Литосфераны қорғау бойынша шаралар. 11 страница

Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты. Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет. Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на тең. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді.

1. Мемлекеттік ұлттық қорықтар.

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.

3. Мемлекеттік табиғи резерваттар.

4. Мемлекеттік корықтың аймақтар.

5. Мемлекеттік табиғи қорықшалар.

6. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері.

7. Мемлекеттік зоологиялық бақтар.

8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар.

9. Мемлекеттік дендрологиялық бақтар және т.б.

Биосфералық қорықтарЕрекше қорғалатын табиғи аумақтардың соңғы кезде ұйымдастырылып жүрген түріне — биосфералық қорықтар жатады. Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылады. Онда табиғат қорғау шаралары халықаралық деңгейде жүргізіледі. Мұндай қорықтар табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерге бақылау жасалынып талданады. Биосфералық қорықтардың аумағы бірнеше белдемдерге (ішкі, шекаралық және шаруашылық) бөлініп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір дүние жүзінде 350-ге жуық биосфералық қорық ұйымдастырылған Қазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарына биосфералық қорық мәртебесі берілген. Қорғалжын қорығы, Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары таулы алқаптың табиғат байлығын қорғайды. Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығында сарыбауыр аяқсыз кесіртке, үнді жайрасы, Алматы қорығында орақтұмсық, ілбіс, т.б. қорғалады. Ал Алакөл қорығында қара мойнақ шағала, т.б. қорғауға алынған.

Мемлекеттік табиғи қорықтар. Біздің елімізде ерекше корғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі — мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей катаң түрде қорғалады. Сонымен бірге қорықтар белгілі бір экожүйелерді қорғау мақсатында арнайы ландшафтыльщ аумақтарда ұйымдастырылады. Мысалы, шөлді, далалы, су-батпақты және т.б. экожүйелердің қорықтары деп бөлінеді. Наурызым қорығы Далалы аймақта ұйымдастырылған Наурызым, Үстірт және Барсакелмес қорықтары шөлді аймақтың табиғи бірлестіктерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған. Бұл қорықта 1953 жылы Түрікменстаннан әкелініп құлан жерсіндірілді. Алтынемел ұлттық табиғи саябағында да жерсіндірілген. Ал Қорғалжын қорығы сулы-батпақты алкаптың табиғат байлығын қорғайды. Келешекте Торғай, Сарықопа жәнө Тарбағатай қорықтарын ұйымдастыру көзделуде. Ұлттық табиғи саябақтарҰлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау жұмыстарымен бірге табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі. Шарын каньоны.Елімізде соңғы жылдары Шарын (2004 ж.), Сайрам-Өгем (2006 ж.) және Көлсай көлдері (2007 ж.) ұлттық табиғи саябақтары ұйымдастырылды. Алдағы уақытта елімізде тағы да 5 ұлттық табиғи саябақ (Жоңғар Алатауы, Ақсу-Лепсі, Бұйратау, Зайсан, Ақжайлау) ұйымдастыру қарастырылуда. Табиғи қорықшаларТабиғи қорықшалар — белгілі бір ерекше табиғи аумақтардағы барлық табиғат байлықтарын кешенді корғауға немесе өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерін корғау мақсатында үйымдастырылады. Сондықтан қорықшалар кешенді, зоологиялық, ботаникалық, геологиялық және т. б. деп бөлінеді. Кейде қорықшалар уақытша (он не жиырма жыл мерзіміне) немесе тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қорықшаларда табиғат корғау жұмыстары онша қатаң түрде жүргізілмейді және шаруашылық жұмыстардың жекеленген түрлеріне ғана тыйым салынады. Табиғат ескерткіштеріТабиғат ескерткіштері — көбіне тарихи-табиғи және ғылыми мәні зор жеке табиғат нысандарын ғана (өсімдіктердің, жануарлардың жеке түрлері, үңгірлер, сарқырамалар және т.б.) қорғауды көздейді. Олардың ғылыми-танымдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде республикалық мәні бар "Қаз қонақ" (Ертіс өзенінің жағалауында), "Шарын шаған тоғайы", "Шынтүрген шыршалары" (Алматы облысында) "Баум тоғайы" (Алматы қаласында) жәнө т.б. табиғат ескерткіштері бар. Табиғи резерваттарЕрекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі — табиғи резерваттар. Елімізде Ертіс өзенінің алқабындағы реликті қарағайлы ормандарды қорғау мақсатында 2003 жылы "Ертіс орманы" және "Семей орманы" деген табиғи резерваттар ұйымдастырылды. Табиғи резерваттарда қорықтық белдем де, шаруашылық жүргізілетін алқаптар да бірге қорғалады. Табиғи резерваттарда, негізінен, биологиялық сан алуан түрлілікті сақтауға және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінеді.

