Жаңа үлгідегі арнайы (түзету) білім беру ұйымдары

"Кемтар балаларды әлуметтік және медициналык-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының бабының 4 тармағын іске асыру мақсатында мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін кешенді көмек көрсету жағдайларды қамтамысыз ету жолында жаңа үлгідегі арнайы түзету ұйымдар ашылған. Арнайы білім беру ұйымдарының жаңа түрлері: оңалту орталықтары (республикалық және облыс деңгейіндегі қалаларда), мектеп жанындағы логопедтік пунктер (мектепте 20 бастауыш сынып болған жағдайда), психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері (аудан орталықтарында).

Жаңа үлгідегі арнайы (түзету) ұйымдар қызметтері "Бала құқықтары туралы" БҰҰ Конвенциясына, ҚР "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы". Заңдарына және басқа нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес және осы ережелер негізінде жүзеге асырылады.

Оңалту орталығының қызметін ұйымдастыру тәртібі. Оңалту орталығы (бұдан әрі - 00.) арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің бірі болып табылады және облыстың (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкімдерінің шешімдерімен құрылады.

Оңалту орталығының негізгі міндеттері:

1) сөйлеу тілінде, көру, есту, тірек - қозғалыс аппаратында бұзылуы, оқып - үйрену, қарым - қатынас жасау мен жүріс - тұрысында қиындықтары бар балалар мен жас өспірімдерге психологиялық түзеу мен оңалту түрінде кешенді психологиялық - медициналық педагогикалық көмек көрсету;

2) дамуында, оқытуда, қарым - қатынас жасауда, жүріс - тұрысында проблемалары бар балалардың әр түрлі топтарына қатысты жаңа педагогикалық технологияларды әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу;

3) мамандардың пән аралық тобымен (командалық бағалау) балаға қатысты мәселелерді кешенді оқып - үйрену және баланың медициналық, психологиялық, түзету - педагогикалық көмекке деген мүмкіндігі мен қажеттілігін анықтау;

4) баланың дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, жеке дамыту бағдарламасын әзірлеу және жасап шығару;

5) жеке, топтық сабақ түрінде түзете - дамыта оқытуды жүргізу;

6) отбасы жағдайында даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата - аналарға (заңды екілдерге) ақыл -кеңес беру және оқыту;

7) жалпы білім беру және арнайы (түзеу) білім беру мекемелерінің педагогтарына мүмкіндіктері шектеулі балалардың психика және дене дамуының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері жайында әдістемелік басшылық жасау және кеңес беру.

Оқыту мазмұны түзеу мекемелерінің білім беру стандарттарымен, оқу жоспарымен және оңалту орталығында түзеу көмегін алатын әрбір баланың мүмкіндігі мен қажеттілігі ескеріліп, әзірленетін жеке дамыту бағдарламасымен анықталады.

ОО-да мүмкіндіктері шектеулі балалардың төмендегідей топтарына көмек көрсетіледі:

- дамуында қиындықтар кездесетін 3 жасқа дейінгі балалар. Мектеп жасына дейінгі балалар 3-тен 7 жасқа дейін

- психикалык дамуы тежелген балалар;

- ақыл- ойында әр түрлі денгейде кемістігі бар балалар;

- балалардың церебрап салмен ауыратын және тірек - қозғалыс аппаратының басқа да ауытқушылықтар бар балалар;

- жүйке жүйесінін тұқым қуалайтын - дегенеративті ауруларымен ауыратын балалар;

- сөйлеу тілінде ауыр кемістіктері бар балалар;

- естуінде ауытқушылығы бар балалар;

- балалардың ерте аутизмімен және басқа эмоциялық - еріктік бұзылулармен ауыратын балалар;

- көруінде ауыр ауытқушылықтары бар балалар.

Сонымен бірге 7-ден 15 жасқа дейінгі мектеп жасындағы балалар:

- зиятында ауытқушылықтары бар балалар;

- аутизммен және баска эмоциялық - еріктік ауытқуылары бар балалар;

- жүйке жүйесініи тұқым қуалайтын - дегенеративті ауруларымен ауыратын балалар;

- орташа және ауыр дәрежедегі церебрал салымен ауыратын балалар;

- деменциялық әр түрлі түрлерімен ауыратын балалар;

- психикалық аурулар салдарынан оқуында қиындықтары бар балалар;

- сөйлеу тіліндс ауыр кемістіктері бар балалар;

- естуінде ауытқушылығы бар балалар;

- көру інде ауытқу шылығы бар балалар.

