Тақырып. XIX ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия

Классикалық неміс философиясы әлемдік философияның дамуына зор ықпал етті. Ол онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді, яғни болмыс, мән, таным және өзге де философиялық мәселелерді идеалистік тұрғыда шегіне жете зерттеп, дамытты.

Алайда, XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, классикалық философия дәстүрі әртүрлі сынға ұшырап, екі жарым мың жылдық тарихы бар философиялық мән мен таным мәселесінің орнына «өмір», жеке адам, құбылыс, психологиялық және т.б. мәселелерді қарастыру белең алды. Осы дәуірде классикалық неміс философиясын, әсіресе гегельдік философияны сынау.

XIXғ. қазіргі заман философиясының үш бағытта дами бастайды:

1) позитивизм, оңды ғылыми білімдердің құндылығына және тұрақтылығына ерекше көңіл аударған философиялық бағыт (О. Конт);2) марксизм (К. Маркс);3) иррационализм«ерік метафизикасы» және «өмір философиясы» ретінде, (А. Шопенгауэр, С. Кьеркегор, Ф. Ницше). Модернизацияланған қалыпты қабылдай отырып, рационализм мен классикалық бағыт сақталды (неокантшылдық, неогегельшілдер, неотомизм).

Позитивизм(лат.т. «оң», «жағымды» деген сөзінен шыққан) - 30 - 40 жылдары пайда болған философиялық бағыт.Позитивизм ғылымды философияға қарсы қоятын, философиялық мәселелерді терістейтін, тек арнайы, «оң» ғылымдардың білімін мойындайтын философиялық ағым. Өзінің дамуында позитивизм төрт негізгі кезеңнен өтті.

1.Классикалық позитивизм;

2.Махизм;

3.Неопозитивизм;

4.Постпозитивизм.

Позитивизм негізін француз философы Огюст Конт (1798 -1857) салды. Ол ғылымға «социология» деген терминді енгізді. О.Конттың негізгі шығармалары: «Позитивтік философия курсы», «Позитивтік философияға жалпы шолу».

О.Конттың пікірінше идеализм мен материализм арасындағы философиялық айтыстың негізі жоқ, әрі мағынасыз. Философия материализмнен де, идеализмнен де бас тартып позитвтік білімге көңіл бөлу керек. Ол дегеніміз-философиялық білім абсолютті дәлелденген, әрі анық болуы керек және оған жету үшін философия танымда ғылыми әдісті қолданып, өзге ғылымдардың жетістіктеріне сүйенуі қажет.

Позитивизм ілімін Конттан кейін жалғастырған Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер(1820-1903). Бұл философияның арғы түбі Д. Юм мен И. Кантқа тіреледі. Олардың мақсаты ғылымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан, былайша айтқанда, философиядан азат ету. Олардың пікірінше, әрбір ғылым - өз алдына философия. Сол ғылымдарды зерттеу қажет. Сөйтіп, революция арқылы үстемдікке қолы жеткен буржуазия бұрын материализм, ғылым үшін күрескен болса, енді одан бас тартып, идеализмге біржолата ден қойды.

Оның эволюциясы бір ғасыр ішінде үш кезеңнен өтті. Бірінші кезеңі – позитивизм, екінші кезеңі – эмпириокртицизм, үшінші кезең – неопозитивизм немесе логикалық позитивизм.

XIX ғасырдың аяғы – XX ғасыр басында позитивизмінің жаңа дәуірі туды. Ол кезеңде оны «эмпириокритицизм» деп атады. Оны жақтаушылар біздің санамыздан тыс объективтік өмір бар, бірақ ол біздің сезімдеріміздің жиынтығы деп айтқан. Эмпириокритицизм позитивизмге қарағанда шындықтан әлдеқайда алшақ. Айталық, позитивизм философияны емес, нақты ғылымдарды зерттеу керек десе, эпмириокритицизм біздің сезімнен тыс еш нәрсе жоқ, барлық дүние – біздің сезіміміздің нәтижесі деген қорытынды жасап, объективті өмірді субъективті сезімге айналдырды.

