II бөлім. Ортодонтиялық аппараттар. Тіс аномалиясы мен тіс қатары аномалиясының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі. 5 страница

Д. гипердентия

Е. адентия

 

238. Тістердің қатты тіндерінің ауытқуына төмендегілердің барлығы жатады, біреуінен басқасы:

А. гипоплазия

В. гиперплазия

С. аплазия

Д. гиперцементоз

Е. + Гетчисон тістері

 

239. Тістер пішіні аномалиясына жатады:

А. + Фурнье тістері

Б. макродентия

В. микродентия

Г. гипердентия

Д. гиподентия

 

240. Жеке тістер ретенциясының себебі болып төмендегілердің барлығы жатады, біреуінен басқасы:

А. ұрықтардың дұрыс емес қалануы

В. тіс қатарындағы орын жетіспеушілік

С. комплекттен артық тістер

Д. сүт тістерді уақытынан бұрын жұлу

Е. + тістердің қатты тіндер құрылымының бұзылуы.

 

241. Бала 9 жаста.Ауыз қуысын қарап тексергенде және рентген суретте 1.2, 2.2 тістер ұрықтары жоқ.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы сай келеді?

А. дистопия

В. гиперадентия

С. микроадентия

Д. +адентия

Е. макродентия

 

242. Бала 9 жаста, 2.2 тістің болмауына шағымданып келді. Ауыз ішілік r - гарммада 2.2 тістің ұрығы жоқ.

Төменде көрсетілген ауытқудың қайсысына сәйкес келеді?

А. +жартылай біріншілік

В. жартылай екіншілік

С. толық біріншілік

Д. толық екіншілік

Е. аплазия

 

243. Жасөспірім 15 жаста, дәрігер стоматологқа ас шайнауының қиындығына шағымданып келді, анасының айтуы бойынша 2.6, 2.7 тістер жарты жыл бұрын жақтың жедел остеомиелиті салдарынан жұлынған.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы сай келеді?

А. жартылай біріншілік адентия

В. +жартылай екішілік адентия

С. толық біріншілік адентия

Д. толық екіншілік адентия

Е. аплазия

 

244. 5 жасар баланың ата-анасы эстетикалық кемшілікке шағымданып келді. Ауыз қуысын тексергенде тістердің сауыт бөлігінде симметриялы және кесу қырына паралельді орналасқан дақтар мен дефекттер бар. Анасының айтуы бойынша жүктіліктің екінші жартысында токсикоз болған.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы сай келеді?

А. +гипоплазия

В. адентия

С. гиперплазия

Д. микродентия

Е. аплазия

 

245. Бала 6 жаста. Профилактикалық қарап тексергенде: ауыз қуысында барлық тістері сүт тістер, 7.1 тісерінен басқасы.

Төменде көрсетілген ауытқулардың қайсысы сай келеді?

А. +тістердің жарып шығуының реттілігінің бұзылуы

В. тістердің жарып шығуының жұптылығының бұзылуы

С. тістердің жарып шығуының уақытының бұзылуы

Д. ретенция және трансплазиция

Е. адентия және дистопия

 

246. 10 жастағы баланың ата анасы эстетикалық кемшілікке шағымданады. Тістердің формуласы жасына сай. 1.2, 2.2 тістерінің пішіні тікенек тәрізді.

Төменде көрсетілген тіс аномалиясының қайсысына тән?

А. қатты тіндердің құрылымына

В. жарып шығуы

С. орналасуы

Д. +пішіні

Е. көлемі

 

247.7 жастағы баланың R-суретінде, 1.1 және 1.2 тіс ұрықтарының сауыт бөлігінде 2 комплекттен артық тіс көрінеді, пішіні күрек тіске ұқсас.

Емдеу профилактикалық іс шараларды уақытылы жүргізбегенде қандай аномалия қалыптасуы мүмкін?