Оңалту орталығын маңызды ерекшелігі 15-тен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге көмек көрсету қызметі.

ОО - бірінші кезекте ақыл - ой жеке психикалық дамуында ауыр да тереңдеген ауытқушылықтары бар балаларға және әр түрлі себептермен басқа арнайы (түзеу) ұйымдарында түзеу көмегін ала алмайтын балаларға түзеу көмегін көрсетеді.

Баланы ОО-на қабылдауды психологиялық - медициналық -педагогикалық консультация (ПМПК) қорытындысы негізінде жүргізіледі.

ОО-дағы түзету - дамыту үрдісін ұйымдастыру оқу жоспарымен, жылдық күнтізбелік жоспармен және орталықтың әдістемелік кеңесінде әзірленетін және бекітілетін сабақ кестесімен реттеледі.

ОО-да дамуында әр түрлі ауытқулары бар ерте және мектеп жасындағы балаларға арналған тұрақты топтар құрылуы мүмкін. Бұл топтардағы жұмыс арнайы мектепке дейінгі ұжымдар қызметін реттейтін нұсқамалық -әдістемелік құжаттарға және осы Ережеге сәйкес құрылады.

ОО-да қажет болған жағдайда балалардын қысқа уақытқа болуына арналған топтар, біріктірілген топтар, дамуында ауытқушылығы бар балалар мен жасөспірімдердің ата - аналарына (заңды өкілдеріне) арналған ақыл -кеңес беру пункттері ашылуы мүмкін. ОО-да топтар бір жастағы немесе әр түрлі жастағы балалар кағидаты бойынша жинақталуы мүмкін.

Оқу – тәрбие процесін ұйымдастыру нақты түзеу көмегінің мазмұны балалардың психикалық және дене дамуы мен жеке мүмкіндіктерінің ерекшеліктеріне орай әзірленетін және 00-жағдайында дербес іске асырылатын жеке - дамыту бағдарламасымен анықталады.

Оқу – тәрбие үрдісі баланы психологиялық - медициналық -педагогикалық және клиникалық зерттеу деректерімем шарттастырылған топтарға бөліктеу және жеке ықпал жасау тәсілдерінің негізінде іске асады.

Психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру.

Психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеттері (ППТК) арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің бірі болып табылады және облыстың, аудан орталығында 18 жасқа дейін даму мүмкіншілігі шектеулі балалар мен жас өспірімдерге кешенді медициналық - педагогикалық және әлеуметтік -психологиялық көмек көрсету үшін құрылады ППТК міндеттері:

- сөйлеу, көру, есту қабілеті, тірек - қозғалыс аппараты, эмоциялық -еріктік саласы бұзылған, оқуында, қарым - қатынас жасауда, мінез -құлқында қиыншылықтары бар балалар мен жас өспірімдерді психологиялық -педагогикалық түзеу және оңалту түрінде кешенді психологиялық -медициналық - педагоғикалық көмек көрсету;

- баланын проблемаларын мамандардың пән аралық командасы (командалық бағалау) арқылы кешенді зерделеу және баланың медициналық, психологиялық, түзеу - педагогикалық және әлеуметтік көмекке деген мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін анықтау;

- баланың дамуының әлеуметік жағдайын ескере отырып, жеке дамыту бағдарламасын әзірлеу және құрастыру;

- жеке, топтық сабақтар нысанында түзеу - дамыту сабақтарын жүргізу;

- отбасы жағдайында даму мұмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата - аналарына (оларды ауыстыратын тұлғаларына) кеңес беру және оқыту,

- даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психикалық және дене жағдайымен даму мүмкіндіктері туралы жалпы білім беретін мекемелердің педагогтарына әдістемелік басшылық жасау және көмек көрсету.

ППТК-ға баланы психологиялық медициналық - педагогикалық кеңестің тұжырымы негізінде меңгеруші қабылдайды.