Эмпириокритицизм (тәжірбие сыны). Бұл бағытты құрушылар Австрия философтары мен ғалымдары Р. Авенариус (1843-1896 жж.) пен Э. Мах (1873-1925 жж.). Ресейде бұл философиямен айналысушылар А. Богданов, В. Базаров және тағы басқалар. Бұл да позитивизм секілді ғылымды басты назарға алады. Бұл кезде физиология мен психология ғылымдары біраз дамыған болатын. Ол материализм мен идеализмнің бір жақтылығынан ажыратуға тырысты. Барлық нәрсенің жеке материалдық және рухани, физикалық және психологиялық құбылысы болады. Оның тәжірбие сыны осы материализм мен идеализмнің біржақтылығына қарсы тұруында Р.Авенариус субъект пен объект қатынасы мәселесін олардың бірлігі жоспарымен шешті. Оны Вундт, Гуссерль және Ленин сынады.

Дегенмен эмпириокритицизмнің әрі қарай дамуы ғылым мен техниканың өркендеуіне жол ашты. Ғылым өзінің шарықтаған шегіне жетіп, оның логикасы, өзіндік дамуы сана-сезіммен сабақтасып, жаңа проблемелар туыдырды. Ендігі жерде ғылымның логикасын зерттеу, оның мәнін ашу, ішкі жүүйесі мен сыртқы байланысын айқындау, сөйтіп даму жолына терең ой жүгірту тек философтардың ғана емес, жаратылыстану мен қоғамтану мәселерімен айналысатын ғалымдардың назарын аударды. Бұл Вена қаласындағы математиктер, логиктер және философтардың бас қосып, үйірме ашып, онда ғылымның ішкі логикасын, оның қазіргісі мен болашағын бағдарлайтын мәселелерді талдайтын мектептің іргетасын қалауға әкеліп соқты.

Э. Мах өз жұмысы "Физикалықтың психикалыққа қатысы және талдау сезімінде": "Әлем құпия әрекеттерден тұрмайды. Дыбыс, түр, кеңістік, уақыт бәрі бір-бірімен байланыста". Физикалықсыз психика жоқ, немесе керісінше деп айтуға болады. Э. Мах бұны белгілер дейді.

Э. Мах пен Р. Авенариус биологиялық ғылымның қызметтеріне бет бұрады. Ғылыми білімге бұл жағы ғылыми танымның пәнін ашып көрсете алмайды. Бұған ХХ ғасыр 20-жылдардың позитивизмнің үшінші этапы неопозитивизм. Ол вен ортасы (Австрия, Вен университеті), философия, математика, логика, физика оқытушыларынан туындайды. Позитивизм ғылым тіліне назар аударды, оның маңызды рөлі, осы ағымда ол стркутурализм мен герменевтика сияқты ағымдарды тапты ма? Тілде философия пәні секілді ХХ ғасырдың ІІ жартысында маңызды социомәдени феномен, яғни объективті шындықты алмастырушы болып табылады.

Ғасыр басында неопозитивизмді құрушылар Р. Карнап (1891-1970 жж.), М. Шлик (1882-1930 жж.), Л. Витгенштейн (1889-1951 жж.), ағылшын философы және логик Б. Рассел (1872-1970 жж.) және басқалар.

Неопозитивизм 3 бағытқа бөлінеді:

- логикалық позитивизм (Р. Капран)

- лингвистикалық позитивизм (Л. Витгенштейн)

- жалпы семантика (А. Кожиибский, С. Чейз, С. Хайакова).

Жалпы барлық үш бағыт та метафизикаға қатынаста болады (болмыс мәселесі, дүниетаным, әлем және адам мәселесі). Басты назарда ғылым мәселесіне аударады. Олардың көне метафизикаға сыни қатынасы толық түрде ақиқатталған. ҒТР-ң талаптарына сай ғылымның өндірістік күшке айналуы философияның алдына көне метафизикадан бас тартуға тапсырма қойды. Неопозитивистер "шаршаған философияны" лақтыру қажет деп санайды. Бұл жағынан олармен келісуге болады. Бірақ қандай тәсілмен жетуге болады?

Логикалық позитивизм философияның ұсыныстарын тексеру жағдайын ашты. Философия пәнінің негізгі ғылымға логикалық талдау жасау. Бұл әдістен верификация әдісі шығады (латынша веритас - ақиқат) (Р.Карнап). Егер тәжірибелі эмпирикалық тексеріс жүргізілсе, ғылым мен философия ұсынысы ақиқат болады. Бірақ барлығы эмпирикалық жолмен жүрмейді. Л. Витгенштейн: "Көптеген философиялық ұсыныстар мен сұрақтар жалған емес, дәлелсіз".

