Дәрiлердiң жiктелуi

· ЦОГ-1 және ЦОГ-2-нi таңдамалы емес тежейтiндер

· Салицил қышқылының туындылары- ацетилсалицил қышқылы

· Антранил қышқылының туындылары- мефенам қышқылы, флуфенам қышқылы

· Пиразолон туындылары- бутадион

· Индолсiрке қышқылының туындылары- индометацин

· Фенилсiрке қышқылының туындылары- диклофенак-натрий

· Фенилпропион қышқылының туындылары -ибупрофен

· Нафтил пропион қышқылының туындылары - напроксен

· Оксикамдар: пироксикам

ЦОГ-2-ны таңдамалы тежейтiндер- Мелоксикам

Көптеген бейстероидты қабынуға қарсы дәрiлер (БСҚҚД) қабынуға қарсы, анальгетикалық және ыстықты түсiретiн әсерлер көрсетедi.

Анальгетикалық әсерiнiң механимзi - бұл топтардың простагландиндер (ПГ) синтезiне тежеушi әсермен байланысты. ПГ гиперальгезияны шақырады, яғни химиялық және механикалық стимулдарға ноцицепторлердiң сезiмталдығын жоғарылатады. Сондықтан ПГ-р (ПГЕ2, ПГFa2, ПГI2) синтезiн тежеу гиперальгезияның дамуын алдын-алады.

БСҚҚД ыстықты түсiретiн әсерге ие. Бұл ПГ-р синтезiнiң бұзылысымен және гипоталамуста орналасқан жылуреттегiш орталығына пирогендi әсерiнiң төмендеуiмен байланысты, әсiресе белсендi пироген ПГЕ1 болып табылады.

Қолдану көрсеткіштері: 1) ревматикалық аурулар 2) буын-қозғалғыш аппараттың ревматикалық емес аурулары 3) неврологиялық аурулар 4) бауыр, бүйрек шаншымалары 5) ауырсыну синдромы 6) қызба 7) артериалды тромбоздарды алдын-алу 8) дисменорея

Қарсы көрсеткіші: БСҚҚД әсіресе асқыну стадиясындағы эрозиялы-жаралы зақымдануларда, бауырмен бүрек функциясының айқын бұзылыстарында, цитопенияда, жекеленген қабылдай алмаушылықта, жүктілікте.

Жағымсыз әсерлері: ішек-қарын трактысы жағынан асқынулар, әсіресе гастроуыттылықты аспирин, индометацин, пироксикам көрсетеді, нефроуыттылық, гематоуыттылық, коагулопатия, гепатоуыттылық, гиперсезімталдылық реакциясы, бронхоспазм.

Бір-бірімен әсерлесу: БСҚҚД тікелей емес антикоагулянттармен пероральды гипогликемиялық дәрілердің әсерлерін күшейту мүмкін, сол уақытта олар антигипертензивті дәрілердің әсерлерін күшейту мүмкін, антибиотик-аминогликозидтердің уыттылығын жоғарылатады.

Қабынуға қарсы дәрілердің қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігінің критериилері: 1) лабораторлы: СОЭ анықтау, қанмен несептің клиникалық анализі, жасырын қанға калдың анализі, асқазан сөлінің қышқылдығын анықтау 2) параклиникалық: фиброгастроскопия, спирометрия 3) клиникалық: буын аймағының ісінуінің индексін өлшеу, арнайы аспаппен саусақтарды қысу күшін анықтау

Сенсибилизиринген макроорганзим ұлпаларының зақымдалуын шақыратын антигенге патологиялық жоғары иммундық реакцияларды аллергиялық реакциялар деп атайды.

Аллергияның әртүрлi типiнiң дамуында иммуногенездiң 2 механизмi қатысады – антиденелердiң өнiмiмен қамтылған гумаральды, жасушалы, яғни ол кезде көптеген иммунокомпетенттi жасушалар қатысады. Иммундық жауап фагоциттермен, реттегiш лимфоциттер (Т-супрессорлар), эффекторлы лимфоциттер (цитотоксикалық Т-жасушалар, В-жасушалар) және басқа арасында бiр-бiрiмен байланыс қамтылады. Антигенмен активтенген лимфоциттер, сонымен бірге моноциттер және макрофагтар иммундық жауапты реттейтiн және күшейтетiн биологиялық белсендi пептидтi қосылыстарды өңдiредi. Бұл қосылыстар тобын цитокиндер деп атайды. Лимфоциттермен өңдiрiлген цитокиндердi лимфокиндер деп атайды. Цитокиндер үлкен рольдi иммундық реакцияның дамуында болады.

Гиперсезiмталдықтың реакцияларын келесi типтерге бөледi: 1) тез реакциялы 2) баяу реакциялы (2-3 тәул. кейiн пайда болады.)

Тез типтi (ТТ) реакция антигеннiң антиденемен байланысуымен қамтылған.

ТТ аллергиялық реакцияның дамуында үлкен рольдi мес жасушаларымен және базофилдерден гистамин, “баяу реагирлейтiн анафилаксия субстанциясы”, брадикинин, серотинин, ПГ-р, тромбоциттердi белсендiретiн фактор алады. Бұл типтi реакцияға: бронхоспазм, ринит, конъюнктивиттер, есек жем, анафилактикалық шок, сарысу ауруы, Артюс феноменi жатады.

Баяу типтi (БТ) реакциялар жасушалы иммунитетпен байланысты және сенсибилизирленген Т-лимфоциттердiң бар болуына байланысты. Соңғыларының бетiнің макрофагаларында орналасқан антигендi танитын арнайы рецепторлар болады және олармен байланысады.

БТ аллергияда аллергия медиаторы цитокиндер қатары болып табылады. Оларға интерлейкин – 2, лимфотоксин, макрофагтар миграциясын тежейтiн фактор жатады.

БТ аллергияға туберкулиндi реакция, контактылы дерматит, кейбiр аутоиммунды зақымданулардың түрлерi жатады.

ТТ аллергияда келесi дәрiлер топтары қолданылады:

1. Сенсибилизирленген мес жасушаларымен және базофилдерден гистаминнiң және басқа медиаторлардың босап шығуына кедергi жасайтын дәрiлер (глюко-кортикоидтар, кромолин – натрий, кетотифен, β-адреномиметикалық белсендiлiгi бар заттар (адреналин), эуфиллин).

2. Бос гистаминнiң оған сезiмтал ұлпалы рецепторлермен байланысуына кедергi жасайтындар: гистаминге қарсы дәрiлер – гистаминдi Н1-рецепторлардың блокаторлары (димедрол, дипразин).

3. Анафилактикалық шок типiндегi аллергияның жалпы байқалуларын жоятын дәрiлер: а) адреномиметиктер (адреналин) б) миотропты әсерлi спазмолитикер (эуфиллин)

4. Ұлпалардың зақымдануын төмендететiн дәрiлер. Бұл мақсатпен стероидты қабынуға қарсы дәрiлер қолданады.

БТ аллергияда препараттардың 2 тобы қолданылады: иммуногенездi тежейтiн және ұлпалардың зақымдануын тежейтiн дәрiлер.

Иммуногенездi тежейтін дәрiлер (жасушалы иммунитеттi тежейтiндер) – иммунодепрессанттар: глюкокортикоидтар, циклоспорин, цитоксикалық дәрiлер болып табылады.

Глюкокортикоидтардың иммунодепрессанты әсерi лимфоциттер пролиферация фазасының тежелуiмен байланыстырады.

Тиiмдi иммунодепрессант – циклоспорин (сандиммун). Ол пептидтi антибиотик болып табылады. Интерлейкиндер, γ-интерферон өнiмiн төмендетеді. ІҚТ баяу сіңіріледі.Ұлпаларды және мүшелердi орын алмастырғанда қолданады. Сондай-ақ аутоиммунды ауруларда қолдануну мүмкiн.

