Ортағасырдағы батыс-европалық философия.

Ортағасырдағы батыс-европалық философия V-XIII ғ. қамтиды.Ортағасырлық батысеуропалық философиясында үстемдік етуші дүниетаным христиандық болды. Осы аталған дәуір философиясы «құдайдың қызметшісіне» айналды. Христиандылықтың қасиетті кітабы – Інжіл. Грек тілінен «кітап» деген мағынаны білдіреді.Христиандық дүниеге көзқарас монотеистік сипатта болды. Олар құдайдың бар екендігін былай дәлелдейді: Әке - құдай, ұл – құдайы және қасиетті рух.

Орта ғасырдағы негізгі идея теоцентрлік сипатта болды, яғни жоғарғы жаратушы ретінде құдайды, ал қоршаған орта оның туындысы.

Осыдан философияның Құдайдың болмысын дәлелдеу міндеті келіп шығады. Христиандық монотеизмнің негізінде екі ұстаным жатыр, оның бірі-жаратушы, жасампаздық идеясы, екіншісі - жариялық идеясы. Олар өзара тығыз байланыста, өзара шартты байланыста, себебі трансценталды бір Құдай идеясын көтереді.

Жасаушы идеясы ортағасырлық онтологияның тірегі болса, жариялылық идеясы гносеологияның тұғырын қалайды. Христиан догматы бойынша Құдай дүрмені өз еркімен жоқтан бар етіп жаратқан. Өзінің шексіз қуаты арқасында ол әрбір сәтте дүниенің болмысын сақтайды. Мұндай дүниетаным креационизм деп аталады (лат. «creatio» - жасап шығару, құру).

Орта ғасырлық батысеуропалық философиясын келесі кезеңдерге бөлуге болады:

Патристика (латынша - әке) – ІІ-VІғғ. алғашқы христиан философиясының негізін салушы шіркеу әкелерінің мектебі, ілімі.

Апологетика ( грекше - қорғаймын, ақтаймын ) – ІІ – ІІІ ғ.ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздаған ілім;

Классикалық патристика - (ІV-Vғғ.) - тринитарлық мәселе, яғни әке, ұл және қасиетті рух мәртебесі арақатынасы туралы ілім; христологиялық мәселе, яғни Христостағы екіұдайлық, яғни құдайлық және адамдық екі бастама туралы; антропологиялық мәселе, яғни құтқару мен арылу барысындағы Құдайдың мейірімі мен адамның күнәһарлық табиғаты жөніндегі ілім;

Соңғы кезең (VІ-V ІІІ ғғ.) - христиандық догматиканың орнығуы, теология мен ғылымның энциклопедиялық кодификациялануы.

Схоластика (латынша мектеп) - ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы. Схоластиканың үш кезеңі болды: 1.Балауса схоластика (ІХ-ХІІғғ.); 2.Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІғ.); 3.Құлдырау кезеңі (ХІV-ХVғғ.).

Схоластикалық философияның негізгі мәселесі:

Құдайдың бар екенін рационалды (ақылмен) дәлелдеу;

Жалпылықтың жекелікке қатынасы немесе «универсалий», яғни жалпылық ұғым мәселесі.

Осы сұрақтарға жауап бере келе схоластикада екі бағыт пайда болды:

Номиналаизм(лат.nomo- ат, атау) бойынша алдымен қандай да бір зат пайда болса, оған ат беріледі. Олар құдайдың бар екендігін былай дәлелдейді: Әке - құдай, ұл - құдайы, рух - құдай. Номинализм өкілдері - П.Абеляр, Росцелин, Дунс Скот, Жан Буридан, Роджер Бэкон.

Реализм бағыты бойынша алдымен заттың өзі емес, оның жалпы атауы «универсалийлер» пайда болады, яғни сөз, соған сәйкес зат болады. Құдайдың бар екендігін былай дәлелдейді: Құдай туралы сөз бар, яғни құдайдың заты да, өзі де бар. Реализм өкілдері: А.Кентерберийский, Шампо.

