Көйлек бұйымдарына арналған материалдарды конфекционерлеу

Көйлектік маталар- прейскурантта көйлектік маталар топқа және топшаға бөлінеді: жаздық, мезгіларалық, қыстық және комплексті химиялық жіп қосылған маталар. Бұл топқа ерлер жейделеріне арналған маталар да кіреді.Топшадғы жаздық маталар жеңіл және жақсы өткізгіштік қасиетке ие. Көбінесе бұл маталар жұқа тарақты иірім жіптен (14,3-7,5 текс), жоғарыланған орау өрімінен алынады. Беттік тығыздығы 54-110г/м2. Гигроскопиялығын жоғарлату және түріне жібектік жарқырау беру үшін матаны мерсерлейді. Жаздық маталарда ассортименттің үлкен орнын кездеме өрімімен өрілген классикалық маталар алады. Олар: батист, маркизет, майя, вольта және ұсақ оюланған өрімдер- канифас, кисея және т.б. Үлкен емес топты көйлектік маталар құрайды. Олар тығыз структура мен қатты аппретті, яғни балалар және әйелдер көйлектері мен костюмге арналған. Беткі жағында жарқырайтын эффект беретін, желістегі мақта иірім жібі мен өрілмеген вискозды немесе ацетатты арқаудағы жіптерден топшадағы көйлектік, комплексті жіптерден тоқылған мата шығарылады. Олар кездемелі, әртүрлі ұсақ оюланған немесе жаккардты өрімдерінен шығарылады. Маталар ағартылған, тегіс боялған немесе сурет басылған болуы мүмкін. Беттік тығыздығы 100-250г/м2. Әйелдер және балалр жаздық киіміне, көйлекке және ерлер жиделеріне қолданады.Мезгіларалық көйлектік маталар- үлкен тығыздықпен, орташа беттік тығыздығымен (106-210г/м2) және әртүрлі құрылымымен ерекшеленеді. Бұл маталарға құрылысы мен жуандығына байланысты иірім жіптің көп түрлері қолданылады. Олар: кардты, тарақты, пневмомеханикалық өру әдісі,бір қабатты жіп, иірілген және фасонды. Бұл маталарды кездемелі, саржды, ұсақ оюлы және жакартты өрімдерден алады.Оларда ауаөткізгіштік қасиеті аз, сондықтан да жылусақтағыштық қасиеті жақсы болады. Бұл топшада шерстянка, кашемир, шотландка ,көйлектік креп,поплин және т.б. болады. Олар сурет басу арқасында жаңарады.

32. Костюмдік бұйымдарға арналған материалдарды конфекционерлеу Жаздық костюмдерді кейбір кездері астарсыз немесе жұқа жеңіл астармен жасайды.Сондықтан жаздық костюм материалдарына қойылатын талаптар адамда белгілі жылуизоляциясымен ауа өткізгіштікпен, гигроскопиялық қасиетпен қамтамасыз ету керек. Бұл талаптарды гидрофильді талшықтардан жасалған материалдар және құрамында аздаған гидрофобты талшықтар кездесетін аралас материалдар қанағаттандырады. Бояу тұрақтылығына байланысты костюм материалдары берік және өте берік топқа жатуы керек. Бұйымның ішкі бөлігін безендіруге қолданылатын және тозудан сақтайтын астарлық материалдар бәрінен бұрын костюмнің адам мүсініне жақсы тұруын қамтамасыз ету керек,бояудың үйкелеу мен терге тұрақты болуы керек (4 балдан кем емес), үйкелеуге қарсы тұруы керек (маталар үшін МеСТ 22542-82 және МеСТ 18976-73- трикотаж жаймалары үшін, аз үйкелеу коэфицентне ие біркелкі тайғанақ бетті болуы керек. Бұйым ауыр емес. Түс шешімі бойынша жоғарғы материалға және сән бағытына сай болуы керек, негізгі материал мен бұйымның эксплуатация уақытына сәйкес қызмет ету уақытына ие болуы керек. Төсеніш материалдар пиджакқа, (жакетке) тұрақты форма беруі керек,жеке бөлшектер мен бөліктерді деформациядан қорғауы тиіс. Ол үшін олар аз созылатын,қатты және

майысқақ болуы керек,бірақ дөрекі және бұйымды ауырлатпағаны дұрыс.

