Литосфераны қорғау бойынша шаралар. 10 страница

  • жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
  • ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
  • суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
  • жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
  • табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор.Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады. Суды ластау факторларынасемей полигонын, балкаш, арал тенизин жаткызуга болады.

Топырақтын желді жане сулы эрозиялары. Топырак өте күрделі орг сиякты үнемі өсу, даму және өзгеру үстінде болады. Су, жел, антропогендік факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткі құнарлы қабатының сумен шайылу, желмен ұшу құбылыстарыэрозия деп аталады. Эрозия терминін латынның бұзу деген сөзінен шыққан. Эрозия дегеніміз топырак жабынынынсу, не желмен шайылуы, бұзылуы. Эрозиялык процестердің байқалу сипатына карай калыпты, не геологиялық және жылдам, не антропогендік эрозияболып бөлінеді. Қалыпты эрозия орманды жерлер мен шөптесін өсімдіктердің топырағында жүреді. Ол өте жай байқалып нәтижесінде бұзылған топырақ қабаты топырақ түзілу процесстерінің ніт бір жылда кайта калпына келеді. Жылдам эрозия табиғи өсімдіктер дүниесі жойылып біткен топ-ң табиғи ерекшеліктері ескерусіз пайдаланылған территорияларда байқалып, бұл эрозия тез жүреді. Эрозия құнарлылықтың жауы. Мамандардың есептеуі бойынша минут сайын 44 гажер ауылшаруашылық айналымынан шығып отырады.

 

СУ. Жер бетінің 77.5 процентін (мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде) су алып жатыр. Су қорларына өзен, көл, теңіз, жер асты, таулар мен поляр шеңбердегі мұздар, атмосфералық ауадағы ылғал кіреді. Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, тұрмыстық қажетке көбіне өзен, көл және жер асты тұщы сулар жұмсалады. Олардың қоры бүкіл гидросферадағы судың тек 1 проценті ғана. Гидросферадағы су қорлары төмендегі мөлшерде бөлінген. Көлемі және су қорларының мөлшері жөнінде гидросфераның ең ірі бөлігі - мұхиттар. Мұхит суларында пайдалы кендер, биологиялық ресурстар, энергия қуаты, химия және дәрі-дәрмек өндірістері үшін қажетті шикізаттар қоры өте көп. Құрлықта жыл сайын азайып бара жатқан пайдалы кендер орнын мұхит суларынан алып толтыруға әбден болады. Міне, сондықтан да ірі мемлекеттер мұхиттарды өзара бөлісіп «менің меншігім» деген белгілерін қойып жатыр. Теңіз суында алтынның, магниттің, платинаның, алмаздың, тантал-ниобиттің, цирконийдің, тағы басқаларының қоры құрлықтағы мөлшерге тең. Онда көмірдің, темірдің, мыстың, никельдің, қалайының қорлары да көп. Теңіз суында минералды заттар да аз емес. Ондағы ас тұзын, натрий сульфатын, калий тұзын, бромды, магнийді иодты бірқатар елдер қазірдің өзінде пандаланып жүр. Теңізде құрылыс материалдары да бар. АҚШ пен Ұлы Британия жыл сайын 600 млн. тонна құм, қиыршық және ракуш тастарын алады. Теңіз түбінде фосфорит, қызыл саз, әк қорлары да жеткілікті. Мұхиттар мен теңіздер жер шарында өнетін биологиялық өнімдердің 43 процентін, оттектің 50-70 процентін береді. 1900 жылы дүние жүзінде 7 млн. тонна балық ұсталса, 1980 жылы 64.6 млн. тоннаға жетті. Балықты енді теңіз жағалауында ғана емес, ашық теңізге шығып, жағадан алыс кетіп, ұзақ уақыт жүріп аулайтын болды. Теңіз суларынан криль аулау, тағы басқа зооплактондарды ұстау да тез өсіп келеді. Теңіз су толқындары, әсіресе көтеріліп жағадан шыққанда және кері серпіліп қайтқанда, энергия қуатын беретіні белгілі. Мысалы, Ла-Маншта болатын толқын есебінен бүкіл Еуропа елдерінің электр қуатын көп пайдаланатын кездегі қажетін өтеуге болар еді. Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады. Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

1. биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар;

2. химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;

3. физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар.

Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері - тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:

1. тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;

2. өнеркәсіп орындары;

3. ауыл шаруашылығын химияландыру:

4. халық шаруашылығының басқа да салалары.

Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.

 

Атмосфера ауасының ластануы қоршаған ортаға әсер ететін, халықтың денсаулығына теріс ықпал жасайтын жетекші алғы шарттардың бірі болып қалып отыр. Атмосфера ауасына жылу энергиясы және мұнай-газ секторы, тау-кен өндіру және тау-кен өңдеу салалары, қара және түсті металлургия кәсіпорындары барыша теріс ықпал етуде. Автомобиль көлігінің ауаны ластауы көлемі соғырлым қауіпті бола түсуде, бұл республика аумағында автокөлік құралдары санының мейлінше өсуіне негіздеуде. Осы проблема жалпы қалалық барлық шығарындыға қарағанда ауа бассейінінің ластануына автокөлік үлесі 60% және одан артыққа жететін ірі қалалар үшін аса өзекті. Негізгі себебі тазартылмаған айдындарға немесе жеткіліксіз тазартылған ағын суды жіберу болып табылатын жер үсті суларының ластануы, қоқыстану және сарқылу процесі жалғасуда. Халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу проблемасы бұрынғысынша өзекті болуда. Экологиялық басым бағыттардың бірі өндіріс пен тұтыну қалдықтарын өңдеу болып қалып отыр. Елде 100 млн.тоннадан аса қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі –ҚТҚ), 22,3 млрд. тоннадан аса өндірістік қалдықтар жиналған, оның 12 млрд. астамы техногендік минералдық түзілімдер. Экологиялық тепе-теңдікті тұрақтандыру мәселелерінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің негізгі векторы мемлекеттік экологиялық сараптама рәсімін орындау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензиялау, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру арқылы экологиялық реттеу болып табылады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес мемлекеттік табиғат қорғауды бақылау жүйесінің жұмысы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнаманы қатаң сақтаумен қорытылатын түпкілікті нәтижеге, қоршаған ортаға теріс ықпал етуін төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыруға, қолданылатын санкцияларды орындауға бағытталады. 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 112-III Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 76-бабына сәйкес 1 санатты объектілерге арналған қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру табиғат пайдаланудың қолданылатын технологиялары мен шарттары өлшемдері өзгергенге дейін 3 жыл мерзімге беріледі. Қоршаған ортаға эмиссияны азайту индустриялық объектілердің технологиялық қайта жабдықтауды әртараптандыру, неғұрлым қол жетімді технологияларды енгізу арқылы қамтамасыз етеді. Барлық ірі табиғат пайдаланылушыларды тек қоршаған ортаға эмиссия өлшемдерін ғана емес, сондай-ақ энергия және ресурсты үнемдеуге міндетті талаптарды, неғұрлым қолжетімді технологияларды енгізуді қамтып қана қоймай, кезеңдік өтумен рұқсат беру жүйесінің тиімді қызметі қамтамасыз етіледі. Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау процесіне және әділсотқа қол жетімділікті іске асыру туралы конвенцияны (бұдан әрі – Орхус конвенциясы) іске асыру бойынша Қазақстанның міндеттемелерін орындау мақсатында институционалдық құрылым – Орхусорталығы құрылды, оның негізгі функциялары қоршаған орта саласындағы мәліметтердің ақпараттық қорын қалыптастыру және қолдану мен жеке және заңды тұлғалардың сұрауы бойынша экологиялық ақпарат ұсыну болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау турлы заңнаманы жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасында 2007 жылы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі қабылданды. Кодекс қоршаған ортаны қорғау мәселесіне заңнамалық деңгейде шолу жасап, жүйелендірді, экологиялық талаптардың және нормативтердің мәртебесі тікелей қолданылатын заңнамалық акті деңгейіне дейін көтереді, қоршаған ортаны қорғау тәжірибесіне халықаралық стандарттарды енгізді. Экологиялық заңнаманыодан әрі жетілдіру оныЕуропалық Одақтың тиісті директиваларымен үйлесуі жалғастырыла отырып, қамтамасыз етіледі. «Тарихи» ластауды жою бөлігінде Ақтөбе қаласындағы Елек өзеніндегі алтывалентті хроммен тарихи ластауды жою туралы ел Президентінің тапсырмасын орындау бойынша жұмыс жалғастырылады. 2011 жылы алаңы 0,8 км2 №3 тәжірибелік-өндеркәсіптік учаскесінде жерасты суларын алты қабатты хроммен ластануын тазарту бойынша жұмысты жүргізу жоспарлануда және тек осы учаскедегі жұмыстардың нәтижелері негізінде № 2 және № 1 учаскелерде жобаны іске асыру жалғастырылады. Елек өзенінің алты валентті хроммен тарихи ластануының жалпы көлемі 5,8 км2 құрайды. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау көрсетумен аяқталған бірқатар халықаралық экологиялық бастамаларды ұсынған болатын. 2010 жылы Астана қаласында Қоршаған ортаны қорғау және Азия-Тынық мұхиты өңірі 62 елінің тұрақты дамуы бойынша алтыншы конвенция өтті, 2011 жылы Солтүстік Америка, Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерін қоса алғанда, Еуропа өңірінің 56 елі «Еуропаға арналған қоршаған орта» атты жетінші конвенцияны өткізу туралы бастама халықаралық қолдау тапты. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік ынтымақтастықты бекіту үшін халықаралық экологиялық конвенция бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін іске асыру шегінде Министрлік Біріккен Ұлттар Ұйымдарының даму бағдарламасымен (бұдан әрі – БҰҰДБ) бірлесе іске асырылатын және жоспарланатын бірлескен жобалардың мониторингі жүзеге асырылады. Жоспарланатын кезеңде бірлескен БҰҰДБ жобаларымен энергиялық тиімді инфроқұрылымды құру, Қазақстан Республикасының стратегиялық жобасына «жасыл даму» тетігін енгізу және Қазақстандағы тұрақты органикалық ластаушыларды (бұдан әрі – ТОЛ) жою басым бағыттар болып табылады. 2011 жылы Тегеран конвенциясына келесі:

•Каспий теңізін жер асты көздерінің ластаушыларынан қорғау жөнінде;

•биоалуандықты сақтау туралы;

•мұнаймен ластауды туындатын оқиғалар жағдайында өңірлік дайындық, қарсы ықпал ету және ынтымастастық туралы хаттамалар жобаларын(Каспий теңізінің теңізортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция) дайындау бойынша жұмыс жалғастырылады.

Мемлекет пен халықты гидрометеорологиялық, агрометеорологиялық және экологиялық ақпаратпен қамтамасыз етудің сапасын жоғарылату бойынша міндеттер алға қойылды. 2009 жылы болжау, режимдік-ақпараттық гидрометеорологиялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық ақпаратты дайындау үшін 259 метеостанцияда, 12 метеопост, 291 гидрологиялық пост, 185 агрометеологиялық бақылау пунктінде, 8 аэрологиялық стансасында, 2 қаркөшу стансасында және 20 қар өлшеу бағытында гидрометеорологиялық мониторинг өткізілді. Қауіпті және стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстар туралы штормдық ескертудің кенеттен болуы 2009 жылы 48 сағатты құрады. Жуық жылдарда агрометеорологиялық бақылауы бар тағы 10 пунктті ашу жоспарлануда, бұл республика аумағының агрометеорологиялық мәліметтермен қамтамасыз етуді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ агрометеорологиялық желіні және метеорологиялық желіні қайта жабдықтау жоспарланып отыр, бұл агрометорологиялық және метеорологиялық мониторингтің жеделдігін, сапасын және дәлдігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Болжау әдістерінің ескілері жетілдіріліп, жаңалары енгізілді. Мемлекеттік органдарды және халықты қоршаған ортаның ластану жайы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында қоршаған орта жайына экологиялық мониторингжүргізіледі. 2009 жылы атмосфералық ауа жайын бақылау 69 постта жүргізілді, ластайтын заттың 16 көрсеткіші анықталады. Жер үсті суларының сапасын бақылау 85 су объектісінде жүргізіледі. Орташа есеппен су объектілерінде ластайтын заттардың 45 көрсеткіші анықталды. 2008 жылы 76-дан 2010 жылы 85 дейінгі жер үсті сулары жайының мониторингін өткізетін су объектілерінің саны артты. Сондай-ақ республиканың урбанизацияланған аумағындағы топырақтың жайына мониторинг жүргізілді. Ластайтын заттардың 5-ке дейінгі көрсеткіші: қорғасын, мырыш, кадмий, мыс, хром анықталды. Осы іс-шараларды іске асыру шегінде жуық кезеңде атмосфера ауасының жайын бақылауды және экологиялық мониторинг желісін техникалық жабдықтау постарының санын көбейту жоспарланып отыр.Осы іс-шаралардың барлығы атмосфералық ауаны, суды, топырақты ластайтын заттардың көрсеткіштерінің көп мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді, бұл қоршан орта жайының ағымдағы жағдайына неғұрлым дәл талдауды береді және ұсынылатын ақпараттық сапасын арттырады. 2008-2010 жылда «Экологиялық паспорттарды жасау мақсатында ауылдық аумақтарда экологиялық-демографиялық зерттеу» жобасы бойынша 1603 ауылдық елді мекендері (бұдан әрі - АЕМ) зерттелді және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан облысы және Қарағанды облыстары округтерінің 473 экологиялық паспорт жасалды. Әзірленген АЕМ экологиялық паспорттарда экологиялық жайды жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынылған. 2008-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысы және Қарағанды облыстарының 572 ауылында радициялық мониторинг жүргізілді. Ауылдың радияциялық жайы жалпы алғанда қанағаттанарлық.

 

Биосфераның қасиеттері: эволюция және тұрақтылық.Биосфераның тұрақтылығыБиосфера тұрақты тәртіпте жұмыс істейтін күрделі экологиялық жүйе болып есептеледі. Биосфераның тұрақтығына ағзалардың үш тобының - түзушілердің (автотрофтар), тұтынушылардың (гетеротрофтардың) және бүлдірушілердің (минералды ағзалық қалдықтар) себепкер болады. Бұл күй ′′′биосфера гомеостазы′′′ деп аталады. Биосфера гемеостазы (биосфера тұрақтылығы) оның эволюцияға бейімділігін жоғалтпайды. Биосфера эволюциясы тарихының үлкен бөлігі мынадай негізгі екі фактор әсерінен жүзеге асты:

1. фактор - бұл Жер тарихындағы табиғи геологиялық-климаттық өзгерістері;

2. фактор - ағзалар эволюциясы және олардың биосфера құрам бөліктеріне әсері.

Тек ондаған, мыңдаған жылдардан соң ′′үшінші фактор′′ - адам факторы пайда болды. Бұл фактор биосфераны едәуір өзгертті. Адамның арқасында жасанды суқоймалар, орасан зор ауыл шаруашылық жер келбеті, алып қалалар пайда болды.