ППТК-ға тұрақты және уақытша тұруға мүмкіндіктері шектеулі балаларды қабылдауды жыл бойы онда бос орын болған жағдайда жүргізіледі. ППТК-да баланың орны ППТК- мен ата - ананың (заңды өкілдерінің) арасындағы шартта айтылған жағдайда сақталады.

ППТК- дан балаларды шығаруды меңгеруші ППТК- мен ата - ананың (заңды өкілдерінің) арасында айтылған шарт жағдайында немесе оның ППТК- га келуіне бөгет жасайтын баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық тұжырым негізінде жүргізді.

ППТК- ы 18 жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балалар бөлінеді:

- 3 жасқа дейін дамуында проблемасы бар;

- психикалық даму деңгейі тежелген;

- ақыл - ойы кемтар;

- бала церебралдық сал аурулары және басқа тірек-қимыл-қозғалысында ауытқушылықтары бар балалар;

- сөйлеу тілінде күрделі ауытқушылықтары бар балалар;

- арнайы оқытуды талап ететін естуінде ауытқушылығы бар ;

- ерте жастағы балалық аутизмі және басқа эмоциялық - ерікті ауытқушылығы;

- көруінде күрделі ауытқушылығы бар;

- психикалық аурулар салдарынан оқудағы қиындықтары бар

- мектептегі дағдыларды игерудегі қиындықтары бар (оқу, жазу және санау).

Ауданда арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары жоқ болған жағдайда ППТК-ы дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың барлық категорияларына түзеу көмегін көрсете алады.

ППТК- ы ақыл - ойы мен психикалық дамуында ауыр да тереңдеген ауытқушылығы бар балаларға ең алдымен түзеу көмегін қамтамасыз етеді, басқа арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарында түзеу көмегін ала алмайтын балаларға түзеу көмегін көрсетеді.

Түзеу көмегінің мазмұны балалардың психикалық және дене дамыуның жеке мүмкіндіктерінің ерекшеліктерінен әзірленетін және ППТК-жағдайында іске асырылатын жеке дамыту бағдарламасымен анықталады.

Жеке - дамыту бағдарламасын әзірлеу мақсатында баланың психика және дене даму жағдайын (командалық бағалау) кешенді тексеру жүргізіледі. Кешенді тексерудің негізгі міндеттері алдағы жарты жылдықта баламен түзеу жұмыстарының басым бағыттарын анықтау болып табылады. Алдыңғы кезеңде қол жеткізген нәтижелерді ескере отырып, түзеу жұмыстарының міндеттерін өзгерту қайта командалық бағалау барысында жүргізіледі, оларды өткізу мерзімі 2 жылда бір рет немесе көрсеткіштер бойынша белгіленеді.

ППТК-ның әдіскері балаларды оқытудын жеке дамыту бағдарламаларын бекітеді.

ППТК- да түзеу - дамыту процесін ұйымдастыру әдіскер әзірлейтін және бекітетін Оқу жоспарымен, жылдық күнтізбелік жоспарымен және сабақтардың кестесімен реттеледі.

Оқу – тәрбие процесі баланы психологиялық - медициналық -педагогикалық және клиникалық зерделеу деректеріне негізделген, сараланған және жеке тұрғыдан келу принципі негізінде жүзеге асырылады. Балаларды сөйлеу, зейіндерін, жұмыс қабілетін жүйелі түрде зерделеуді, оларды дамыту динамикасын, білім деңгейін, олардың оқу материалын меңгеру мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін, білім алушылардың даму болашағын және түзеу жұмыстар құралдарын таңдау, анықтау үшін жүргізіледі.

ППТК- да мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдер бойындағы ауытқушылықтарды түзету оларға кеңес беру жұмыстары жүргізіледі.

Топтар бірдей жастағы немесе әртүрлі жастағы принципі бойынша жинақталады. Ал топтардың толықтырылуы санаты мен жасына байланысты (3 жасқа дейін және 3 жастан жоғары) белгіленеді:

- сөйлеу тілінде ауыр кемістіктері бар - 10 және 12 балаларға дейін;

- естімейтін (саңырау) балалар - 10 және 12 балаға дейін;

- нашар еститін балалар - 10 және 12 балаға дейін;

- көрмейтін (соқыр) балалар - 2 жастық топтарда - 10 балаға дейін;

- нашар көретін балалар - 10 және 15 балаға дейін;

- зиятында ауытқушылығы бар - 6 және 10 балаға дейін;

- 3- тен жоғары жастағы ақыл - ойы терең кенжелеп қалғандар - 8 балаға дейін;

- тірек - қимыл-қозғалысында ауытқушылығы бар - 10 және 12 балаға дейін;

- психикалық дамуы тежелген - 6 және 10 балаға дейін; - күрделі кемістігі (2 және одан да көп кемістік) бар балалар – 2 жастық топтар үшін - 6 балаға дейін.

