Маралтай Райымбекұлының дауылпаз жырлары

«Тұлпарға мінген Ұлы даланың,

Тарпаң мінезді ұлы»- Маралтайдың «Кентавр» жинағындағы біраз жырға тоқталғым келіп отыр.

«Мен туғанмын ер Мұхаммед өлген күн,

Мен болмасам жүрегімді емдер кім.

Хақ Мұхаммед айтып кеткен кешегі,

Келеді деп...

Келген ақын, сол- Менмін!»

Ағам, менің бала жүрегімді дүдамал күйден арылтты, дерттен емдеді, жырларымен. Сонысымен де ұнады.

Маралтай «Өмір» өлеңінде:

«Бала арманым өлді екен деп тереңде,

Болмас іске қабағымды керем бе.

Жерге сыйлап жансыз қалған тәнімді,

Көкке кетем көресімді көрем де»,- дейді.

Бұл не дегені? Бұны түсіну қиын.

Меніңше, бұл- ішкі мұң. Сол мұңнан туған дүние. Әйтпесе ақын:

«Менің жаным аппақ емес, қап- қара» демес еді ғой.

«Муза» өлеңінде:

«Басса да жер дүниені көшкін мейлі,

Сен ғана өлмейтін де, ескірмейтін.

...Құдай мен Құраннан соң бір өзіңсің,

Тұрмайды басқа нәрсе тырнағыңа».- деп шарықтаған жолдар бар.

Ақын Музаны ұлықтайды, жырлайды. Өйткені, Муза- ақын жанының жыр-күші.

Маралтайдың да алғашқы сезімінен сыр шертетін «Алғашқы сезім» (Гүлбануға) өлеңінде махаббаттың ұлы құдіреті қарапайым һәм әсем жеткізіледі.

«Мен сен үшін батыр болғам сол кезде,

Мен сен үшін ақын болғам сол кезде » деген жолдар бар. Расымен де махаббат не істетпейді. Сонымен қоса:

« ...Өзгелермен ойнай қалсаң қызғанып,

Өтуші еді жүрегімді мұз қарып.

Бар баланың мұрнын бұзғым келетін,

Қызғаныштан туып кейде қызбалық ».

Еріксіз күлкіге ерік бергізеді (J).

Ал тереңінде қызғаныш деген асыл сезім. Қызғаныш махаббатқа жол ашады. Ең таза сезім (өз ойымша), қызғаныштан туған сезім.

«Тауықтың ары тарымен бірге,

Шашылса тары шашылар» («Ар»)

Осы жолдар тауықша күнелтетіндердің намыссыздығын аңғартады.

«Аққудың ары жарымен бірге,

(Жарына ғана бас ұрар)»,- деген жолдарда аққудай адал жүректілердің һақ жолы аңғарылады.

Есектей тек қарнын созуды ғана білетіндер мен тұлпардай хас жүйріктерді, Күнге де қасқайып қарайтын қыран көзділер мен қарғаша құрт шоқып өмір сүретіндерді салыстыра жырлайды.

Соңында: «Шаладай бықсып жалғасып жүрер,

Өсек пен соры соңында-

Ақынның арын Алласы білер.

Ал сенің арың қолыңда!»,- деп түйіндейді.

Жұмыр жердің үстіндегі адамзат әлемі мен Муза һәм жырдан тұратын ақын әлемі мүлде екі бөлек дүние. Сондықтан да, Ақынның ары Аллаһ тағала сыйлаған шабытта болса, біздің арымыз өз қолымызда.

Маралтайдың дауылпаз жырлары осындай. Ақын аға «У қайтару» өлеңінде:

«Көк байрақты қыран текті қазаққа,

Күн астында қанат жаяр жетті кез»,- деп жыр төгеді. Ендеше жалынды ақындардың отты жырлары барда ҚАЗАҚ қырандай қалықтамақ.

«Жас ақындар жырының анталогиясы». Бұл кітапты мен 9 сынып оқып жүргенімде, қазіргі жас ақындар кімдер екен деген қызығушылықпен оқыған едім. Кітапқа қазіргі жыр патшалығының 45 ақынының өлеңдері енгізілген. Кітап алғысөзін ақын Ұ.Есдәулет жазған. Жинақта Ұлықбек ағаша айтар болсам: «Қазақ өлеңінде болашақ бар ма?» деген сұраққа жауап табылады (Егер сенбесеңіздер оқыңыздар!). Мен өзімше жазамын. Алаш ардақтысы М.Жұмабаев сеніп өпкен: «Арастандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты» жастардың жырлары бұлар.

Жас ақын Нәзира Бердалының бала күнін ойға алып, бойжеткен шағынан қиял тербеп балалықтың ауылына сапар шеккен өлеңі:

«Ей, самолет, самолет,

Алматыға ала кет!

деп жүргенде,

Осы біздер бала ма ек.

...Самолеттен ала кет деп сұраған,

Алматыда жүрмін мен...

...Ей, самолет, самолет!

Балалығым сапарда,

Қай жерде екен айтып кет!»

Ақын балалығын осылай сағынады. Осы ойды, ауылға деген сағыныш сезімін:

«Сағынып келем жып-жылы жаз ауылымды,

Алматының қар басқан көшелерінде» деп толықтыра түседі.

Келесі бір жас ақын- Бақыт Беделханұлы. Мысалға, «Солай бәрі болу керек» өлеңін алатын болсам: «Өрт боп жанған махаббатым аман бол,

Өшер кезде ешкім маған от бермес».

Осы жолдарда ақын ұлы күш- махаббаттың жалынын анық аңғартады. Махаббат от береді, маздатады. Тағы бір ерекшелік, өлеңнің бірінші (ө), төртінші (е) шумақтары ассонансты пайдаланып, ал екінші (л), үшінші (м), бесінші (с) шумақтары аллитеррация тәсілін қолданылып жазылған. Және де сол басқы әріптерден құралған сөз: «Ө Л М Е С»... Иә, бұл жалынды жырлар өлмейді, мәңгі!

