Батыс европа елдеріндегі ХІХ-ХХғ мектеп және тәрбие

Жоспар:

Жалпы көзқарас .Философиядағы педагогикалық ойлар.

Мектептердің дамуының негізгі бағыттары

ХІХ ғ педагогика классиктері.

Иммануил Кант, И.Финте, Ф.Шлейермахер, Гегель Георг Вильгельм Фридрихтың педагогикалық идеялары

Азіргі шетелдік мектеп және педагогика.

Педагогикалық ойлардың дамуы мен негізгі бағыттары.

 

XVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бiрiншi жартысында Германияда философиялық қозғалыстың дамуына арқау болған басты бағдар – диалектиканы шындықты танудың теориясы мен әдiсi ретiнде түсiндi. Ғылым тарихында бұл қозғалысты “немiстiң классикалық философиясы” деп атады. Оның өкiлдерi (И.Кант, Ф.Шлейермахер, И.Финте, Г.Гегель) жаңа заман педагогикасының дамуына ерекше үлес қосты.

Иммануил Кант (1724-1804) Кенигсбергтегi университетте профессор мiндетiн атқарып, философия және педагогика курстарына дәрiстер оқыды.

Ол философияның мазмұндық мәнi – табиғат заңдылықтары тәрiздес адамдар ерiк-күйi бойынша заң нормаларын ұстап, өмiрде өз орнын табу, өзiн-өзi жетiлдiруге талпынуы тиiс деп есептеді. И.Кант адамның адамгершiлiк сезiмiн қалыптастыруда iшкi жан-дүниесiнiң ар-ожданын оятуға көңiл бөлдi.

И.Финте (1762-1814) болса педагогикалық тұрғыдан адамның жеке тұлғасы ешкімге тәуелсіз, белсенді болғанда қоғамға пайдасы мол тиеді деген пікірде болды. Оның пікірінше, білім арқылы ұлттық мәдениетті адам ұғынып түсінеді, сол арқылы жалпы адамзаттық мәдениетті игереді.

Ал, Ф.Шлейермахер (1768-1834) тәрбиенің дұрыс ұйымдастырылуы барысында үлкен мен кішінің арасында келіспеушілік болмайды деп санады. Педагогика болса, бұл “өнер” дей келе тәрбие мен оқыту мазмұндарын этикамен және саясатпен ұштастырады.

Гегель Георг Вильгельм Фридрих (1770-1831) жеке тұлғаны қалыптастыру жайлы айтқанда адам тарихтың нәтижесі, ақыл мен өзін-өзі тану адамзат өркениетінің қызметінің жемісі деген қорытындыға келеді. Гегель тәрбиенің даму тарихы мен адамзат өркениеті тарихын диалектикалық байланыста қарастыруға талпынды. Тәрбие арқылы жеке тұлға қоғамдық мәдени өмірге белсенді қатысып, айналасын қоршаған ортамен қарым-қатынастар жасау арқылы қалыптасады деген пікірді дәлелдеді. Ол тәрбие мен оқыту мәселелерін тарихи және жүйелілік тұрғыда қарастырды, қоғамның еркін мүшесі білімді азамат қалыптастыруға ұмтылды, білім берудің элитарлық тұжырымдамаларына қарсы шықты. Тәрбиенің оқыту мен тәртіп сияқты жақтарын бөліп көрсетті. Оқытудың мақсаты- өзіндік ойлау қалыптастыру екенін айтты. Баланы отбасы мен мемлекет тәрбиелеуге міндетті деді.

Француз ағартушыларының тәрбие туралы ілімдері 1789-1794 жылдардағы төңкеріс қайреткерлері мен социал-утопистердің (Сен-Симон, Фурье, Оуэн) педагогикалық идеяларына күшті әсерін тигізді

 

Тақырып-7

Ресей тарихындағы тәрбие мен мектеп және педагогика.

Х-ХҮІIІғ Ресейдегі тәлім тәрбие мен білім беру

Жоспар:

Ағарту ісінің дамуының бастау алуы

Ресейде христиандықты қабылдап және мектептер дамуының басталуы.

Шіркеулік –діни педагогика.