А. адентия

В. гиподентия

С. +ретенция

Д. трансплазия

Е. тортоаномалия

 

248. 5,5 жастағы бала, бала бақшада қаралған кезде, 4.1, 3.1 тістердің тіл жағынан жарып шығуы, 4.6, 3.6 жарып шықпағаны байқалады.

Төменде аталған аномалиялардың қайсысы балада байқалады?.

А. тістердің жарып шығу аномалиясы мен ретенциясы

В. + тістердің жарып шығуреттілігінің аномалиясы

С. күрек тістердің уақытынан бұрын шығуы

Д. тістердің орналасу аномалиясы

Е. тістердің жарып шығу уақтының аномалиясы

 

249. 8 жастағы баланы қарап тексергенде: жоғарғы алдыңғы күрек тістерінің көлемінің үлкендігі анықталды. Аталған тістерді ортастатистикалық мәліметтермен салыстыру үшін, неғұрлым мол ақпарат беретін әдіс.

А. +Устименко

В. Снагина

С. Ветцеля

Д. Пон

Е. Тон

 

250. 10 жастағы баланың ата анасы эстетикалық кемшілікке шағымданады. Ортаңғы күрек тістерінің ортасынан таңдайдай бетінен тікенек пішінді тіс шығып келеді.

Болжамды диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?.

А. тістің қатты тіндерінің құрылымының ауытқу бұзылысы

В. +тіс санының ауытқуы

С. тістердің орналасуының ауытқуы

Д. тіс пішінінің ауытқуы

Е. тіс мөлшерінің ауытқуы

 

251. 8 жастағы баланың ата анасы жоғарғы жағының орталық күрек тістерінің жоқтығына шағымданады. Рентген суретте 1.1, 1.2 тістерінің ұрықтары анықталады, осы тістер аймағында кортикальді пластинкасы қалың. Қандай аномалия болуы мүмкін?

А. комплекттен артық тістер

В. тортоаномалия

С. транспозиция

Д. адентия

Е. +ретенция

 

252. 8 жастағы баланы қарап тексергенде: жоғарғы жағының орталық күрек тістерінің көлемі үлкен екендігі анықталды, әрқайсысының ені 10мм, 2 антогонистен бар. Қандай аномалия болуы мүмкін?

А. +макродентия

В. микродентия

С. тікенек тәрізді тіс

Д. гипердентия

Е. гиперплазия

 

 

254. 8 жастағы баланың ата анасы жоғарғы жақ орталық күрек тістерінің жоқтығына шағымданады. R-суретте 1.1, 2.1 тістің ұрықтары бар, осы тістер аймағында кортикальді пластинкасы қалың. Бірінші кезекте қандай емдік іс шараларды жүргізген дұрыс?

А. хирургиялық іс шаралар

В. компактоостеотомия

С. +иммедиант протез

. тістерді тарту

Е. көпірлі протез

 

255. 12 жастағы баланы клиникалық қарап тексергенде: 1.2, 2.2 тістердің тікенек тәрізді пішіні анықталған.

Емдік шаралардың қайсысы тиімді?

А. + протездеу

В. жұлу

С. имплантация

Д. тістерді жұлып, кетікті жабу

Е. тістерді жұлу және имплантация

 

256. Бала 9 жаста, балалар жасындағы стоматологпен жолданды. Бетінде ауытқулар анықталмайды. Ауыз қуысының алдынғы бөлігінде күрек тістік терең жабылу, бірінші тұрақты азу тістер аймағында төмпешікті түйісу. Ортопантомаграммада 4.5 және 3.5 тістердің ұрықтары жоқ.

Төмендегі аталған емдік жоспардың қайсысы тиімді?

А. 4.5 және 3.5 тіске орын сақтау

В. 4.6 және 3.6 тістерді дистализациялау.