Осы ойды «Мәңгіліктер» өлеңінде былайша сабақтайды:

«Мәңгіліктер...

Мәңгі өлмейтін жаныма жаңғырып кел».

Бұл жанның мәңгі өлмеу себебі, ол- ақын жаны.

«Қаршадайынан тақымын тайға бекіткен,

Ғұмыр бәйгенің өзімше шабандозы едім...

...Көмбеден күткен тілеулес жұртым секілді,

Тақымын қысып ажал тұр ма екен алдымда?!» («Шабандоз жастық»). Осы жолдар ақын Дәулеткерей Кәпұлының шумақтары. Расымен де өмір- бәйге, өмір- аламан. Сол аламанда әркімнің өз жүлдесі бар. Көмбеге дейін қаншама қиындық, қаншама талас- тартыс... Барар жер бір... Ол- мәңгіліктің мекені.

«Қайда кетті бөрілі елім, сол заман» өлеңінде түтіні түзу ұшқан, Көк Тәңірісі қолдаған жұртымыздан:

«Тәңірідей табынатын тектілік!

Ағалардан табылса-

Біз де, ұрпақ, бақыттымыз күні ертең»,-деп ой түйеді.

Айта кетер тағы бір ұлы күш- қыз махаббаты. Ол- сүйеді. Шын сүйеді. Қыз сезімі пәк, таза. Оны ақын Танакөз Толқынқызы дәлелдейді:

«Қайыңға, діңге, тірекке,

Жапырақтарға- дір етпе,

Кеудемде соққан жүрекке,

Атыңды ойып жазамын.»

Танакөздің «Қатыгез ғасыр» өлеңіне үңілсем. Қатыгез ғасырда қатыгез жүрек қаптаған. Қатыгез ғасырда біреуді- біреу таптаған. Бірақ ақан осы қатыгездікке мойынсұынбайсы. Былай дейді:

«Қатыгездікке беріле көрме, ақ қалам,

Бермесе қойсын бақ маған...»

Жоғарыда айттым ғой. Қазіргі қазақ поэзиясы жаңарып келеді, түрленіп келеді. Анталогияны оқыған соң оған менің көзім жетті.

Р.S. Бұл мақалада айтқым келгені: «... қазіргі қазақ поэзиясы кешегі Абай атамыз салып кеткен сара жолдан еш тайған емес, Абай атамыз қалап кеткен сол биіктен әлі түскен жоқ».

Менікі жай ғана ой тастау.

Оқыңыздар!

Көздеріңіз жетеді.

Мен де кешегі ақиық ақын Мұқағали айтқан «Сайтан баланың» бірі едім. Ұзын- сонар жыр көшіне ілескен жайым бар. Жүректен шыққан жырларды ақ параққа түсіріп жүрмін: Поэзиям- өмірім...

Ақын ба көкке құлаш сермемеген,

Сезімін ақша бұлттар тербемеген.

Тағымнан да түсірген осы өлеңім,

Шығарған мені қайта төрге де өлең.

 

Алыстарға апарған алтын өлең,

Жетелеген бабамның салтыменен.

Қызыл қаннан жаралса бір бөлігім,

Қара өлеңнен жаралған жарты денем.

 

Поэзиям, өмірімнің гүлі де мен,

Жанымның Күніде сен, түні де сен.

Артық етпес қол жетпес айға ұқсатсам,

Артық етпес жүректің нұры десем.

 

Поэзия, сен менің шамшырағым,

Алла берген бармақтай тамшы бағым.

Зор қақпасын өмірдің ашқан жаңа,

Жүрегіме НҰР болып тамшыладың.

 

Өрлікке үйретеді өлең ұлды,

Жайнатып- жайқалдырды желегімді.

Мен өзіңнен тауып ем іздегенді,

Мен өзіңне алып ем керегімді.

 

Жайқала бер бүр жайып гүл- өлеңім,

Шуақ шашқан талайға Нұр- өлеңім.

Сен менің ең ардақты байлығымсың,

Поэзиям- өмірім,

Жыр- өлеңім.

34. Нұрлан Мәукенұлы (1960-2003) - 25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында туған. 1984 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін, 1990 жылыКИМЭП-тің саясаттану бөлімін бітірген. Еңбек жолын құрылысшы болып бастаған. «Ана тілі» — »Жалын» бірлескен басылымы бас редакторының орынбасары болып істеді.

Еңбектер«Аудитория», «Қарлығаш» жыр топтамаларында өлеңдері жарияланған. 1995 жылы «Бойтұмар» жыр жинағы жарық көрді. « Сұңқарбұлақ» атты поэзиялық кітабы шықты (2008). Бірнеше мүшәйралардың, Алматыда өткен Түрік дүниесі поэзиясы фестивалінің жүлдегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Зерде» қайырымдылық қоры мен «Жұлдыз» журналының ұйымдастыруымен Н.Мәукенұлы атындағы жыр мүшәйрасы өтті.[1]

35. ХІХ ғасырдағы қазақ-қырғыз әдеби байланыстарының зерттелуі Қазақ-қырғыз халықтарының әдеби, мәдени байланыстары әр кезде, әр түрлі деңгейде сөз болып, көптеген ғалымдардың еңбектеріне арқау болып келеді. Соның ішінде әсіресе, ауыз әдебиеті мен кеңес дәуірі әдебиеті көбірек сөз болып, тәп-тәуір зерттелді. Оны зерттеу тым ерте, әріден, яғни Ш.Уалихановтан басталатынын біз мақтанышпен айта аламыз.