 

Йод тапшылығының басқа аурулардан зардабы еш кем емес. Өткен жылғы денсаулық сақтау ұйымының берген мәліметі бойынша, әлемде 650 млн адам осы дертпен күресуге мәжбүр екен. Ал, 2 млрд адам ағзасында осы дерттің айқын белгілері көрініс берген. Біздің еліміз йод жетіспейтін аймақтардың қатарында. Сол себепті де, бізді алаңдатып отырған мәселе көп. Денсаулығы қалыпты адам бір күнде 150 микрограмм йод тұтынуы қажет. Бұл қажеттілік өтелмесе, адам ағзасы түрлі ауруға шалдығады. Йод жетіспеушілігі иммунитеттің әлсіреуін тудырып, ағзаның түрлі инфекцияларға қарсы тұру қабілетін төмендетеді. Сондай-ақ, қолдардың дірілдеуі, тахикардия, эндемиялық жемсау ауруларының басталуы да осы йод тапшылығына байланысты пайда болады. Қазақ Тағамтану академиясының мамандары жүргізген зерттеу кезінде йод жетіспеушілігі сезілетін елде тұратын балалардың интеллектуальдық деңгейі өзге балалардан 10-15%-ға дейін артта қалып қоятындығы анықталды. Сондықтан, ана құрсағындағы баланың йод жетіспеушілігіне шалдықпауын қадағалау дәрігерлердің назарынан тыс қалмауы маңызды. Әлемдік алаңдаушылық тудырып отырған йод жетіспеушілігі балалар үшін аса қауіпті. Олардың ақыл-ойының дамуына кедергі келтіріп, өсуін тежеп, кретинизмнің басталуы мүмкін. Ал, жүкті әйелдердегі йод тапшылығын емдеуге баса назар аудармаса, нәрестенің денсаулығына қауіп төнеді, олардың түсік тастау қаупі де екі есеге артады. Біздегі топырақ пен судың, өзге де өндірілетін өнімдер құрамында йод мөлшері аз. Мұның салдары, әсіресе, Шығыс пен Оңтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Осы аймақта тұратын әрбір бесінші адамның біреуі эндемиялық жемсау ауруының зардабын тартып келеді. Эндемиялық жемсау дертіне шалдыққандардың санатында қыз балалар көп екен. Бұл дерт түрі 6-7 жастан басталып, баланың жасы өскен сайын ұлғая береді. 2009 жылы йод тапшылығынан пайда болатын аурулардың алдын алу туралы заң қабылданды. Йод тапшылығын тамырымен жою мақсатында бірқатар кешенді шаралар ұйымдастырылды. Йод тапшылығын жою мақсатында халық тұтынатын тағам түрлерінің барлығына йод қосу ісі қолға алынды. Су, сүт, нан тағамдарына йод қосу арқылы көптеген аурулардың алдын алу көзделіп жатыр. Бірақ, йодтау тәсілінің өзіндік күрделілігі де бар екен. Сондықтан, біздің йодталған тұзды пайдалану көрсеткішіміз 80%-дан әріге аса алмай отыр. Ал, жаппай йодталған тұзды тұтынатын елдерде бұл көрсеткіш 90%-дан жоғары. Осындай пайыздық алшақтықтан йодты жаппай пайдаланатын елдердің арасынан ойып тұрып орнымызды алуға мүмкіндік жоқ. Мамандарымыз йод тапшылығын тағамға йодталмаған тұзды пайдаланумен байланыстыруда. Күнделікті өмірде тұзсыз ас ішпейтініміз белгілі. Алайда, біз тұтынатын тұздың барлығы бірдей йодталған дей алмаймыз. Міне, сол себепті де, көптеген ауруға есігімізді айқара ашып отырған жайымыз бар. Йод тапшылығын жою үшін әлем елдері ас тұзын йодтау мәселесін қолға алды. Біз де әлемдік үрдістен қалмай, тұз өндірушілер қауымдастығымен тығыз қарым-қатынас жасауға ұмтылдық. Йод тапшылығының алдын алуда йодты ас тұзын