Мемлекеттің қаржылық жүйесі

Қаржылар – елдегі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық қорларды пайдалану және құру үдерісіндегі барлық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржының мәні қаржы ресурстарын пайдалану мен бөлуге байланысты құндық ағымдардың жиынтығы. Үнемі қаржылық ағым қозғалысы өту арасындағы негізгі субъектілер мыналар болып табылады: мемлекет және оның институттары, фирмалар және тұрғындар.

Қаржылық жүйе – бұл барлық қаржылық құрылымдық элементтердің өзара байланысты жиынтығы. Қаржылық жүйенің құрылымына кіретіндер:

а) барлық деңгейдегі бюджеттің жиынтығы (мемлекет, әкімшілік бірлік, үкіметтің жергілікті органдары);

ә) бюджеттен тыс қорлар (әлеуметтік, мүліктік, жеке сақтандыру);

б) мемлекеттің валюталық резервтері;

в) кәсіпорын мен ұйымдардың қаржылық қоры.

Қаржылық жүйені мемлекеттің, шаруашылық субъектісінің және тұрғындардың арасындағы өзара байланыс ретінде анықтайды.

Қаржылық жүйенің қызмет етуі екі сатыны болжайды:

1. Табыстарды алу және шыындау бойынша жоспарлар құру.

2. Ақша ағымының өзінің қозғалысын ұйымдастыру.

Қаржылық жүйе мемлекет деңгейінде белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталғанда, онда әңгіме мемлекеттің қаржылық саясаты туралы болады. Соңғысының екі аспектісі бар:

а) табыс пен шығын көмегімен экономиканы реттеу – қазынагерлік саясат;

ә) бюджет ресурстарын реттеу (бюджет тепе-теңдігіне қол жеткізу) – бюджет саясаты.

Қазынагерлік саясат – бұл мемлекеттік шығын мен табыстағы өзгерістер арқылы экономиканы реттеу жүйесі, Ол екі түрге бөлінеді: дискрециялық қазынагерлік саясат және автоматты. Дискрециялық саясат экономикалық жағдаятты теңелту (белсенді қазынагерлік саясат) үшін мемлекеттік салық пен шығындармен (мысалы, салық мөлшері, жәрдемақы мөлшерлемесі) саналы түрде айла-шарғыға салуды көрсетеді. Автоматты қазыналық саясат кіріктендірілген тұрақтандырушының (табыс салығының прогрессивті мөлшерлемесі, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы және т.б.), бұл мемлекеттік шығындар мен салықтардың деңгейіне автоматты енгізілетін қажетті өзгерістер негізінде пассивтік қазынагерлік саясат.

Мемлекеттік бюджет – бұл оның барлық ақшалай ресурстарын (табысын) және олардың бөліуін (шығындары) көрсететін мемлекет қызметінің қаржылық бағдарламасы.

Бюджеттік шығын баптары өзінің құрылымы бойынша: мемлекетті басқару бойынша шығындарға әлеуметттік-экономикалық мақсаттарға, мемлекеттің шаруашылық қызметіне, оның сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыру үшін, қорғанысты және ұлттық қауіпсіздікті күшейтуге бөлінеді.

Экономикалық әдебиетте мемлекеттің шығындарын әр түрлі жіктелімдеу ұсынылады. А.Пигу оларды трансформациялық және трансферттік деп бөледі. Бірінші жағдайда, тауар мен еңбекте (мемлекеттік инвестиция, тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік тұтыну; еңбекақыны бюджеттен төлеу) көрсетілген қызметтер мемлекеттік қаржының ағымына қарсы тұрады. Трансферттік шығындар қарама-қарсы қызметтерді қарастырады және құралдарды тікелей беруінде көрінеді (трансферт: субсидиялар, үй шаруашылығына жәрдемақылар, әлеуметтік қамтамасыздандыру).

Мемшығынның басқа жіктелімі институциялық бағытпенбайланысты: оның негізіне министрліктерге, агенттіктерге, ведомстволарға бөлінуі алынады. Мұндай жүйелеу қаржыны шығындауды бақылауды жеңілдетеді, бірақ оны пайдаланудың тиімділігі туралы төрелік жасауға мүмкіндік бермейді.

Жіктелімнің қызметтік қағидасы негізінде шығындар мақсатты тағайындалымына (қорғаныс білім, өнеркәсіп және т.б.) қарай топталады. Бұл мемлекеттің экономикалық саясатының басымдылығы туралы пікірге мүмкіндік береді.