ХІХ ғасырдағы қазақ-қырғыз әдеби байланыстары, әсіресе екі елге ортақ “зар заман” ақындары шығармашылығын зерттеу кезінде үстемдік құрған солақай саясаттың кесірінен қағажу көріп, кенжелеп дамығаны жасырын емес.

Бұл тақырыпты өткен ғасырдың 70 жылдары А.Мусинов деген азамат арнайы зерттеп, кандидаттық диссертация қорғады. 1974 жылы бұл зерттеу “Ғылым” баспасынан “Қазақ-қырғыз әдеби байланыстары” деген атпен жеке кітап болып басылды да. Ғалымның зерттеу еңбегі кіріспе мен қорытындыдан және негізгі үш тараудан тұрады.

Кіріспеде қазақ-қырғыз әдеби байланыстарының зерттелуі, екі ел әдебиетінің жанрлық ерекшеліктерінің қалыптасуында түркі халықтары мен орыс әдебиетінің алатын орнын, сондай-ақ қазақ-қырғыз әдеби байланыстарын зерттеген Ш.Уалиханов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Қ.Нұрмаханов, Ә.Марғұланның, қырғыз әдебиетшілері Ж.Таштемиров, Б.Керимжанов, М.Богданова, К.Есалиевтердің еңбектері сараланады.

“Екі ел әдебиетінің қайнар бастаулары” (Истоки близости двух литератур) деген І тарауда, зерттеуші Еуропа әдебиеті мен мәдениетінен терең сусындаған Шоқан, Абай сынды ғұламалардың қырғыз жазба әдебиетінің қалыптасуына жасаған игі ықпалын жан-жақты сөз етеді (3,15-48).

Алайда ғалым өзі сөз етіп отырған ХІХ ғасыр әдебиетіне қатысты осы тарауда екі елге ортақ зар заман ақындарының шығармашылығына тоқталмайды. Тек көптеген өлеңдерін Абай, Ыбырай поэзиясының әсерімен жазған, әсіресе, И.А. Крылов мысалдарын аударуда Абайды өзіне ұстаз тұтқан Тоғалақ Молда (Байымбет Абдырахманов) шығармашылығы ғана жан-жақты сөз болады.

Ал, “әр түрлі формалық байланыстар” (многообразие форм взаймосвязи) деген екінші тарауда зерттеуші ауыз әдебиетінің түрлерін, олардың даму ерекшеліктері мен ұқсастықтарын айта келіп, “революцияға дейінгі қазақ-қырғыз әдебиетінде Қазақстан мен Қырғызстанның Россияға қосылуын “ақырзаманның” белгісі ретінде қабылдап, өлеңдер шығарған Шортанбай, Дулат, қырғыздың Қалығұл, Арыстанбек сынды кертартпа, буржуазиялық ағымдағы ақындары болды” деп жалпылама атап өтеді. (3,56)

Әрине, қай әдебиетшінің де өзі өмір сүрген қоғамның ықпалында болатындығын ескерсек, зерттеушінің сол ақындардың шығармашылығының әділ бағасын бермегендігі емес, бере алмауының өзіндік себептері бар сияқты.

Біріншіден, ғалым ағамыз ХІХ ғасыр әдебиетін, соның ішінде “зар заман” поэзиясы өкілдерін зерттеуді арнайы мақсат етіп қоймаған.

Екіншіден, Дулат, Мұрат, Шортанбай немесе қырғыздың Қалығұл, Арыстанбек, Молда Қылыш, Нұрмолда, Алдаш молда т.б. сынды “кертартпа-реакцияшыл” деп танылған ақындар шығармашылығын сөз етіп, пікір білдіру, әсіресақ ол заманда өзіңе-өзің үкім шығарумен бірдей екені айтпаса да түсінікті еді.

“Зар заман” позиясының өкілдері 50 жылдарға дейін біршама зерттеліп, орта мектептің бағдарламаларында оқытылғаны белгілі. Мысалы, “1940 жылы С.Мұқановтың құрастыруымен 8-сыныпқа арналған хрестоматия-оқулықта халық әдебиетінің ірі классиктері деп Дулат, Мұрат, Сүйінбай, Шортанбай, Шернияз, Махамбет, Досқожа аталды” (4). Одан басқа да еңбектерде, мысалы 1931 жылы С.Сейфуллин құрастырған “Қазақтың ескі әдебиет нұсқаларында”, 1933 жылғы М.Әуезов, М.Жолдыбаев, Ә.Қоңыратбаевтар жариялаған “ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті” деген кітапта, С.Мұқановтың 1942 жылы басылған “Қазақтың ХVІІІ-ХХ ғасырлардағы әдебиетінің очерктері” деген оқу құралында, Қ.Жұмалиевтің құрастыруымен 1943 жылы басылған 8-сыныпқа арналған әдебиет оқулығында Дулат, Мұрат, Шортанбай т.б. зар заман ақындарына біршама орын берілген болатын.

Ал, “Коммунистік идеология әдебиет пен өнерге үстемдік құрып тұрған кезеңде зар заман ақындары шығармаларының жолы оңғарылмады. Партияның қаулы-қарарлары өршіл өлеңдердің отын өшіруге тырысты. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1947 жылы 21 қаңтардағы “Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмыстарындағы саяси өрескел қателер туралы” қаулысы халықтың інжу-маржандай асыл туындыларын архивке қайта тықты” (2,6). Одан қалса “50 жылдары “Правда” газетінде “Қазақстан тарихы марксизм-ленинизм тұрғысынан зерттелсін” деген мақала шықты. Осыған орай енді жер-жерде ғылыми айтыстар ұйымдастырыла бастады. Мәселен, Фрунзе (1952), Алматы (1953), Москва (1954), Ташкент (1956) қалаларында КСРО халықтарының батырлық жырлары туралы (дискуссия) пікірталастар өтті. Қазақ-қырғыз халқының фольклорына жан-жақтан шабуыл жасалды. Мысалы, “Манас” жыры монархиялық тәртіпті жақтайды. Қытай халқының ары мен намасына тиеді десе, екінші біреулері “Алпамыс эпосы” әулие-әмбиелерді дәріптейді, рушылдық-тайпалық одақты асыра мақтайды, кедей тобынан шыққан Ұлтан құлды мазақтайды деп даурықты” (4).