Эксплуатация кезіндегі бұйымның сыртқы көрінісі мен формасы , оны күтудің оңайлығы тазалау және күту ол материал комплектісінің талшық құрамына байланысты болады. Сөрешелерді дубльдеу үшін астар материалдарының түрімен ажыратылатын,еркек пиджактары үшін рационалды пакеттердің үш нұсқасы жасалған. Бірінші нұсқасы көп қабатты жылу сақтағыш астарды қолдануды қарастырады, ол беттік тығыздығы 280-320г/м2 жүн материалдарынан жасалатын костьюмдер үшін арналған. Кеуде және иық жақтағы сөремелердің форма сақтағыштығын

жоғарлату үшін арнайы терможөндегіш материалдар қолданылуы керек. Оларға паралоннан жасалған каркас беймата жаймалары, инемен тесілген беймата материалдары,трикотажды түктелген жаймалар жатады. Екінші нұсқа қоспалы терможөндегіш түктелген астарлы матаны қолдануды қарастырады. Үшінші нұсқа терможелімделген түгі бар жайманы қолдану. Соңғы екі нұсқа беттік тығыздығы 280г/м2 жартылай жүнді мата бұйымдарын дайындауға мақсатталған. Кеуде жақтағы сөрешілерді жоғарлату үшін,екі қабаттан тұратын:негізгі- өрнеулі матадан,жартылай жүнді арқаудан және қосымша - терможелімделген материалдан тұратын өтілетін өрнеу астарлары қолданылады. Үлкендерге арналған жоғарғы қысқы

костюм маталары үшін вискозды және ацетатты талшықтар қосылған синтетикалық материалдарды қолданылуға

рұқсат етіледі. Костюмдерге арналған жүн маталарының комвольді және жұқа шұғалы түрде шығарады. Классикалық таза жүнді комвольді маталар- бұлар тегіс боялған бостондар,трико,крептер,жартылай жүнді- бұлар тегіс боялған шевиоттар. Жұқа шұғалы топшаның маталары көбінесе-шұға, твидтер, фланельдер, шевиодтар.Мақталықағазды костюм маталарына классикалық маталар (диагональ,трико,молескин), джинсті маталар, ши-барқыт-кароз,ши барқыт-рубчик,триацетатты және полиамидті жіпті меланжды маталар. Зығырлы костюм маталары көйлекті-костьюмдік топқа жатады және шектеулі ассортиментпен шығарылады. Костюмдерге арналған трикотаж жаймаларын таза жүнмен және жартылай жүнмен шығарады. Костюмдік маталарға бұйымның тағайындалуына байланысты әртүрлі

талаптар қойылады.

33. Комплексті материалдар -желімдеу, отпен немесе тігу тәсілімен біріктірілген екі немесе үш негізгі материалдан тұратын ерекше материалдар. Материалдардың беттік қабатына тоқыма, жасанды үлбір, терілердің кең ауқымды қолданылады.

Комплексті материалдар бір немесе екі қабаттылығымен ерекшеленеді. Бір қабатты комплексті материалдарды полимерлік негіздің астар немесе алдыңғы жабындыдан алады. Негіз ретінде талшықты құрамның маталарын пайдаланады(мақта мата, жібектер).Жабынды ретінде әртүрлі композициялық полимерді қолданады:каучкалык желім,синтетикалық латекс.

Комплексті материалдардан жасалған киімдер ассортименті

Пальто, Көктемдік күртеше , плащ , шалбар, күртеше , Бас киім комбинезон

Комплексті материалдар ерлердің сыртқы киімін, әйелдер мен балалар киімін, жамылғыларды дайындау үшін қолданылады.

Комплексті материалдардың қасиеттері :ЖЕҢІЛ Судан қорғау жылу өткізгіштік ИІЛГІШ

Комплексті материалдардан жасалған киімдер жеңіл және ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Мысалы,плащ және күртешелер – желді және жаңбырлы ауа райына арналған су өткізбейтін жеңіл бұйым.