Баланың жанұядағы тәрбиесі.

Оқытудың типтері.

Сиет (жанұялық тәрбие бойынша нұсқаулар ) .Туысқандық мектептер және академиялар.

Ежелгі Русьте білім беру және тәрбиелеу мәдениеті қалыптаса бастады. Прокопий Кесарийскийдің (VI ғ.) шығармаларында славяндарға тән тұлғалық мынадай сапалар аталады: көпшілдік және әділдік, жоғары құдыретті күштің бар екендігін мойындау, сиқырлыққа сену, қайырымды болу, жауынгерлік, еркіндікті сүйетін, батыр, денесі шымыр, күшті болу.

Ежелгі славяндардың тыныс-тіршілігінде алғашқы қауымдық құрылыстағы білім беру мен тәрбиелеу дәстүрлері сақталды, олар:

- балаларды балалық шақтан бастап түрлі істерге араластыру көзделді;

- ер және қыз балаларды тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктерінің болуы;

- түрлі ғұрыптарды сақтауды ұстану.

Алғашқы қауымдағы экономикалық үдерістердің дамуынан шаруашылықтың түр-түрі пайда болды. Ол отбасының жіктелуіне, сөйтіп, түрлі әлеуметтік топтардың, яғни жер иеленушілер, қолөнершілер, ақсүйектер, дін иелері, т.б. пайда болуына ықпал етті. Осыған орай әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүддесіне қажетті тәрбие ерекшеліктері қалыптасты.

Бала тәрбиесі қашанда отбасынан басталады. Онда әсіресе ана тәрбиесі басым еді. Балаларды жас ерекшеліктеріне қарай былайша бөлген: “ сәби”- емшек еметіндер; “балдырған”- 3-6 жастағы ана тәрбиесіндегілер; “жеткіншек”- 7-12 жас аралықтарындағылар (сауат ашуға тартылғандар); “бозбала” –12-15 жасар балалар отбасының түрлі кәсіби шаруашылық дағдыларын меңгеріп, тайпадағы ересектер қатарына қосылғандар.

Экономикалық жағынан дамыған қауым “бозбалалардан” дайындықтан өткен жауынгерлер жасақтарын құрды.

Қауымдағы алуан түрлі кәсіптердің дамуына байланысты, кәсіби дайындықты меңгеру үрдісі біртіндеп күрделене түсті. Соған байланысты VI – IX ғ. ғ. шығыс славяндар арасында шәкірттік - оқыту формасы пайда болды. Қолөнерші шәкіртіне нақты кәсіби дағдыларды меңгертумен бірге, шеберліктің құпия сырын түсінуге және оның түрлі рәсімдерін орындауға да баулыды. Шығыс славяндар арасында шеберлер ерекше киелі қасиетке ие деген ұғым қалыптасты.

Ежелгі славяндардың тәрбиесі көптәңірлі дүниетанымға байланысты болды. Тәңірлердің дәрежесі әр түрлі еді. Мәселен, жер, найзағай, жануарлар, байлық, т.б. тәңірлер көптеп саналды. Сонымен қатар, олар жоғары құдыретті күшке де сыйынды.

Түйіндей келе, ежелгі славяндар табиғаттың тылсым сырын қайырымды және жауыз күштермен байланыстырды. Қауымдағы көптәңірлі дүниетаным бала тәрбиесіне жан-жақты ықпал жасады. Осы күнге дейін орыс деревняларында сақталған тұрмыстық салттар (нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, адамды жерлеу, жыл мезгіліндегі түрлі мерекелер - масленица, Иван Купала, т.б.) сол дүниетанымның нышаны болып табылады.

Шығыс славяндарда тәрбие балаларды әрекетке араластырумен іске асқан.

Отбасы тәрбиесі:

- туғаннан 3-4 жасқа дейін - анасының қамқорлығы, қарапайым тәжірибе беру;

- 3-4 жастан 7 жасқа дейін - баланың шамасы келетін жұмыс, анасына көмек;

- 7 жастан 14 жасқа дейін жыныстық ерекшелігіне байланысты жұмыстармен айналысу.