Цитотоксикалық заттарға алкилдеушi дәрiлер (циклофосфан), антиметаболиттер(азатиоприн, метотрексат, меркаптопурин) жатады. Иммунодепрессанты әсерi иммуноциттердiң бөлiнуiне тежегiш әсер етуiмен байланысты.

Иммунитеттi тежеу мақсатында азатиоприн қолданады. Продәрi болып табылады. Ағзада одан 6-меркаптопурин түзiледi, ол басқа метаболиттерге айналады. Азатиоприннiң уытты әсерiнiң негiзгi байқалуы-сүйек миiнiң функциясын тежелуi және лейкопенияның дамуы. Аутоиммунды ауруларда (ревматоидты полиартритте, қызыл жегi) қолданады.

Антигистаминдi дәрiлер (Н1-гистаминорецепторлердiң блокаторлары). Бұл дәрiлер гистаминге сезiмтал ұлпалар рецепторларын блокадалайды. Гистамин әсерлесетiн рецепторлардың негiзгi подтиптерi бар: Н1- және Н2 – рецептторлар. Н1- гистаминорецепторлердi қуаттандыру iшектiң бiрiңғай бұлшық еттерiн, бронхтардың, жатырдың жиырылуын шақырады. Гистаминдi Н2- рецепторлар асқазан бездерiнiң секреторлы белсендiлiгiн, жүректiң қызметiн реттеуге қатысады. Н1-рецепторлердi блокадалайтын гистаминге қарсы дәрiлер гистаминнiң келесi түрлерiн жояды: бронх, iшек, жатыр мускулатурасын жоғарлату, АҚ төмендету, гиперемия.

Химиялық құрылысы бойынша келесi қосылыстар қатарына жатады:

Этаноламиндер – димедрол (дифенгидрамин гидрохлориді, тавегил), Этилендиаминдер – супрастин (хлорапирамин), Фенотиазиндер – дипразин (прометазин гидрохлориді, пипольфен), Хинуклидин туындылары – фенкарол (квифенадин), Тетрагидрокарболиндер – диазолин (омерил), Пиперидин т-ры – терфенадин (селдан), лоратидин (кларитин).

Н1-гистаминорецепторлер басқа да қасиеттерге ие: мысалы: димедрол, дипразин, супрастин ОЖЖ-не тежегiш әсер көрсетедi (седативтi, ұйықтататын), тавегил, фенкарол, терфенадин, лоратидин шамалы седативтi әсерге ие. Диазолин ОЖЖ-не әсер етпейдi.

Көптеген дәрiлер анестезирлеушi қасиеттерге ие. Димедрол ганглиоблокаторллық қасиетке ие болып АҚ төмендетеді, кейбiр дәрiлердiң М – холиноблокаторлық қасиетi бар. Қарастырылған дәрiлер энтеральды және парэнтеральды енгізгенде жақсы сiңiрiледi. Димедролдың, супрастиннiң, дипразиннiң, фенкаролдың әсер етуi - 4-6 сағ., тавегилдiң - 8-12 сағ., терфенадиннің- 12-24 сағ., лоратидиннің – 24 сағ., диазолин – 2 тәулік және жоғары.

Қолдануы: есек жем, ангионевротикалық iсiну, ринит, конъюнктивит, антибиотиктердің әсерінен пайда болған аллергия, аз тиімді бронх демікпесінде, анафилактикалық шокта.

Дәрiлердi энтеральды, терi астына, бұлшық етке, күре тамырға енгiзедi.

Жанама әсерi: М – холиноблокаторлық қасиетке ие дәрiлер – ауыз құрғатады. Димедрол, дипразин, супрастин седативтi эффект көрсетедi, терфенадин аритмияның пайда болуына әкеледi. Қолдануға қарсы көрсеткіші: транспорт жүргiзушiлерi, абайлап – бүйрек, бауыр ауруларында.

Бір-бірімен әсерлесу: 1 буындағы антигистаминді дәрілер М-холиноблокаторлардың, синтетикалық тырысуға қарсы препараттардың, нейролептиктердің, үшциклді антидепрессанттардың, МАО ингибиторлерінің, паркинсонизмді емдейтін дәрілердің антихолинергтік әсерлерін потенцирлейді. Антигистаминді дәрілер гипнотикалық дәрілердің, седативті және ұйықтататын дәрілердің, транквилизаторлардың, нейролептиктердің, орталық әсерлі анальгетиктердің, алкогольдің орталық депрессивті әсерлерін күшейтеді.

Аллергияға қарсы дәрілердің қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін науқас жағдайының динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды.

Иллюстрациялы материалдар

5. Әдебиет:

Негізгі:

1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н.Фармакотерапия 1 и 2 том. Шымкент,2012 г.

2. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К. Фармакотерапия в кардиологии, Шымкент, 2012г.

3. Орманов Н.Ж., Садырханова Г.Ж., Орманова Л.Н., Мусахова М.О., Фармакотерапия в пульмонологии, Шымкент, 2012г.

4. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К., Орманова Л.Н., Сарманова Н.М., Фармакотерапия в ревматологии, Шымкент, 2013г.

5. Орманов Н.Ж., Орманов Т.Н., Садырханова Г.Ж., Фармакотерапия болезней органов пищеварения, Шымкент, 2013г.

6. Гузева В.И., Михайлов И.Б. Фармакотерапия нервных болезней у взрослых и детей. – М. Медицина 2002.

7. Шток В. Фармакотерапия в неврологии. – М. Медицина, 2005.

8. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г. Кукеса. – М.: Изд-во Моск. Мед. академия, 2008.

9. Клиническая фармакология . Национальное руководство + СД / под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.И. Петрова, В.К. Лепахина, Л.Е. Зиганшиной. – М., «Геотар – Медиа», 2008.- 1000 с. Электронные ресурсы.

10. Клиническая фармакология. Консультант врача. Электронная информационно –образовательная система на СД.- М., «Геотар – Медиа», 2008.

11. Белоусов Ю.Б. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002.

12. Белоусов Ю.Б., с соавт Клиническая фармакология и фармакотерапия. – М.: Медицина, 2001.

Қосымша:

1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н. Фармакология кесте мен сызбада, Шымкент,2011 жыл.

2. Орманов Т.Н. Дәрілердің өзара әсерлесуінің белсенділіктері,Шымкент, 2013 жыл.

3. Федюкович Н.И. Справочник по лекарственным препаратам. Минск, 2001.

4. Лепахин В.К. с соавт. Клиническая фармакология с международной номенклатурой лекарств. – М.: ГОЭТАР, 2002

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. Клиническая фармакология. – пер с англ. В 2-х т., М.: Медицина, 2002.

6. Середенин С.Б. Лекции по фармакогенетике. Учебное пособие. М., 2004.

7. Филипенко Н.Г., Поветкин С.В. Клиническая фармакология и фармакотерапия в таблицах, схемах и алгоритмах.- М., «Медицина», 2004-116 с.

8. Машковский М.Д. Лекарственные средства . пособие для врачей. М., 2005.

9. Крылова Ю.Ф. Взаимодействие лекарственных средств.М., 2005.

10. Волошин П.В., Тайцин В.И. Лечение сосудистых заболеваний головного и спинного мозга. – М., «МЕД-пресс-информ», 2005.

11. Дополнительное лекарственное обеспечение ( ДЛО) . Консультант врача. Электронно – информационная образовательная система для практикующих врачей на СД. Версия 2. – М., «Геотар – Медиа», 2007

12. Перевод с английского Левина О. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. М., 2007.

13. Левин О.С. Современные подходы к диагностике и лечению боли в спине. – Москва, 2008.

14. Клиническая фармакогенетика : уч. пособие / под ред. Н. П. Бочкова, В.Г. Кукеса – М, «Геотар-Медиа», 2007 – 248 с.

15. Ф.Леманн-Хокрн, А.Лудольф. Лечение заболеваний нервной системы. – Москва. МЕДпресс-информ. – М., 2004.

