Алылдың қорошаған орта нысандарының ластану көздері.

Ауыл тұрғын жерлерінің урбанизациясы оның салдары.

Қазіргі кезде урбанизация мәселесі ауылдық жерлерді де қамтиды. Соңғы онжылдарда шаруашылықтардың іріленуіне байланысты ауылшаруашылық өндірісі бір ортаға шоғырландырылды, бұл бір елді мекендердің ұлғаюына , басқаларының бос қалуына әкеліп соқты. Ауылшаруашылық өндірісінің қайта жарақтандырылуы – кең түрде механикаландырылуы, ірі малшаруашылық кешендерінің салынуы , ауылшаруашылық өнімдерді алғашқы өңдеу және ауылшаруашылық техникаларын жөндеу қуаттарының іске қосылуы (қуатты элеватор, машина – трактор станциялары , сүт зауыттары , дән, көкөніс, жеміс комбинаттары ) міне, осылар бой көтерді. Жеке ауылдық елді мекендерде тұрғындардың шоғырлануы, ауылды жақсы жабдықтау , жоспарлау, құрылыс мәселелерін шешу, сумен қамтамасыз ету, қатты және сұйық қалдықтарды жинау секілді шаралар қоршаған ортаңа залалсыздандыру және пайдалану мәселелерін шешу қажеттігін туғызды, басқаша айтқанда ауылда өмір сүру үлгісі іс жүзінде қалалық өмірге жақындады.

Осылыйша, адамның ауыл табиғатына белсенді араласуы ауылдық жердегі экологиялық жағдайдың өзгеруіне себепкер болды.

 

.Ауылдың экологиялықжағдайын анықтайтын факторлар.

Ауылдық жердегі экологиялық жағдай тікелей елді мекендердің дұрыс жобалануы мен құрылысын салу мәселелрімен байланысты.Ең алдымен құрылыстың бір екі қабат болғаны жөн.аймақты сумен қамтамасыз ету және канализациялау ерекшкліктеріне тәуелді.Ауылдық елді мекендердің бас жоспарында,жоспарлану мен қайта жасалынуында экологиялық жағадайын жақсарту мәселелері алдын ала қарастырылуы керек.ңқ пайызын жасыл желектер қоршап жатуы керек арнаулы мақсаттағы (өнеркәсіп секторының санитарлық қорғау аймағын және қар тоқтату жолақтарын көгалдандыру) орындар болу керек.Ауылшаруашылық қажеттіліг өсіп, агробиоценоздар қалыптасты жасанжы бірлестіктер.Ал ол экологиялық компоненттерге өз әсерін тигізуде топырақты химияландыру атмосфералық ауаға химияландыру және су алаптарын тиімсіз пайдаланғаннан сумен қамтамасыз ету және ластану проблемасы.Мал және құс шаруашылығының өркендеуі оның қалдықтары қоршаған ортаны ауылдық жерлердегі аса мол ластауда Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы қалдықтарының анаэробтық ұрдістерінің нітижесңнде 27 газ тәрізді қосылыстар шығады, олардың негізгілері күкіртті сутек, аммиак, көмір қышқыл газы, индол, скатол, меркаптандар.

Олар жануарларға да адамдарға да зиянды әсер етеді.Бас ауыру, жиіркеніш сезімі, жүрек айну, тыныс органдарының функциясы бұзылуы.Химияландыру топырақ ластануына алып келді.Минерал тыңайытқыштар, пестицидтер, гербициттер, инсектицидтер бұлар топырақпен қатар ауаныда ластап адамға улы әсерін тигізеді.

Алылдың қорошаған орта нысандарының ластану көздері.