Шаруашылық қызметіне мемлекеттік шығындар таза ұлттық өнімнің мультипликациялық өсуіне әкеледі. Мемлекеттік шығындардың мультипликаторы үкіметтік шығындар өзгерістеріне таза ұлттық өнімнің өзгерістерінің қатынасы ретінде анықталады.

Мемлекеттің бюджеттік табысы бірінші кезекте үкіметтің орталық және жергілікті органдарымен алынатын салықтан, мемлекеттік қарыздан, сондай-ақ, сыртқы бюджеттік немесе мақсатты қорлардан түсетін қаржыдан тұрады:

- салықтық және салықтық емес;

- әдеттегі (тұрақты) және төтенше (уақытша, кезеңдік);

- жеке сектордан және мемлекеттік сектордан.

Өз кезегінде, мемлекеттік сектордан алынатын табыс ұлттық мемлекеттен және шетелден түскен қаржыларға бөлінеді (көмек, репарациялардан). Жеке сектордан түсетін мемлекеттік табыстар мемлекеттің рыноктық үдерістеріндегі тікелей немесе жанама қатысуымен шартталған. Тікелей нұсқа мемлекеттік кәсіпорындар шығарған тауарлар мен қызметтерден түскен табыстарды қарастырады. Жанама – салық, алым, жарна, баж салығы, айыппұл түріндегі табыстарды қарастырады және т.б.

Қаржы жүйесінің құрылуының екі қағидасы белгілі: а) демократиялық орталықтандыру; б) қазынагерлік федерализм. Демократиялық орталықтандыру кезінде жергілікті органдар өз бетімен қаржы қорларын жұмсай алмайды. Қазынагерлік федерализм кезінде орталық және жергілікті қаржылар қатаң шектелген және жергілікті өкімет қаржылық шығындарды өз бетімен белгілейді.

Салықтар – бұл жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың мемлекет пен жергілікті бюджетке міндетті төлемдері. Салық жүйесі – қаржылық құралдарды алымдау әдісі мен нысанының жиынтығы.

Салық салудың қағидалары:

1. Салық алудың жүйесі мемлекеттің оны ұстауға шығыны, сондай-ақ, сол төлем төлеу тәртібімен байланысты салық төлеушінің шығыны есептеліп, ең төмен болады.

2. Салық ауыртпалығы салық төлеушінің экономикалық белсенділігін төмендетпеуі тиіс.

3. Салық алу үдерісі жағдаят пен жұмыспен қамтамасыз етілудің саясатын жүзеге асыруға ең жоғары дәрежеде жүзеге асыруға көмектесуі үшін ұтымды ұйымдастырылуы тиісті.

4. Салық салу үдерісі үлкен әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету бағытында табыстарды бөлуге ықпалы етуі тиісті.

5. Салық құрамдастарымы әрбір салық өзінің нақты мақсаты болатын біртұтас жүйені құрауы тиісиі.

6. Жеке адамның «салық төлеуге қабілетін» анықтау кезінде азаматтың жеке өміріне қатысты ең аз деректерді көрсетуін талап ету қажет.

Салықтың негізгі түрлерін келесі белгілер бойынша жіктелімдеуге болады:

1. Салық салу объектісі бойынша мыналарға бөлінеді: а) табысқа салық, ә) мүлікке салық, б) белгілі бір тауар мен қызметті сатып алушылардың шығынына салық.

2. Салықтарды алу әдістері бойынша салықтар тікелей (табыс алушылар мен мүлік иелерінен тікелей алынатын: табыс салығы, меншікке салық) және жанама (белгілі бір тауар бағасына қосылады және бұл тауарды сатқан кезде осы тауарды тұтынушылардан алынады – акциздер және кедендік баж салықтар) болып бөлінеді.

3. Мөлшерін анықтау әдісі бойынша үш негізгі салық жүйесіне бөледі: а) табыс, шығын сомасына немесе мүлік құнына байланысты емес, өзгермейтін пайыз мөлшерлемесі бар салық үйлесімді саналады; ә) табыстың өсу шамасы бойынша мөлшерлемесі көбейетін салықты прогресті салық деп атайды; б) табыстың өсу шамасына байланысты мөлшері төмендейтін салықты кемімелі салық деп атайды.

4. Салықтың сомалыра түсетін, бюджет деңгейі бойынша, жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар деп бөледі.

5. Пайдалану тәртібі бойынша жалпы салықтарды мемлекеттің бір кассасына және мақсатты немесе белгілі бір тағайындалуы бар арнаулы кассаға түседі деп бөледі.

