оғамдық өндіріс негіздері

1. Қоғамдық өндірістің мәні мен құрылымы

2. Өндірістің негізгі факторлары және олардың өзара әрекеті

3. Қоғамдық өнім: мәні, құрылымы

4. Өөндіріс және ұдайы өндіріс

5. Экономикалық жүйенің типтері және экономиканың не? қалай? Кім үшін? деген негізгі мәселелерін шешу.

1. Қоғамдық өндіріс мәселесі экономикалық теорияның негізгі мәселесін құрайды. Қоғамдық өндіріс- адамзат баласының тіршілігінің негізін құрайтын материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестерін қамтиды. Қоғамдық өндірістің құрылымын 2-ге бөледі:

1. Материалдық өндіріс

1.1. материалдық игіліктерді өндіретін салалар (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы);

1.2. материалдық қызмет көрсету салалары (көлік, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, киім тігу, тазалау, жөндеу)

2. Материалдық емес өндіріс

2.1. материалдық емес игіліктер өндіру (мәдени және ағарту салалары, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым);

2.2. материалдық емес қызмет көрсету салалары (кеңестер беру, өнер).

Материалдық өндіріс дегеніміз- материалдықигіліктерді өндіру саласы мен материалдық қызмет көрсету кәсіпорындары ның жиынтығы.

Материалдық емес өндіріс дегеніміз - өндірістен тыс игіліктер өндіретін және материалдық емес рухани қызметтер көрсететін салалар мен кәсіпорындардың жиынтығы.

Өндіріс дегеніміз- адамдардың өмір сүруі үшін қажетті материалдық игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында табиғат заттарына әсер ету процесі.

 

2. Материалдық игіліктерді өндіру тәсілі- өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың диалектикалық бірлігі болып табылады. Ал, оның орын алуы, дамуы белгілі бір факторларға байланысты. Ол факторларға мыналар жатады:а) субьективті,жеке факторлар немесе жұмыс күші; б) объективті, заттық факторлар немесе өндіріс құрал-жабдықтары. Осы арада еңбек туралы түсінік бере кетейік. Еңбек дегеніміз- мақсаттқа сай қызмет ету, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас процесі немесе өнім өндіруге адамның жұмсайтын ой және дене қабілеттілігі.

Жұмыс күші дегеніміз- адамның еңбек ету қабілеттілігі.

Ал, заттық факторлар туралы әңгімені еңбек заттары мен құралдарынан бастаймыз.

Еңбек заттары дегеніміз- өнделетін материалдар, яғни адамның күш-қуаты, еңбек құралдары арқылы өнделетін заттар. Оның 2 түрі бар: а) табиғи- руда, көмір, мұнай, балық және т.б.; ә) белгілі бір табиғи процестен, өндеуден өткен- шикізат, материал.

Еңбек құралдары дегеніміз- адамның өзі мен еңбек құралдары арасында тұратын және оның осы затқа ететін ықпалын іске асырушы ретінде пайдаланатын зат немесе заттар жиынтығы. Ол бірнеше түрге бөлінеді:а) аспаптар, машиналар, механизмдер; б) қаптау және таралық материалдар;в) өндірістік объектілер(өндірістік үйлер, ғимараттар, жолдар);г) жер;д)электр қуаты, бу, химиялық, ядролық реакциялар.

Материалдық игіліктерді өндіру үшін пайдаланатын еңбек құралдары мен заттарының жиынтығы өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды. Олардың жұмыс күшінен айырмашылығы өндірістің материалдық-заттық факторына жататындығы.

Технология өндірістің негізгі факторларының өзара әректін белгілейді, адамдардың еңбек заттарына ықпалының өндіріс факторларының қасиеттеріне негізделгенін көрсетеді.

 

3. Қоғамдық өндірістің түпкі нәтижесі- оның өнімі. Ол-қоғамдық сипатта , қоғамдық еңбек бөлінісіне сай оны өндіруге өзара байланысты көптеген адамдар қатысады.

Қоғамдық өнімге әрқилы материалдық және материалдық емес игіліктер мен қызметтер көрсету кіреді.