Ол аз болғандай 1952 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің “Қазақ халқының әдеби-поэзиялық және музыка мұрасын зерттеудің сын тұрғысынан қарап пайдаланудың жайы және оны жақсарту шаралары туралы қаулысы” шықты (5). Сол қаулыға орай Қазақ КСР Ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтының 1959 жылдың 15-19 маусым аралығында өткізген ғылыми-теориялық конференциясы түгелдей дерлік Дулат, Мұрат, Шортанбай, Әбубәкір сынды зар заман ақындарының шығармаларын талдап-тануға арналды (6).

Әрине, конференцияда бірінен кейін бірі сөз алған ғалымдардың ішінде олардың шығармаларын даттағандары да, ақтап алуға тырысқандары да болды.

Десек те, бірде датталып, енді бірде ақталып, әдебиет әлемінде қызу талқыға түскен зар заман ақындары мүлде ұмытылып, іздеусіз қалмады. Белгілі сыншы, ғалымдар оларға айналып соғып, тарих бетінде қалдыруға барынша күш салды. Саясат салқынымен оларға негізсіз айып, жазықсыз жала жабылған кездер де аз болмады. Кейін де Ы.Дүйсенбаев, Қ.Жұмалиев, Қ.Өмірәлиев, Ә.Қоңыратпаев, Х.Сүйіншәлиев, Т.Нұртазин сынды белгілі ғалымдар бұл кезеңге қатысты сүбелі зерттеу еңбектерін жазғаны мәлім.

Біздегі зар заман ақындарының көрген құқайы бұлай болғанда, көршілес қырғыз ағайындардың халі нешік? Енді соған келейік.

Белгілі ғалым ф.ғ.д, Б.Омарұлы “Тағдырлас, даму заңдылықтары ұқсас екі елдің әдебиеті де партияның қаулы-қарарларын орындаймыз деп асыра сілтеген солақай сындардан таяқты бірдей жеді ( 2,21) дейді.

Тоталитарлық жүйенің идеологтары шығармалары ел арасынан жиналып, енді ғана насихаттала бастаған Қалығұл, Арыстанбек, Молда Қылыш т.б. тұлғалы ақындарға феодалдық-патриархалдық заманның ескішіл, реакцияшыл, мистик ақындары деген жала жауып, шығармаларын басып шығаруға, оқып үйренуге тиым салады. Олардың шығармалары оқу бағдармаларынан алынып тасталды. Арыстанбек, Молда Қылыш мұраларын жинап, арнайы зерттеген Т.Самаичин, Ж.Шүкіровтер қудалауға түсіп, репрессияға ұшырайды. Бұлардың қатарына қазақ-қырғыз әдеби байланыстарын салыстыра зерттеген көрнекті ғалым Мэдина Богданованы да қосуға болады.

Белгілі бір қоғамда өмір сүріп, белгілі бір тарихи оқиғаларға үн қосқан екі елдің зар заман ақындары шығармашылық өмір жолдарының зерттелуі міне, осындай.

1988 жылы “Әдебиет пен өнер мәселелері бойынша 30-40-шы жылдар кезеңі мен 50-ші жылдар басында қабылданған қаулыларды зерттеу жөніндегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Комиссиясының қорытындысы жарияланды (7).

Осы қорытындыдан кейін тоталитарлық жүйеге негізделген кеңестік идеологияның сірескен сеңі бұзылды. Іле-шала өткен өмір жолымызға қайта үңіліп, қапаста көмілген асыл мұраларымызды тазалап, таразылауға тыңнан түрен түсе бастады. Бүгінде “зар заманның” зарлауық, кертартпа ақындары деп танылған Дулат, Мұрат, Шортанбай, Әбубәкір шығармашылығы жаңаша көзқарас тұрғысынан талданнып, әділ бағаларын алды. Сыншы-ғалым Қанипаш Қайсаққызы Мәдәбай Шортанбай мұрасын, әдебиетші ғалым Серік Бермағамбетов Әбубәкір Кердері шығармашылығын, Тараз университетінің оқытушысы Эльмира Пертаева Дулат творчествосын зерттеп кандитаттық диссертациялар қорғады. Белгілі ғалым-журналист Б.Омарұлы Мұрат Мөңкеұлы мұрасынан кандитаттық, “Қазақ әдебиетіндегі зар заман ағымы: генезис, типология, поэтика” деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

Соңғы зерттеу қазақ әдебиетіндегі 100 жылдық тарихы бар зар заман ағымын генезис, типология, поэтика мәселелері тұрғысынан терең ашып, жаңаша көзқарас тұрғысынан саралаған салиқалы еңбек. Ғалым «Ең алғаш М.Әуезов «Зар заман» деп атап, кейін сөздік қорымызға берік енген осы бір әдеби құбылыстың теориялық негіздемесін жасағанда неге сүйенуіміз керек? Бұл не, бағыт па, ағым ба, жоқ әлде сарын ба? Болмаса, көркемдік әдістің қай түріне жатады? Поэзиядағы зар заманның орны қандай? Бұл сауалдарға жауап беру жан-жақты ізденістерді талап етеді» (8,42) дей келіп, поэзиядағы болып жататын құбылыстарды қандай да бір үлгі-өлшемдерге бірден орайластыра қоюдың оңай шаруа еместігін ескертеді. Бір ғасырдан астам тарихы бар поэзиядағы осы бір құбылысты (зар заманды) ағым ретінде дәлелдеудегі ізденістері ғалымның терең білімін, парасат-пайымын, сұңғыла зерттеуші екенін де танытқандай. Ғалым бұл құбылысты Қ.Жұмалиев ат қойып, айдар таққан регресшіл романтизм (9,179) не болмаса Т.Нұртазин дәлелдеуге тырысқан, яғни жаңаның, жаңалықтың бәрін жат санаған консервативтік романтизм емес (10,170), бұл ең алдымен қоғамдық ойдағы ағым деп дәлелдейді. Сонымен қатар зар заман ақындарының ұстанған бағытына шығармаларының жанрлық ерекшелігі мен идеялық мазмұнына, тіпті жазба әдебиетке қатыстылығына дейін саралай келіп, мынадай пікір ұсынады.