Комплексті материалдар екіжақты біржақты

Біржақты комплексті
материалдар - Матаның ішкі жағына полимерлі компазицияларды жағу арқылы алынады.Жамылғы үшін әртүрлі полимерлі композициялар қолданылады.Негізгі сапасы үшін әртүрлі талшықты құрамды маталар пайдаланылады.

Бұл біржақты қосарландырудан жеңіл плащтық маталар өндіріледі. Қыс мезгіліне ылғал өткізбейтін және ауа өткізгіш қасиеті жақсы материалдар қажет.

Екіжақты комплексті материалдардың өндірілуі кезінде негізгі материал үшін жасанды үлбір және трикотажды жайма әртүрлі талшықты құраммен, әдемі сыртқы көрінісімен, орташа беттік тығыздығымен, жоғарғы беріктігімен және серпімділігімен сипатталады. Қыстық комплексті материал аралығы үшін мата, поролон, трикотажды және беймата жаймасы, жасанды үлбір болуы мүмкін. Екіқабатты материалдардан халаттар, балалар спорттық күртешелері, комбинезондар алынады.

Комплексті материалдарды өндіру әдістер:і желімдік ,сырмалы, термиялық

Желімдік әдіс : нүктелік желіммен және толық желімдік жамылғымен материалға жағылады каландрде 125º- 135º С температурамен қысым және термофиксацияда бастапқы материалдың қосарлануы арқылы алынады. Осы әдіспен алынған комплексті материалдың беттік жағы үшін тығыз және берік мата, трикотажды жайма, жасанды үлбір мен былғарыны қолданады.

34. Куртка мен плащқа арналған материалдарды конфекционерлеу– кез келген ауа- райында киюге арналған,су өткізбейтін, жел өткізбейтін, жылу сақтағыш бұйымдар. Плащ және күртешелерді тігуге көбінесе тефлонды және парафинді қабатты материалдар қолданылады.Мұндай маталар жауын-шашыннан жақсы қорғайды және теріні демалдырады. Балонья – плащ және күртеше тігуге арналған, жұқа, су өткізбейтін, синтетикалық мата. Полиамидті талшықтан алынады,оңай жуылады,тез кебеді,желінбейді. Оны алғаш рет Италияның Балонья қаласында өндіре бастағандықтан балонья деп аталып кеткен.

Валтерм – аллергияға қарсы,тазартылған мақта мен синтетикадан жасалған материал.Жылуды жақсы сақтайды,тіпті – 20 С температурада да жылы болады.Қыстық және күздік күртешелер жасауға арналған.

Лаке – сырт киімдерді және сөмке жасауда қолданылатын су өткізбейтін, тегіс, жылтыр мата. Лакеден тігілген плащ жаңбырлы күні киюге таптырмайтын киім болып табылады. Деним – саржалық өрімді тығыз,дөрекі мата.Көбінесе джинса және джинсалы күртешелерді, күздік және қыстық күртешелерді жасауда қолданылады.

Макинтош- резиналы,су өткізбейтін мата.Суға төзімділігіне байланысты макинтошты плащ,сөмкелер тігуге қолданады.

Плащевка – синтетикалық, мақта және аралас талшықтардан алынатын мата.Желден, қардан, жаңбырдан жақсы қорғайды,желінбейді,оңай жуылады,өзінің бастапқы қалпын ұзақ сақтайды .

Флис- полипропиленді талшықтардан алынатын,ылғалды жақсы сіңірмейтін материал. Жылуды жақсы сақтайтындықтан флисті қыстық күртешелер жасауға қолданылады. Полиамид – ауа өткізгіш, тез кебетін синтетикалық материал.Полиамидтен жасалған бұйымдар формаларын жақсы сақтайды. Полиамид талшығы берік болғандықтан тозуға төзімді.Полиамидтен плащ,күртеше тігуге қолданылады.

Жібек – жұмсақ мата.Жібектен жасалған бұйымдарды киген өте жағымды.Таза жібек матасын пальто және плащтарға астарлық ретінде қолданады. Халлофайбер – құрамы полиэстерлі жылытқыш материал.Жайма және өрілген талшықтар түрінде шығарылады. Плащтарға және күртешелерге жылытқыш ретінде қолданылады.