Қоғамдық жиынтық өнім - бұл қоғамның белгілі бір уақыт ішінде өндірген барлық материалдық игіліктердің жиынтығы. Ол материалдық өндіріс саласындағы қызметкерлер еңбегімен өндіріледі. Егер, қоғамдық жиынтық өнімнен өткен жылдардың заталған еңбек шығындарын шегеріп тастаса, таза өнім қалады. Ол негізінен тұтыну заттарынан және өндірісті ұлғайтуға пайдаланатын құрал-жабдықтардан тұрады. Таза өнімді саяси экономия мен қазіргі есептеу жүйесінде ұлттық табыс депте атайды. Таза өнім 2-ге бөлінеді: а) қажетті өнім - материалдық өндірісті өндіру саласындағы қызметкерлердің күнелту үшін, өзіне және жанұясына , осы қызметкерді оқыту, үйрету үшін жұмсалатын таза өнімнің бір бөлігі; ә) қосымша өнім- бұл материалдық игіліктерді өндіру саласындағы жұмысшылардың жұмыс күшін толықтыруға жұмсалған кейін артылып қалған таза өнімнің бір бөлігі.

Қоғамдық өнім белгілі бір нысанда өндіріс дәрежесін немесе оның тиімділігін сипаттайды. Оны мына формуламен анықтайды:

 

4. Қоғамдық ұдайы өндіріс қоғамдық өндірістің өзінің қайта жаңаруының үздіксіз ағымындағы процесі болып табылады, оның нәтижесі- қоғамдық өнім.

Ұдайы өндіріс дегеніміз- өндірістің үздіксіз дамып, тұрақты қайталанып, жаңарып, ұлғайып отыруы. Ұдайы өндіріс процесін өндіргіш күштерді ұдайы өндіруден көруге болады.

Өндіргіш күштерді ұдайы өндіру дегеніміз - жұмыс күші мен өндіріс құрал-жабдықтарын тұрақты түрде қайталап, жаңартып, дамытып отыру.

Ұдайы өндірістің 2 типі бар:

1. Жай ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің бұрыңғы ауқымда қайталануы, сондықтан да алынған табыстардың бәрі жеке тұтынуға жұмсалады.

2. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің ұлғайтылған ауқымда қайталануы, өйткені алынған табыстардың бір бөлігі қосымша ресурстар сатып алуға, ал олардың пайдалану есебінен өндіріс процесі ұлғайтылған ауқымда жаңғыртылады.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің 3 типі болады:

а) интенсивті – бұл техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде өндірістік әлеуетті ұлғайту;

ә) экстенсивті- бұл өндіріс қуатын пайдаланатын өндіріс факторлары санын ұлғайту және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде ұлғайту;

б) аралас- өндіріс қуатын пайдаланатын өндіріс факторлары санын көбейту нәтижесінде ұлғайту.

 

5. Жүйе (грек тілінен аударғанда – «құру, бөліктерді біріктіру») – бір-бірімен байланысты құбылыстардың, соныменен қатар табиғат пен қоғам туралы заңдылықтардың объективті біртұтастығы.

Жүйені келесідей қасиеттерімен мінездеуге болады:

1. Ол элементтердің жиынтығы болып табылады.

2. оған элементтер арасындағы мәнді байланыстар саны мәнезді;

3. Оған белгілі бір ұйымдасу тән;

4. Оның элементтері арасындағы өзара әрекет етуі нәтижесінде интеграциялану қасиеті пайда болады, жүйеге толығыменен тән.

Жүйенің осы ортақ мінездемелері экономикалық жүйелерді талдау кезінде де қолданылады.

Экономикалық жүйе – бұл қоғамның экономикалық құрылымын, белгілі бір тұтастылықты құратын экономикалық элементтердің өзара байланыстарының жиынтығы; экономикалық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жағдайлары бойынша қалыптасатын қатынастардың біртұтастығы.

Экономика қиын көпдеңгейлі жүйе. Экономиканың бірнеше тұрақты деңгейлерін бөліп көрсетуге болады: элементарлы (қарапайым экономикалар) экономика, кәсіпорындар мен үй шаруашылықтары, нарықтар, ұлттық экономикалар, жалпыәлемдік экономикалар.

