Патоморфологиялық өзгерістер

Аутолиз орын алады, тканнің секвестрациясы, тромб пайда болумен жүретін жайылған аллергиялық және спецификалық васкулиттер. Ұсақ тамырлар ғана емес үлкен қан тамырларында да қан айналымы бұзылып олардың толық немесе жартылай облитерация болуына әкеледі және жедел секвестрленген пневмониогенді каверналардың пайда болуына септігін тигізеді.

Клиника

Басталуы Жиі жедел басталады
  Клиника Аурудың жалпы жағдайы ауыр, интоксикация симптомдары айқын (дене қызуы гектикалық, қатты тершендік, анорексия, жиі кахексияға әкеліп соғады), қан түкіру, тыныс жетіспеушілігі
Ағымы Ағымы негізінен жедел басталып, тез өтеді.
Қан Лейкоцитоз, лейкоцитарлық формуланың солға ығысуы, лимфопения, эозинпения, ұлғайған СОЭ, жиі анемия, жалпы белоктың және альбуминдердің төмендеуі, СРБ+.
Туберкулин сынамасы гипоергиялық немесе теріс мәнді анергия
Казеозды пневмонияда 98% ауруларда ТМБ табылады, бактерия бөлушілік өте көп.

Рентгенологиялық көрініс

Рентгенограммада қараю орны бөлікте немесе барлық өкпеде, үлкен ошақтың немесе фокустардың бір-біріне қосылуынан орташа интенсивті шеткі жиегі айқын емес көлеңкелер, ортасында ағарулар (ыдырау қуысы ) көрінуі мүмкін. Өкпенің зақымдану орнының көлемі азайған.

Емі

Этиотропты терапия Емді 1 санат бойынша бастайды: 2 HRZS (E) / 4HR
Патогенетикалық терапия 1) дезитоксикациялық терапия 2) парентеральды ем 3) қабынуға қарсы ем 4) иммуностимуляциялық терапия 5) коллапсотерапиялық ем 6) витаминотерапия және т.б.

Нәтижесі

Қолайлы Біршама қолайлы Қолайсыз
1. Сауығу 1. Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезді. 2. Өкпенің циррозды туберкулезі   1. Өлім

КПЕ ТУБЕРКУЛЕМАСЫ

1 см және оданда жоғары капсулаланған казеозды фокусты туберкулема дейміз.

 

Патогенезі

Балалар мен жасөспірімдерде туберкулема біріншілік жинақтың өкпелік компоненттің инволюция нәтижесінде болуы мүмкін, жиі екіншілік туберкулез түрлерінің (ошақты, инфильтративті) жоғары резистенттілік пен организмнің гиперсенсибилизациясы нәтижесі. Жиі организмде алмасу процестерінің бұзылуынан ( қант диабеті) анықталады.

Туберкулема классификациясы

Бір туберкулема Көптеген туберкулема
Инфильтративті пневмония   Казеома
Гомогенді Қатпарлы Конгломератты

 

Псевдотуберкулема
(тола каверна)

Ағымы бойынша

Біркелкі Прогресті Регресті
Аурулардың 50 – 60 % Аурулардың 10 – 30 % Аурулардың 10 – 20 %

 

Көлемі бойынша

Ұсақ (1-2 см) Орташа (2-4 см) Үлкен (4 см жоғары)
Ыдырау 26,7 % Ыдырау 82,2 % Ыдырау 91,8%

 

Патогенез

Туберкулемалар жиі І, ІІ және УІ сегменттерде субплевралды орналасады.

Гомогенді Қабатты Конгломератты
Өте жиі дренажды бронхтың облитерациясы мен қуыстың казеозды массаға тола болуынан пайда болады. Туберкулезді процестің жиі асқынып қайталануынан пайда болады. Асқынған кезінде патологиялық процеске өкпе ткані қамтылады кейіннен некрозға ұшырап капсуламен. Бір-біріне жақын немесе жартылай қосылып тұрған шектелген немесе фиброзды-казеозды ошақтардан тұрады.

Патоморфологиялық өзгерістер

Туберкулема капсулалары әдетте өте жұқа, қан тамырларының талшықтары капсулада аяқталады да ішіне казеоз кірмейді. Туберкулемаға келіп тұрған бронхтар әдетте ашық болады және спецификалық процеспен зақымданады.

Клиникалық көрінісі