Топырақ және су көздерінің ластануы тудыратын жағдпйлар мыналар:

- өнеркәсіптік алаңшалардың үстіңгі бетінен атмосфералық жауын-шашынмен жуылған заттар;

- көң сақтайтын орындардан немесе сыйымдылықтардан топырақтағы суларға және ашық су көздеріне жуынды ағынды сулардың жырып өтіп кетуі;

- жуынды су жинағыштардан немесе жер суару өрістерін жырып өтіп шығуы

-ауылдық елді мекендердің аумақтарын дұрыс жоспарламау

Су қоймасына түскен жуынды судың әсері суда еріген оттегі мөлшерінің азаюы, шіріген иістердің пайда болуы , қарақошқыл түсі, органикалық заттар ОБК және қышқылдануының көбеюі арқылы білінеді. Осының салдарынан суда нитраттар, аммиак, және органикалық қосылыстар шоғыры күрт жоғарылайды . Топырақта ішек тобына жататын патогендік бактериялар мен сальмонеллездер бір айға дейін тіршілігін сақтайды. Олар топыраққа 50 cvжәне одан да көп тереңге кіруі мүмкін.

Атмосфералық ауаны газдармен ластаудың негізгі көзі – көң мен құс саңғырығы болып табылады .Газдар жерге түсу , тасымалдану, сақтау, өңдеу жіне жою үрдісінде шығады.

Жерге жаңа түскен тезекте анаэробтық үрдістер дами бастайды.

Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы қалдықтарының анаэробтық ұрдістерінің нітижесңнде 27 газ тәрізді қосылыстар шығады, олардың негізгілері күкіртті сутек, аммиак, көмір қышқыл газы, индол, скатол, меркаптандар.

Олар жануарларға да адамдарға да зиянды әсер етеді.Бас ауыру, жиіркеніш сезімі, жүрек айну, тыныс органдарының функциясы бұзылуы.Химияландыру топырақ ластануына алып келді.Минерал тыңайытқыштар, пестицидтер, гербициттер, инсектицидтер бұлар топырақпен қатар ауаныда ластап адамға улы әсерін тигізеді.

Ауылдық елді мекендерді қоршаған ортанын ластануы. Ресми деректерге жүгiнсек, тек қана 2000-02 жылдары елiмiзде 300-ге жуық елдiмекен өзiнен-өзi тарап кеттi. Жергiлiктi әкiмдiктердiң деректерi бойынша, 2004 жылы тұрғын халқы жоқ, бiрақ таратылмаған 136 елдiмекен болған. Жалпы, 7 193 869 тұрғын тұратын 7660 ауылдық елдiмекеннiң 1062-сi – даму әлеуетi жоғары топқа , 5664-i – орташа, 776-сы – әлсiз топқа жатқызылған. 22 ауылдың экология­лық жағдайы өте нашар делiнген. Мәселен, Атырау облысында радиациялық аяның деңгейi жоғары – 2, сапалы ауызсудың жоқтығына байланысты Қызылорда облысында – 14, Оңтүстiк Қазақстан облысында – 1 елдiмекен тiлге тиек етiлген.Ал Ұлттық халық санағының қорытынды деректерiне сүйенсек, республика хал­қының 46 пайызы ауылдық жерлерде өмiр сүруде. Нақтырақ айтсақ, 7 365 700 азамат елдiмекендерде түтiн түтетiп отыр. Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлiгi өткен жылдың шiлде айында мынадай деректердi ұсынды. “2008 жылы республика бойынша 2004 жылмен салыстырғанда даму әлеуетi жоғары ауылдық елдiмекендердiң саны 1266 бiрлiкке артқан. Ал даму әлеуетi төменi 492 бiрлiкке кемiген. 2009 жылдың 1 қаңтарында республика бойынша 7093 ауылдық елдiмекен бар. Оның iшiнде, 2473-i – жоғары, 4490-ы – орта, 103-i – төменгi даму әлеуетiне жатады. 27 елдiмекенде мүлде тұрғын жоқ”.

2000-09 жылдарда Қазақстандағы елдiмекендердiң саны қаншаға кемiген сонда? Барлап қарап, есепшотқа салдық. Ал­ғашқы екi жылда “өзiнен-өзi тарап кеткен” 300 ауылға бағдарламаның орындалу барысында кемiген және 567 елдiмекендi қостық. Тоғыз жылда нақ 867 ауылдың орны ойсырап қалды.Неге кезiнде айрандай ұйып тiршiлiк етiп отырған ел ашыған сүттей iрiп кеттi? Жұрт неге үдере көшуде? Халықтың ауылда өмiр сүруге неге құлқы, құлшынысы жоқ? Осы сауалдарға да жауап iздедiк.

