МАКРОЭКОНОМИКАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН КӨРСЕТКІШТЕРІ.

 

Макроэкономикалық аспектіде қоғам қол жеткізуге жеткізетін тырысатын төрт басты мақсаттар ерекшелінеді:

  1. Әртүрлі объективті және субъективті факторлардың әсер етуінен келетін өзгерістер мен баяу ұлттық ауқымдағы өндірістің тұрақты өсуі.
  2. Бағаның тұрақты деңгейі.Баға еркін рыногтың бәсекелестік рыногтың негізінде белгіленеді және өте тез қарқынмен көртерілмейді деп болжанады.
  3. Жұмыс қамтамасыз етілуінің жоғарығы деңгейі. Маманадық алғысы келетін және тандаған мамандығы бойынша жұмыс іздеген адамның барлығы оны табады.Соынмен бірге, қызметкерді қандайда бір кәсіпорынға міндетті бекіту болмайды.
  4. Сыртқы саудалық баланстың теңдігін қолдау.Импортпен экспорттың арасындағы салыстырмалы тепе теңдік болжанады.

 

 
 
Өндіріс факторлары рыногы


Ресурстарға шығындар еңбекақы,рента,пайыз,пайда

Ресурстар өндіріс факторлары

мемлекет
Үй шаруашылығы
Фирмалар
салықтар салықтар

субсидиялар трансферттік

төлемдер

               
   
 
   
     
 
 


Қаржылық рыног
кредиттер кредиттер

пайыздар пайыздар

 

Тауарлар мен қызметтер рыногы
тауарлар мен қызметтер тауарлар мен қызметтер

       
 
   
 


табыс табыс

 

 

Негізгі макроэкономикалық көрсетткіштеріді сипаттайтын үш негізгі топтарға бөлуге болады:

1. Өндірістің ұлттық көлемі.

2. Бағаның жалпы деңгейі.

3. Жұмыспен қамту.

Өндірістің ұлттық көлемінің көрсеткіштері болып табылатындар:

1. Жалпы ұлттық өнім(ЖҰӨ).

2. Жалпы ішкә өнім(ЖІӨ).

3. Ұлттық табыс(ҰТ).

ЖҰӨ-бұл оның орналасқан орнына тәуелсіз, осы елдің азаматтарының меншігіндегі өндіріс факторымен шығарылған барлық тауарлар мен қызметтердің жылдық рыноктың құны.

ЖІӨ-бұл кімге қарайтынына қарамастан, ұлттық экономиканың шекарасында орналасқан барлық өндіріс факторымен өндірілген жиынтықты өнім көлемі.

Атаулы құндығы ЖҰӨ-бұл ағымдағы бағада көрсетілген, тауарлар мен қызметтердің өндірістік көлемі. Баға деңгейінің тәуелділігінен тыс өндірілген өнәм көлемінің бағалау үшін базистік деп аталатын белгілі бір кезеңдегі уақытта тұрақты бағадан есептелетін шығарылған тауар мен қызметтердің құны көрсетілген нақты ЖҰӨ –нің түсінігі пайдаланылады. Нақты ЖҰӨ-өзгермейтін бағада көрсетілген тауар мен қызметтердің өндіру көлемі.

Сондай-ақ, нақты және әлеуетті ЖҰӨ-ді айыра білу қажет. Нақты ЖҰӨ-бұл белгілі бір кезеңде өндірілген өнім көлемі. Әлеуетті ЖҰӨ барлық бар өндіріс факторларының ең жоғарғы пайдалану кезінде шығарылуы мүмкін көлемін көрсетеді.

Ұлттық табыс өзінде барлық табыс факторларының сомасын көрсетеді(еңбекақы, пайыз, рента, пайдалар)

ЖҰӨ(ЖІӨ)-өтелім =ТҰӨ(таза ұлттық өнім)

ТҰӨ- жарама салықтар=Ұлттық табыс.

Ұлттық табыс-корпорацияның пайдасына салық-әлеуметтік сақтандыруға аудару- бөлінбеген пайда+ тұрғындарға трансфераттік төлемдер = жеке табыс.

Жеке табыс– салықтар мен төлемдер Қолдағы табыс.

ЖҰӨ- ді есептеудің үш негізгі әдісі бар:

1. Табыстар бойынша ЖҰО есеп айырысуы - қоғамда құрылған, барлық табыстардың сомасы ретінде.Бұл факторлық табыстардың (еңбекақы, рента, пайыздар, пайда), жанама салықтар мен өтелімнің сомалары.

2. ЖҰО – нің есебі шығындар бойынша соңғы тұтынудағы қоғамның барлық шығындарының сомасы ретінде: тұрғындардың (С) жеке тұтыну шығындары,тауар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу (G), кәсіпкерлердің инвестициялық шығындары (І) және таза экспорт (Х) (таза экспорт = экспорт- импорт) – С+I+X.

3. Елдің барлық кәсіпорындарымен шығарылған өнімдердің қосымша құнын жинақтау жолымен ЖҰӨ анықталғанда, өндіріс бойынша ЖҰӨ есебі.Бұл өнімнің құны басқа бөлшектері бір емес, бірнеше есептелген кездегі, қайта есептелуді болдырмайды.

Жалпы ұлттық табыстың көрсеткіштеріне қосымшаға нақты статистикалық көрсеткіштер болмағанмен және ешқандай әлем елдерінде есептелмегенмен, таза экономикалық игіліктің көрсеткіштері қолданылады.Ол америкалық экономистер У.Нордхаус және Дж.Тобинмен әзірленген және ел игілігін көтеруге көмектесетін барлығын бейнелеуге шақырады:бос уақытты білімді көтеру үшін пайдалану,бала тәрбиелеу, көкөністерді консервілеу бойынша үй шаруашылығындағы әйелдің еңбегі және т.б. қоршаған ортаны бүлдіру,қалада халықтың көбеюі, рұқсат етілген, бірақ, салық салынбайтын қызмет, мысалы, үйді жөндеу, қарды немесе жеке үй шаруашылығындағы жапырақтарды жинау және т.б.

Бағаның жалпы деңгейі - бұл келесі көрсеткіштердің көмегімен өлшенетін, тауар мен қызметтің көптеген топтары бойынша олардың орташа деңгейі:

1. Ағымдағы жыл бағасының индексі пайызда көрсетілген базалық жылдың бағасына ағымдағы жылдың бағасының қатынастары болып табылады.

2. Инфляция деңгейі деп өткен жылмен ағымдағы жылдағы бағаның әртүрлілігінің,пайызда көрсетілген өткен кезеңдегі бағаға қатынастары айтылады.

3. ЖҰӨ-нің дефляторы бұл атаулы құндағы ЖҰӨ –нің нақты ЖҰӨ ге қатынасы.Бұл жыл ішіндегі барлық соңғы тауарлар мен қызметтердің бағасындағы өзгерістерді көрсететін, баға индексі.

Жұмыспен қамтамасыз етілу көрсеткіштері:

1. Жұмыс күші (жұмыспен қамтылғандар санына жұмыссыздарды қосқанда).

2. Жұмыссыздықтың мөлшері (пайызда көрсетілген жұмыс күшінің санына жұмыссыздардың жалпы санының қатынастары).