Верификация әдісінің күшті және әлсіз жағын айтуға болады. Күшті жағы, философия тілін жетілдірді, философиядағы сыни және талдау моментін күшейтті. Әлсіз жағы - бұл позитивизмнің эмпирикалық тығырығы. Оның мәнісі барлық ғылым мен филсофияда тәжірибелік жолмен тексерілмейді. ХХ ғасырда теориялық білімнің мәні мен рөлі өсе түседі.

Неопозитивизм тілдің социомәдени феномен түрінде шығып, өзінің терең тамыры позитивизмнің 4 этапы - постпозитивизмге алып келді (К. Поппер, И. Лакатос, Т. Кун, П. Фейерабенд).

Карл Раймунд Поппер – постпозитивизмнің негізгі өкілі, «Мен неопозитивизмді жерледім» деген қағида айтқан. Оның ғылыми білім тұжырымдамасының негізгі түсініктері келесілері болып табылады:

- демаркация мәселелері;

- фальсификация принципі;

- фаллибилизм принципі;

- «үш әлем» теориясы.

Карл Поппердің дәлелдеуінше, теорияның нақты, соңғы ақиқаттылығын тексеру мүмкін емес, бірақ оны терістеуге, фальсификациялауға болады. Ол қорғаған фальсификация принципі осылайша құралған. Поппер бойынша, біз қайсыбір теорияны дұрыс, дәл деп айта алмаймыз. Өйткені, тарих куәләндырғандай, ақиқат деп танылған теориялар соңында өзінің жеткіліксіздігін танытып жатты. Үш жүз жыл бойы Ньютон механикасын барлық жағынан ақиқат деп санады, ал кейіннен оның орнына басқа да теориялар келіп жатты. Әрбір теориямен мәселе осылай болады, ол туады, шыңырау шегіне жетеді де соңара терістеледі.

Поппер теория әлемінде «өмір сүру үшін күрес» болып жатыр деп санады.

Осыдан Поппердің басты тұжырымдамалары келіп шығады:

1) теория негізінде гипотезалар тұр (яғни пікірлер); ғылыми ги потезалар гипотеза болып қалады, өйткені жоғарыда көрсетілгендей олардың ақиқаттығын дәлелдеуге болмайды;

2) гипотезалардан дедукция заңы бойынша пікірлер туындайды, ал оларды дәйектермен теңестіруге болады;

3) дәйектермен теңеу екі нәтиже береді: пікірлер дәйектерге қарсы келмейді, бұл жағдайда теория өмір сүреді, оның жұмысқа қабілеттілігі рас деп танылады да ол ақиқат болады, немесе теория пікірлері терістеледі, дәйектермен фальсификацияланады, бұл жағдайда теория жалған болып танылады, ол терістеледі де жаңа теорияларды іздеуге әкеледі.

Осылайша, Поппер бойынша теория гипотезалық-дедуктивті құрылымға ие. Гипотеза мәселелерді шешуге бағытталса, дедукция гипотеза мазмұнын эксперименталды дәйектермен дәлелдей алады. Дәйектер теорияның мықтылығына емтихан жүргізеді (жарамды-жарамсыз).

Демаркация мәселесі – ғылыми білімді ғылыми емес білімнен ажыратуда тұратын философияның басты мақсатының бірі. Демаркация тәсілі, Поппер бойынша, фальсификация принципі болып табылады.

Фальсификация принципі – ғылымға қатысты әрбір тұжырымды терістейді. Фальсификация принципін енгізу ғылымдарды ғылыми сынға ашық болуына бағдарлады. Поппер ақиқатты және ғылымды процесс ретінде қарастырады. Ғылыми теориялар, оның ойынша, ғылыми білімнің жалпы дамуына бағытталғанымен, өзінің дамуында бір біріне тәуелсіз.

Фаллибилизм принципі бойынша әрбір ғылыми білім тек гипотезалық сипаттамаға сәйкес келеді. Ғылыми білімнің дамуы, Поппер пікірінше, батыл гипотезаларды қалыптастырып, оларды теріске шығаруда.