Ауылдық аймақтарды дамыту туралы дәл осы бағдарлама қабылданғанда қордаланып қалған түйiндi мәселелердi шешу көзделген-дi. Әсiресе, ауызсу құбырын тарту, қатқыл жол салу, электр қуатымен қамтамасыз ету, газдандыру, байланыс жүйесiн реттеу, әлеуметтiк инфрақұрылым: денсаулық сақтау, бiлiм беру, қоғамдық қауiп­сiздiк және құқықтық қызмет көрсету iсiн жолға қою сынды мәселелер талқыға салынған болатын.Мәселен, 2003 жылы республикадағы ауылдардың 72 пайыздан астамында су құбыры тартылмаған. Анықтап айтқанда, 5543 елдiмекенде таза ауызсу жоқ. Оның 4862-сi құдықтан, бұлақтан су алып iшкен. Қалғанында мұның өзi жоқ. Әсiресе, таза ауызсуға мұқтаждық көрген ауылдардың саны Ақтөбеде – 386, Шығыз Қазақстанда – 664, Батыс Қазақстанда – 426, Қостанайда – 667, Павлодарда – 451, Солтүстiк Қазақстанда – 605-ке жеткен. Қажет десеңiз, сол жылдары республикада 265 ауыл жарықсыз, майшаммен отырған. 6290 елдiмекенде мүлде денсаулық сақтау нысандары болмаған. 479 ауылдың мектебi талап­қа мүлде сай емес, 735 ауылда тiптi бiлiм ошағының өзi жоқ. Мiне, бұл бағдарлама осы сарындас күрмеуi көп күрделi мәселелер таудай үйiлiп тұрғанда қабылданған-ды.Арада 7 жыл өттi. Осы уақыт аралығында не өзгердi? Нақты қандай жұмыстар атқарылды? Ауыл халқының тыныс-тiршiлiгi түзелiп, түтiнi түзу шыға бастады ма? Әлде...Ауыл шаруашылығы министрлiгi 2009 жылы аталған бағдарламаның орындалу барысы туралы талдау жасады. Онда айтылған ақпарат жөнiнде бұрын да жаздық. Келтiрiлген деректерде кейбiр мәселелер ашық айтылмады. Мәселен, республикадағы 7093 елдiмекеннiң қаншасында мектеп, қаншасында денсаулық сақтау нысаны бар екенiн, қаншасы ауызсумен қамтылғанын, қаншасына қатқыл жол салынғанын, анық санын жазбаған. Неге? Ол жағы түсiнiктi. Жағымсыз дерек айтылмауы тиiс. Әлi күнге елiмiздiң 116 ауылына электр энергиясы жетпегенi, 6522-сiне газ құбыры тартылмағаны тағы бар. Мәдени демалыс ұйымдарының халiн айтпасақ та белгiлi.Асылы, Қазақстан Республикасының ауылдық аймақтарын дамытудың 2004-10 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасынан қандай нәтиже күтiлдi? Бiлетiнiмiз, ауылдық аймақтарда 5480 жаңа кәсiпорын ашу, 2411 ауылдық елдiмекендi таза ауызсумен қамту, 178 ауылға жаңа электр желiсiнiң құрылысын жүргiзу және 1470 ауылдың электр желiлерiн қайта жөндеу, 90 ауылға су жаңа қатқыл жол төсеу, 2038 ауылдың автожолына күрделi жөндеу жүргiзу, 1294 ауылдың тас жолын бабында ұстау, 1631 ауылға газ құбырын тарту, 529 елдiмекенге мектеп, 325 ауылға аурухана салу, халықаралық және iшкi көшi-қонды реттеу, тағысын тағылар жоспарлан­ған-ды. Тәттi уәде үйiлiп-төгiлгенi көрiнiп-ақ тұр. Алайда, нәтижесi...