Патристикалық кезеңнің атақты өкілі - Аврелий АвгустинӘ у л и е (354-430) - христиандық теолог, «шіркеу аталарының» (католиктерде) бірі, христиандық дүниетаным жүйесін жасаған әулие. Христиандық әлемде дін және философия мәселелері бойынша шексіз беделі болған және «Ұстаз» деген атаққа ие болған. Антиктік мәдени мұра мен оған христиандықтың қатысы туралы пікірталаста сенім мен ақылдың үйлесімдігі туралы ілімді тұжырымдап, «Қасиетті Жазу» мен «Қасиетті Өсиеттің» күмәнсіз беделдігін мойындай отыра, адамның діни өміріндегі ғылым мен философияның рөлін кемітпеді. Августин жүйесіне рухани бастауларды әсірелеу тән. Адам үшін, дейді ол, Құдай мен дүние арасында таңдау бірден-бір абыройлы құндылық болып табылады. Адам тіршілігі құндылықтарының арасында ылғи жақсы көріп аялайтын игіліктер мен тек пайдалануға жарайтындарын бөлуге болады. Біріншісіне тіршіліктің бастауы болып табылатын абсолютті жақсылық ретінде Құдайды сүю жатады. Екіншісіне адамзат мәдениетінің жемістері мен нақтылы дүниедегі игіліктерді қосуға болады. Оларсыз тіршілік ету мүмкін емес. Бірақ оларға үйреніп, жақын көруге болмайды. Августин Құдайға біртіндеп жақындатып, тән мен жанды тазартатын, аскеттік сипатта болатын «катарсис» жүйесін тұжырымдады. Августиннің мәдениетке деген көзқарасы «Құдай қаласы туралы» еңбегінде берілген. Ол екі адамдық қауымдастықты бөліп қарастырады: «Жер қаласы» — Құдайды ұмытқан өзімшілдікке негізделген мемлекет пен мәдениет және «Құдай қаласы» — өзін ұмытқан, Құдайға деген сүйіспеншілігі шексіз рухани бірлестік. Рим империясының соңғы уақытына ұқсас «Жер қаласы» нәпсіқұмарлық пен күнәһарлыққа толы және «алғашқы күнәдан» бастау алады. Осы қалада өмір сүруге мәжбүр адам бар ықыласын Құдайлық Қалаға бағыттауы керек. Августиннің теологиялық ілімдері оның эстетикасымен де тығыз байланысты.

Фома Аквинский(1225-1274) - италияндық діни ойшыл. Католиктік шіркеудің ең ірі ойшылы. Дегдар отбасынан шықса да, ол ата-анасының қарсылығына қарамастан, доминикандық діни ұйымға кіреді. Париждегі Сен-Жак монастырында, кейін Париж унверситетінде дәріс береді. Сонан соң Италияға қайтып келіп, Рим Папасының сарайында болады. Сол жылдары ол Аристотельдің философиясын тереңдетіп, өз ілімінің негізіне айналдырады. 1269 ж. Парижге қайтып оралып, Құдайтану қосындысы жұмысын жалғастырады (1266—1273). 1274 ж. Неапольдан Лионға шіркеулік кеңеске бара жатып қайтыс болады. Логик, метафизик, теолог, Фома әулие Аристотельдің рационалды философиясын христиан дінімен сәйкестендіруге тырысқан. Ф. Аквинский ойынша, дін мен білімнің қарым-қатынасы гармонияға, бейбіт жарасымға құрылуға тиіс. Философия қарама-қайшылыққа ұрынған шағында (мысалы, уақыт шеңберіндегі жарату мәселесі), оның көмекке дінді шақыруы қажет. Ф. Аквинский - теоретикалық теологияның негізін салушы. Негізгі еңбектері: «Теология жиынтығы», «Философия жиынтығы». Ол Құдайдың барына 5 дәлелді келтіреді:

1. қозғалыс: барлық заттың алғашқы қозғаушысы – құдай;

2. себеп: барлық нәрсенің бір себебі болады: ол – құдай;

3. кездейсоқтық пен қажеттілік;

4. сапа дәрежесі: заттардың сапасы әр түрлі, ең жоғарғысы құдай;

5. мақсат: қоршаған заттың белгілі бір мақсаты болады, құдай - мәңгі. Ф. Аквинский томизм бағытының негізін қалаушы. Томизм – Ф.Аквинский іліміне негізделген католиктік философияның бағыты.

Ортағасырлық араб – мұсылман философиясы. Ортағасырлық мұсылман философиясының түп тамыры VII-VIII ғасырлардан нәр алады. Осынау көне дәуірден орта ғасырға өтпелі кезең тайпалық демократия дәстүрлерінің басып кіріп, Аравия аумағына үстемдік орнатуымен байланысты болды. Арабтардың қарама-қайшылығымен күресі этникалық және мәдени консолидацияға, арабтардың шоғырлануына бағытталды. Осының нәтижесінде орасан зор полиэтникалық мемлекет - Халифат орнықты. Бұл үрдістің біріктіруші факторы мұсылман діні - ислам болды. Ислам VII ғ. халифтер қозғалысының негізінде пайда болды, оның жетекшісі Мұхаммед пайғамбар еді. Исламның қасиетті кітабы - Құран. Құран араб тілінен «оқу» деген мағынаны білдіреді. Құран 114 сүреден тұрады. Сүрелер аяттардан тұрады.

Араб-мұсылман философиясының бағыттары: шығыстық перипатетизм, қалам, суфизм.

Шығыстық перипатетизм – араб философиясының бағыты, яғни Аристотель ілімін жалғастырушы бағыт.

Шығыстық перипатетизм өкілдері – Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушд және т.б.

Өзінің философиялық мазмұны жағынан шығыс перипатетизмі (ІХ-Х ғғ.) маңызды құбылыс болды. Араб перипатетиктері арасында бірінші болып Аристотель философиясының тұжырымдарын мойындаған әл-Кинди еді (800-870 жж.). Сол себептен оның арабтардың философы деген құрметті атағы болады. Әл-Кинди өз трактаттарында табиғи құбылыстардың детерминистік тұрғыдан түсіндірілуін талап етті. Ол Құдайдың бейнесі "алыс себеп", дүниені жаратушы, одан әрі өзінің заңдарымен дамуға мүмкіндік беруші деп қарастырды.

Әл-Кинди ұсынған танымның үш сатысы әлі күнге дейін маңызды. Бірінші саты - логика мен математика, екінші саты - жаратылыс ғылымдары арқылы, үшінші сатыға - метафизикалық проблемаларға апарады. Әл-Кинди құранға және бір қатар догмаларға скептикалық көзқараста болды. Мұсылман ортодокстары оның кітаптарын өртеп, жойып отырды.

Әл-Фараби(870-950) Аристотельдің ізбасары болып табылады. Оның еңбектері «Герменевтика», «Қайырымды қала тұрғындары», т.б. Оның көптеген идеялары батыс европа идеяларымен философиялық концепциялардың дамуына теориялық әсерін тигізді. Фараби ғылыми болжамға, әлемді ғылыми танып білу мүмкіндігіне сеніп, қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қарсы шықты. Жер бетіндегі соғыссыз қоғам идеалын теориялық тұрғыда негіздеді.