Атақты постпозитивизм өкілі Имре Лакатос (1922-1974 жж.).Ол Поппердің көрнекті ізбасарының бірі болды. Лакатосты «рационалдылық сарбазы» деп атады, өйткені ол сыни рационализм принциптерін қорғап, ғылымдағы көптеген үрдістер рационалды түсіндірмені болжайды деп айтты. Лакатос мағынасы кең, бірақ шағын жұмыстар жазды. Оның көзқарастарымен орыс тілінде шыққан «Дәлелдеме және терістеу» (1967 ж.) және «Фальсификация және ғылыми-зерттеу бағдарламаларының әдістемесі» (1995 ж.) атты кітаптары арқылы танысуға болады.

Ол Кунның парадигмалар ауысу концепциясының терең және дәйекті сыншылдарының бірі болды және Кун айтқан ғылыми парадигманың теологиялық мағынасына қарсы шығады. Лакатос сонымен қатар, ғылым философиясының үздік үлгісі – ғылыми-зерттеу бағдарламасының әдістемесін жасады.

Лакатос бойынша ғылым дамуы ғылыми-зерттеу бағдарламасы бәсекелестігін көрсетеді, бұл жерде бір зерттеу бағдарламасы екіншісін ығыстырады.

Ғылыми революцияның мәні бұл жерде эмпириямен бір оқшау теорияны салыстырмай, өзара бірегей негізгі принциптермен байланысқан ауыспалы теориялар серияларымен салыстыруда. Осындай теориялар жүйелілігін ол ғылыми-зерттеу бағдарламасы деп атады.

Сондықтан, ғылым дамуы үрдісінің іргелі бірегей бағасы теория емес, зерттеу бағдарламасы болып табылады.

Бұл бағдарлама келесі құрылымға ие. Ол өзіне бағдарлама жақтастары үшін дәлелді қажет етпейтін іргелі жағдайлар (жасанды емес гипотезалар) «қатты өзекті» кіргізеді. Яғни, бұл оның барлық теорияларына жалпы қасиет. Бұл бағдарлама метафизикасы: бағдарламаға кіретін теориялар сипаттайтын ақиқат жайында жалпы көріністер: осы ақиқаттың ара-қатынасының негізгі заңдары; осы бағдарламамен байланысты басты әдістемелік принциптер.

Осылайша, ядро арқасында барлық бағдарламаның сипаттамасы жайында айтуға болады.

Бағдарламаға негативті эвристика кіреді, оны көмекші гипотезалар жиынтығы құрайды, олар оның ядросын фальсификациядан, теріске шығаратын дәйектерден қорғайды. Барлық ашылған жаңалықтар оның артикуляциясына және гипотезаларды қолдайтын ядроның құрастырылуына бағытталған («қорғайтын белдеу» деп аталады). Осы бағдарламаның «қорғаушы белдеуі» сыни аргументтер жарығын өзіне кіргізеді. Көмекші гипотезалар шығыры бақылаудағы сынама шабуылын тоқтатады, ядроны қорғайды және нығайтады. Яғни, бұл кей кезде қай жолдан алшақ жүру керектігін меңзейтін әдістемелік ережелер.

Позитивті эвристика ғалымдар шешетін алғашқы тараптағы мәселелер мен міндеттерді таңдау стратегиясы болып табылады. Позитивті эвристиканың бар болуы аномалиялармен сынды нақты уақытта ескермеуге және конструктивті зерттеумен айналысуға мүмкіндік береді. Осындай стратегияға ие болу арқылы ғалымдар түсініксіз және әлеуетті түрде жоққа шығаратын дәйектер бағдарламасына бас тарту себебі емес дейді.

Фальсификацияға, яғни теоретикалық сынға және эмпирикалық теріске шығаруға тек «қорғаушы белдеу» гипотезасы ұшырайды. Жалпы келісім бойынша қатты өзекті фальсификациялауға болмайды. Лакатостың зерттеу бағдарламасының әдістемесіндегі ауырлық орталығы көптеген бәсекелестік жағдайындағы гипотезалар фальсификацияға ауысады, сонымен қатар, бәсекелестік бағдарламалардың растауын тексеруге ауысады. Сонымен қатар, қорғаушы белдеудің бөлек гипотезалары бағдарламаның қатты өзегін бүтіндей және аман қалдырады.