16. Штрибель Х.В. Терапия хронической боли. Практическое руководство. «ГЭО-ТАР - Медиа», 2006.

17. Эни С.Д., Койл Дж.Т. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. – М.: МИА, 2007.

18. Михайлов И.Б. Основы фармакотерапии детей и взрослых, руководство для врачей. М.: АСТ, СПб.: Сова, 2005.

19. Гудман Г., Гилман Г. Клдиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. – М.? «Практика», 2006г. – 1648с.

20. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса, А.К. Стародубцева /- М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2006.-640с.

21. Белоусов Ю.Б., Гуревич К.Г. Клиническая фармакокинетика. – М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2005.-288с.

22. Мартынов А.И., Мухин Н.А. Внутренние болезни.- М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2005.

23. Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних болезней. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2004.

6. Қорытынды сұрақтары:

1. «Қабыну үрдісі» түсініктемесіне анықтама.

2. «иммунотропты дәрі» түсініктемесіне анықтама.

3. «аллергия» түсініктемесіне анықтама.

4. Аллергияның негізгі медиаторы және олардың патофизиологиялық эффектілері.

5. Қабыну және аллергия процесімен пайда болатын ауруларды атау

Кредит № 2

Дәріс №4

1. Тақырыбы:Инфекциялық – қабыну аурулардың үнемді антибактериалды терапиясының негізгі принциптері

2. Мақсаты:Студенттердіинфекциялық – қабыну аурулардың үнемді антибактериалды терапиясының негізгі принциптерімен таныстыру.

3. Дәріс тезистері.Микробқа қарсы қасиеттерге ие дәрілік құралдарды екі топқа бөледі. Бірінші топқа таңдамалы микробқа қарсы әсерге ие емес препараттар жатады. Оларға антисептиктермен дезинфекциялық заттар жатады.

Антисептиктерді негізінен беттік ұлпаларға сыртқа жағады. Концентрациясына байланысты олар бактериостатикалық әсер етеді. Дезинфекциялық құралдар медициналық құралдарды, аппаратураларды, бөлмелерді, ыдыстарды, науқастардың бөлінулерін залалсыздандыру қолданады. Олар бактерицидті концентрацияда қолданады.

Антисептиктермен дезинфекциялық құралдар микроорганизмдер, қарапайымдылар және саңырау-құлақтар қатынасында кең спектрлі әсерге, жоғары белсенділікке ие болуы керек.

Антисептиктерге қойылатын негізгі талап: ұлпаларға жергілікті теріс әсерінің жоқтығы, енгізген жерден сіңірілудің аздығы, аллергиялық әсерінің жоқтығы және уыттылықтың төмен болуы болып табылады.

Дезинфекциялық заттар өңделетін заттарды зақымдамау керек. Антисептиктер белсенділігін бағалаудың критериі фенолды коэффициент болып табылады.

Әртүрлі антисептиктермен дезинфекциялық заттардың әсер ету механизмі бірдей емес және ақзаттардың денатурациясымен, плазматикалық мембрананың өткізгіштігінің бұзылысымен, микроорганизмдердің өмір сүруіне маңызды ферменттердің тежелуімен байланысты.

Химиялық түрде препараттар келесі топтарға жатады: 1) детергенттер: церигель 2) бигуанидтер: хлоргексидин 3) нитрофуран туындылары: фурацилин 4) фенолмен оның туындыларының топтары: таза фенол, резорцин, қайын қара майы 5) бояғыштар: бриллиант жасылы, метилен көгі, этакридин лактаты 6) галлогенқұрамды қосылыстар: Б хлорамині, йодтың спиртті ерітіндісі 7) метал қосылыстары: сынап дихлориді, күміс нитраты, мырыш тотығы, сары сынап тотығы, мыс сульфаты, мырыш сульфаты 8) тотықтырғыштар: сутек асқын тотығының ерітіндісі, калий перманганаты 9) Альдегидтермен спирттер: формальдегид ерітіндісі, этил спирті 10) қышқылдармен негіздер: бор қышқылы, аммиак ерітіндісі.

Инфекциялық және паразиттік ауруларды химиотерапевтикалық дәрілермен емдеуі “химиотерапия” терминімен белгіленеді.

Антибактериалды химиотерапевтикалық дәрілерге келесі топтар жатады: 1) антибиотиктер 2) сульфаниламидті препараттар 3) химиялық құрылысы әртүрлі синтетикалық антибактериалды дәрілер 4) мерезге қарсы дәрілер 5) туберкулезге және лепраға қарсы дәрілер.

Антибиотиктер деп – микроорганизмдерге таңдамалы зақым келтіретін немесе жоятын биологиялық текті химиялық құралдарды айтады. Медициналық практикада қолданатын антибиотиктер микроорганизмдерден және саңырауқұлақтардан алынады. Кейбір препараттар синтетикалық және жартылай синтетикалық жолмен алынады.

Антибиотиктердің жіктелуінде әртүрлі принциптер қолданылады. Біріншіден антибиотиктерді химиялық құрылысына және қасиеттеріне байланысты жіктейді: 1) пенициллиндер 2) цефалоспориндер 3) макролидтер 4) тетрациклиндер 5) аминогликозидтер 6) хлорамфеникол тобы 7) полимиксиндер 8) линкозаминдер.

Микробтарға қарсы спектрі бойынша келесі топтарға бөлінуі мүмкін: 1) грам оң микрофлораға әсер ететін антибиотиктер (бензилпенициллиндер, эритромицин тобының препараттары) 2) әсер ету спектрі кең антибиотиктер (цефалоспориндер, тетрациклиндер, левомицетин препараттары, аминогликозидтер) 3) грам теріс микрофлораға әсер ететін антибиотиктер (полимиксиндер).

Антибиотиктер әсеріне байланысты бактериостатикалық (микроорганизмдердің өсіп дамуын тежейтін) немесе бактерицидті (микроорганизмдердің өлімін пайда ететін) эффект көрсетеді.

Антибиотиктер әсер ету механизмдеріне байланысты да бөлінеді: 1) бактериялардың клетка қабырғасының синтезін бұзады (пенициллиндер, цефалоспориндер) 2) цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін бұзады (полимиксиндер) 3) клеткаішілік белок синтезін тежейді (тетрациклиндер, левомицетин тобы, аминогликозидтер, макролидтер) 4) РНК синтезін бұзады (рифампицин).

Пенициллиндер.Олар бөлінеді: 1) табиғи пенициллиндер 2) изоксазолилпенициллиндер 3) аминопенициллиндер 4) карбоксипенициллиндер 5) уреидопенициллиндер. Барлық пенициллиндердің фармакодинамикасы бірдей. Олар микробтардың қабырғасының түзілуін митоз кезінде бұзады. Бактерицидті әсер көрсетеді.

Табиғи пенициллиндер (бензилпенициллин калий, натрий, новокаин тұзы, бициллин-1, бициллин-5, феноксиметилпенициллин). Фармакокинетикасы. Барлық бензилпенициллиндер қышқылға тұрақсыз болып табылады, сондықтан асқазанда тұз қышқылының әсерінен бұзылады. Сонымен бірге олар ішек микрофлорасымен өндірілетін бета-лактамаза әсерінен инактивацияланады. Бензилпенициллиндерді тері астына, бұлшық етке, ал бензилпенициллин натрий тұзын, сонымен бірге күре тамырға, эндолюмбальды және қуысқа енгізеді.

Жағымсыз әсерлері: табиғи пенициллиндердің уыттылығы аз, бірақ жиі және кең таралған жанама әсерлерінің бірі тез және баяу типті аллергиялық реакциялар болып табылады.

Қарсы көрсеткіштері: пенициллин және цефалоспорин тобының антибиотиктеріне гиперсезімталдық..

Изоксазолилпенициллиндер (клоксацилин, оксацилин, флуоксациллин).