«Зар заман» — отаршылдық қысымын көрген елдің әдебиетінде рухани құндылықтардың азып-тозуына налудан, қоғамның болашағына үміт артпай, ізгілікті өткен өмірден іздеп, халықтың салт-дәстүрлері салтанат құрған кешегі күнін аңсаудан, ежелден ұлттық танымына, көшпенділік табиғатына жат құбылыстарды қабылдамай, дәуірге наразылық білдіруден туған ағым» (8, 52). Сондай-ақ бұл зерттеу ХІХ ғасырдағы қазақ-қырғыз әдеби байланыстарын жан-жақты салыстыра қарастыратындығымен де құнды.

Бұл салада қырғыз ғалымдары да құр алақан емес. 1990 жылы Фрунзеде басылып шыққан “Мурас” атты оқулық-хрестоматия зар заман поэзиясы өкілдерінің еңбектерін топтастырған алғашқы жинақтардың бірінен саналады. Белгілі ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Б.Кебекованың “Қырғыз-қазақ фольклорлық байланысы” (Илим-1982) деген еңбегі өз алдына бір төбе болса, оның құрастыруымен шыққан “Арыстанбек” (Ырлар, Бишкек-1994), “Қырғыз эл эрчылары” (Бишкек-1994), атты кітаптар көптеген олқылықтардың орнын толтырған құнды зерттеулердің қатарында. Сондай-ақ жас ғалым Назгүл Бегалиеваның да Арыстанбектің өмірі мен шығармашылығын зерттеп кандидаттық диссертация қорғағанын (Бишкек-1998) айта кеткен орынды. Сыншы-ғалым С.Алақанның “Беш молда” (Бишкек-2004), ф.ғ.д. профессор А.Ақматалиевтің жалпы редакторлығымен “Залкар ақындар” сериясымен шыққан (2 том, Бишкек-1998-99) жинақтардың да өзіндік тың деректері, әсіресе, қазақ-қырғыз ақындар айтысына орын беруімен де құнды. Сүйінбай мен Арыстанбектің, Қаңтарбай мен Арыстанбектің, Сарыбас пен Қалмырза айтыстарының қырғыз нұсқалары да біз үшін өте маңызды. Мәселе әрине қай ақынның жеңген немесе жеңілгендігінде емес. Негізгі мақсат айтыс барысында екі елдің тұрмыс-салты мен хал-ахуалының қалай көрінетіндігін, отарлау саясатының ақындар шығармашылығында қалай жырға қосылғандығын бағамдау.

 

Қазақстан Республикасының егмендігін алып, жаңғыру кезеңінде оның тілін, әдебиетін таным құралы ретінде зерттеудің маңызы ерекше. Себебі, қай ұлттың да өзіндік мәдениеті тілінде, әдебиетінде, тарихында көрініс тапқан. Бұл- қасиет қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының шығармаларында айшықты түрде байқалады. Сондай тұлғалардың бірі – артында мол әдеби, тілдік, мәдени, этнографиялық, философиялық, тарихи мол мұра қалтырған М-Ж. Көпеев.

Мәшһүр Жүсіптің өмір сүрген дәуірі – ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алдыңғы отыз – қырық жылы. Бұл кезең әлеуметтік, қоғамдық тұрғыдан қандай қайшылықты болса, оның шығармашылық жолы да сондай көп иірімді, күрделі болды. Ғұлама шешен М-Ж. Көпеевтің мұрасын жинап жариялау, зерттеп, ғылыми айналымға ендіру, сөйтіп, халық игілігіне айналдыру жұмыстары еліміз егемендік алған соң ғана шындап қолға алынды. Біздің ойымызша, бұл мәселе – Мемлекеттік «Мәдени мұра» атты бағдарлама аясында жүзеге асырылуға тиіс. Ұлттық мәдениетін, сипатын көрсетіп, толықтыра түсетін маңызды зерттеу мұрасын, соның ішінде ұлттың ежелгі мәдениетін, әдебиетін, фольклорын, салт – дәстүрін зерттеудің біртұтас жүйесін жасап, бай әдеби мұрасын ежелгі шығыс әдебиетімен, қала берді орыс (еуропа) әдебиетімен тығыз байланыста зерттеу күнқұрғатпайтын міндеттердің бірі болып табылады.