Пол Карл Фейерабенд(1924-1994) «эпистемолгиялық анархизм» концепциясын тұжырымдады. Оған сәйкес білімді танып білуде теориялар, жорамалдар плюрализмі және білімнің басқа да формалары қажет, ол үшін альтернативалы, соның ішінде дәлелдемеген және тексерілмеген заңдар мен жорамалдар ұсыну керек.

Фейерабенд көптеген тең дәрежелі білімдер типі болады және осы жағдай білімнің өсуі мен тұлғаның дамуына септігін тигізеді дейді. Білім өсуі теория пролиферациясы (көбеюі) нәтижесінде өтеді және ол өлшеусіз болады.

П. Фейерабенд теориялық және методологиялық плюрализм көзқарасын жақтады.

П. Фейерабенд танымның бірде-бір әмбебаптық нормасы ретінде «бәрі де жарай береді» деген принципті ұсынады. Бұл принцип артықшылық берілген нормалар жоқ екенін және басқа жағдайларда қабылданбайтын нормалар, стандарттар және тұжырымдамалар «жарай» беретін фактілер мен жағдайлар қашан да болса табылатынын мойындайды.

Бұл дегеніміз ғалымдар өзіне ыңғайлы кез келген методтар мен тәсілді, теория мен әдісті қолдана беруіне құқы бар. Бұдан екі салдар шығады:

- әрдайым жаңа методтарды ойлап таба беруі керек;

- уақыт өте бере оның біреуіне тұрақтап, оны қабылдау – бұл пролиферация мен табандылық принциптері.

Фейерабенд верификация және фальсификация методтарын қайта қарастырады, таным прогресін қамтамасыз ететін әдіс ретінде ғылымға психологиялық сенім мен саяси араласудың маңызын көрсетеді.

К. Маркс (1818-1883 жж.) Трир қаласында (Рейн облысы) адвокат отбасында дүниеге келген. Ол философиялық білімін Берлин университетінен алады. 1841 жылы "Демокриттің натурфилософиясы пен Эпикурдың натурфилософиясы арасындағы айырмашылықтар" атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Гегель философиясынан айырмасы ол теория мен тәжірибені біріктіреді. "Рейн" газетінде, "Неміс - француз жылнамасында", "Жаңа Рейн" газетінде жұмыс істейді. Бұл тәжірибелік іс-әрекеті К. Маркстің әлеуметтік философиясын құруына, әлеуметтік көзқарастар қалыптастыруына көмегін тигізді. К. Маркстың басты еңбектері: "Экономикалық - философиялық жазбалар", "Қасиетті отбасылық", "Фейербах туралы тезистер", "Неміс идеологиясы", "Саяси экономикаға сын", "Капитал" және тағы басқа.

Ф. Энгельс (1820-1895 жж.) Бармен қаласында (Рейн облысы) текстильді фабрикашы отбасында дүниеге келген. Энгельс өзінің шығармашылық іс-әрекетін К. Маркстің отбасына үлкен материалдық демеушілігімен 1844 жылы достықтары басталды. Көптеген шығармалары К. Маркс пен Ф. Энгельстің бірігіп жазуымен шығарылды. Ф. Энегльстің басты философиялық шығармалары: "Анти-Дюринг", "Табиғат диалектикасы", "Отбасының, мемлекеттің және меншіктің шығуы" және т.б. К. Маркс пен Ф. Энгельс ХІХ ғасырда Германияда тұрды. Германия әлеуметтік -экономикалық және саяси қатынастарда не көрсетті?

Капиталистік даму жолына басқа елдерге қарағанда Германия кештеу кірді. Қоғамдағы еңбекші топтар мен буржуазияда ХІХ ғасырдың 30-жылдарына есептелгенмен кеш кірісті. Антагонистік келіспеушіліктермен олардың арасында қарсылық белең алды, философия ХVIIIғ. жүз жылдықтағы сияқты барлық үшінші сатылар атынан шыға алмады. Бұл таптарға қызығушылықтары тез басылды. Тәжірибе жүзінде буржуазиядан бөлінген жаңа пролетарлық көзқарас құру мәселесі тұрды. Бұл тапсырманы К. Маркс пен Ф. Энгельс орындады. Осындай жолмен таптық, партиялық жағдайға көзқарас қалыптасты.