Бір-бірімен әсерлесу: пенициллин тобының дәрілері аминогликозидтер, монобактамдар, цефалоспориндер секілді антибиотиктердің синергистері болып табылады. Пенициллин тобының антибиотиктері келесі антибиотиктермен сыйымсыз: макролидтермен, М полимиксинімен, тетрациклинмен, сонымен бірге түйінді диуретик фуросемидпен, бутадионмен, глюкокортикоидтарымен.

Цефалоспориндер (1буын цефалоспориндері: цефалексин, цефрадин, цефалотин, цефазолин; 2 буын цефалоспориндері: цефаклор, цеуроксим-аксетш, цефуросим, цефамандол, цефотетан; 3 буын цефалоспориндері: цефиксим, цефлодоксим, цефотаксим, цефтриаксон, цефтазидим; 4 буын цефалоспориндері: цефпиром, цефитим).

Жанама әсерлері: аз уытты болып 1 буын цефалоспориндері болып табылады, сондықтан оларды жиі амбулаторлық практикада қолданады (цефалотин және цефалоридиннен басқа). 2, 3, 4 буын цефалоспориндері жоғары уытты және ереже бойынша негізінен клиникалық жағдайларда қолданады. Одним из наиболее опасных побочных эффектов цефалоспоринов является их способность вызывать суперинфекцию.

Қарсы көрсеткіштері: цефалосориндер және пенициллиндер тобының антибиотиктеріне гиперсезімталдық, аллергиялық реакциялар.

Бір-бірімен әсерлесу: 1 буын цефалоспориндерін нефроуытты әсерге ие дәрілермен қиыстырмайды. Подаграны емдейтін пробенецид несеппен бірге цефадроксил, цефуроксим, цефамандол, цефотаксим секілді препараттардың бөлінуін азайтады, сөйтіп ағзада олардың кумуляциясын қамтамасыз етеді.

Бір шприцте цефалоспориндерді антибиотик-аминогликозидтермен және фосфодиэстераза ингибиторы эуфиллинмен бірге енгізуге болмайды.

Карбапенемдер. Оның 2 буыны бар. 1-ші буынына: имипенем, тиенам, примаксин; 2-ші буынына: меропенем жатады.

Бір-бірімен әсерлесу: карбапенемдерді басқа бэтта-лактамды антибиотиктермен бірге енгізуге болмайды (антагонизм пайда болады).

Жанама әсерлері: аллергиялық реакциялар, суперинфекция, нефротоксикалық

Монобактамдар. Оларға азтреонам жатады.

Бір-бірімен әсерлесу: азтреонамды бір шприцпен басқа дәрілермен енгізуге болмайды (химиялық әсерлесу).

Аминогликозидтерге (1-ші буын: стрептомицин, неомицин, мономицин, канамицин; 2-ші буын: гентамицин, сизомицин, тобрамицин; 3-ші буын: амикацин, нетилмицин; 4-ші буын: изепамицин) жатады.

Жанама әсерлері: аллергиялық реакциялар, ототоксикалық, нефротоксикалық.

Бір-бірімен әсерлесу: аминогликозидтермен бірге келесі топ дәрілерін енгізуге болмайды: миорелаксанттар, антидепрессанттар, линкомицин, клиндамицин антибиотиктерімен, құрамында магний бар дәрілермен (жүйке бұлшық ет бөгетінің дамуына байланысты), оттотоксикалық дәрілермен бірге, нефротоксикалық дәрілермен бірге.

Тетрациклиндер. Оларға жатады: тетрациклин, окситетрциклин, доксициклин, метациклин, миноциклин.

Жанама әсерлері: қан жасушаларына тежегіш әсер, сперматогенезді бұзады, диспипсия, ағзадағы синтезын бұзады, сүйекпен тістің дамуын бұзады, гепато және нефротоксикалық әсері.

Бір-бірімен әсерлесу: тетрациклиндер келесі дәрілермен тиімсіз: аминогликозидтермен, левомицетин тобының антибиотиктерімен, тікелей емес антикоагулянтормен, миорелаксанттармен, диабетке қарсы дәрілермен.

Макролидтермен азалидтерге (эритромицин, олеандомицин, рокситромицин, диритромицин, азитромицин, спирамицин, мидекамицин) жатады.

Жанама әсерлері:аз уытты дәрілер болып табылады, кей кезде диспепсиялық әсерлер, холестаз, стоматит, гингивит пайда болуы мүмкін.

Бір-бірімен әсерлесу: макролидтерді кұрамында алюминий және магний бар антацидті дәрілермен бірге беруге болмайды, себебі антибиотиктердің сіңірілуін азайтады.

Линкозамидтерге (линкомицин және клиндамицин) жатады.

Жанама әсерлері: диспепсия, аллергия, гепатотоксикалық, гематотоксикалық, псевдомембранозды колит.

Бір-бірімен әсерлесу: линкозамидтерді жүйке бұлшық ет берілуді бұзатын препараттармен, антигипертензивті дәрілермен бірге беругі болмайды, себебі тыныс бұлшық еттердің тежелуі және артериялық қысым күрт жоғарылауы мүмкін.

Антибактериалды дәрілердің қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін науқас жағдайының динами-касын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды.

Иллюстрациялы материалдар

5. Әдебиет:

Негізгі:

1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н.Фармакотерапия 1 и 2 том. Шымкент,2012 г.

2. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К. Фармакотерапия в кардиологии, Шымкент, 2012г.

3. Орманов Н.Ж., Садырханова Г.Ж., Орманова Л.Н., Мусахова М.О., Фармакотерапия в пульмонологии, Шымкент, 2012г.

4. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К., Орманова Л.Н., Сарманова Н.М., Фармакотерапия в ревматологии, Шымкент, 2013г.

5. Орманов Н.Ж., Орманов Т.Н., Садырханова Г.Ж., Фармакотерапия болезней органов пищеварения, Шымкент, 2013г.

6. Гузева В.И., Михайлов И.Б. Фармакотерапия нервных болезней у взрослых и детей. – М. Медицина 2002.

7. Шток В. Фармакотерапия в неврологии. – М. Медицина, 2005.

8. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г. Кукеса. – М.: Изд-во Моск. Мед. академия, 2008.

9. Клиническая фармакология . Национальное руководство + СД / под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.И. Петрова, В.К. Лепахина, Л.Е. Зиганшиной. – М., «Геотар – Медиа», 2008.- 1000 с. Электронные ресурсы.

10. Клиническая фармакология. Консультант врача. Электронная информационно –образовательная система на СД.- М., «Геотар – Медиа», 2008.

11. Белоусов Ю.Б. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002.

12. Белоусов Ю.Б., с соавт Клиническая фармакология и фармакотерапия. – М.: Медицина, 2001.

Қосымша:

1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н. Фармакология кесте мен сызбада, Шымкент,2011 жыл.

2. Орманов Т.Н. Дәрілердің өзара әсерлесуінің белсенділіктері,Шымкент, 2013 жыл.

3. Федюкович Н.И. Справочник по лекарственным препаратам. Минск, 2001.

4. Лепахин В.К. с соавт. Клиническая фармакология с международной номенклатурой лекарств. – М.: ГОЭТАР, 2002

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. Клиническая фармакология. – пер с англ. В 2-х т., М.: Медицина, 2002.

6. Середенин С.Б. Лекции по фармакогенетике. Учебное пособие. М., 2004.

7. Филипенко Н.Г., Поветкин С.В. Клиническая фармакология и фармакотерапия в таблицах, схемах и алгоритмах.- М., «Медицина», 2004-116 с.

8. Машковский М.Д. Лекарственные средства . пособие для врачей. М., 2005.

9. Крылова Ю.Ф. Взаимодействие лекарственных средств.М., 2005.

10. Волошин П.В., Тайцин В.И. Лечение сосудистых заболеваний головного и спинного мозга. – М., «МЕД-пресс-информ», 2005.

11. Дополнительное лекарственное обеспечение ( ДЛО) . Консультант врача. Электронно – информационная образовательная система для практикующих врачей на СД. Версия 2. – М., «Геотар – Медиа», 2007

12. Перевод с английского Левина О. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. М., 2007.