С. +1.4,2.4 тістердің ұрықтарын жұлу

Д. динамикада бақылау

Е. 1.6, 2.6 тісті дистализациялау

 

257. 9 жастағы баланың ата анасы эстетикалық кемшілікке шағымданды. Ауыз қуысында: 1.1 тіс өзі осінен тігінен 450градусқа бұрылған, тіс қатарында орын жетіспейді. Күрек тіс аралық сызық қалыпты 1.2 және 2.1 тістің аралығы 7мм, 1.1тістің ені 9мм. Емдік шаралардың қайсысы ең тиімді?

А. +1.1 тіске орын дайындау, өз осімен айналдыру.

В. 5.4 тісті жұлып, 1.1 тістің орналасуын дұрыстау

С. 1.1 тістің ұлпасын алу және протездеу

Д. 1.1 тісті жұлу, имедиант протез

Е. 1.1 тісті жұлу, және имплантация

 

258. Бала 10 жаста, тісінің жоқтығына шағымданады. Сыртын қарап тексергенде: бетінің төменгі 1/3 бөлігі төмендеген, бетінің ортаңғы 1/3 бөлігі жетілмеген, профилі кіріңкі, шашы, кірпігі, қасы сирек орналасқан, аузының бұрышында жарылу бар. Ауыз қуысында 4 тісі тікенек тәріздес.

Болжамды диагноздардың қайсысы дұрыс?

А. Синдром Стейтон - Капдепона

В. қалыптаспаған дентииногенез

С. бас- бұғана сүйектерінің дизостозы

Д. +эктодермальді дисплазия

Е. қалыптаспаған остеогенез

 

259. 13 жастағы жасөспірім, тісінің жоқтығына шағымданады. Бетін қарап тексергенде: төменгі ерні алдыға шығыңқы, ауыз қуысында кері күрек тістік жабылу. 1.2,2.2 тістері жоқ , диастема, 1.3 және 2.3 тістері мезиальді ығысқан, төменгі күрек тістерінің өлшемі жоғарғы күрек тістердің өлшеміне қарағанда үлкен және вестибулярлы бағытта иілген.

Төменде көрсетілген ем жоспарларының қайсысы ең тиімді?

А. 1.2 және 2.2 тісте орын дайындау

В. 1.3 және 2.3 тістерді диетализация

С. +төменгі жақ тіс қатарының өлшемін кішірейту

Д. ортодонтиялық ем көрсетілмеген

Е. жоғарғы жақ тіс қатарының өлшемін үлкейту.

 

260. Төменде корсетілгендердің барлығы жоғарғы тістердің супрапозициясы немесе төменгі тістердің инфрапозициясының этиологиалық факторы болуы мүмкін. ТЕК:

А. Орын жетіспеушілік

В. Зиянды әдеттер

С. Сверхкомплектті тістер

Д. Одонтомалар

Е.+ Жартылай адентия

 

261. Алдынғы тістердің протрузиясы мен ретрузиясы тістердің қай бағыттағы орналасуының бұзылуы нәтижесінде болады?

А.+ Сагиттальді бағыттағы

В. Вертикальді бағыттағы

С. Трансверзальді бағыттағы

Д. Горизонтальді бағыттағы

Е. Туберальді бағыттағы

 

262. Төменде көрсетілгендердің барлығы сүйір тістің вестибулярлы орналасуының этиологиялық факторы болуы мүмкін. БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А. Ұрықтың дұрыс орналаспауы

В. Ауызбен тыныс алу

С. Сверхкомплектті тістер

Д. Макродентия

Е.+ Адентия

 

263. Төменде көрсетілгендердің барлығы тістердің таңдайлық орналасуының этиологиалық факторы болуы мүмкін. БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А. Уақытынан ерте жұлыну

В. Альвеолды өсіндінің жетілмеуі

С. Ұрықтың дұрыс орналаспауы

Д. Ауызбен тыныс алу

Е.+ Төменгі ерінді тістеу

 

264. бүйір тістердің оральді орналасуының , әсіресе екінші премолярға қарағанда,этиологиялық факторына ЖИІ мүмкін болып келеді:

А. Декомпенсирленген тісжегі

В.+ Уақытша молярлардың ерте түсуі

С. Уақытша күрек тістердің ерте түсуі

Д. Диастема және тремалар

Е. Макродентия және микродентия

 