Тақырып тегіннен – тегін Қазақ және орыс (еуропа) әдебиеті байланысы (Мәшһүр Жүсіп шығармалары бойынша) деп алынып отырған жоқ. Оның да өзіндік себептері бар. Жуықта ғана Орыс елінің төрінде Мәскеудің нақ жүрегінде Абай ескерткіші орнатылды. Біздің елімізде Пушкин күндері басталды. Әдебиетке шекара жоқтығы осындайда сезілді. Елбасының да көксегені екі елдің тыныштығы, ежелгі достығы болып табылады. Қоғамдық формация бізді ежелден орыс ұлтымен жақындастырып, мәдениетіміз, әдебиетіміз біте қайнасып бірін – бірі байытты, дамытты. Мәшһүр Жүсіптің ресей патшалығын сынағаны шығармаларынан белгілі. Ресей патшалығын сынай отырып, жақсы жақтарын (мәдениетін) да үйренуге шақырды. Демек, Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы орыс (еуропа) мәдениетінің (әдебиеті) үндестігі осы – зерттеу жұмыста тұңғыш рет ғылыми жүйеге түсіп қаралып отыр. Тақырыптың қазақ орыс (еуропа) мәдениетіне, әдебиетіне, халықтар достығына қосар үлесі көп. Мәшһүр - Жүсіп өз шығармаларында орыс тілі арқылы келген сөз үлгілерін де қолданғаны байқалады. Олай болса, тақырып, осы жағынан да ұтымды. Ұлттар достығы – біздің «Алтын заңымызда» да айқындалған. Қазақстанда 130-дан астам ұлыс пен ұлттың өкілдері тұрады екен, соның бірі – орыс халқы. Олай болса, бұл – көтерілген мәселе өміршең екендігін, ел мүддесінен шығады деген үміттеміз.

Екіншіден, орыс мәдениеті қазақ мәдениетін (көне түркі) ауыз әдебиеті арқылы білді. Одан кейін, шығыс әдебиетіне де ден қойды. Түркі мәдениеті де орыс (еуропа) зиялыларын, жиһангездерін бей – жай қалтырмағаны да тарихтан мәлім. Шығыс әдебиеті қазақ әдебиеті мен орыс әдеьиетін (еуропа) екі ортадағы жалғастырып жатқан алтын көпір десе де болады. Тіпті, ағылшын әдебиеті өкілдері де шығысқа табынған. Мәшһүр Жүсіп шығармашылығына арқау болған: бірінші – ауыз әдебиеті, екінші – шығыс мәдениеті, үшінші – орыс әдебиеті. Орыс (еуропа) әдебиетіне ықпалы зор болған шығыс мәдениетінің Мәшһүр Жүсіп шығармаларына әсерін де зерттеу тақырыптың өзектілігін айқындайтын болса керек.

XIX ғасырдың алғашқы жартысында Қазақстан тақырыбы орыс әдебиетінде бірте-бірте көрнекті орын ала бастады. Егер патша үкіметі, орыстың помещиктері мен капиталистері қазақ халқын отар етіп езу мен құл етудің объектісі деп қана есептеген болса, орыстың алдыңғы қатарлы ғалымдары мен жазушылары қазақ халқының тұрмысын, салт-санасын, әдет-ғұрпын, оның бостандық сүйгіш ниетін сүйе зерттеді. Россияның езілген халықтарының праволарын қадірлеу, олардың тұрмысын әділ суреттеу алдыңғы қатарлы, демократиялық орыс мәдениетінің дәстүрі болып табылады. Бұл дәстүрді орыс әдебиетінің классиктері А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, ұлы сыншы-демократ, В. Г Белинский тамаша айқын бейнеледі.

Қазақстан тақырыбымен шұғылданған орыс жазушыларының шығармаларында екі бағыт: реакциялық-шовинвистік және демократиялық-реалистік бағыттар болды Ф. Булгариннің «Иван Выжигин» (1829) деген повесті, И. Скоблевтің әңгімелері (1834) қазақ халқын қорлап кемітеді. Бұларға қарама-қарсы А. С. Пушкин, В. И. Даль (Луганский), В. А. Ушаков және басқалары қазақ халқының ауыр, езілген жағдайын, оның арманын, орыс халқымен достық қарым-қатынастарының басталуын адамгершілік тұрғылардан суреттейді.

Мәшһүр – Жүсіпті өз көзімен көрген, оның барлық еңбегімен таныс – біліс болған сол кездегі орыс оқымыстысы Белослюдов төмендегідей ой айтады: «М. Көпеев халықтың мұңын жырлай бастады. Мәшһүр Жүсіп өлеңді жазып шығарды, мұның өзі қазақ әдебиетінің тарихында халықтық сипаттағы жаңа бағыттың дамуына зор түрткі жасады. Бұрын өлең көпшілік алдында ауызша айтылатын, ал ақын атану үшін біреуімен айтысықа түсетін, жыршы міндетті түрде суырып салма ақын болуы шарт еді. Енді Көпеев өлеңдері оқырманға жазбаша түрде ұсынылды, ақын деген сөз тек ақын – жырауларға қатысты ғана емес, өлең жазуға қабілетті талант иелеріне де қолданыла бастады» - дейді М.Мырзахметов (Абай жүрген ізбенен. ─ Алматы, 1985. ─ 143 б.) [56, 11].

ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы аса күрделі дәуірді басынан өткерді. Қайшылығы мол, алда не болары белгісіз бұлдыр қоғамдық формация әлі пісіп-жетілмеген Қазақстан жағдайындағы толқын Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп т.б. зиялыларды тудырды. Дулат Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп қазақ руханиятының біртұтас галелериясын жасап тұрған адамдар. Бұлардың қоршаған ортаны тану, дүниені ұғыну, сезіну, әлеуметтік- экономикалық жағдайды түсінуі оны жырлауы тақырыпты тану жағы, көзқарасы бір, бір позициядағы адамдар десе болады. Бұлардың қоршаған ортасы, шығармашылығы сол кездегі қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік - экономикалық, саяси жағдайлармен тығыз байланысты. Бұл төртеуін қоғамдық формацияда болып жатқан өзгерістерден тыс тағы да қарастыра алмаймыз. Олар өмір сүрген кезде қоғамдық жағдай қандай болып еді? Соған біраз шолу жасалық. М-Ж.Көпеев өмір сүрген орта ХIX ғасырдың бірінші жартысы мен ХХ ғасырдың екінші жартысы екендігі айтылып өтті. Бұл кезең қазақ өміріндегі басқа ғасырларға қарағанда қайшылықтарға толы күрделі дәуір болды. Көп жүріп, көп көргені бар, оқыған-тоқығаны бар М-Ж.Көпеев өз елінің ауыр тұрмысын басқа жұрттың тұрмысымен салыстырып, қорытынды жасап отырған, шығармаларына арқау еткен. Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижесінде қазақ қоғамының экономикасы мен әлеуметтік қатынастарында ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында болған елеулі өзгерістер (егіншіліктің, қолөнердің, сауданың дамуы, хандық тәртіптердің жойылуы), сонымен қатар отаршылдық езгінің күшеюі қазақ халқының бүкіл қоғамдық тұрмысына, қазақ мәдениетіне елеулі әсерін тигізді.