13. Левин О.С. Современные подходы к диагностике и лечению боли в спине. – Москва, 2008.

14. Клиническая фармакогенетика : уч. пособие / под ред. Н. П. Бочкова, В.Г. Кукеса – М, «Геотар-Медиа», 2007 – 248 с.

15. Ф.Леманн-Хокрн, А.Лудольф. Лечение заболеваний нервной системы. – Москва. МЕДпресс-информ. – М., 2004.

16. Штрибель Х.В. Терапия хронической боли. Практическое руководство. «ГЭО-ТАР - Медиа», 2006.

17. Эни С.Д., Койл Дж.Т. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. – М.: МИА, 2007.

18. Михайлов И.Б. Основы фармакотерапии детей и взрослых, руководство для врачей. М.: АСТ, СПб.: Сова, 2005.

19. Гудман Г., Гилман Г. Клдиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. – М.? «Практика», 2006г. – 1648с.

20. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса, А.К. Стародубцева /- М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2006.-640с.

21. Белоусов Ю.Б., Гуревич К.Г. Клиническая фармакокинетика. – М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2005.-288с.

22. Мартынов А.И., Мухин Н.А. Внутренние болезни.- М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2005.

23. Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних болезней. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2004.

6. Қорытынды сұрақтары:

1. Келесі терминдерге анықтама беру:

a. дезинфекция және дезинфекциялық құрал;

b. антисептика және антисептикалық құрал.

2. Антисептиктермен дезинфекциялық құралдарға қойылатын талаптар.

3. «антибиотик» терминіне анықтама.

1. «таңдамалы антибиотик», «резервтегі антибиотик» түсініктемелердің анықтамасы.

2. Инфекцияның әсерінен пайда болатын ауруларды атау.

 

Кредит № 2

Дәріс №5

1. Тақырыбы: Бронхөкпе жүйесі ауруларының фармакотерапиясы үшін дәрілерді таңдаудағы клинико-фармакологиялық жолдардың принциптері

2. Мақсаты:Студенттердібронхөкпе жүйесі ауруларының фармакотерапиясы үшін дәрілерді таңдаудағы клинико-фармакологиялық жолдардың принциптері таныстыру

Дәріс тезистері.

Тыныс алу мүшелерінің функциясына әсер ететін дәрілерге бірнеше дәрілік топтар жатады:

1. Тыныс алу қуаттандырғыштары

2. Жөтелге қарсы дәрілер

3. Қахырық түсіретін дәрілер

4. Бронх демікпесінде қолданатын дәрілер

5. Өкпе ісінуінде қолданатын дәрілер

 

Тыныс алуды қуаттандыратын дәрілер

Тыныс алуды қуатандыратын дәрілер негізгі әсер ету бағыты бойынша келесі топтарға бөлінеді:

Тыныс алу орталығын тікелей активтендіретін дәрілер – бемегрид, этимизол, кофеин.

Тынысты рефлекторлы түрде қуаттандыратын дәрілер (Н – холиномиметиктер) – цититон, лобелин гидрохлориді.

Аралас әсерлі дәрілер – көмір қышқылы, кордиамин.

Жөтелге қарсы дәрілер

Бұл топтағы препараттар құрғақ, ауырсыну сезімін пайда ететін, азапты жөтелде қолданылады. Әсер ету механизміне байланысты препараттарды екі топқа бөлеміз: 1) орталық әсерлі дәрілер 2) шеткерлік әсерлі дәрілер. Орталық әсері бар дәрілердің әсер ету механизмі. Сопақша мидағы жөтел рефлексінің орталық бөлімдеріне тежеуші әсер көрсетеді. Бұл топ екі топшаға бөлінеді: 1) наркотикалық әсері бар жөтелге қарсы дәрілер – кодеин және оның препараттары (жөтелге қарсы таблеткалар, пенталгин, кодтерпин), этилморфин гидрохлориді 2) бейнаркотикалық жөтелге қарсы таблеткалар – окселадин цитраты (тусупрекс, пакселадин), бутамират (стоптуссин), глауцин гидрохлориді (глаувент).

Қақырық түсіретін дәрілер

Қақырықты түсіретін дәрілер бронхтың шырышты секрециясын және сұйылтуын жоғарылатып, оның жөтел кезінде шығуын жеңілдетеді. Қолдану көрсеткіштері: көбінесе қабыну процестерімен жүретін бронх-өкпе ауруында, бронх демікпесенде.

Қақырық түсіретін дәрілерді бірнеше топқа бөлуімізге болады: 1) рефлекторлы әсер ететін препараттарға ақмия препараттарын (тұнба, экстракт), жалбыз тікен, жалаң ми препараттарын жатқызамыз. Осы өсімдіктердегі алкалоидтарды ішке енгізгенде асқазан рецепторлерінің тітіркенуін пайда етіп, бронх бездерінің секрециясын рефлекторлы түрде жоғарылатады, сонымен бірге жыпылықтаушы эпителий активтілігі жоғарылап, бронх бұлшық еттерінің жиырылуы күшейеді. Қақырық көп, сұйық болып жөтелмен шығарылуы жеңілденеді. Үлкен дозада бұл препараттар рефлекторлы түрде құсуды пайда ету мүмкін. Бірақ олар бұл мақсатпен қолданбайды. Ішке 30 минут тамақ алдында белгіленеді. 2) тікелей әсер ететін препараттарға ккалий иодидін, натрий иодидін, натрий гидрокарбонатын, солутан, бронхосан препараттарын, эфир майларын жатқызамыз. Әсер ету механизмі. Тікелей бронхтың кілегейлі қабығының бездеріне әсер етіп, олардың секрециясын жоғарылатады. Бұл препараттарды ішке және ингаляциялық жолдармен енгізеді. 3) Муколитиктер. Олар екі топшаға бөлінеді: А) қахырықты сұйылтатын дәрілер. Оларға муколитикалық ферменттер: ацетилцистеин, трисин, химотрипсин, карбоцистеин жатады. Әсер ету механизмі. Қақырықтың белоктарын және басқа молекулаларын ыдыратып, оның сұйылтуына әкеледі. Бұл дәрілерді ингаляциялық жолмен енгізеді. Б) Сурфактанттың пайда болуына әсер ететін дәрілер. Оларға: бромгексин (солвин), амброксол (амбробене, лазолван) жатады. Бұл препараттар бронх бездерінде синтезделінетін сурфактанттардың секрециясын жоғарылатып, қахырықтың бронхтармен жылжуын жақсартады. Көбінесе ішке таблетка және драже түрінде енгізеді.

Бронх демікпесінде қолданатын дәрілер

Брох демікпесін алдын-алу үшін және бронхоспазмды жою үшін қолданатын дәрілер топтарының бірі бронхтарды кеңейтін (бронхолитикалық) дәрілер болып табылады. Бронхолитикалық дәрілер ретінде келесі топтар қолданады:

Адреномиметиктер мен симпатомиметиктер

А. a,β – адреномиметиктер – адреналин гидрохлориді

Б. Симпатомиметиктер – эфедрин гидрохлориді, солутан, теофедрин

В. Β – адреномиметиктер

а) β – адреномиметиктер

β1β2 – адреномиметиктер – орципреналин сульфаты, изопреналин гидрохлориді (изадрин)

β2 – адреномиметиктер – сальбутамол, фенотерол, тербуталин, гексопреналин сульфаты, сальметерол, формотерол

М – холиноблокаторлар

А. Таңдамалы әсер көрсететін – ипратропиум бромиді

Б. Таңдамалы емес әсер көрсететін – атропин сульфаты, платифиллин гидротартраты

3. Миотропты әсерлі спазмолитиктер – теофиллин, теопек, эуфиллин(амнофиллин), теофедрин

Өкпе ісінуінде қолданатын дәрілер

Өкпе ісінуі жүрек-тамыр жүйесінің ауруларында, химиялық заттармен өкпенің зақымдануында, бірқатар инфекциялық ауруларда, бүйрек, бауыр патологияларында, ми ісінуінде дамуы мүмкін.

