ЕҢБЕК БАҒАСЫ РЕТІНДЕГІ ЕҢБЕКАҚЫ

 

Еңбекақы – бұл қызметкерлерге еңбегі үшін төлем, оның жұмыс күшін, тұлғалық және интеллектуалдық қабілеттерін пайдаланғаны үшін төлем. Еңбекақы көлемі келесі факторларға тәуелді:

1. Жұмыс күшінің құны, яғни, өмірді қамтамасыз ету құралының құны және жұмысшының еңбек ету қабілеті. Мұнда осы қызметкердің, оның отбасының материалдық және рухани қажеттілігін, сондай-ақ, оның кәсіптік оқуына жұмсалатын шығындарын канағаттандару енеді.

2. Қызметкерлердің еңбек өнімділігінің өсуі.

3. Қызметкердің кәсіптік шеберлігі мен еңбегінің сипаты;

4. Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынастармен сипатталатын еңбек рыногындағы жағдаят, сондай-ақ, жұмыс орнына үміттенушілер арасындағы өткір бәсекелестік дәрежесімен сипатталады. Нақты еңбекақы деңгейімен кәсіпкерлер тарапынан еңбекке сұраныс арасындағы қызметтік тәуелділікті келесі графикадан көруге болады (9.2.-сурет).

 

 

W/P

 

LD L

9.2.-сурет. Еңбекке сұраныстың қисығы

Мұнда L – сұраныс жасалатын еңбек саны;

W/P – нақты еңбекақы

Нақты еңбекақының өсуі кезінде кәсіпкерлер тарапынан еңбекке сұраныс қысқарады.

Қызметкерлер тарапынан еңбекке ұсыныс пен еңбек арасындағы тәуелділіктік: еңбекақы жоғары болған сайын, жұмыс орнын алғысы келетін қызметкерлер саны көбйеді.

Қысқа мерзімді кезеңде еңбек ұсынысының қисығы сатылас сызық (LS1) (бұл кезеңде еңбек ұсынысының икемдігі төмен болады) ретінде көрінеді, ұзақ мерзімді кезеңде ұсыныс қисығы стандартты түрде (LS2) болады (9.3.-сурет).

 

W/P

LS2

LS1

 

 

13.3.-сурет. Еңбек ұсынысының қисығы

Бірақ, еңбек ұсынысына (жұмысшылардан басқа) қарама-қарсы бағытта жұмыс істейтін екі фактор ықпал жасайды: ол – ауыстыру әсері және табыс әсері. Ауыстыру әсері, жоғары еңбекақы кезіндегі бос уақыт әлеуетті залал ретінде қаралғанда пайда болады. Бос уақыт сағатында бәрі қымбат тәрізді, қызметкер бос уақыт орнына жұмыс істегісі келеді. Бұл еңбек ұсынысының өсуіне әкеледі. Табыс әсері жоғары еңбекақы өз бос уақытыңды көбейтуге мүмкіндік алатын көз ретінде қарастырылады. Бос уақыттың көптігі еңбек ұсынысын азайтады. Еңбек ұсынысы графикте келесі түрде көрінеді (13.4.-сурет):

W/P LS

 

 

Табыс әсері

-

Ауыстыру әсері

L

 

 

9.4.-сурет. Табыс әсері мен ауыстыру әсері

Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс сәйкес келгенде, еңбек рыногында теп-теңдік болады.

5. Еңбекақының қоғамдастырылуы (әлеуметтендіру) дәрежесі. Еңбекақының бір бөлігі әр түрлі салықтар арқылы мемлекетке, зейнеткерлікті қамтамасыз ету мақсатындағы қоғамдық қорларға, тегін немесе жеңілдікті медициналық қызметтерге, білім беруге және т.б. аударылады. Аталған қорларға аударулар неғұрлым көп болса, алынатын еңбекақы да аз болады, бірақ тегін немесе жеңілдікті игіліктер мен қызметтер көп болады.

6. Еңбекақының екі түрге бөледі: атаулы және нақты. Атаулы еңбекақы еңбегіне төлемақы санатындағы қызметкермен алынған ақша сомасы. Нақты еңбекақ – бұл еңбек адамдарымен өз еңбекақыларын сатып алынған тауарлар саны мен қызметтері. Нақты еңбекақы – еңбекақының атаулы көлеміне, алынатын салықтардың мөлшеріне және тұтыну бағасының деңгейіне байланысты.

Өлшеу әдісі бойынша еңбекақыны екі түрге бөледі: мерзімді және кесімді. Мерзімді еңбекақы жұмысты аяқтаған уақытына байланысты анықталады. Кесімді еңбекақы жұмыскердің өндірген өнімдерінің көлеміне байланысты белгіленеді. Еңбекақының әр нысаны еңбекақының жүйесі деп аталатын әр түрлі сипатта болады. Оның қысқаша сипаттамасы келесідегідей:

а) қарапайым мерзімді – бұл еңбекке сағаттық мөлшерлеме есебінен

және нақты істелген уақыт есебінен шығаратын еңбек төлемі;

ә) мерзімді-сыйлықақылық – сағаттық төлемге қосымша белгілі бір

сандық және сапалық көрсеткіштер жетістігіне сыйлықақы төлеу

қарастырылады;

б) тікелей кесімді – бұл өңдеу мөлшерін орындау дәрежесіне тәуелсіз

нақты шығарылған өнімнің өзгермейтін жекелей бағасы бойынша

төлеу;

в) кесімді-сыйлықақылық – бұл белгінің бір еңбек көрсеткіштерінің

жетістіктері үшін өзгермейтін бағалар бойынша үйлесетін

сыйлықақы төлемі (мысалы, өнім сапасы және т.б.)

г) кесімді-үдемелі – негізгі және өзгермейтін жекелей бағасы бойынша,

жұмыс жасау мөлшерінің шегіне, ал, мөлшерден тыс шығарым –

көтермелі баға бойынша ақы төленеді;

ғ) көтеріңкі еңбекақы – белгілі бір көлем, мерзім және орындалған

жұмыс сапасы табыстың жалпы сомасын белгілейтін келісімшарт

негізіндегі төлем (мысалы, кандай да бір шаруашылық объектісін,

тұрғын үй және т.б. құрылысы үшін).