Эволюция нәтижесі. Эволюция нәтижесінде фотосинтездейтін ағзалар бастапқыда балдырлар, соңынан өсімдіктер өмірге келді. Өсімдіктер палеозой дәуірінде бар болғаны 400 млн жыл шамасында құрлыққа шықты. Жасыл өсімдіктердің пайда болуы биосферада алғашқы төңкеріс жасады, ол литосфераны толық өзгертті. Өйткені өсімдіктердің әсерінен литосферада топырақ қабаты түзілді. Жер бетінде тіршіліктің барынша өркендеуі мезозой (бор, юра, триас кезеңдері) дәуірінде жүзеге асты. Ол дәуір бұдан 200 млн жылға жуық бұрын басталды. Бұл уақытта бүкіл жер бетінде үйектік мұз болған жоқ, бұған үйектік (полярный) шеңберде тас көмір кенінің болуы дәлел болады. Бұл кезде жер бетінде іс жүзінде тропиктік және субтропиктік климат үстемдік етті, бұған атмосферадағы көмірқышқыл газ мөлшерінің көптігі себепкер болды. Көктемелі кәсердің (парниковый эффект) және ылғалдың көп мөлшерде болуынан қырықжапырақ, қырықбуын, қылшабуын тәрізді өсімдіктердің биіктігі көпқабатты үйлердің биіктігіне жетті. Өсімдіктекті қоректердің орасан көп мөлшерде болуынан шөппен қоректенетін ірі жануарлар - динозаврлардың пайда болуына жағдай туғызды. Динозаврлардың дене тұрқы 30 метрден астам болып, массасы 50 тоннаға дейін жетті. Атап айтқанда бұл кез атмосферадан көмірқышқыл газды тұтынушылардың көбеюімен және көмір мен көмірсутектің (мұнай газы) жинақталуымен сипатталады. Осылардың барлығы көктемелік әсерді кемітіп, жердің салқындау дәуірі басталды. Динозаврлар дәуірінің соңы бұдан 65 млн жыл бұрын Американың орталық ауданында орасан зор астероид құлауы нәтижесінде Мексика шығанағы түзілді. Бұл жиһандық тұңғыш экологиялық апат болды. Астероидтың жерге соғылуы нәтижесінде көтерілген шаң мен түтіннен күннің беті бірнеше жыл көлегейленіп, ауаның салқындауы салдарынан динозаврлардың жұмыртқалары қатып калды. Динозаврларды баласын тірілей туатын жануарлар алмастырды. Бұлар денесін түк басқан, баласын сүтпен асырайтын сүтқоректі жануарлар еді. Кайнозой дәуірі басталды. Ең алғаш адамтәріздес тіршілік иесі Африкада бұдан 2,5 млн жыл бұрын пайда болғанымен, адам от жағып, отты меңгерудің арқасында, тек осыдан 40 мың жыл бұрын ғана табиғаттан бөлініп шықты. (Орасан қалың күл қабаты бар алау сілемінің және жануарлардың күйген сүйектерінің табылуы синантроптардың бұдан 300 млн жыл бұрын отты сақтауды ғана емес, жағуды да білгенін айғақтайды.) Адам жаратылуының қоғамдық форма ретінде алғашқы өркениеті тек 10 мың жылға жуық бұрын ғана бастапқыда Мысырда, Месопотамияда, Қытайда және Үндістанда пайда болды.

Ноосфера. Адам іс-әрекеті арқасында биосфераның жаңа құрам бөлігі - ноосфера (саналы адам сферасы) пайда болды. Бұл терминді академик В. И. Вернадский енгізді. Ноосфера ұғымы адам іс-әрекеті нәтижесінде биосфераны жаһандық қайта өзгерту дегенді білдіреді. Құлашын кең жайған ғылыми-техникалық төңкеріс жер бетін тез өзгертіп, шөлді аумақты көктемелендірді, көптеген батпақты жерлер құрғатылып, естендер және су қоймалары жасалды. Мәселен, Қытайдың орталық бөлігінде Үш шатқал алып суқоймасы жасалды. Оның құрылысы үшін 50 миллионға жуық адамды көшіру талап етілді! Жер қойнауынан орасан зор мөлшерде қазынды казып алынды. Соның өзінде орасан көп мөлшерде заттар, соның ішінде жаңа, бұрын айналымға енбеген заттар, мысалы, радиоактивті материалдар айналымға тартылды. Адамның ғарыштық ұшу іс-әрекетінің арқасында жер шегінен шығып, ең алыс ғаламшарға қол жеткізуге мүмкіндігі көңіл аударады. Адам аса терең ұңғыма қазды, өте терең шахта жасады, мұхиттың тұңғиық тереңіне қол жеткізді, стратосфераны және жердің сыртқы қабығын билеп алды. Сөйтіп ноосфера жер тереңінен де, одан тысқарыға да құлашын жайды.

Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу. Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынасында алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға және миграцияның ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие. Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мыс., белгілі бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамып-жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. Демографияда жекелеген адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны ретінде оның белгілі бір топтарының да жай-күйін сипаттауға пайдаланылады. Демографиялық процестердің өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға тәуелділігін және халық дамуының әлеуметік-экономикалық салдарын зерттей отырып, демография халық саны мен сапасы өзгерісінің заңдары мен заңдылықтарын анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада өтіп жатқан халық өзгерісін сол қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары айқындайды. Демография үшін бастысы – халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік-экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді. Әсіресе, бұл жерде еңбек ресурстарының құрамы мен қозғалысының, сондай-ақ халықтың тұтынушы ретіндегі үлес мөлшерінің терең зерттелуі аса маңызды рөл атқарады. Зерттеулердің бұл саласын кейде «экономикалық демография» деп атайды. Демографияның міндеттерінің бірі – халықтың ұдайы өзгерісінің заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат негіздерін тұжырымдау. Демографиялық процестер қоғамда қалыптасқан белгілі бір әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделеді. Сондықтан халықты зерттеуде демография саясат, экономика, медицина, математика, этнография, т.б. бірқатар ғылымдармен тығыз байланыста болады. Олардың зерттеу әдістері мен тәжірибелерін, материалдарын пайдалана отырып, демография өз тарапынан да өзге ғылымдарға қажетті деректер береді. Демографиялық процестердің өзіндік ерекшеліктері, көбінесе халықтың табиғи қозғалыстары демографияның өзіндік зерттеу әдістерін қалыптастыруға негіз болды. Олар: әр түрлі буын өкілдері үшін жас айырымы көрсеткіштерін жасау арқылы дәл сол уақыттағы даму-құлдырау заңдылықтарын көрсететін гипотетикалық ұрпақ әдісі; когорт әдісі (адамдардың нақтылы буынының дамуын зерттеу); потенциалды демография әдісі, т.б. демографияда ғылымның басқа салаларындағыдай болжамдар жасау, оларды деректер арқылы тексеру және соның негізінде ғылым қорытынды жасау қажет. Көбінесе халықтың санын ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады. Сондай-ақ демографиялық коэффициенттерді пайдалану, оларды салыстыру, салғастыру тәсілдері де демографияның өзіндік зерттеу әдістерінің бірінен саналады. Демография ғылымының негізін салушы – ағылшын ғалымы Дж. Граунт. Ол алғаш рет Лондондағы тіркелген адам өлімдерінің бірнеше жылдық жлазбалары негізінде халық арасындағы өлудің көрсеткішін жасауға және оның заңдылықтарын анықтауға талпыныс жасаған. Халықтың ахуалын, оның экономикамен байланысын У.Петти және Г.Кинг (Ұлыбритания), одан соң А.Депарсье (Франция) зерттеді. XVII ғасырдада мұндай зерттеулерді математикалық әдістерді қолдану арқылы В.Керсеб (Голландия), П.В.Варгентин (Швеция), Л.Эйлер (Ресей) және т.б. жалғастырды. XIX ғасырдан бастап көптеген елдерде халықты тұрақты есепке алу жолға қойыла бастады және ол жөніндегі нақтылы талдаулар жасау мүмкіндіктеріне қол жеткізілді. А.Кетле (Бельгия), Ж.Бертильсон (Франция), У.Фарр (Ұлыбритания), В.Лексис, Г.Ф.Кнапп (Германия), т.б. көптеген статист-зерттеушілердің еңбектері нәтижесінде демографиялық процестерді сандық тұрғыдан екшеу мен талдаудың әдістері дами түсті. 1855 ж. француз ғалымы А.Гийардың еңбегінің тақырыбында «демография» термині тұңғыш рет қолданылып, автор оған «адамзаттың табиғи және әлеуметтік тарихы» деген анықтама береді. Қазақстандағы демографиялық процестерді тарихи-әлеуметтік тұрғыдан қарастырған алғашқы зерттеулер қатарында М.Шоқайдың шет ел баспасөзінде, М.Тынышбаевтың 1924 ж. «Сана» журналының 2–3-сандарында жарияланған деректерін, т.б. статистикалық еңбектерді атауға болады. Республикада бүгінгі таңдағы кәсіби демографтар М.Б.Тәтімов, Ұ.М.Ысқақов, Ә.Б.Ғали, М.Сембин, Е.Мұсабеков, С.Қарасаев, А.Елемесова, Н.Ермекова, А.Әлжанова, т.б. еңбектерінде жалпы қазақ халқының, Қазақстан халқының өсу, даму заңдылықтары зерттелді.