ППТК- да оқыту баланың жеке мүмкіншіліктерімен анықталады және мемлекеттік, орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жүргізіледі. ППТК- да қажетті үй - жайлардың жиынтығы мен оның арнайы жабдықтары мыналар үшін бар болуы қажет:

- оқу жоспары мен бағдарламаларына, балалар демалысына сәйкес оқу тәрбие процесін ұйымдастыру;

- емдік дене тәрбиесін жүргізу;

- топтық және жұмыс (логопедтік кабинет, емдік дене шынықтыру кабинеті, музыкалык ритмика, әлеуметтік -тұрмыстық бағдарлау);

- кейбір медициналық көмектің түрлерін көрсету (дәрігерлік қабылдау кабинеті);

- санитарлық – гигиеналық және шаруашылық – тұрмыстық қызмет көрсету.

Логопедтік пунктің қызметін ұйымдастыру тәртібі

Логопедтік пункт - логопедтің басшылығымен ауызша және жазбаша сөйлеу кемшіліктерін жою жөнінде балалармен сабақ жүргізетін білім беру ұйымы.

Логопедтік пунктті білім беруді басқару органы ашады. Әрбір логопедтік пункте топтардың сыныптардың белгілі бір саны бекітіліп беріледі. Қалалық жалпы білім беретін мектепке логопедтік пункті ашу 14-16 сыныптар болғанда, ауылдық мекемеде 9-12 сыныптар болғанда жүзеге асырылады. Бір уақытта қалалық логопедтік пунктте 20 - 30 адам, ауылдық жерде 15-25 адам оқиды.

Қалалық жерде және ауылдық жерде орналасқан білім беру мекемелерінің бастауыш мектеп - бала бақша, кешенді мектептер, гимназиялар, лицейлер, балалар оқу - тәрбие орталықтар басшылары сыныптар (топтар) санына қарамастан логопедтік пункттер ашуға құқылы.

Жалпы білім беретін мектептің логопедтік пунктына ауызша және жазбаша сөйлеуінде (жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған, фонетико -фонематикалық дамымауы, жазу мен оқу бұзылыстары, кекештену, сөйлеудің айту жағы бұзылған (дислалия, дизартрия, ринолалия)) әртүрлі бұзылыстары бар балалар қабылданады.

Сөйлеу қабілеті жеткіліксіз балалар сөйлеу кемістігіне байланысты кейін топтар мен кіші топтарға бөлу үшін тізімде тіркеледі.

Логопедтік пунктке қабылданған әрбір балаға сөйлеу картасы толтырылады. Логопедтік жұмысты ұйымдастырудың негізгі нысаны- топтық (кіші топтық) сабақтар. Топқа бірдей балалар таңдалып алынады, ал әртүрлі жастағы балаларды топтарға жинақтау келесі талаптар бойынша:

1) сөйлеу қабілеті жалпы дамымаған (СЖД) - 3-5 адам;

2) СЖД-ға байланысты оқу мен жазу бұзылыстармен - 3-5 адам;

3) фонетико - фонематикалық жетілмегендер (ФФЖ) - 3-5 адам;

4) ФФЖ-ге байланысты оқу мен жазу бұзылыстарымен - 3-5 адам;

5) кекештенумен - 4-6 адам;

6) дыбысты айту кемшіліктерімен - 5-6 жіберіледі.

Мектептегі логопедтік пунктте сабақтар, сабақтан бос сағаттарда жүргізіледі. Мектепке дейінгі логопедтік пунктте сабақтар сабақтан бос сағаттарда немесе "Сөз дамыту және сауаттылыққа оқытуға даярлау", "Бейнелеу өнері", "Еңбек және құрастыру" бойынша сабақтар кезінде жүргізіледі.

