйымдастыру-құқықтық формасы көрсетілген кәсіпорынды құру туралы келісімі). Сонымен бірге бұл жерде басшы мен тексеру комиссиясын сайлау туралы жазылған құрылтайшылардың №1 жиналысының хаттамасы толтырылады. Содан кейін банкіде уақытша есеп шот ашылады, оған бір ай көлеміндегі уақытта тіркелген кәсіпорынның жарғылық қорының 50%-ы түсуі керек. Одан кейін, кәсіпорын құрылған жеріндегі басқарушы органдарда тіркеледі. Ал мемлекеттік регистрде тіркелу үшін Әділет министрлігіне келесі құжатгар тапсырылуы тиіс:

1) Құрылтайшының (немесе құрылтайшылардың) тіркеу туралы арызы.

2) Кәсіпорын жарғысы.

3) Құрылтайшылар арасында бекітілген кәсіпорынды құру туралы келісімі.

4) Мемлекеттік баж салығын төлеу туралы куәлік.

Кәсіпорынның басты мақсатына халықтың тұтынушылығын қанағаттандыру және табыс табу жатады.

Кәсіпорынның негізгі мақсаттарының бірнешеуі

өз өнімдері үшін нарықтың көп үлесін жаулап алу

- жоғары сапалы өнім өндіру

-технология бойынша нарықта жетекші орынды иелену

- қолда бар шикізат, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану

- жұмыс бастылықты барынша жоғары деңгейде жеткізу.

Басты мақсатқа жету үшін кәсіпорын бірқатар міндеттерді шешуге тырысады:

- қандай тауар немесе тауарлар номенклатурасын өндіру және сату керек

- бұл тауармен қандай нарықтарға шығу керек және нарықта өз позицияларын қалай нығайту керек

- өндірістің қолайлы технологиясын қалай таңдау керек

-қандай материалдарды алу және оларды қалай қолдану керек

- қолда бар қаржы ресурстарын қалай бөлуге болады

-өндірілетін өнім, оның сапасы, өндіріс тиімділігінің техникалық сипаттамалары бойынша кәсіпорын қандай көрсеткіштерге жету керек.

Бизнес жоспарлаудың 5 қызметі

Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады. Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:

-жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;

-тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;

-бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;

-маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады;

-өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;

-ұйымдастыру-басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді;

-жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;

-жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады;

-жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;

-қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда


кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.) жобаланады. Бизнес-жоспар тауар, ақша, өндіріс факторы қозғалысының жалпы балансын айқын бейнелейді.

Билет

1. Кәсіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымы

Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді.

Аралас кәсіпорын– меншік нысандары алуан түрлі кәсіпорын, оның қызметі бірлескен қызметті жүзеге асырушы серіктестердің үлеспұлдық жарналарына негізделген.

Бірлескен кәсіпорын – екі не одан көп елдің заңды тұлға құқықтары бар құрылтайшыларының (фирмаларының, компанияларының, т.б.) мүлкін біріктіру негізінде құрылған кәсіпорын. Олардың нақты нысандары: өндірістік кәсіпорындар, сауда фирмалары, енгізбелік, сервистік және басқа ұйымдар.

Венчурлік кәсіпорын – ғылыми-зерттеулермен, инженерлік талдамалармен, жаңалықтар ашумен және енгізумен, соның ішінде ірі фирмалардың тапсырыстары және мемлекеттік қосалқы келісім-шарттар бойынша жаңа енгізілімдер жасаумен айналысатын шағын кәсіпорын. Унитарлық кәсіпорын – өзіне бекітілген мүлікті меншіктенуге құқығы жоқ коммерциялық ұйым. Ол мемлекеттік және муниципалдық (жергілікті) кәсіпорын болуы мүмкін, осыған орай оның мүлкі мемлекеттік немесе муниципалдық меншікте болады. Ұжымдық кәсіпорын – мемлекеттік кәсіпорынды құнын төлеп алған жағдайда немесе мүлікті еңбек ұжымы заңды жолмен сатып алған жағдайда құрылатын шаруашылық бірлік. Мұнда меншік ұжымдық сипатта болады және мүлік қызметкерлердің салымдарына бөлінеді.

2. Сенімділікті талдау

Билет

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметтерінің экономикасының сапасын қалыптастыру факторлары

Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижелілігі - өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқада тұтыну қорларының жиынтығынан (әлеуметтік саладағы), жиналған қаражаттардан және тағы басқалардан көрінеді.

 

Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау – межелі көрсеткіштердің орындалуын бағалау‚ ішкі шаруашылық сақтық қорларды анықтау және өндірістің тиімділігін арттыру үшін кәсіпорынның (фирманың‚ компанияның‚ тағы басқа) шаруашылық қызметінің жай-күйі мен дамуын оның техникалық деңгейімен және ұжымның әлеуметтік дамуымен өзара байланыста кешенді түрде зерделеу. Оны орындау кезінде оперативтік‚ статистикалық және бухгалтерлік есеп материалдары‚ олардың есептемелері‚ нормативтік және жоспарлы деректер‚ техникалық ақпарат пайдаланылады; техника мен технологияның‚ өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың‚ жоспарлау мен басқарудың‚ қаржыландырудың‚ несие-ақша қатынастарының шаруашылық қызметтің тиімділігіне әсері анықталады. Талдау жалпы экономика талдау және техника-экономиканы талдау түрінде болып келеді. Біріншісі шаруашылық қызметтің қорытындылаушы құндық көрсеткіштерін зерделеуге бағытталған; екіншісі кәсіпорынның техника деңгейін және оның экономикалық көрсеткіштерге әсерін зерделеп‚ бағалауға бағытталған. Зерделенетін мәселелердің көлеміне қарай толық талдау (бүкіл шаруашылық қызметті талдау) және тақырыптық талдау (шаруашылық қызметтің жекелеген жақтары мен көрсеткіштерін талдау‚ мысалы‚ еңбек өнімділігін‚ негізгі қорлардың пайдаланылуын‚ жалақыны‚ пайданы‚ пайдалылықты‚ тағы басқаларды талдау) түрлеріне бөлінеді. Талдау материалдары арнаулы тәсілдер мен әдістер (салыстыру‚ топтастыру‚ математикалық статистика‚ тізбекті ауыстырымдар‚ тағы басқалар) арқылы зерделеніп‚ қорытындыланады.