Иррационализм –табиғатта, қоршаған дүниеде логикалық қисынды байланысты жоққа шығарады.Иррационализмнің негізгі идеясы - қоршаған дүниенің бәрі бөлшектенген байланыссыз хаос, ішкі заңдылықтары жоқ, ақыл-парасат бақылауына бағынбайтын, тек ерік-жігерді қозғаушы күш деп түсіну. Иррационализмнің көрнекті өкілі – Артур Шопенгауэр.

Шопенгауэрдің «Дүние, ырық және елестету» деген еңбегінің төртінші кітабында философтың құнды идеяларының бірі анығырақ баяндалған. Дүниені елестету арқылы оны әрі сенімді, әрі анық тануға мүмкіндік туады. Осыдан соң ғана ырықтың алдында оның өзін жарқырата көрсететін айна пайда болады. Ол айнадан ырық өзін өзі толығырақ, анығырақ, үнемі өсіп отыратын дәрежеде танып, соның ең жоғарғысы адам ырқы екеніне көз жеткізеді. Бірақ адамның мәні оның іс-қимылы мен әрекетінің байланыстары арқылы белгілі болады. Осындай саналы бірлік ақылдың, зерденің пайда болуына жеткізеді, ал одан тұтастықты қамтуға мүмкіндік туады. Органикалық емес нәрселердің, өсімдіктердің табиғаты мен оның заңдарындағы бізге көрінбейтін ырық соқыр, бой бермейтін ұмтылыс қана. Оның өзі не істеймін десе сонысы болмай қоймайтын осы дүние, өмір. Сондықтан біз өмірдің құбылысын ырықтың айнасы, оның нысаны дейміз. Ал ырықтың ең қажеттісі - ол өмір. Өйткені өмір дегеніміз елестетуге арналған осы ырықтың бейнесі ғана. Ендеше бұл ырық немесе «өмірге қарай ырық» деген сөз.

С.Кьеркегор(1813-1855) - философ, жазушы. К. шіркеуге, ресми діни идеологияға қарсы шықты. Ол жеке тұлғаға тән дін қалыптастыруды, яғни адамның Құдаймен тікелей қарым-қатынасына жол ашатын мүмкіншілікті іздеді. Объективті өмірді тану емес, адамның өзін өзі шынайы тануы «субъективті танымның» басты мақсаты деді. Өмірде осы мақсаттағы кредосымен көрінген адам, Кьеркегор ұғымы бойынша, нағыз тұлға. Кьеркегор танымы бойынша, Дүние «өлім сепкен ауру хал» үстінде. Оның пікірінше, бақытсыз бақыттымын деп, бақытты - бақытсызбын деп, ақиқат - өтірік, өтірік - ақиқат, т.б. ретінде бұл өмірде көрініс тапқан. Адам өз мақсатына жету үшін үш сатыдан өту керек деп тұжырымдайды: эстетикалық, яғни ешқашан ақиқатқа айналмайтын, «қиялдағы өмір», бір сәтті сезіну мүмкіншілігіне ие кезең; этикалық, яғни адамның шынайы ақиқат өмірі, сол өнерге деген өзінің жауапкершілігін сезіну, бұл кезең ұзақ толғаныс, іштей саралау, өзіндік «Менді» іздеу кезеңі; діни, яғни мәңгілік құндылықтарды таңдау. Кьеркегордің ғылыми-философиялық көзқарастары «Немесе-немесе» (1843), «Үрей және қалтырау» (1843), «Философиялық түйірлер» (1844), «Үрей ұғымы туралы» (1844) т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Кьеркегор өзінің «Үрей және қалтырау», «Ажалға бастайтын ауру» т.б. шығармаларында адамның тіршілігіне байланысты, бірақ ақылға сиымсыз көптеген категорияларды анықтап, талдау жасайды. Оның философиясында «үрей», «жазықсыздық пен жазықтылық», «абсурд», «қажу», «күдер үзу» т.б. ұғымдар кеңінен қолданылған. Бірақ философ осыларға анықтама беруден бас тартады. Олардың ойлау процесіне, ендеше ғылымға ешқандай қатысы жоқ. Мұның өзі Кьеркегордың иррационалистік философиясының негізгі бір ерекшелігі. Оның айтуынша, үрей белгілі бір құбылыс ретінде тек адамға ғана тән. Өйткені адамда рух бар. Ал рухы жоқ жануарларда үрейдің болуы мүмкін емес. Адам белгісіз бір нәрседен, тосын оқиғадан үрейленеді. Алайда, бұл жазықсыз не жазықты деген проблеманың бастамасы ғана. Философ осы жерде жазықты мен жазықсыздың арасындағы диалектикалық байланысқа тереңінен тоқталып өтеді.