Демек, Мәшһүр – Жүсіп шығрмаларын орыс (еуропа) шығармаларымен үндес зерттеу керек екендігін өмір өзі дәлелдеп отыр. Кеңес дәуірінде жабық тақырып болған орыс (еуропа) әдебиеті шығыстан үйренді деген ендігі уақытта басқаша көзқараспен зерттеу қарастыру күнқұрғатпайтын мәселеге айналды.

Әсіресе, Алла, Құдай, Пайғамбар, Құран тақырыбы орыс (еуропа) әдебиетінде кеңінен жырланғаны орыс (еуропа) ақын – жазушылары мұсылман дініне оң көзқараста болғаны, негізгі суреттеп отырған нысаны Мұхаммет пайғамбар болғаны осы – зерттеу жұмыста нақты дәлелденді. Мәшһүр – Жүсіп Көпеев тек қана қазақ (шығыс) әдебиетін ғана біліп қоймаған орыс (еуропа) әдебиетімен өте жақын таныс болған. Мысалы, Билинскиді білген ақын, сол Билинский сынаған шығармаларды, олардың авторларын білмеді дегенге кім сенеді. Ал, Шығыс тақырыбы Мәшһүр – Жүсіп үшін өмірлік тақырып болды. Шығыс әдебиеті Мәшһүр – Жүсіппен орыс (еуропа) әдебиетін жалғастырды. Мұсылман діні тақырыбын көп жырлаған Мәшһүр – Жүсіптің романтикалық бейнесі Алла, Құдай, пайғамбарлар, періште, шайтан, ібіліс т.б. болды. Мұның сыртындағы жұмақ, кәусар бұлақ, фәни өмір, бақи өмір, о дүние, бұ дүние сияқты жай адамның ұғымына ауыр түсініктерді де ең бірінші жырға қосып, қазақ әдебиетінде жаңа бетбұрыс жасаған Мәшһүр – Жүсіп Көпеев. Мәшһүр – Жүсіп Көпеев шығармаларындағы ауыстыру, құбылту, алмастыру, теңеу, салыстыру сияқты (троп пен фигураның) түрлері әдеби қисындық формаларды теріп дәлелдегенде олардың орыс (еуропа) шығармалырында да ұшырасатыны байқалды. Бұл кездейсоқтық болмаса керек. Мәшһүр Жүсіптің шығыс мысалдары зерттелмеді. Көбіне Крылов мысалдарына көңіл аудардық. Кейбір аты басқа мысалдарының сюжеті орыс (еуропа) мысалдарымен шығыс мысалдарының бірігіп кеткен тұстары да баршылық. Мәшһүр – Жүсіп фольклоры мен орыс (еуропа) фольклоршылары жинаған дүниелерді, олардың үндестігін зерттеу өз алдына жеке мәселе ретінде қарастыру керек екендігі анықталды. Болашақта кандидаттық диссертация мазмұнын кеңейтіп: Мәшһүр – Жүсіп және орыс (еуропа) фольклоршылары; Мәшһүр – Жүсіп шығыс және орыс (еуропа) мәдениеті т.б. тақырыбында зерттеу жұмыстарын қолға алғанды жөн көріп отырмыз. Жалпы: «Мәшһүр – Жүсіп және Еуразия» - деген монография дайындау ойымда бар.

 

36. Маралтай Райымбекұлы Ыбыраев (1.5.1969 ж.т., Сарысу ауданы, Игілік ауылы) – ақын. 2002 жылдан «Қазақ әдебиеті» газетінде «Жас қалам» қосымшасының редакторы. Қазақстан Жазушылар одағының кеңесшісі. Өлеңдері 1987 жылдан бастап республика басылымдарда жарияланып келеді. Тұңғыш кітабы «Ай-нұр» (1996) мен екінші жинағы «Ай» (2000), «Жазушы» баспасынан шықты. «Қарлығаш», «Қос ішек», «Толқыннан толқын туады», «2000 жылдық Дала жыры», «Жас ақындар антологиясы» сияқты ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстан Жастар одағы (1981) және мемл. «Дарын» жастар сыйлығының (2000) лауреаты. 1997 – 1999 жылдарғы ҚР Президенті стипендиясының иегері. Республика бірнеше жыр мүшәйраларының бас жүлдегері Расында да бүгінгідей алмағайып уақытта Мұсылманның бес парызын ұстап қана қоймай Хақты, хақиқатты тануға бар ынтасымен ден қойған ақын Құл-Керім алдыңызға арлы жырдың алтын сандығын ақтарып салады. Оның әрбір жыры жаңа сапа, жаңа сатыға шығып сөйлейді. Ол «Адам қайдан келді, қайда келді, қайда барады» деген адамзаттық пәлсафаға Алланың ақ жолымен сөз сабақтап, ой түйеді.