Өкпе ісінуінің негізгі патогенетикалық терапиясы

1. Артериялық қысым жоғары жағдайында өкпе ісінуін төмендеті үшін артериялық қысымын түсіру негізгі мақсат болып табылады. Осы мақсатпен ганглиоблокаторлар (пентамин, бензогексоний, гигроний), миотропты әсерлі тамыркеңейткіш дәрілер (натрий нитропруссиді, нитроглицерин), α – адреноблокаторлар (фенотоламин) қолданады.

2. Қысым қалыпты болғанда өкпе ісінуін азайту үшін дегидратациялық (маннит) және несеп айдайтын (фуросемид, этакрин қышқылы) қолданады.

3. Альвеоланың ісінуінде оның қуысында пайда болатын көбік – гипоксияны пайда етеді. Бұл жағдайда көбікті басатын дәрілер қолданады. Этил спирті ингаляциялық жолмен енгізілгенде ол көпіршіктерді сұйықтыққа айналдырады. Кемшілігі - тыныс алу жолдарына тітіркендіргіш әсер көрсету мүмкін.

4. Өкпе ісінуін емдеуде қабынуға қарсы және иммунодепрессивті әсерлері бар глюкокортикоидтар (преднизолон гемисукцинаты) қолданылады.

5. Өкпе ісінуінің барлық жағдайларында оксигенотерапия емдеу әдісі қолданылады (оттегімен).

6. Өкпе ісінуінде кейбір жағдайларда, мысалы жүректің жетіспеушілігінде жүрек гликозидтері (коргликон, строфантин К) қолданылуы мүмкін.

7. Жедел өкпе ісінуінде наркотикалық анальгетиктер де (морфин, фентанил) қолданылуы мүмкін. Олар шеткерлік артериялармен веналардың кеңеюін пайда етіп, қан айналымның кіші шеңберіндегі қысымның төмендеуіне әкеледі.

Дәрілердің бір-бірімен әсерлесуі: антацидтер абсорбцияның шамасына әсер етпей, теофиллининнің сіңірілу жылдамдығын азайтады. Бұл слофиллин және теодур дәрілеріне жатпайды. Теофиллин дәрілерін бета2 – адреномиметиктермен бірге бергенде олардың бронходилатациялық әсерлерінің синергизмі байқалады. М-холиноблокаторларды бета2 – адреномиметиктермен және ксантиндермен бірге бір уақытта бергенде олардың бронхолитикалық әсерлері потенцирленеді. Кетотифен ұйықтататын, седативті, антигистаминді дәрілердің және этанолдың әсерлерін күшейту мүмкін, диабетке қарсы дәрілермен қиыстырғанда тромбоцитопения қаупі жоғарылайды. Кромогликат натрий бромгексин және амброксолмен сыйымсыз (ингаляция түрінде). Ұзақ әсерлі бета2 – адреномиметиктер (салметерол, формотерол) және ингаляциялық глюкокортикоидтар комплементарлы әсерге және синергизмге ие.

Бронхөкпе жүйесі ауруларының фармакотерапиясы үшін дәрілердің қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін науқас жағдайының динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды.

Иллюстрациялы материалдар

5. Әдебиет:

Негізгі:

1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н.Фармакотерапия 1 и 2 том. Шымкент,2012 г.

2. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К. Фармакотерапия в кардиологии, Шымкент, 2012г.

3. Орманов Н.Ж., Садырханова Г.Ж., Орманова Л.Н., Мусахова М.О., Фармакотерапия в пульмонологии, Шымкент, 2012г.

4. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К., Орманова Л.Н., Сарманова Н.М., Фармакотерапия в ревматологии, Шымкент, 2013г.

5. Орманов Н.Ж., Орманов Т.Н., Садырханова Г.Ж., Фармакотерапия болезней органов пищеварения, Шымкент, 2013г.

6. Гузева В.И., Михайлов И.Б. Фармакотерапия нервных болезней у взрослых и детей. – М. Медицина 2002.

7. Шток В. Фармакотерапия в неврологии. – М. Медицина, 2005.

8. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г. Кукеса. – М.: Изд-во Моск. Мед. академия, 2008.

9. Клиническая фармакология . Национальное руководство + СД / под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.И. Петрова, В.К. Лепахина, Л.Е. Зиганшиной. – М., «Геотар – Медиа», 2008.- 1000 с. Электронные ресурсы.

10. Клиническая фармакология. Консультант врача. Электронная информационно –образовательная система на СД.- М., «Геотар – Медиа», 2008.

11. Белоусов Ю.Б. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002.

12. Белоусов Ю.Б., с соавт Клиническая фармакология и фармакотерапия. – М.: Медицина, 2001.

Қосымша:

1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н. Фармакология кесте мен сызбада, Шымкент,2011 жыл.

2. Орманов Т.Н. Дәрілердің өзара әсерлесуінің белсенділіктері,Шымкент, 2013 жыл.

3. Федюкович Н.И. Справочник по лекарственным препаратам. Минск, 2001.

4. Лепахин В.К. с соавт. Клиническая фармакология с международной номенклатурой лекарств. – М.: ГОЭТАР, 2002

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. Клиническая фармакология. – пер с англ. В 2-х т., М.: Медицина, 2002.

6. Середенин С.Б. Лекции по фармакогенетике. Учебное пособие. М., 2004.

7. Филипенко Н.Г., Поветкин С.В. Клиническая фармакология и фармакотерапия в таблицах, схемах и алгоритмах.- М., «Медицина», 2004-116 с.

8. Машковский М.Д. Лекарственные средства . пособие для врачей. М., 2005.

9. Крылова Ю.Ф. Взаимодействие лекарственных средств.М., 2005.

10. Волошин П.В., Тайцин В.И. Лечение сосудистых заболеваний головного и спинного мозга. – М., «МЕД-пресс-информ», 2005.

11. Дополнительное лекарственное обеспечение ( ДЛО) . Консультант врача. Электронно – информационная образовательная система для практикующих врачей на СД. Версия 2. – М., «Геотар – Медиа», 2007

12. Перевод с английского Левина О. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. М., 2007.

13. Левин О.С. Современные подходы к диагностике и лечению боли в спине. – Москва, 2008.

14. Клиническая фармакогенетика : уч. пособие / под ред. Н. П. Бочкова, В.Г. Кукеса – М, «Геотар-Медиа», 2007 – 248 с.

15. Ф.Леманн-Хокрн, А.Лудольф. Лечение заболеваний нервной системы. – Москва. МЕДпресс-информ. – М., 2004.

16. Штрибель Х.В. Терапия хронической боли. Практическое руководство. «ГЭО-ТАР - Медиа», 2006.

17. Эни С.Д., Койл Дж.Т. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. – М.: МИА, 2007.

18. Михайлов И.Б. Основы фармакотерапии детей и взрослых, руководство для врачей. М.: АСТ, СПб.: Сова, 2005.

19. Гудман Г., Гилман Г. Клдиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. – М.? «Практика», 2006г. – 1648с.

20. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса, А.К. Стародубцева /- М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2006.-640с.

21. Белоусов Ю.Б., Гуревич К.Г. Клиническая фармакокинетика. – М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2005.-288с.

22. Мартынов А.И., Мухин Н.А. Внутренние болезни.- М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2005.

23. Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних болезней. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2004.