пайдалану айтарлықтай нәтиже беретінін байқадық. Десек те, тағам өндірушілер арасынан тұтынушыларды алдайтындары да табылып жатыр. Сыртында йодталған деген жазуы бар тұздың құрамынан йод табылмаған жағдайлар да тіркелген. Бұл сөзімізге Тамақтану академиясының медициналық-демографиялық зерттеу нәтижесі дәлел бола алады. Зерттеу барысында 5844 отбасының 29%-ы йодталған тұзды, ал,13,4%-ы сыртқы жазуы бойынша ғана «йодталған» тұзды қолданып келгенін анықтады. Біздің ағзамыздағы йодтың 90%-ы күнделікті жейтін асымыз арқылы келеді екен. Демек, дұрыс әрі пайдалы тамақтанудың маңызы ерекше. Ол үшін құрамы йодқа бай тағам өнімдерін тұтынуды әдетке айналдырғанымыз жақсы нәтиже берері сөзсіз. Йод тапшылығына қарсы тұруда теңіз қырыққабатын, сүт, жұмыртқа, ет өнімдерін дұрыс пайдалануды аурудан қорғанудың басты қалқаны ретінде қолдануға болады. Мәселен, өсімдік өнімдеріндегі йод мөлшері 60-150, ал, жануарлар өнімдерінде 30-70, суда 8 микорграмм екен. Сонымен қатар, тағамды өңдеу кезінде оның 14-65%-ға дейінгі мөлшері жойылып кетеді. Біз айтқан пайыздық көрсеткіштерді қаперіңізге ала жүріп, тағам құрамындағы йодтың болуын қадағалау арқылы денсаулығыңызға қамқорлық жасай аласыз. Дені сау ұрпақты өмірге әкелу үшін алдымен ананың денсаулығы қалыпты жағдайда болуы керек. Өмірге сәби әкелу үлкен дайындықты талап етеді. Йод жетіспеушілігін қалыпқа келтіру мақсатында дәрігер жазып берген дәрілер көмегімен емделіп барып қана бала көтергені дұрыс. Алайда, көпшілігі мұны есінде ұстай бермейді. Халықтың байлығы – дені сау ұрпақ. Демек, аналардың жауапкершілігі зор. Гипотириоз, яғни, йод жетіспеушілігі жүкті әйелдер үшін аса қауіпті. Аурудың асқынуынан сәбидің өлі туылуы да әбден мүмкін. Жалпы, бұл дерттің тартқызар азабы аз емес. Жүйке талшықтары шаршап, адамда әлсіздік пайда болады. Есте сақтау мүмкіндігі азаяды. Кейбір жағдайда жүректің минуттық соғу көлемінің кемуінің арты миокард гипоксиясы ауруымен жалғасып жатады. Көпшілік жағдайда йод тапшылығы қаныаздықты тудырады. Ал, аурудың алдын алу үшін құрамында йоды көп өнімдерді күнделікті жеп тұрған пайдалы. Йод жетіспеушілігі ауруларының мәселесі әлемдік денсаулық сақтау саласында маңыздыларының бірі болып саналады. Оның маңыздылығы аталған аурудың кең етек жаюымен анықталады, йод жетіспеушілігі ағзаға қалыпты қабылданып отыратын йодтың жеткілікті дәрежеде болмауынан пайда болады. Йод жетіспеушілігі ауруларының мәселесін шешу, әсіресе, Қазақстан үшін маңызды. Өйткені қазіргі таңда біздің елімізде йод жетіспеушілігінің тиімді алдын алу бағдар­ламасының жоқтығы тұрғылықты халықтың әртүрлі топтарында қалқанша безінің эндемиялық ұлғаюына әкеліп соқтырып отыр. Мұның ішінде балалар мен бала туу жасындағы әйелдер де бар. 1999-2002 жылдар аралығында Зельцер мен Базарбекованың кездейсоқ таңдау әдісімен жүргізілген зерттеуге 6 және 16 жас аралығындағы 9169 бала, 15-49 жас аралығындағы 951 қыз бала және әйелдер қа­тысты. Зерттеу нәтижесінде қалқанша безінің эндемиялық ұлғаюы 4206 балалар мен жасөспірімдерде (45,8%) кездескен.

