Дәрілік заттарды бірге қабылдағандағы әсерлер

Стационарда емделіп жатқан науқастарға саны 6 дан 10- ға дейін дәрілер тағайындалады. Комбинацияланған дәрілік заттар синергизм, антогонистер және синерго- антогонистер түрінде әсерлесуі мүмкін.

СИНЕРГИЗМ (грекше synergos-бірге әсер етуші)- бір дәрілік заттың екінші дәрінің әсерін күшейтуі. Синергизмнің суммацияланған және потенцияланған 2 түрін ажыратады. Суммацияланған синергизм немесе аддиция- комбинация әсері комбинацияланған дәрілік заттардың әсерінің арифметикалық суммасына тез ингаляциялық наркоздағы жалпы анестетиктердің синергизмі, созылмалы ауырсынудағы парацетамол мен ибупрофеннің синергизмі. Потенцияланған синергизм немесе супераддиция- комбинация әсері комбинацияланған дәрілердің әсерлерінің арифметикалық суммасынан асады. Ол фармакокинетикалық механизм нәтижесінде пайда болады.

· Сорылудың өзгеруі- адреномиметиктер тамырларды тарылтып, жергілікті анестетиктердің қанға сорылуына кедергі келтіреді және оның жергілікті ауырсынуды басатын әсерін жоғарылатады. Асқазан- ішек жолдарында қышқыл ортаны түзетін дәрілер (аскорбин қышқылы, ацетилсалицил қышқылы) әлсіз қышқыл қасиеті бар дәрілердің сорылуын жоғарылатады (салицилаттар, индометацин, фуросемид, тікелей емес әсері антикоагулянттар, сульфаниламидтер, тетрациклин), керісінше антоцидтер рН- ты сілтілі ортаға ығыстыра отырып, негіздердің сорылуын (аллкомоидтар, транквилизаторлар, гистаминге қарсы дәрілер);

· Қанның ақуыздармен байланысынан дәрілерді ығыстырып шығару- қабынуға қарсы дәрілер бутадион және индометацин альбуминмен байланыстан антикоагулянттарды және глибенкламидті ығыстырып шығарады, яғни қан кету және гипогликемияны болдырмау мақсатында;

· Мембрананың өткізгіштігінің жоғарылауы- инсулин жасуша мембранасы арқылы глюкоза мен калий иондарының енуін жеңілдетеді;

· Метаболизмді тежеу- холиноэстеразаға қарсы дәрілер ацетилхолиннің әсерін ұзартады және күшейтеді. Альдегиддегидргеназа блокаторы тетурам сірке альдегидініңәсерін потенциялайды. Р450 цитохромының тежеуіштері метаболизмдік клиренске ие дәрілердің әсерін күшейтеді;

· Дәрілік заттардың басқару жүйелерінің әр түрлі қызметтері мен циторецепторлары синергистерге әсер етуі миорелаксанттарды, транвилизаторлар, анальгетиктерді қолданылған потенциалды наркоз: тамырды кеңітуші препараттардың зәр айдаушы дәрілермен бірге тағайындағандағы гипотензивті әсерінің анағұрлым өсуі. Сонымен қатар дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерінің де синергизмі болуы мүмкін. Мәселен, антибиотик- аминогликозидтерді (стрептомицин, канамицин, гептомицин және зәр айдаушы дәрілерді (фурасемид, этокрин қышқылын) бірге тағайындағанда ото және вестибулотоксикалық асқынулар қаупі зор. Жүрек гликозидтерімен бірге тамырға кальций хлоридін енгізу аритмияға алып келеді.

АНТАГОНИЗМ - 1 дәрілік заттың екінші дәрілік заттың әсерінен төмендетуі. Антогонизмнің бірнеше түрлерін айырады:

1. Физикалық антогонизм- қанға сорылуды және резорбтивті әсердің азаюы;

· Адсорбенттер (активтелген көмір, ионды алмастырылған смола, холестирамин) көптеген ішке қабылдаған дәрілердің сорылуына кедергі жасайды; тұзды іш айдағыш дәрілер (магний және натрий сульфаты) ішектің қуысындағы осмос қысымын жоғарылатып, ішек сөлінде еріген заттардың сорылуын тежейді;

· Кальций, магний, темір иондары тетрациклинмен, левомицитин, сульфаниламидтермен, ацетилсалицил қышқылы, бутадионмен сіңірілмейтін комплекстер түзеді;

· Асқазан- ішек жолдарында қышқыл немесе сілтілі орта түзетін дәрілер негіз немесе қышқылдық қасиеті бар дәрілердің сорылуын тежейді;

· Тамырды тарылтатын дәрі- адреналин тері астына немесе бұлшық етке енгізілген дәрілердің сорылуын баяулатады.

2. Химиялық антагонизм- дәрілік заттардың қандағы химиялық әсерлесулері және белсенді емес өнімдер түзуі. Химиялық антагонистер болып калий перманганаты, натрий тиосульфаты, унитиол, этилендиаминтетрасірке қышқылының динатрий тұзы, тетауин кальций т.б. антидоттар болады.

Мысалы, натрий гидросульфаты улы молекулярлы йодты улы емес йодидке, ционидтерді- қауіпсіз родонидтерге айналдырады.

3. Физиологиялық (функционалды) антогонизм- жасушалар мен мүшелердің қызметіне әр бағытта әсер беретін дәрілік заттардың әсерлесуі. Физиологиялық антогонизм 2- ге бөлінеді: тікелей емес және тікелей.

· Тікелей емес антогонизм- әр түрлі жасушаларға әсер ету нәтижесі (адреномиметик адреналин) нұрлы қабақтың радиалды бұлшық еттік жиыру нәтижесінде қарашықты кеңітеді);

· Тіке антогонизм- бір жасушаға әсер ету нәтижесінде бәсекелес емес антогонизм дәрілік заттардың әр түрлі циторецепторларменбайланысуының нәтижесінде пайда болады, бәсекелес антогонизм- бір циторецептордың агонистері мен антогонистері арасында пайда болады. Бәсекелес емес антогонизм мысалы, тегіс бұлшық еттің Н1 рецепторын қоздырушы гистаминнің әсерінен бронхтардың тарылуы және β-адреномиметиктер әсерінен бронхтардың кеңуі; ацетилхолинэстераза блокаторлары мен холинорецепторлар блокаторлары арасындағы антогонизм бәсекелес антогонистер болып М- холиномиметик пилокарпин және М- холиноблокатор атропин болады. α-адреномиметик норадреналин және α-адреноблокатор фентоламин, гистамин және Н2 рецепторлар блокаторы- ранитидин.

Синерго – антогонизмі - дегеніміз комбинацияланған дәрілік заттардың бір әсерлері күшейіп, келесі бір әсерлері әлсіреп жатса «Аэрон» таблеткасының құрамындағы снополамин және гиосциалин- құсу орталығының тежеу әсерлері бойынша синергистер болады. Скополамин тыныс орталығын тежейді, ол гиосциалин оны белсендіреді.