Мемлекеттік бюджетке түсетін салықтардың таза көлемінің өсуі мемлекеттің инвестициялық және мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке бизнесті кредиттеу мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл таза ұлттық өнімнің мультипликациялық өсуіне әкеледі. Салықтық мультипликатор салықтық түсім көлемінің өзгерістеріне таза ұлттық өнімнің (ТҰӨ) өзгерістерінің қатынасы ретінде анықталады.

Бірақ мемлекет фирмалардың табысына шектен тыс салық мөлшері, соңғыдан капитал жинауға ынтасын жоғалтады. Бұл Лаффер қисығының графигінде көрнекі көрсетіледі (18.3.-сурет).

 

R мұнда R –салық мөлшерлемесі,

У – мемлекеттік бюджетке түсім

100 %

 


У

 

14.3.-сурет. Лаффер қисығы

 

Алғашқыда салық мөлшерлемесінің өсуімен бюджетке түсімдер де өседі. Бірақ кейбір сәтте, салықтардың шектен тыс мөлшерлемесі өндірістің дамуына кедергі жасайды, ал жүз пайыздық салық мөлшерлемесінде кәсіпкерлер қандай да бір ынталандырудың болмағандығынан өздерінің өндірісін тоқтатады және бюджетке түсім тіптен тоқтайды.

Қазақстанда ҚР Салық кодексімен белгіленген келесі салықтар бар:

1. Корпоративті табыс салығы.

2. Жеке табыс салығы.

3. Қосымша құн салығы.

4. Акциздер.

5. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы.

6. Әлеуметтік салық.

7. Жер салығы.

8. Көлік құралдарына салық.

9. Мүлікке салық.

Бұл салықтардан басқа бюджетке алымның 13 түрі, 9 әр түрлі төлем, мемлекеттік баж салығы және кедендік төлемдері түседі.

Бюджеттік үдеріс мемлекеттік табыс пен шығындардың жағдайын теңдестіруді қарастырады. Мемлекеттік шығындардың табыстардан жоғары болуы мынадай себептермен бюджет тапшылығын әкеледі:

а) мемлекеттің өмірдің әр түрлі аясындағы рөлінің өсуі;

ә) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шығынның өсуі;

б) мемлекеттік аппараттың санының өсуі;

в) шаруашылық жағдаятының толқуы, кезеңдік құлдырау мен өндірістің көтерілуі.

Мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың әдістері:

1) қосымша ақша шығару;

2) салықтарды көбейту;

3) мемлекеттік қарыз алу, мемлекеттік кредит;

4) шығындарды қысқарту.

Мемлекеттік заем шығару нәтижесінде және оны мемлекеттік орналастыру тұрғындардың, банктердің, сақтандыру және өнеркәсіп компанияларының бос еркін ақша қорларын уақытша тартады. Нәтижесінде біртіндеп жабылатын мемлекеттің ішкі қарызы пайда болады.

Мемлекеттік қарыздың экономикалық зардабын келесі төрт сәтке бөлуге болады:

1. Сыртқы қарызға қызмет ету қажеттігі осы елдің тұрғындары үшін тұтыну мүмкіндігін елеулі қысқартуға әкеледі.

2. Қарыз экономиканың әрі қарай өсуін шектейтін және капиталдың қысылуына әкеледі.

3. Мемлекеттің өсіп жатқан қарызын төлеу үшін салықтарды көбейту экономика белсенділігін арттыруға қарсы ынталандыру санатында көрінеді.

4. Мемлекеттік қарыз табыстардың теңсіздігін күшейтуге әкеледі.

 

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1. Нарық экономикасындағы кезеңдер қозғалысы нені білдіреді?

2. Экстеральдық теорияның кезеңдік ауытқулары қандай факторлармен түсіндіріледі?

3. Интеральдық теорияның экономикалық кезеңдері қалай қарастырылады?

4. Экономикалық кезеңнің сыртқы себептерін атаңыздар

5. Экономикалық кезеңнің ішкі себептерін атаңыздар

6. Экономикалық кезеңдер дегеніміз не?

7. Экономикалық әдебиетте кезеңдердің қандай түрлері бөлініп көрсетіледі?

8. Кондратьевтің « ұзын толқынының» себептері неде?

9. Китчиннің шағын кезеңі немен байланысты?

10. Жугляр кезеңі қандай мезгілді қамтиды?

Негізгі әдебиеттер.

1.Экономикалық теория негiздерi: Оқулық / Я.Әубәкiров ж.б.- Алматы: Санат, 1998.- 479 б.

2.Р.Дорнбуш, С.Фишер . Макроэкономика . Оқулық. Алматы: Білім, 1997

3.Темірбекова А.Б. Экономикалық теория негіздері : Қысқаша лекциялар курсы / А. Б. Темірбекова. - Алматы : Экономика, 2008. - 188 б.