Ауылдық елді мекендердің урбанизациясы және оның салдары. Ауылдық жерлерге тән қоршаған орта ластануларының шығу көздері: мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, пестицидтер мен минералдық тыңайтқыштарды қолдану, ауылшаруашылық өнімдерін шығару және өңдеуРесми деректерге жүгiнсек, тек қана 2000-02 жылдары елiмiзде 300-ге жуық елдiмекен өзiнен-өзi тарап кеттi. Жергiлiктi әкiмдiктердiң деректерi бойынша, 2004 жылы тұрғын халқы жоқ, бiрақ таратылмаған 136 елдiмекен болған. Жалпы, 7 193 869 тұрғын тұратын 7660 ауылдық елдiмекеннiң 1062-сi – даму әлеуетi жоғары топқа , 5664-i – орташа, 776-сы – әлсiз топқа жатқызылған. 22 ауылдың экология­лық жағдайы өте нашар делiнген. Мәселен, Атырау облысында радиациялық аяның деңгейi жоғары – 2, сапалы ауызсудың жоқтығына байланысты Қызылорда облысында – 14, Оңтүстiк Қазақстан облысында – 1 елдiмекен тiлге тиек етiлген. Ал Ұлттық халық санағының қорытынды деректерiне сүйенсек, республика хал­қының 46 пайызы ауылдық жерлерде өмiр сүруде. Нақтырақ айтсақ, 7 365 700 азамат елдiмекендерде түтiн түтетiп отыр. Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлiгi өткен жылдың шiлде айында мынадай деректердi ұсынды. “2008 жылы республика бойынша 2004 жылмен салыстырғанда даму әлеуетi жоғары ауылдық елдiмекендердiң саны 1266 бiрлiкке артқан. Ал даму әлеуетi төменi 492 бiрлiкке кемiген. 2009 жылдың 1 қаңтарында республика бойынша 7093 ауылдық елдiмекен бар. Оның iшiнде, 2473-i – жоғары, 4490-ы – орта, 103-i – төменгi даму әлеуетiне жатады. 27 елдiмекенде мүлде тұрғын жоқ”. 2000-09 жылдарда Қазақстандағы елдiмекендердiң саны қаншаға кемiген сонда? Барлап қарап, есепшотқа салдық. Ал­ғашқы екi жылда “өзiнен-өзi тарап кеткен” 300 ауылға бағдарламаның орындалу барысында кемiген және 567 елдiмекендi қостық. Тоғыз жылда нақ 867 ауылдың орны ойсырап қалды.Неге кезiнде айрандай ұйып тiршiлiк етiп отырған ел ашыған сүттей iрiп кеттi? Жұрт неге үдере көшуде? Халықтың ауылда өмiр сүруге неге құлқы, құлшынысы жоқ? Осы сауалдарға да жауап iздедiк. Ауылдық аймақтарды дамыту туралы дәл осы бағдарлама қабылданғанда қордаланып қалған түйiндi мәселелердi шешу көзделген-дi. Әсiресе, ауызсу құбырын тарту, қатқыл жол салу, электр қуатымен қамтамасыз ету, газдандыру, байланыс жүйесiн реттеу, әлеуметтiк инфрақұрылым: денсаулық сақтау, бiлiм беру, қоғамдық қауiп­сiздiк және құқықтық қызмет көрсету iсiн жолға қою сынды мәселелер талқыға салынған болатын. Мәселен, 2003 жылы республикадағы ауылдардың 72 пайыздан астамында су құбыры тартылмаған. Анықтап айтқанда, 5543 елдiмекенде таза ауызсу жоқ. Оның 4862-сi құдықтан, бұлақтан су алып iшкен. Қалғанында мұның өзi жоқ. Әсiресе, таза ауызсуға мұқтаждық көрген ауылдардың саны Ақтөбеде – 386, Шығыз Қазақстанда – 664, Батыс Қазақстанда – 426, Қостанайда – 667, Павлодарда – 451, Солтүстiк Қазақстанда – 605-ке жеткен. Қажет десеңiз, сол жылдары республикада 265 ауыл жарықсыз, майшаммен отырған. 6290 елдiмекенде мүлде денсаулық сақтау нысандары болмаған. 