265. бүйір тістердің бірінші премолярға қарағанда вестибулярлы орналасуының ЕҢ ЖИІ этиологиялық факторы болуы мүмкін:

А.+Ұрықтың дұрыс орналаспауы

В. Уақытша молярлардың ерте түсуі

С. Макродентия және микродентия

Д. Диастема және тремалар

Е. Декомпенсирленген тісжегі

 

266. Бүйір тістердің дистальді орналасуының ЖИІ этиологиялық факторы болуы мүмкін:

А. Кариозды бұзылыс

В. Уақытынан ерте түсуі

С. Адентия немесе ретенция

Д. Ауызбен тыныс алу

Е.+ Жаңа түзілу

 

267. Төменде көрсетілгендердің барлығы бүйір тістердің мезиальдіорналасуының этиологиалық факторы болуы мүмкін. БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А. Кариозды бұзылыс

В. Уақытша тістердің ерте түсуі

С. Тұрақты тістердің ерте түсуі

Д. Ауызбен тыныс алу

Е.+ Сүт тістердің кеш шығуы

 

268. Жоғарғы тістердің супрапозициясының немесе төменгі жақтың инфрапозициясының ЕҢ ЖИІ этиологиалық факторы болуы мүмкін:

А. Қарсы тұрған тістердің ерте түсуі

В. Жартылай адентия

С. Жарақат нәтижесі

Д. Микродентия

Е.+ Механикалық кедергі

 

269. Жоғарғы тістердің инфрапозициясының немесе төменгі супрапозициясының ЕҢ ЖИІ этиологиалық факторы болуы мүмкін:

А. Орын жетіспеушілік

В. Зиянды әдеттер

С. Механикалық кедергі

Д. Түбір қалыптасуының бұзылуы

Е.+ Қарсы тұрған тістердің ерте түсуі

 

270. Жасөспірім 13 жаста, эстетикалық кемшілікке шағымданады. Объективті көрінісі: беті симметриялы, тіс формуласы жасына сәйкес. 1.3 тісі тіс доғасынан тыс ерін жаққа қарай ығысқан. 1.3-ші тісінің қай бағыттағы орналасуы төменде көрсетілгендерге сәйкес келеді?

А.+Вестибулярлы

В. Лингвальді

С. Мезиальді

Д. Дистальді

Е. Оральді

 

271. Төменде көрсетілгендердің барлығы сүйір тістің ретенциясының себебі болып табылады. БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А. Сүт тістерді ерте жұлу

В. Ұрықтың атипиялық орналасуы

С. Сверхкомплектті тістер

Д. Макродентия

Е.+Адентия

 

272. Төменде көрсетілгендердің барлығы диастеманың себебі болып табылады. БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А. Ерін жүгеншесінің төмен бекітілуі

В. Бүйір күрек тістерінің адентиясы

С. Сверхкомплектті тістер

Д.+ Макродентия

Е. Микродентия

 

273. Төменде көрсетілген себептердің қайсысы диастеманың II түрінің туындауына КӨБІРЕК себепкер болады:

А. Күрек тістің түбір ұшындағы одонтома

В. Төменгі ерінді сору зиянды әдеті

С. Саусақты сору зиянды әдеті

Д. Сверхкомплектті тістердің ретенциясы

Е.+1.2; 2.2 тістердің адентиясы

 

274. Төменде көрсетілген себептердің қайсысы диастеманың I түрінің туындауына КӨБІРЕК себепкер болады:

А. Бүйір күрек тістерінің ерте түсуі

В.+ Төменгі ерінді сору және тістеу

С. 1.2, 2.2 тістердің адентиясы

Д. Тіл жүгеншесінің қысқа болуы

Е. Микродентия

 

275. Төменде көрсетілген себептердің қайсысы диастеманың III түрінің туындауына КӨБІРЕК себепкер болады:

А.+ Түбір арасындағы сверхкомплектті тістердің болуы

В. Сверхкомплектті тіс жарып шығуы

С. 1.2; 2.2 тістердің таңдайлық орналасуы

Д. 1.2; 2.2 тістердің ерте түсуі

Е. 1.2; 2.2 тістердің адентиясы

 

276. Төменде көрсетілген аппараттардың барлығы диастеманы қалпына келтіруге қолданылады. ТЕК:

А. Қол тәрізді пружиналы пластинка

В.+ Коффиннің пружиналы пластинка

С. Хорошилкиннің аппараты

Д. Коркхауздың аппараты

Е. Шварцтың аппараты

 

277. Төменде көрсетілгендердің барлығы жеке тістердің корпустық мезиодистальдық жылжытуда көрсетілген. ТЕК:

А.+Қол тәрізді пружиналы пластинка

В. Конюльді,резиналы тартпалы, доғалы сақина,

С. Вертикальді штангасы бар сақина

Д. Эджуайз техникасы

Е. Энгльдің аппараты

 

278.Төменде көрсетілген тіс аномалиясының қайсысы жеке тістің орналасу аномалиясына қатысты?

А. Макродентия

В.+ Транспозиция

С. Ретенция

Д. Гипоплазия

Е. Адентия

 

279. Төменде көрсетілгендер тістің ұзына бойы осінен айналуының этиологиялық факторы болып табылады. ТЕК біреуінен басқасы:

А.Макродентия

В. Тіс доғасының тарылуы

С. Ұрықтың дұрыс орналаспауы

Д. Зиянды әдеттер

Е. +Микродентия

 

280. Транспозицияның ЖИІ этиологиялық факторы болуы мүмкін :

А.+ Ұрықтың дұрыс орналаспауы

В. Зиянды әдеттер және ауызбен тыныс алу

С. Макродентия және микродентия

Д. Адентия және ретенция

Е.Уақытша молярлардың ерте жұлынуы

 

281. Тістің транспозициясын диагностикалаудағы ЕҢ алдымен орындалатын әдіс:

А.Қалып алу

В. Қалыпты өлшеу

С. Телерентгенография

Д. Томография

Е. + Рентгенография

 

282. Тіс формуласында қандай аномалия көрсетілген ?

А. Диастема 1.7 1.6 1.5 1.3 1.4 1.2 1.1 / 2.1 2.2 2.3 2.4 2.5 2.6 2.7

В. + Транспозиция

С. Тортоаномалия

Д. Дистопия

Е. Ретенция

 

283. Тортоаномалия - бұл

А. Тістің вестибулярлы иілуі

В.+ Тістің өз осінде бұрылуы

С. Тістің супрапозициясы

Д. Тістің инфрапозициясы

Е. Тістің оральді иілуі

 

284.Тістің вертикальды жазықтықтағы орналасу аномалиясын көрсетіңіз?

А. Диастема

В. Тортоаномалия

С. Ретенция

Д. Адентия

Е.+ Супраокклюзия

 

285. 8 жастағы баланың ата-анасы жоғарғы жақтың алдыңғы тістерінің арасындағы саңылаудың бар екендігіне шағымданады. Объективті көрінісі: беті симметриялы, мұрынмен тыныс алады. Ауыз қуысында: жоғарғы ерін жүгеншесінің төмен бекітілуі байқалады. 1.1 тісі латеральді ығысқан, 1.1 және 2.1 тістерінің арақашықтығы – 4 мм. Төменде көрсетілгендердің қайсысы болжамды диагнозы болып табылады?

А. Тортоаномалия

В. Транспозиция

С.+ Диастема

Д. Дистопия

Е. Трема

 

286. 10 жастағы баланың ата-анасы алдыңғы тістерінің арасындағы саңылаудың бар екендігіне шағымданады. Ауыз қуысында: 1.2, 2.2 тістері жоқ, 1.1 және 2.1 тістерінің ара қашықтығы – 4мм. Рентгенограммада 1.1, 2.2 тістерінің ұрығы корінбейді. Төменде көрсетілгендердің қайсысы болжамды диагнозы болып табылады?