6. Қорытынды сұрақтары:

1. Тынысты реттеуге қатысатын орталықтар

2. Н-холинорецепторлердің орналасуы

3. Бронхта орналасатын рецепторлер

4. Өкпе ісінуін пайда ететін факторлар

5. Бронхөкпе жүйесі ауруларын атау

КРЕДИТ № 3

Дәріс №1

1. Тақырыбы: Жүректің ишемия ауруы және артериалды гипертония фармакотерапиясы үшін дәрілерді таңдаудағы клинико-фармакологиялық жолдың принциптері

2. Мақсаты:Студенттердіжүректің ишемия ауруы және артериалды гипертония фармакотерапиясы үшін дәрілерді таңдаудағы клинико-фармакологиялық жолдың принциптері жүрек тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілермен таныстыру

3. Дәріс тезистері.Жүректің ишемия (тәж) ауруы – миокардтың қанмен қамтамасыз етілуі жетіспеушілігімен қамтылған патологиялық процесс. Оныңнегізгіклиникалықформалары – стенокардия, миокард инфарктысы және коронарогенді (атеросклеротикалық) кардиосклероз. Антиангинальды дәрілер: I Миокардтың оттегiне деген қажеттiлiгiн азайтатын және оның қанмен қамтамасыз ететiн құралдар: 1) Органикалық нитраттар: а) қысқа уақыт әсерлi нитроглицерин препараттары-нитроглицерин; б) ұзақ уақыт әсерлi нитроглицерин препараттары- нитроминт, нит-рет, тринитролонг, нитронг, сустак, нитродерм; в) нитроглицерин туындылары: Изосорбид динитраты (нитросорбид), изосорбид мононитраты (изомокад), эринит (диклоран); 2) Кальций антагонистерi: Нисредипин (фенигидин, коринфар), верапамил (изоптин), дилтиазем (ангизен, кардил), амлодипин (норвакс); 3) Әртүрлi құралдар – Амиодарон (кордарон); II. Миокардтың оттегiне деген қажеттiлiгiн азайтатын құралдар (β – адреноблокаторлар (АБ-лар)): Анаприлин (Пропранолол), метопролол (беталок), талинолол (корданум), окспренолол (тразикор). III. Миокардтың қанмен қамтамасыз етуiн жақсартатын құралдар: а) Миотропты әсерлi тәжкеңейткiш құралдар: Дипиридамол (Курантил, персантин), молсидомин (корватон), карбокромен (интенкордин), дротаверин (но-шпа), папаверин гидрохлориді; б) рефлекторлы әсерлi тәжкеңейткiш құралдар: валидол.

Нитроглицериннің аэрозолінің қолдануы: стенокардия ұстамасы, кардиальды демікпе, өкпе ісінуі.

Күре тамырға арналған нитролгицериннің қолдану көрсеткіші: тұрақсыз стенокардия, миокард инфарктісі, стенокардияның вазоспастикалық формасы, жедел солқарыншалық жетімсіздік, созылмалы қан айналымының жетіспеушілігінің ауыр ағымы.

Күре тамырға енгізілген нитроцлицериннің жанама әсерлері: артериалды гипотензия, бас ауру, синусты брадикардия, синусты тахикардия.

Карсы көрсеткіші: аллергиялық реакциялар және нитроглицеринге гиперсезімталдылық, артериалды гипотензия, ми қан айналымының бұзылысы.

Басқа дәрілермен нитраттардың бір-бірімен әсерлесуі: барбитураттар, бауырдың микросомальды ферменттердің белсенділігін жағарылата отырып, нитраттардың метаболизмін күшейтіп, олардың тиімділігін азайтады. М-холиноблокаторлар, альфа-адреномиметиктер, питуитрин, дигидроэрготамин нитраттардың әсерлерін әлсіздендіреді.

Антиангиналды дәрілердің қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін науқас жағдайының динами-касын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды

Гипертониялық ауруы – артериялық қысымның жоғары болатын жағдайын айтамыз. Гипертониялық криз гипертониялық ауру кезінде пайда болады. Гипертониялық криздің негізгі үш варианты бар: гипертензивті кардиальды криз, церебральды ангиогипнотикалық криз және церебральды ишемиялық криз. Антигипертензивтi құралдар. I. Нейротропты құралдар: 1) Вазомоторлы орталықтардың тонусын төмендететiн құралдар: Клонидин (клофелин), метилдофа (допегит), гуанфацин (эстулик); 2) Симпатолитиктер: резерпин және резерпинi бар препараттар (раунатин, адельфан), гуанетидин (октадин); 1) АБ-лар: А) a- АБ – празозин (α1); Б) a1, a2 -АБ – фентоламин, тропафен; В) β- АБ: а) β 1, β 2 - АБ (кардиоселективтi емес): пропранолол гидрохлорид (анаприлин), пиндолол (вискен), надолол, окспренолол; б) β 1 АБ (кардиоселективтi): атенолол, метопролол (беталок), талинолол; в) α, β-АБ – лабеталол; 3) Ганглиоблокаторлар: бензогексоний, пентамин. II. Миотропты құралдар: 1) Артериолаларды кеңейтетiн құралдар: Гидралазин (апрессин); 2) Артериолаларды және венулаларды кеңейтетiн құралдар; 3) Натрий нитропруссидi; 4) Әртүрлi құралдар: Магний сульфаты, дибазол. III. Калий өзектерiнiң (каналшаларының) активаторлары: Миноксидил, диазоксид. IV. Кальций антагонистерi: Верапамил (изоптин), нифедипин (фенигидин). V. Ренин – ангиотензин жүйесiне әсер ететiн құралдар: 1) ангиотензин II синтезiн ингибиторлерi (тежеушiлерi): Каптоприл (тензиомин), эналаприл (энап), трандолаприл (гоптен), периндоприл (коверекс); 2) Ангиотензин рецепторлерының блокаторлары: Саралазин (лозартан). IV. Су – тұз алмасуына әсер ететiн құралдар (диуретиктер): Гидрохлортиазид (дихлотиазид), фуросемид, этакрин қышқылы (урегит), клопамид, спиронолактон (верошпирон).

Бета-блокаторлардың қолдану көрсеткіштері: эссенциалды немесе симтоматикалық артериалды гипертензия, созылмалы жүректің ишемия аурулары, жүрек ритімінің бұзылысы, гипертрофикалық обструктивті кардиомиопатия, тиреотоксикоз, ашықбұрышты глаукома, туу қызметін қуаттандыру, мигрень.

Жанама әсерлері: брадикардия, бромхоспазм, гипогликемия, буын тамырларының спазма, липидті алмасудың бұзылысы, жүкті жатыр тонус жоғарылауы, диспепсия, импотенция, доғару симптомы.

Дәрілердің бір-бірімен әсерлесуі:

1. Үнемді киыстыру:

а) артериалды гипертонияны емдеу үшін бета-блокаторлармен, несеп айдайтын дәрілермен, ААФ ингибиторлерімен, нифедипин тобындағы кальций ионының антагонистерімен;

б) аритмияні емдеу үшін хинидинмен, новокаинамидпен, этмозинмен, ритмиленмен.

2. Үнемсіз киыстыру:

а) жүрек гликозидтерімен; б) антидепрессантармен; в) холинэстераза ингибиторлерімен; г) симпатолитиктермен; д) инсулинмен және синтетикалық диабетке қарсы дәрілермен; е) кальций ионының антигонистерімен; ж) М-холиноблокаторлармен.

Бета- блокаторлармен артериялық қысымның ұзақ монотерапиясы үшін көрсеткіштер: сол қарыншаның миокард гиперторофиясы бар артериалды гипертензия, белсенді өмір сүретін жас науқастардағы артериалды гипертензия, күш түсу стенокардиямен артериалды гипертензияның киыстырылуы, трансмуралды миокард инфарктысын алған артериалық гипертензиямен ауыратын науқастарды ұзақ емдеу.

Бета-блокаторлардың қолдануының қауіпсіздігімен тиімділігін бағалау критериилері:

1. лабораторлы:

а) қандағы препараттардың концетрациясын ереже бойынша анықтамайды.

б) несептегі қантпен қандағы тығыздығы төмен және өте төмен липопротеиндермен қанттың деңгейін анықтау.

2. Параклиникалық : эхокардиография көмегімен жүректің жиырылғыш функциясын бақылау.

3. Клиникалық: брадикардия; артериалдық қысымның мониторингі; жүрек жетімсіздігінің белгілері.