Кьеркегор «Адам – жан мен тәннің синтезі» дей келіп, бұл екеуін біріктіретін үшінші бір нәрсе бар, егер олар оған жүгінбесе ешбір мәні болмас еді дейді. Ол үшінші - рух. Рухтың пайда болуы үрейдің тууына әкеледі.

Иррационализмнің барынша өріс алып, әсіресе, XX ғасырда негізгі ағымдардың тұтқасына айналуына үлес қосқан ойшыл, неміс философы Фридрих Ницше (1844-1900) болды.

Ф.Ницше бүкіл адамзаттың ғасырлар бойы қалыптасып келген салт-санасы мен дәстүріне, әсіресе, философияда зердеге қарсы шықты. Ол бүкіл философия тарихына қайтадан шолу жасап, ескі соқпақты жолдардан бас тартып, бұрын-соңды болмаған бағытқа бет бұрды. Ол көне грек тарихының бүкіл проблемаларын, ондағы философиялық, ойлардың пайда болуын сол кездегі халықтың музыкалық рухына және олар өмір сүрген дәуір деп тіршілік қарекетіне байланысты деп есептеді. Осыдан келіп, философ олардың күнделікті мүшкіл халінен туған рухты шебер тілмен суреттеп берді. Мұндай жаңалық философия тарихында бұрын-соңды болмаған еді. Ол өзінің шығармасында көне грек мәдениетін, әдебиетін және өнерін жетік білетіндігін көрсетіп қана қоймай, сол кездегі рухани дүниені танудың жаңа бір әдісін тапқандай болды.

Ф.Ницше өмірдің негізінде ерік, жігер, құлшыныс жатыр дейді. Оның философиясының негізі – билікке деген ерік. Билік – ғарыштық күш, ол бар өмірдің өзегі.

Психоанализдеп бейсаналықтың қоғам мен адам өміріндегі өзге де психикалық процестердің себептерін, маңызын түсіндіретін қазіргі заман философиясының бағытын атайды.

Психоананализ теориясын австриялық ғалым-психиатр Зигмунд Фрейд(1856 - 1939) салды. Психоанализдің бастамасы ретінде З.Фрейд екі жаңалық ашты:

■ бейсаналық- ерекше психикалық шындық, сананың бақылауына келмейтін, адам санасынан тыс жататын психикалық құбылыстар, жағдайлар және әрекеттер жиынтығы;

■ ығыстырып шығару реакциясы - психологиялық қорғаныс әдісі ретіндегі психиканың теңдігі мен салауаттылығын бұзатын теріс эмоцияны, теріс тәжірибені санадан бейсаналыққа ығыстырып шығару реакциясы.

Өмірдегі теріс эмоциялар, жүзеге аспаған үміт, арманның бәрі ерте ме, кеш пе санадан бейсаналыққа ығыстырылып шығарылады, сөйтіп ол «кездейсоқтық», оғаштық мінез-құлықтарда, жаңылу, бейадекватты іс-әректтерде көрініс табады.

З.Фрейд ілімінің негізінде философиялық неофрейдизм ағымы пайда болды. Оның өкілдері: А.Адлер, К.Г.Юнг, Э.Фромм.

Карл Густав Юнг(1875 - 1961) – архетиптер теориясын қарастырды. Архетиптер- әмбебап бейнелер, жалпы адамзаттылық ығыстырылған өмірлік энергияның «коды». Архетиптер - барлық адамдарда туа біте пайда болатын «ұжымдық бейсаналық» құрылымы, адамзаттың «шифрленген» құпия тарихы, ізгі ақиқаттар. Олар адамның ұжымдық өміріне, шығу тегіне байланысты. Архетиптер адам психикасында тұқым қуалау арқылы тарихи сақталады. Архетиптер адамға түс көру, бейне, әпсана, парапсихологиялық эффект, қиял, галлюцинация арқылы көрінеді. Оларды санамен, парасат, ақылмен байқауға болмайды, архетиптер - тылсым, құпия дүние. К.Юнгтың пікірінше философия мақсаты - адамға архетиптерді «ашып беруге» көмектесу, оның мағынасын, мәнін ұғыну, сол арқылы өзін және қоршаған шындықты тану.