А. Диастема, тортоаномалия

В. Диастема, транспозиция

С. Диастема, ретенция

Д.+ Диастема, адентия

Е. Диастема, трема

 

287. Жасөспірім 15 жаста. Тіс дәрігеріне қаралу мақсатымен келген. Ауыз қуысында: 1.3 тісі, 1.5 және 1.4 тістерінің арасында орналасқан. Төменде көрсетілген болжамды диагноздың қайсысы сәйкес болып табылады?

А. Тортоаномалия

В.+ Транспозиция

С. Гиподентия

Д. Ретенция

Е. Адентия

 

288. Бала 6 жаста.ата-анасы төменгі тістерінің тіс доғасынан тыс жарып шығуына шағымданады. Сыртынан қарағанда өзгеріс байқалмайды. Ауыз қуысында: барлық уақытша тістер және тұрақты төменгі күрек тістер уақытша тістердің артында орналасқан. Сауыт биіктігінен1/3 бөлігі жарып шыққан. Жарып шығудың қандай бағытта орналасуы төменде көрсетілгендердің ішінен ЕҢ ықтимал?

А. Вестибулярлы

В. Мезияльді

С. Дистальді

Д.+ Тілдік

Е. Оральді

 

289. Жасөспірім 13 жаста, эстетикалық кемшілікке шағымданады. Сыртынан қарағанда өзгеріс байқалмайды. Ауыз қуысында: 1.3; 2.3 тістері окклюзиялық жазықтықтан жоғары және вестибулярлы орналасқан. Төменде көрсетілгендердің қайсысы 1.3 және 2.3 тістердің орналасуына КӨБІРЕК сәйкес келеді?

А.+Супраокклюзиялық

В.Инфраокклюзиядық

С. Тансверсальді

Д. Мезиальді

Е. Дистальді

 

290. Жасөспірім 14 жаста, жоғарғы орталық күрек тістерінің арасындағы саңылаудың бар екендігіне шағымданады. Ауыз қуысында: тіс қатарының формасы дұрыс, тістем аномалиясы байқалмайды. 1.1; 2.1 тістерінің арасында –6мм-дей саңылау бар. Жоғарғы еріннің үзеңгісі төмен орналасқан. 1.3; 2.3 тістері жарып шықпаған. Дегенмен, 5.3; 6.3 тістері жоқ. Төменде көрсетілген болжамалы диагноздың қайсысы КӨБІРЕК сәйкес келеді?

А. Үзеңгінің төмен бекітілуі

В. 1.3; 2.3 тістерінің адентиясы

С.+Диастема, ретенция

Д. Диастема, трема

Е. Диастема

 

291. Жасөспірім 13 жаста, эстетикалық кемшілікке шағымданады. Сыртынан қарағанда беті сопақ. Ауыз қуысында: 1.3; 2.3 тістері вестибулярлы жарып шыққан және окклюзиялық жазықтықтан жоғары. 1.1; 2.1 тістерінің ені 10мм. Төменде көрсетілген болжамалы диагноздың қайсысы сәйкес келеді?

А.+Супраокклюзия, макродентия

В. Супраоклюзия, микродентия

С. Инфраоклюзия, макродентия

Д. Инфраоклюзия, микродентия

Е. Ретенция, макродентия

 

292. Бала 9 жаста. Мектептегі профилактикалық тексеру кезінде 3.1 тісінің тілдік бетке иілуі байқалды. Алдыңғы тістердің тығыз орналасуының қандай ауыртпалық дәрежесі төменде көрсетілгендерге сәйкес келеді?

А.+I

В. II

С. III

Д. IV

Е. V

 

293. Жасөспірім 9 жаста. Мектептегі профилактикалық тексеру кезінде 3.2, 4.2 тістерінің тілдік бетке иілуі байқалды. 4.1 тісі өз осінен бұрылған, тіс қатарының алдыңғы бөлігінің қалыңдағаны байқалады. Алдыңғы тістерінің тығыз орналасуының қандай ауыртпалық дәрежесі төменде көрсетілгендерге сәйкес келеді?