Үкiметтiң нақты қандай жетiстiкке жеткенiн қайдам, әйтеуiр, ауыл мәселесi әлi күнге өзектiлiгiн жоғалтпай тұр. Тығырыққа тiрелген ауыл халқының үдере көшуi тыйылар емес. Неге? Өйткенi, шалғайда жатқан елдiмекендердi былай қойғанда, аудан орталықтарына жақын ауылдардың өзiнде шешiлмеген мәселе шаш етектен. Бiрiнде, мектеп жоқ. Екiншiсiнде, қатқыл жол төселмеген. Үшiншiсiнде, таза ауызсу құбыры тартылмаған. Төртiншiсiнде... Осылай жалғаса бередi. Жығылғанға жұдырық, ауылда жұмыссыздардың саны көп-ақ. Екi қолға бiр күрек таба алмай әлек.Жақында ҚР Парламент сенатының депутаты Қ.Айтаханов премьер-министр К.Мәсiмовке дәл осы бағдарламаға байланысты былай деп депутаттық сауал жолдады: “Бiрiншiден, бағдарламада көрсетiлген негiзгi мақсаттар мен ондағы қойылған мiндеттер толық орындалды ма? Ауылдық аумақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуына, экология­лық қауiпсiздiгiне байланыс­ты ауыл тұрғындарын әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылым қызметтерiмен қамтамасыз ету нормативтерi мен стандарт­тары әзiрлендi ме және сол стандарттарды енгiзу бойынша қандай жұмыстар атқарылды?

Екiншiден, бағдарламаның “Заңнамалық қамтамасыз ету” тармағындағы ауылдардың дамуына басымдық беретiн норма­тивтiк құқықтық құжаттарды қабылдау қашан толығымен орындалады?Үшiншiден, алдағы бес жылға ауыл тұрғындарының әлеуметтiк және инфрақұрылымдық жағда­йын жақсарта түсуге бағытталған ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы қабылдана ма?”Дәл осы сауалдардың диiрменге түскенiне мiне, 20 шақты күн толды. Үкiмет әзiрге үн-түнсiз. Әрине, қандай жауап болатыны, берiлген жауаптың өзi қаншалықты шындыққа жанасатыны және белгiсiз. Әйтсе де, сәтi түскенде шешiле сөйлейтiн шенеунiктердiң құлағына алтын сырға. Бұл басты мақсат – есеп беруде емес, ауыл хал­қының тұрмысын түзеуде. Ауылдық аймақтардың тұрмысын түзеу үшiн ащы болса да, бүгiнгi тiршiлiгiн ашып айтқан дұрыс-ақ.

Әлемдiк мухиттардын экологилык маселелерi. Мұхит құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аумағы 361,26 млн. км2, көлемі 1340,74 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүзілік Мұхит құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91%-ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53%-ды құрайды. Гидрология режимінде Дүниежүзілік Мұхит жеке мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы шекарасы құрлықтың жағалық сызықтарымен айқын кескінделіп, ішкі шекарасы теңіздермен және оның бөліктерімен бөлінеді. Кейбір зерттеушілер Дүниежүзілік Мұхитты Бес Мұхитқа бөледі. Оның шекарасы субтропиктік және субантарктикалық конвергенция сызығы бойымен немесе Ортамұхиттық жоталардың ендік бөлігі бойынша өтеді. Мұхит ластануы, Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит (теңіз) суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі – онда тіршілік ететін организмдердің құрып кетуіне немесе шектен тыс көбеюіне алып келеді. Мысалы, теңіз жұлдызының (Asteroіdea) тым көбейіп кетуінен Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде “тікенді шеңбер” қалыптасуда. Сондай-ақ Дүниежүзілік мұхиттың, әсіресе мұнай өнімдерімен ластануы әлемдік мұхит пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесіне кері ықпал етеді, соның салдарынан Жер атмосферасындағы газ қоспаларының концентрациясы үздіксіз артуда; жағалауға жақын және атыраулық аймақтарды қоса есептегендегі теңіздік ортаға заттардың немесе энергияның тікелей не жанама жолмен түсуі теңіз биотасының дамуына кедергі келтіріп, судың сапасын нашарлатады. Бұл жағдай тірі организмдер мен адамның денсаулығына қауіп төндіреді.