О бастан ақын боп туған Құл-Керім Елемес он сегіз мың ғаламның Иесіне иіп сөйлегенде оның әр жолы, әр шумағы нұрға малғандай көңілге салтанат-шуағын шашыратады

Мыңжылдықтар тоғысында қазақ өлеңіне мезгіл мінезіндей құ­­йын­датып келген ақындардың бірі – Маралтай еді. Қазақ халқының елеулі кезеңіне ай­­нал­­ған өліара шақта әдебиет табал­дырығын аттаған. Ол — белгілі ақын шайыр Мейірхан Ақдәулетұлы айтпақшы, «Өлең­де­гі өтірік ызылудың салтын бұзған ақын». Өз кеңістігін өзі місе тұтпаған шайыр «дәс­түр­­ден тыс» өлеңдер жазды. Ол шығармалары белгілі бір жү­­йе­­ге бағына алмай­­тын ақын­­­ның мінезіндей дауылды да жауынды дүниелер болатын. Өмірді өзінің жүрегінен шық­қан жырлардың тағдыры деп түсінетін, басын тауға да, тасқа да соққан тағдыр иесінің көз жа­­сы деп білетін Маралтай ақын­­ның шығармашылығы – бір сөзбен айтқанда, адамдық және азаматтық қасиеттердің жиын­­тығы. «Дулығамның төбесі, туған айдай болмаса, батыршылық сүрмен-ді» деген Шалкиіздің рухты өмірлік қағидасы Маралтайдың болмысында да өлеңдері арқылы көрініс тапты. «Тарпаң тұлғалы, кісі бейнелі» ақынның жырларында он сегіз мың ғаламның көркем шындығы айқын таңбаланды. Егер, ол шындықты өмір мен өлім деп түсінетін болсақ, екі аралықтағы тылсым пердені желпіп өткен шайыр да осы Маралтай болатын. Оған өмір өгей емес, дегенмен, өлім де жат емес. Тумысынан талантты ақын тағдырмен тайталаса жүріп қазақ өлеңіне тағдырлы жырлар берді, қазақы кеңістікте отты поэзия жасады. Оның басты мұңдасы да, сырласы да қасиетті өлең болды. Киелі рухтар қалқыған Кеңсайдағы Мұқағали бейіті Маралтайдың тағдырымен сабақтас. Қаламының ұшына тағдырлы дүниелерді байлаған қастерлі мекен. Маралтайды оқығанда тағдырдың талайлы сәттерін адамға тән ерек рухпен жеңе білуі керектігін түсінесің және соған өзің де куә боласың. Өзіндік ойлау жүйесі оқшау, сөз саптау мәнері ерекше ақынның қазақ өлеңіндегі қолтаңбасы сол үшін де айқын. Оның өлеңдерінен бағзы замандардағы қобыздың қыл ішегінен сарын секілді боздап төгілген көңіл аңғарылады.
Қазтуған мен Доспамбеттен бастау алып, Абайды пір тұтқан, Мағжан мен Мұқағалидан қайта түлеген Маралтай үшін өлеңнің киесі ерекше. Дүниенің боямасыз суреті, ғұмырдың қайталанбас көріністері ақын жырларында азбайтын сөз және тозбайтын талғаммен астасып жатады. Маралтайдың көзі ғана көре алатын көркемдік түйсіктің сәулелі шумақтары бар.

Тағдыр тақтасындағы жазуды қиямет күнінде ақындардың көз жасы ғана өзгерте алады деген түсінік бар. Алланың әмірімен ақырет күні болып, Мақшар соты үшін тартылған керней мен дабылдың үнінен күллі адамзат қауымы қайта тірілгенде ең алғашқы жауап та ақындардан алынады дейді. Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың хадисінде де «Дүниеге менен кейін пайғамбарлар емес, ақындар келеді» деген сөздер бар. Демек, ақындық деген Алладан берілетін ең үлкен сый болатын болса, оның азапты да бұралаң жолдары соншалықты күрделі. Оны өмірдің өткелдеріндей кешіп өту нағыз ақынның ғана маңдайына жазылары хақ.

Тағдыр — талайына шын ақын­ның шынайы бақыты бұйырған Маралтай Райым­бекұлы күрең күздің кешінде Астана жұртшылығымен кездесті. Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрында арқалы ақынның «Ассалаумағалейкум, Астана!» атты жыр кеші өтті. Кеш шы­мыл­дығын ақынның қызы Ар­нұр әкесінің бас қаламыз Ас­та­наға арнаған өлеңімен ашып бер­ді. Ал, халқымыз «бақтың кө­зі түскен адам» деп баға бер­­­ген әй­гі­­лі актер Асанәлі Әші­мов Ма­­ралтай туралы жү­рек­­­­жарды лебізін білдіріп, соңынан ақынның өлеңін оқыды. Жұртшылықпен сахнада емес, сахна төріндегі экран арқылы табысқан кеш авторы «рухани анам» деп ардақтаған қазақ поэзиясының падишасы Фариза Оңғарсынованың батасын алды. Кеш барысында сөз алған Қазақстан Республика­сы Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Арман Қырықбаев ақын туралы айта келе: «Маралтай қазаққа бергенінен берері көп ақын. Оның бүгінгі кеші халықтың ортасында арқаланып, шабыттануына ашылған жол болсын» деді. Ал, Маралтай сахнаға шығып өлең оқыған сәтте жан-дүниесі тебіренген тыңдармандар ақынға деген қошеметін аямады. Өзегін өлең буған ақын да өзінің тағдырынан сыр шертті. Сондай-ақ, кеш барысында Тұңғышбай Жаманқұлов, Қадырғали Көбентай, Шәкизада, Гүлнұр Оразымбетова, Бибігүл Сауытова, Өмірқұл Айниязов, Еркін Шүкіманов, Ершат Қайырхан секілді танымал өнер жұлдыздары ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындады.

37 . Қазіргі қазақ поэзиясы және постмодернизм

 

Қазіргі әдебиет ұраншыл әдебиет болып табылмайтыны мәлім. Бұл да тәуелсіздіктің демократиялық ұстанымдары әперген бағалы жетістік саналса керек. Әдеби үдерісте бұрыннан бері үстемдік етіп келе жатқан реалистік, романтикалық әдістер модернистік және постмодернистік, неореалистік бағыттармен толыса бастады.