А. I

В. II

С.+III

Д. IV

Е. V

 

294. Бала 9 жаста. Мектептегі профилактикалық тексеру кезінде 3.1 тісінің тіс қатарынан тілдік бетке қарай ығысқаны байқалды, 4.2, 4.1, 4.3 тістері өз осінен бұрылған, тіс қатарының формасы трапеция тәрізді, апикальді базисінің жеткілікті дамымауы байқалады. Алдыңғы тістердің тығыз орналасуының қандай ауыртпалық дәрежесі төменде көрсетілгендерге сәйкес келеді?

А. I

В. II

С. III

Д.+IV

Е. V

 

295. Бала 8 жаста, ата-анасы жоғарғы күрек тістерінің арасындағы саңылаудың бар екендігіне шағымданады. Ауыз қуысында: диастеманың өлшемі – 2мм, 1.1, 2.1 тістері өз осінен бұрылган. Рентгенограммада тіс түбірінің дұрыс орналасқаны байқалады. Төменде көрсетілгендердің қайсысы диастеманың этиологиялық факторына көбірек сәйкес келеді?

А. Жоғарғы ерін үзеңгісінің төмен орналасуы

В.+Карандашты тістеу

С. Отбасылық ерекшелік

Д. Микродентия

Е. Адентия

 

296. 10 жастағы баланың ата-анасы жоғарғы күрек тістерінің арасындағы саңылаудың бар екендігіне шағымданады. Ауыз қуысында: күрек тістерінің корпусты латеральді ығысуы байқалады. Диастеманың ені – 2мм. Төменде көрсетілгендердің қайсысы диастеманың этиологиялық факторына көбірек сәйкес келеді?

А. Төменгі орталық күрек тістерінің дұрыс орналаспауы

В. Түбір арасындағы сверхкомплектті тістер

С. Карандашты тістеу

Д.+Отбасылық ерекшелік

Е. Тілді сору

 

297. Бала11 жаста. Ата-анасы күрек тістерінің арасындағы саңылаудың бар екендігіне шағымданады. Ауыз қуысында: Диастеманың өлшемі – 4мм. Рентгенограммада тіс түбірінің латеральді ығысуы және сауыттың медиальді иілуі байқалады. Төменде көрсетілгендердің қайсысы диастеманың этиологиялық факторына көбірек сәйкес келеді?

А. Карандашты тістеу

В. Таңдай тігісінің кеңдігі

С. Микродентия

Д.+ Одонтома

Е. Адентия

 

298. 14 жастағы жасөспірімнің диагностикалық моделін өлшеу кезінде:1.2 тісінің енінің жиынтығы, окклюзиялық жазықтықтағы тіс қатарының ұзындығынан көп. Төменде көрсетілген болжамалы диагноздың қайсысы сәйкес келеді?

А.+ тістерінің қысыңқы орналасуы

В. Транспозиция

С. Микродентия

Д. Диастема

Е. Трема

 

299. 12 жастағы жасөспірімнің диагностикалық моделін өлшегенде: тіс қатарының ұзындығы 12 тісінің енінен артық. Төменде көрсетілген диагноздың қайсысы сәйкес келеді?

А. Тістердің тарылуы

В.+ Диастема, трема

С. Тортоаномалия

Д. Транспозиция

Е. Макродентия

 

300. Бала13 жаста. Сүйір тісінің дұрыс орналаспағандығына шағымданады. Беті симметриялы, ешқандай аномалия байқалмайды. Ауыз қуысында: 1.3 тісі вестибулярлы орналасқан, орталық сызықтан оңға қарай ығысқаны байқалады. Сагитальді бағыттағы тұрақты бірінші молярдың аймағындағы түйісуге қай вариант сәйкес келеді?