«Фусул әл-мадани» еңбегінде Әл-Фараби адамдық болмыс ретіндегі мәдениетті талдауды бірінші ұядан - отбасынан бастайды. Үйдің өзіне тән мақсаттары болғанымен, ол қаланың құрамдас бір бөлігі болып табылады. Қалада отбасылар келісімді, тату-тәтті өмір сүруі керек. Қала ұғымы мемлекетпен жақындастырылады. Тағы бір мағынасында қала ұғымы әлеуметтік-мәдени топ түсінігімен де байланысты қарастырылады. Әл-Фараби 4 түрлі қалалар бар дейді: қайырымдылар қаласы, надандар қаласы, адасқандар қаласы, азғындар қаласы. Бұл әлеуметтік мәдени типтер сол заманның мәдени бағдарларымен сәйкес келеді. Рухани мәдениет бастауларын Әл-Фараби адамдарды өзара байланыстыратын құндылықтардан - жан дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздеді. Қайырымды қала тұрғындары ақыл-ой, әділеттілік, теңдік, бақыт бастауларын жоғары бағалайды. Бұларға жету үшін мәдени тәрбиенің маңызы зор. Тәрбиенің негізгі мақсаттарының бірі - білімді қалыптастыру. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгелердің ақылдылығын аңғармайды. Ғылым мен тәрбие ұштаса келе жоғары мәдениеттілікке жол ашылады. Мәдениеттілікке тәрбиелеу мәселесін Әл-Фараби жалпы мұсылмандық білім жүйесі - мағрипатпен үндес қарастырады. Оның басты түйіні - мінсіз ақылды әрі жетілген адамды қалыптастыру (әл-камили әл-инсани).

Ұлы ғалым - энциклопедист Ибн-Сина (Авиценна) (980-1037 жж.) айналыспаған ғылым саласы жоқ. Әсіресе, оның ұлылығы медицина мен философияда айқындалды. «Медицина каноны» медициналық білімнің энциклопедиясы. Бірнеше ғасырлар бойы Батыс пен Шығыс дәрігерлерінің жүгінетін басты кітабы болды.

Ұлы ғалым-табиғаттанушы, дәрігер ретінде Ибн-Сина табиғаттың бар екендігін объективті түрде мойындайды. Оның мұрасы 100 ірі шығармалардан тұрады; 50-і пәлсафа мәселелеріне арналған.

Оның негізгі философиялық еңбегі «Емдеу кітабы» 4 тараудан тұрады: логика, физика, математика, метафизика. Бұл кітабында шығыс перипатетизмі идеясын, оның ішінде, неоплатонизмнің онтологиялық концепциясын дәріптейді.

Ибн-Синаның онтологиялық жүйесі эманация ұстанымына ден қояды; қажетті мән жалпы зердеге барып қосылады, ол өзінен айдың айналасындағы сфераны және оның жанын эманациялайды. Эманация Айдың сферасымен аяқталады, одан қайта оралу үрдісі басталады. Ибн-Сина сфералардың 10 рухы туралы қарастырады. Олар құдайдың ақылынан эманация арқылы шыққан. Сан мен әріптердің шарттылығы, түсті жору туралы баяндайды. Ибн-Сина материялды дүниені мәңгілік, ешкім жаратпаған деп есептейді. Алайда, әл-Фарабиден өзгешелігі, оны эманация өкімі ретінде пайымдайды. Десе дағы, осы ойын күңгірттеп жібереді. Өйткені материя өзінің тіршілігімен Құдай рухына міндетті, материя-құдай тәріздес. Ибн-Сина материя мен дүниені бір деп есептемейді. Дүние өткінші, жалған. Ол бастапқы емес, материя-бастапқы, бірінші.