Кейінгі уақытта, жалпы бұзылыстары бар және тіл кемістігі бар балалардың санының ескені байқалады. Бала - бақшалардың ортаңғы топтарында, тіл кемістігі бар балалар 60 % - құрайды. Олардың жартысынан көбі, I – дәрежелі тіл кемістігі бар балаларға жатпайды және арнайы тілдік топтарға бөлуге де жатпайды. Біз мұндай жағдайдан шығудың себебін логопелдиялық пунктердің ашылуы және кызмет істеуі деп білеміз.

Ауданда, қалада, облыста жалпы білім беретін мекемелер жанында бірнеше логопедтік пункт болған кезде аудандық (қалалық), облыстық, әдістемелік кабинеттерде немесе қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институттарында мұғалім - логопедтердің әдістемелік бірлестіктері құрылуы мүмкін.

Психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация (ПМПК) қызметі (ҚР Білім және ғылым министрілігінің №744 бұйрығымен бекітілген (14.ІХ.2004 ж.).

ПМПК - арнайы білім беру ұйымдарының түрлерінің бірі болып табылады, 60 мын 0- 18 жасқа дейінгі балалар үшін облыстың (республикалық маңызы бар қалаларында, Астанада) әкімдерінің шешімдерімен ашылады.

ПМПК дамуында кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді медициналық-педагогикалық-психологиялық тексеруді өткізіп, оларды оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтік, медициналық, педагогикалық қолдауға деген құқықтарын бекітіп, ата-аналарына (өкілдеріне) кеңес беру бағытында кешенді қызмет етеді.

ПМПК-ға балаларды білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдары жібереді, ата-аналар ешқандай құжаттарсыз өз еркімсн баруға құқылы.

Алғаш тексеруде баланы толық, кешенді келесідей мамандардан қарайды: невролог, психиатр, психолог, арнайы педагог, логопед. Барлық тек серулердің нәтижелері баланың жеке даму картасына тіркелуі тиіс. Бұл карта ПМПК-да 5 жыл сақталады, кейін архивке өткізіледі.

Баланы тексеру процедурасы ПМПК тексеру мақсатына сәйкес етеді. Маманның баланы тексеру жекеше басқа мамандардың қатысуымен жүзеге асады, ата - аналардың қатысуы нақты жағдайдың ерекшелігімен анықталады. Баланы тексеру әдістемесімен қамтамасыз ету әрбір маман өзі белгілейді. Әр маманның тексеруіне хаттама жүргізілуі тиіс, баланы тексеру жоспар мазмұнымен сәйкестеледі.

Мүмкіндіктері шектеулі баланы тексерудің нақты қорытынды тек кешенді келесімі бойынша ғана беріледі. ПМПК-ң қорытындысы баланың даму ерекшеліктерін көрсете, медициналық, психологилық, педагогикалық, әлеуметтік қажеттіліктерің, оларды қамтамасыз ету шараларын, лайық білім беру ұйымың бекітеді.

ПМПК штатына міндеті түрде келесі мамандар кіреді: психиатр, невропатолог, сурдолог, офтальмолог, педагог-психолог, мұғалім-логопед, дефектологтар (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), әлеуметтік педагог, медициналық статист, бухгалтер, санигар.

Бала дамуындағы кемістікті терең тексеру қажет болған жағдайда ПМПК құрамында диагностикалық-түзету топтар ашуға болады.

Қазіргі уақытта дамуында күрделі, ауыр кемістіктері бар балалар мен жеткіншектердің арнайы білім, тәрбие алып және әлеуметтік бейімделуі үшін жаңа үлгідегі арнайы (түзету) ұйымдары кеңінен ашалып жатыр. Бұл орталықтар: психологиялық-медициналық оналту мен түзету, педагогикалық, әлеуметтік-еңбекке бейімдеу мен мамандыққа бағдарлау, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік көмек бала мен оның отбасына, жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсету қызметтерін атқарады.

Күрделі және көптеген кемістігі бар балалар мен жеткіншектер үшін жаңа үлгідегі арнайы мекемелер моделі құрылған. Мұндай білім беру мекемесінің (Псковск қаласындағы емдік-педагогикалық орталық) он жылдык тәжірибесі күрделі және көптеген бұзылыстары бар балаларды білім беру кеңістігіне қосу керектігін көрсетті.