Кальций ионның блокаторларының қолдануының қауіпсіздігімен тиімділігін бағалау критериилері:

1) теріс дромотропты эффект;

2) ЭКГ;

3) артериялық қысымның көрсеткіштерін қалпына келтіру;

4) жүрек –көкірек аймағындағы ауырсыну ұстамасы жиілігігін азайту.

ААФ-ингибиторлерінің қолдануының қауіпсіздігімен тиімділігін бағалау критериилері:

1) лабораторлы;

2) параклиникалық: а) эхокардиография; б) ЭКГ; в) кеуде жасушасы мүшелерінің рентгенографиясы; г) магнитті – резонансты томография.

3) клиникалық: тахипноэмен ортпноэнің жойылуы; пульс дефицитінің жойылуы; диурездің жоғарылуы; дене массасының төмендеуі.

Иллюстрациялы материалдар

5. Әдебиет:

Негізгі:

1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н.Фармакотерапия 1 и 2 том. Шымкент,2012 г.

2. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К. Фармакотерапия в кардиологии, Шымкент, 2012г.

3. Орманов Н.Ж., Садырханова Г.Ж., Орманова Л.Н., Мусахова М.О., Фармакотерапия в пульмонологии, Шымкент, 2012г.

4. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К., Орманова Л.Н., Сарманова Н.М., Фармакотерапия в ревматологии, Шымкент, 2013г.

5. Орманов Н.Ж., Орманов Т.Н., Садырханова Г.Ж., Фармакотерапия болезней органов пищеварения, Шымкент, 2013г.

6. Гузева В.И., Михайлов И.Б. Фармакотерапия нервных болезней у взрослых и детей. – М. Медицина 2002.

7. Шток В. Фармакотерапия в неврологии. – М. Медицина, 2005.

8. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г. Кукеса. – М.: Изд-во Моск. Мед. академия, 2008.

9. Клиническая фармакология . Национальное руководство + СД / под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.И. Петрова, В.К. Лепахина, Л.Е. Зиганшиной. – М., «Геотар – Медиа», 2008.- 1000 с. Электронные ресурсы.

10. Клиническая фармакология. Консультант врача. Электронная информационно –образовательная система на СД.- М., «Геотар – Медиа», 2008.

11. Белоусов Ю.Б. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002.

12. Белоусов Ю.Б., с соавт Клиническая фармакология и фармакотерапия. – М.: Медицина, 2001.

Қосымша:

1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н. Фармакология кесте мен сызбада, Шымкент,2011 жыл.

2. Орманов Т.Н. Дәрілердің өзара әсерлесуінің белсенділіктері,Шымкент, 2013 жыл.

3. Федюкович Н.И. Справочник по лекарственным препаратам. Минск, 2001.

4. Лепахин В.К. с соавт. Клиническая фармакология с международной номенклатурой лекарств. – М.: ГОЭТАР, 2002

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. Клиническая фармакология. – пер с англ. В 2-х т., М.: Медицина, 2002.

6. Середенин С.Б. Лекции по фармакогенетике. Учебное пособие. М., 2004.

7. Филипенко Н.Г., Поветкин С.В. Клиническая фармакология и фармакотерапия в таблицах, схемах и алгоритмах.- М., «Медицина», 2004-116 с.

8. Машковский М.Д. Лекарственные средства . пособие для врачей. М., 2005.

9. Крылова Ю.Ф. Взаимодействие лекарственных средств.М., 2005.

10. Волошин П.В., Тайцин В.И. Лечение сосудистых заболеваний головного и спинного мозга. – М., «МЕД-пресс-информ», 2005.

11. Дополнительное лекарственное обеспечение ( ДЛО) . Консультант врача. Электронно – информационная образовательная система для практикующих врачей на СД. Версия 2. – М., «Геотар – Медиа», 2007

12. Перевод с английского Левина О. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. М., 2007.

13. Левин О.С. Современные подходы к диагностике и лечению боли в спине. – Москва, 2008.

14. Клиническая фармакогенетика : уч. пособие / под ред. Н. П. Бочкова, В.Г. Кукеса – М, «Геотар-Медиа», 2007 – 248 с.

15. Ф.Леманн-Хокрн, А.Лудольф. Лечение заболеваний нервной системы. – Москва. МЕДпресс-информ. – М., 2004.

16. Штрибель Х.В. Терапия хронической боли. Практическое руководство. «ГЭО-ТАР - Медиа», 2006.

17. Эни С.Д., Койл Дж.Т. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. – М.: МИА, 2007.

18. Михайлов И.Б. Основы фармакотерапии детей и взрослых, руководство для врачей. М.: АСТ, СПб.: Сова, 2005.

19. Гудман Г., Гилман Г. Клдиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. – М.? «Практика», 2006г. – 1648с.

20. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса, А.К. Стародубцева /- М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2006.-640с.

21. Белоусов Ю.Б., Гуревич К.Г. Клиническая фармакокинетика. – М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2005.-288с.

22. Мартынов А.И., Мухин Н.А. Внутренние болезни.- М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2005.

23. Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних болезней. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2004.

6. Қорытынды сұрақтары:

1. «Аритмия» түсініктемесіне анықтама.

2. «Жүректің ишемия ауруы» түсініктемесіне анықтама.

3. «Гипертония» түсініктемесіне анықтама.

4. «Гипотония» түсініктемесіне анықтама.

Кредит № 3

Дәріс №2

1. Тақырыбы: Асқорыту мүшелері жүйесі ауруларының қазіргі фармакотерапиясының негізгі принциптері. Асқорыту мүшелерінің секреторлы және моторлы функциясына әсер ететін дәрілердің, өт айдайтын және ферментті препараттардың клиникалық фармакологиясы

2. Мақсаты:Студенттердіас қорыту мушелері жүйесі ауруларының қазіргі фармакотерапиясының негізгі принциптерімен. Асқорыту мүшелерінің секреторлы және моторлы функциясына әсер ететін дәрілердің, өт айдайтын және ферментті препараттардың клиникалық фармакологиясымен таныстыру

Дәріс тезистері

Асқорыту мүшелері жүйесінің ауруларына келесілер жатады: жедел гастрит, созылмалы гастрит, жүйелі асқазанды гиперсекреция, іштің қатуы, созылмалы панкреатит, диарея, асқазан және 12 елі ішек жара ауруы жатады.

Ас қорыту мүшелерінің функциясына әсер ететін дәрілерге бірнеше дәрілік топтар жатады:

Тәбетке әсер ететін дәрілердің жіктелуі

I. Катехоламинергиялық жүйеге әсер ететін дәрілер (ОЖЖ қуаттандыратын)

Фенилалкиламин туындылары: фепранон (амфепрамон), дезопимон (хлорфентермин)

Изоиндол туындысы – мазиндол (теронак)

II. Серотонинергиялық жүйеге әсер ететін дәрілер (ОЖЖ тежейтін)

Фенфлурамин (пондимин)

Сілекей бездерінің қызметіне әсер ететін дәрілер

Сілекей бездерінің фармакологиялық реттенуі негізінен олардың иннервациясына әсер ету жолымен жүзеге асады. Холинергиялық жүйкелердің қозуы сұйық сілекейлердің мол бөлінуін болдыратыны белгілі, сондықтан М – холиномиметикалық активтілікке ие заттар (пилокарпин гидрохлориді, карбахолин, прозерин және т.б.) сілекейдің бөлінуін күшейтеді. Керісінше М – холиноблокаторлар (атропин тобы) сілекей бездерінің секрециясын төмендетеді. Препараттардың соңғы тобы ғана практикалық маңызға ие. Оларды Паркинсон ауруы кезінде, ішек құрттардың инвазиясы, ауыр металдармен улану жағдайында пайда болатын гиперсаливацияда қолданады.

Асқазан бездерінің қызметі бұзылғанда қолданатын дәрілер

Асқазан бездер секрециясын жоғарылататын дәрілер.

Орынбасушы тер