Әлем - материя мен форманың бірлігінің нәтижесі. Материяның негізі мәңгілік. Құдай мен материя объективті дүниені жаратуға бірдей қажетті. Байқағанымыздай, Ибн-Сина құдайды бар деп есептейді. Құдай проблемасын интеллектуализм рухында шешеді. Оның құдайы - абстрактіні енгізді; өзінің табиғатының зерделік қажеттігі арқасында өмір сүреді. Құдайдың ісі, әрекеті - Құдайдың өзі туралы ойлауы. «Құдайдың өзіндік санасы барлық болмыстың бірінші көзі. Құдайдың бірінші және бірден-бір тікелей өнімі - алғашқы зерде (парасат). Мәнде Құдайдың уақыттан тыс эманациясы деп қарастырады. Адамның жаны өлмейді, өйткені ол тәннің рухани формасы. Универсум проблемасын қарастыра келе, жалпы идеялар үш жақты деп мәлімдейді: заттанғанға дейін Құдайдың зердесінде, ол заттардан жалпыны абстракциялайды.

Перипатетизмнің соңғы өкілі - Ибн-Рушд(Аверроэс) (1136-1198 жж.). Оның ілімі бойынша материалдық дүние уақытта шексіз, кеңістікте шектеулі. Ибн-Рушд Құдайдың дүниені бар еткені туралы формуланы жоққа шығарады. Құдай табиғатпен мәңгілік. Қозғалыстың әмбебап әрі мәңгілік көзі - материя. Қозғалыс - мәңгілік, Құдай дегеніміз өзіңді, алайда, ойлаушы ой барша тіршілік иелерін Алла жаратқан, осы иерархияның асқар шыңында тұр - болмыстың соңғы себебі. Ибн-Рушд «Екі жақты ақиқат» туралы әйгілі ілімнің негізін салушы.

Философияның ақиқаты мен діннің ақиқаты бір-біріне қарама-қайшылықта емес, олар бір ақиқатқа, Абсолют ақиқатына апарады. Философия тарихында пррогрессивті рөл атқарған тағы бір ілімі жанынан ортақ, әмбебап зерде туралы. Бұл теория ХІІІғ. христиан теологтары арасында дүрбелең туғызды. Аристотель философиясындағы актив және пассив зерде туралы теориясын қайтадан қарап, айрықша теорияны көлденең тартады. Зерде туралы ілімді дамыта отырып, материалдық зердеге қатысты негізгі қағидаларды түп-тамырымен сын тезіне алады:

1. Бұл зерде дененің функциясы болып табылады.

2. Өзектілікке айналғанға дейін, ол тақтаға түсірілген жазулар тәрізді.

Ибн-Рушд бұл қағидаға қарсы шығып, «егер материалдық интеллект психикалық күш болса, онда зерденің сезімнен ешбір айырмашылығы болмас еді», - дейді. Зерде адамның бір бөлігі емес, ол өлілер мен тірілер және әлі дүниеге келмегендер үшін ортақ біреу ғана. Ибн-Рушд таным адамдар ұрпағының шексіз танымы дегенді айтады. Ибн-Рушда іліміне берілген Э. Ренанның бағасымен келісуге болады: «Мынадай нақты ойларға болашақ қана емес, бүгінгі таңда да зәруміз. Таным негізіне қатысты жағдаяттардың түп негізін оның берген ұғымдарынан алуға болады»

Калам- исламдағы діни-саяси ағымдардың пайда болуымен қатар дамыған дискуссиялар, мұсылмандардың басқа сенім өкілдерімен, христиан өкілдерімен пікірталасы. Бұл пікірталаста құдайдың мәні, құранның негізі, құдайдың жазуы, бостандық мәселесі қаралды.

Суффизм («суф»-жүн, шаш) - исламдағы мистикалық аскеттік ағым. Адам үшін жоғарғы игілік адамның қоршаған ортадан, барлық қызықтан бас тартуы. Суфизм - дегеніміз адамның дүниеге деген рухани-теоретикалық, рецептурлық-пәндік қатынасының органикалық тұтастығы болып келетін рухани-тәжірибелік ерекше іс-әрекеті және бұл қатынастар адамдардан мүлдем аулақтау, өмірден баз кешу дегенді емес, адамның бойыСуфизмнің теоретиктері мистикалық экстазға жетудің төрт жолын көрсетеді:шариғат, тариқат, мағрипат, хақиқат.