Элементарлы (қарапайым) экономикалық жүйе дегеніміз – элементтер арасындағы байланыстардың ненгізі еңбек болып табылатын экономикалық жүйелер (адам мен объектілер). Экономикалық жүйелерді ұйымдастырудың екінші деңгейінде кәсіпорындар (фирмалар) және үй шаруашылықтары (жанұялар) орналасады. Кәсіпорындар мен үй шаруашылықтары өзара әрекеттерін нарықтар арқылы іске асырады. Нарықтар дегеніміз – территорияда бір тауарлармен мәмілелер жиынтығы, оның шегінде контрагенттерді іздестіру тиімді болып келеді. Ұлттық экономика дегеніміз – терриотриялық, сондай-ақ орталықтандыру жолымен мемлекетпен шектелетін нарықтардың өзара байланыстары. Дүниежүзілік экономика ұлттық экономикалардың өзара байланысын көрсетеді.

Экономикалық жүйелер ішкі құрылымға ие болады. Кез-келген экономикалық жүйенің ортақ сәттері келесі схемада көрсетілген:

Экономикалық жүйе типтерін жіктеу.

Экономикалық жүйелердің 3 классификация бар, олардың негізінде әртүрлі критериялар жатыр.

1-ші классификациясы – ашықтылық дәрежесіне қарай экономикалық жүйелер 2-ге жіктеледі:

а) жабық экономикалық жүйе – барлық іскерлік операциялар мен мәмілелер бір елдің ішінде жүретін және олар бойынша есеп айырысу осы елдің ұлттық валютасында жүргізілетін экономикалық жүйе.

б) ашық экономикалық жүйе – бұл елдің ішіндегі іскерлік операциялармен бірге халықаралық сыртқыэкономикалық қатынастары қосылған, ал есеп айырысу кезінде шетелдік валюталарды қолдану талап етілетін экономикалық жүйе.

 

2-ші классификациясы . Оның негізінде меншік қатынастары мен экономикалық байланыстардың формалары критериялары жатыр. Бұл критериялары бойынша 4 экономикалық жүйені бөліп көрсетуге болады:

а) дәстүрлік; б) әкімшілік-әміршілдік немесе командалық; 3) нарықтық; 4) аралас.

1.Дәстүрлік жүйе. Нашар дамыған елдерде әлі күнге шейін дәстүрлік, салттық экономикалық жүйеде дамып отыр. Бұл жүйеде техникалық прогресс енгізу өте қиын.

2.Әкімшілік-әміршілік немесе командалық жүйе. Негізгі экономикалық мәселелерді мемлект шешеді. Барлық ресурстар мемлекет меншігінде болады. Орталық экономикалық жоспарлау барлық деңгейді үй шаруашылығынан мемлекетке дейін қамтиды.

3. Нарықтық экономика. Онда барлық экономикалық сұрақтарды нарық, баға, сұраныс және ұсыныс, пайда мен шығын анықтайды.

4. Аралас экономика – жеке және мемлекеттік меншік үйлесіміне незінделетін және шаруашылық субъектілердің тәртіптері нарық пен мемлекет арқылы реттелетін экономикалық жүйе.

3-ші классификациясы өнеркәсіптік төңкеріліс және қазіргі ҒТП сияқты критериялар негізінде жіктеледі. Бұл классификация бойынша экономикалық жүйелерді 3-ке бөлуге болады:

а) индустриалануға дейінгі – бұл ауыл шаруашылығы, натуралды шаруашылқ формасы және қол еңбегі көп қолданылатын жүйе;

б) индустриальды экономикалық жүйе – бұл ірі машиналық өндіріске, дамыған тауар-ақша қатынастарына негізделген жүйе.

в) постиндустриалды экономикалық жүйе – негізгі ресурсы ақпарат, экономиканың алғы сферасы - өндірістік емес сфера болып табылатын жүйе, экономикалық дамудың мақсаты – адам және оның өзін-өзі өткізуі үшін жағдайлар жасау.

Кез-келген экономикалық жүйе экономиканың негізгі үш сұрағын шешеді: не, қалай, кім үшін?

Экономикалық жүйелердің өндірістік мүмкіншіліктері қолданылатын ресурстардың сиректілігімен шектеледі. Ресурстар шектеулі болғандықтан, қоғам таңдау жасауы керек. Кез-келген қабылданған шешім баламалы таңдаулармен әрдайым байланысты болады.

Баламалы таңдау дегеніміз – бұл белгілі бір критериялары бойынша шешімдер мен іс-әрекеттерді таңдау, мысалы баламалы құндары бойынша, яғни тауарлар мен қызметтерді таңдау бойынша іс-әрекет қандай да бір тауар немесе қызметті алу кезінде бас тартқан басқа тауарлар мен қызметтер санымен анықталу керек.