НеокантшылдықXIXғ. екінші жартысы мен XXғ. бас кезіндегі философиялық ағым. Германияда «Кантқа қарай, кейін» ұранымен пайда болғанағым(О.Либман, Ф.Ланге). Кант философиясының диалектикалық элеметтерін жоққа шығарып, оның метафизикалық элементтерін қайта жаңғыртып, дамытады. «Заттың өзіндігі» лақтырылып тасталады немесе «шегіне жеткен түсінік», иә болмаса таным, мақсаткерлік талпыныс ретінде жалаң-идеалистік тұрғыдан түсіндіріледі.Неокантшылдық немістің екі – Марбург (Коген, П.Наторн, Касирер) және Фрейбург немесе баден (Виндельбанд, Риккерт) мектептерінде толық маңызға ие болды. Оның алғашқысы ғылыми пайымдаулар мен философиялық категорияларды логикалық конструкция ретінде түсіндіре отырып, оның идеалистік тұжырымдалуына ерекше көңіл бөлді. Екіншісінің мүддесі – канттық практикалық және теориялық сана туралы ілім негізінде жаратылыс және қоғамдық ғылымдардың қарама-қарсы қойылуын дәлелдеу, сондай-ақ аксиологиялық-нормативті және телелогиялық ғылыми тұрғыдан танудың мүмкін еместігін дәлелдеуге талпынды.

Неогегельшілдік –идеалистік философиялық бағыт, ол XIXғ. екінші жартысында Англия мен АҚШ-та жаратылыстық-тарихи материализм мен позитивизмге қарсы, дін мен спекулятивті философияны қорғау үшін пайда болды.НеогегельшілдікXIXғ. басы мен XXғ. аяғында марксизмге қарсы бағыт алып, Италияда, Россияда, Нидерландыда да тарады. Неогегельшілдікке диалектикадан бас тарту немесе оны тек сана саласында қолдану, Гегельді өмір философиясы рухында иррационалдық пайымдау тән. Қарама-қайшылық проблемасын неогегельшілдіктер қарама-қайшылықтарды жақындастырудан нәтиже мүмкіндіктерін мүлде жоққа шығаруға дейін әрқалай шешеді. Социологияда неогегельшілдіктердің кейбір өкілдері Гегельдің рух философиясының қате жақтарын отаршылдық мемлекеттік саясатын, сонан соң қоғамдағы таптарды татуластыру құралы ретінде жалған корпоративті мемлекетті негіздеу үшін пайдаланды. 1930ж. неогегельшілдік – «Халықаралық гегельдік одақ» орталығы құрылды.

Неотомизм –батыс-европалық философияның бағыттарының бірі. Фома Аквинскийдің жаңа ілімі. Ол XIX ғ. 70 ж. томизм аталып, Фома Аквинский әулиелер қатарына қосылғанда пайда болды. XX ғасырда да бұл философиялық бағыт кең тарады. Оны құрушылар мен басты өкілдері болып Жак Маритен және Этьен Жильсон.

Бұл діни философияның мақсаты – адамдар жүрегіне жол салу. Неотомистер ғылымды жоққа шығармайды, бірақ оны дінге қарсы қоймайды. Тек ғылымдардың адамзатқа тигізіп отырған кейбір жағымсыз ықпалын сынайды. «Өйткені, адамдар жаратушы Құдайды ұмытқан. Барлық қатер содан» дейді олар. Неотомизм философиясы екі жұп категорияларға негізделген: потенция (мүмкіндік) және акт (нақты іс), эссенция (мән) және экзистенция (өмір сүру). Неотомизмнің басты мәселесі үшеу – Құдай, адам, адамгершілік. Бірақ Құдай жамандық жасағанды жазалайды дейді. Ал, енді солай – ақ болсын делік, сонда барлық табиғи сәйкессіздікті, үйлесімсіздікті, ассиметрияны жасайтын кім? Өйткені, ол табиғатта бар. Бұл сұрауларға неотомизм тоқталмайды. Дегенмен, қоғамдағы түрлі қайшылықтарды шешу басшыларға байланысты. Олар бағынушылардың жағдайын ойлауы керек деген де пікір айтады неотомистер.