479 ауылдың мектебi талап­қа мүлде сай емес, 735 ауылда тiптi бiлiм ошағының өзi жоқ. Мiне, бұл бағдарлама осы сарындас күрмеуi көп күрделi мәселелер таудай үйiлiп тұрғанда қабылданған-ды. Арада 7 жыл өттi. Осы уақыт аралығында не өзгердi? Нақты қандай жұмыстар атқарылды? Ауыл халқының тыныс-тiршiлiгi түзелiп, түтiнi түзу шыға бастады ма? Ауыл шаруашылығы министрлiгi 2009 жылы аталған бағдарламаның орындалу барысы туралы талдау жасады. Онда айтылған ақпарат жөнiнде бұрын да жаздық. Келтiрiлген деректерде кейбiр мәселелер ашық айтылмады. Мәселен, республикадағы 7093 елдiмекеннiң қаншасында мектеп, қаншасында денсаулық сақтау нысаны бар екенiн, қаншасы ауызсумен қамтылғанын, қаншасына қатқыл жол салынғанын, анық санын жазбаған. Неге? Ол жағы түсiнiктi. Жағымсыз дерек айтылмауы тиiс. Әлi күнге елiмiздiң 116 ауылына электр энергиясы жетпегенi, 6522-сiне газ құбыры тартылмағаны тағы бар. Мәдени демалыс ұйымдарының халiн айтпасақ та белгiлi. Асылы, Қазақстан Республикасының ауылдық аймақтарын дамытудың 2004-10 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасынан қандай нәтиже күтiлдi? Бiлетiнiмiз, ауылдық аймақтарда 5480 жаңа кәсiпорын ашу, 2411 ауылдық елдiмекендi таза ауызсумен қамту, 178 ауылға жаңа электр желiсiнiң құрылысын жүргiзу және 1470 ауылдың электр желiлерiн қайта жөндеу, 90 ауылға су жаңа қатқыл жол төсеу, 2038 ауылдың автожолына күрделi жөндеу жүргiзу, 1294 ауылдың тас жолын бабында ұстау, 1631 ауылға газ құбырын тарту, 529 елдiмекенге мектеп, 325 ауылға аурухана салу, халықаралық және iшкi көшi-қонды реттеу, тағысын тағылар жоспарлан­ған-ды. Тәттi уәде үйiлiп-төгiлгенi көрiнiп-ақ тұр. Алайда, нәтижесi... Үкiметтiң нақты қандай жетiстiкке жеткенiн қайдам, әйтеуiр, ауыл мәселесi әлi күнге өзектiлiгiн жоғалтпай тұр. Тығырыққа тiрелген ауыл халқының үдере көшуi тыйылар емес. Неге? Өйткенi, шалғайда жатқан елдiмекендердi былай қойғанда, аудан орталықтарына жақын ауылдардың өзiнде шешiлмеген мәселе шаш етектен. Бiрiнде, мектеп жоқ. Екiншiсiнде, қатқыл жол төселмеген. Үшiншiсiнде, таза ауызсу құбыры тартылмаған. Төртiншiсiнде... Осылай жалғаса бередi. Жығылғанға жұдырық, ауылда жұмыссыздардың саны көп-ақ. Екi қолға бiр күрек таба алмай әлек.Жақында ҚР Парламент сенатының депутаты Қ.Айтаханов премьер-министр К.Мәсiмовке дәл осы бағдарламаға байланысты былай деп депутаттық сауал жолдады: “Бiрiншiден, бағдарламада көрсетiлген негiзгi мақсаттар мен ондағы қойылған мiндеттер толық орындалды ма? Ауылдық аумақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуына, экология­лық қауiпсiздiгiне байланыс­ты ауыл тұрғындарын әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылым қызметтерiмен қамтамасыз ету нормативтерi мен стандарт­тары әзiрлендi ме және сол стандарттарды енгiзу бойынша қандай жұмыстар атқарылды? Екiншiден, бағдарламаның “Заңнамалық қамтамасыз ету” тармағындағы ауылдардың дамуына басымдық беретiн норма­тивтiк құқықтық құжаттарды қабылдау қашан толығымен орындалады?Үшiншiден, алдағы бес жылға ауыл тұрғындарының әлеуметтiк және инфрақұрылымдық жағда­йын жақсарта түсуге бағытталған ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы қабылдана ма?”Дәл осы сауалдардың диiрменге түскенiне мiне, 20 шақты күн толды. Үкiмет әзiрге үн-түнсiз. Әрине, қандай жауап болатыны, берiлген жауаптың өзi қаншалықты шындыққа жанасатыны және белгiсiз. Әйтсе де, сәтi түскенде шешiле сөйлейтiн шенеунiктердiң құлағына алтын сырға. Бұл басты мақсат – есеп беруде емес, ауыл хал­қының тұрмысын түзеуде. Ауылдық аймақтардың тұрмысын түзеу үшiн ащы болса да, бүгiнгi тiршiлiгiн ашып айтқан дұрыс-ақ.

Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. Ч. Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді. Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі: 1.ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер) саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2–3 млн. жыл бұрын;2.эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроп пен палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын;3.ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40–50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі болып есептелмейді. Австралопитектер бұдан 4,5–1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Оларды антропологтар Л.Лики, Р.Лики (Англия), Д.Джохансон, Т.Уайт (АҚШ), т.б. зерттеді. Көне адам тегінің бірі – шамамен бұдан 2 млн. жыл бұрын өмір сүрген презинджантроптар. Ғылымда оларды «Homо habіlіs» яғни іскер адам деп атайды. Өйткені олар аз болса да тас, ағаш сынықтарына біршама өңдеулер жасап, құрал ретінде пайдаланған. Адам тегінің келесі даму сатысына архантроптар жатады. Олардың сүйектері Азияда (питекантроп, синантроп), Шығыс және Солтүстік Африкада (атлантроп), Батыс Еуропада (Гейдельберг және Вертешселлеш адамдары) табылған. Бұл дәуірдегі адамдар шель мен алғашқы ашель мәдениеттерін жасаған. Ежелгі адамдардан ертедегі адамдар (палеоантроптар – неандерталь адамы), олардан қазіргі адамдардың арғы тегі кроманьон адамы, есті адам (неоантроптар) пайда болған. Морфология ерекшеліктері бүгінгі адамдарға жақын. Антропогенездік зерттеулері есті адамдарда бұрынғы адам тектерінің кейбір белгілерінің қайталануын (рудимент, атавизм), эмбрионалдық, анатомиялық, биохимиялық, т.б. ұқсастықтарды, әлеуметтік ерекшеліктерді (еңбек құралдарын жасау, пайдалану, т.б.), әр түрлі тағамдар әзірлеу, отты пайдалану, ойлау, сөйлеу қабілетін, т.б. жағдайларды анықтады. Бұл кезде жасанды тұрақжай пайда болды, еңбек құралдары күрделене түсті. Әлеуметтік ұйымшылдыққа бейімделу байқалды. Тілдің пайда болуының арқасында әлеум. қарым-қатынас жоғары сатыға көтерілді. Мұның барлығы қосылып табиғи ортаға бейімделуінің арқасында үйлесімділік тапты. Барлық адам баласы биологиялық бір түрге (Homo Sapіens) жататын болып қалыптасты. Демек, Homo Sapіens-тың тарихи дамуы тоқтамай, жалғасып жатыр. Қазақстан жерінде ежелгі адамдар тұрақтары Оңт. Қазақстанда (Қаратау, Жетісу), Батыс Қазақстанда (Маңғыстау, Мұғалжар), Орт. Қазақстанда (Сарыарқа, Балқаш) көптеп табылған.