АЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ

ҚР үкіметінің инвестициялық саясатының мақсаты - экономиканы дамыту жэне қазіргі заманғы технологияны қолдану арқылы іс жүзіндегі өндірісті кеңейту мен жағарту, бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа орындарды ашудағы, сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғаудағы инвестицияны ынталандыру. Инвестицияны мемлекеттік қолдау инвестициялық салықтық пұрсаттықтар ұсынумен қорытындыланады. Оған мыналар жатады:

1) инвестициялық, салықтық пұрсаттықтар (бекітілген актив-тердегі инвестиция көлеміне байланысты аныкталатын мерзімге беріледі, бірақ бес жылдан жоғары емес);

2) кедендік баж салығынан босату (инвестиция жобасын жүзеге асыру үшін алып келінетін құрал-жабдықтар мен оның қосымшаларын импорттау кезінде беріледі);

3) мемлекеттің заттай гранты - бұл ҚР-ның меншігі болатын мүліктер инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін, ҚР-ның заңды тұлғаға жерді пайдалануға немесе меншігіне қайтарылымсыз беруі (жер телімдері, ғимарат, құрылыс, машиналар мен жабдықтар, транспорт құралдары жэне т.б.), ҚР-ның меншігі болатын мүліктер.

Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестициялык жо-басына 30 млрд. АҚШ доллары тартылган, бұл Қазақстан тұрақ-тылыққа кепілдік беретін жэне өзара пайдалы ынтымақтастықты қамтамасыз ететін сенімді эріптес болып табылатынын көрсетеді.

Жеке секторлардың ұсыныстары бойынша мақсаты қаржылық қолдау көрсету болып табылатын Қазақстанның инвестициялық қоры кұрылды, олар экономиканың шикізатта емес секторларына, кэсіпорындардың жарғылық капиталына қатысуымен немесе үлестік жолымен Қазақстанда, сондай-ақ шетелде ашылғандарға қолдау көрсетеді.

Елде экономиканың әр тараптануына бағытталған, индус-триялды-жаңартпалы стратегия жүзегеасырылуда.Индустриялық жаңартпалық дамудың инфрақұрылымы қалыптасқан. Инвестициялық жобалардың портфелі 1 млрд. 200 млн АҚШ долларынан асады. Тек 2004 жылы ғана 204 инвестициялық жоба жүзеге асты. Келешекте мемлекеттік инвестициялық саясат жүргізу шикізаттык емес өндірісті дамыту мақсатында мемлекеттік инвестицияларды жүзеге асыруға және жекешені ынталандыру бойынша шаралар кешенімен үйлесетін болады.

 

11.7.«АД = АS» МОДЕЛІНДЕГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК

 

Жалпы экономикалық тепе-теңціктің негізгі моделі жиынтык-ты сұраныс (АД) теңдігі жэне жиынтықты ұсыныс (АS) арқылы көрсетіледі.

Жиынтықты сұраныс - бұл кез келген мүмкін баға деңгейінде тұтынушылар сатып алуға дайын, ұлттық өндірістің нақты көлеміне тең, экономикалық агрегат. Сұраныс жиынтығының моделі сатып алынатын нақты ЖҰӨ-нің көлемі мен баға деңгейінің арасындағы тәуелділікті сипаттайтын кері ылдидың қисығы түрінде графикалық көрсетіледі (15.3.-сурет).

 
 

Р

Тұтыну серпініндегі (сатып алынатын) ЖҰӨ-ң бағалық жэне бағалық емес факторларға ықпал етеді. Бағалық факторлардың іс-әрекеті тауарға жиынтықты сұраныстың көлемінің өзгерістері бағалық факторлардың іс-әрекеті және қызметтері арқылы жүзеге асады жэне ол АД қисығы бойымен гра-фикте көрсетіледі. Бағалық емес факторлар жиынтықты сұраныстарда, АД қисығын солға жэне оңға қозғап, өзгерістер шақырады. Бөлек тауарларға сұранысты анықтайтын, бағалық емес факторлар (тұтынушылар табысы, олардың талғамы, тауар -ауыстырушыларына баға), өзінің ықпалын агрегативті деңгейде көрсетеді.

Жиынтықты ұсыныс - бұл әрбір мүмкін баға деңгейіндегі өндірістің қолма-қол нақты көлеміне тең экономикалық агрегат. Жиынтықты ұсыныстың моделі баға деңгейі мен ұлттық өндірістің көлемі арасындағы оң тәуелділігін бейнелейтін, қисығы көрсетілуі мүмкін

 

АS-қа бөлек тауарлар рыногындағы ұсыныстарға өзгерістер шақыратын сол факторлар әсер етеді (өндіріс технологиясы, шығындар жэне т.б.).

 
 

Бага деңгейінің тендестігі мен өндіріс көлемінің тендестігі жиынтықты сұраныс пен жиынтықты ұсыныстың тендігін қарастырады. Бұл графиктік кескіндегі теңдік АД және АS қисығының қиылысуындағы нүктені көрсетеді (15.5.-сурет).

Жиынтықты сұранысты экономика секторлары бойынша бөлуге сәйкес оның құрылымы анықталады:

1. Үй шаруашылығына жиынтықты сұраныс (немесе тұтыну (С)).

2. Кәсіпкерлер (немесе инвестициялар) (I) тарапынан капиталдық құрал-жабдықтарға сұраныс.

3. Мемлекет тарапынан тауарлар мен қызметтерге сұраныс (немесе мемлекеттік сатып алу (Q)).

4. Шетелдіктердін отандық тауарларға сұранысы мен елдің шетел тауарларына (немесе таза экспорт (X) сұранысының арасындағы әртүрлілік.

Басқа сөзбен айтқанда, АД сұранысының жалпы сомасына тең соңғы өнім = С + І+С + Х = ЖҰӨ.

Жиынтықты ұсыныс деп, кәсіпкерлік және мемлекеттік секторлармен сатуға ұсынылған барлық соңғы тауарлар мен қызметтің жалпы сомасының ақшалай көлемін түсініледі. Мұндай жағдайда, жиынтықты ұсыныс немесе егер ұлттық табыстар көлеміндегі елеусіз айырмашылықты есептен алып тастаса, ЖҰӨ-ге теңеседі (АS = ЖҰӨ).

 

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1. Экономикадағы тендестіру дегеніміз не?

2. Тендесу рыногын кандай түрлерге бөледі?

3. Макроэкономикалық теңдесудің классикалык моделінің қандай ерекшеліктері бар?

4. Вальрас моделінің мэні неде?

5. Д. Патинкин моделі Вальрас моделінен немен ерекшеленеді?

6. Кейнс теориясы бойынша табыс кандай кұрамды бөліктерге бө-лінеді?

7. Тұтыну дегеніміз не?

8. Әр елдегі тұтыну басымдылығын қандай факторлар анықтайды?

9. Тұтыну кызметі нені көрсетеді?

Негізгі әдебиеттер.

1.Экономикалық теория негiздерi: Оқулық / Я.Әубәкiров ж.б.- Алматы: Санат, 1998.- 479 б.

2.Р.Дорнбуш, С.Фишер . Макроэкономика . Оқулық. Алматы: Білім, 1997

3.Темірбекова А.Б. Экономикалық теория негіздері : Қысқаша лекциялар курсы / А. Б. Темірбекова. - Алматы : Экономика, 2008. - 188 б.