Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі.

ЛЕКЦИЯ ЖИНАҚТАРЫ

1 – дәріс. Тәрбиенің педагогикалық категория ретіндегі мәні, мақсаты мен міндеттері

1. Тәрбие барысының мәні.

2. Тәрбие процесінің мәні мен ерекшеліктері

3. Тәрбиенің мақсаты, міндеті, мазмұны

 

Тәрбиелеу дегеннің мәнісі не?

“Жас бала- жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді”-дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.

“Тәрбие ,кең мағынасымен алғанда , қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді ,адамзат туралы айтылғанда , адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізілнді” (М. Жұмабаев.)

“Тәрбие- бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар”.

Н.К. Крупская “Тәрбие” атты мақаласында (1929 ж..) :”Тар мағынада алып қарағанда,”Тәрбие”деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқына әдетте ересек адамдардың алдын-ала ойластырылған және жүйелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы”,ал кең мағынасында “...қоғамдық мекемелер , айналамен қоршаған бүкіл жағдай , бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді”-деп түсіндіреді.

Осы жағдайға байланысты К.Д.Ушинский “...мектеп, тәрбиеші және ұстаздар-адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері.. табиғат, отбасы, қоғам халық.... және оның тілі болады”,-деген осы мәселеге қатысты тұжырымдамасы тәрбие жайындағы ұғымның мәні зор екенін дәлейдейді.

Тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін –оны өмір сүре білуге ,өзін қоршаған орта мен қарым- қатынас жасай білуге үйрету.

Олай болса тәрбие процессі деп –қоғамның талап тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойын , сана сезімін, ерік жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптсатырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.

Ертедегі Римде ұжымдық оқу б.з.д. III ғасырда жүргізіле бастаған. Ондағы антикалық педагогиканығ теориясы мен практикасының негізін жасаған Квинтилиан Римде бірінші рет мемлекеттік тұрғыдан іргесін қалап, жылма-жыл мемлекеттен сый –ақы алып тұрған. Соған сәйкес Римдік қауымдастықта оқытудың мазмұны және оны ұйымдастырудың мәселелері ғана талқыланып қоймай, сонымен бірге көбінесе тәрбие әдістеріне де үлкен маңыз беріліп, тәрбиені мемлекеттік басқару әрекетінде маңызды сала ретінде қарастырған.

Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктерібар.

Тәрбие қоғамдық құбылыс. Қоғамның материалдық жағдайының өсуі ,идеологиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат-міндеттері , мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып, жаңа жағдайдағы сәйкес жақсарып отырады.Әрине адам жеке тұлға болғанымен, қоғамнан тыс өмір сүрмейді.Ал қоғам дегеніміз- адамдардың тіршілік ету, өмір сүру үшін топтасқан ортасы.

Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгәленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді.

Тәрбие-біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді.

Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс.Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді.

Екіншіден тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбәр жеке тұлғаның мінез-құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері ,дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды.

Тәрбие - көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты .

Дәріс. Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары.

Жоспар:

1. Тәрбиенің заңдылықтары.

Тәрбиенің принциптері.

Философия ғылымында “заңдылық”деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді. Олай болса, педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселесін қарастырайық.

Педагогикалық құбылыстар деп- тұлғаның өмір сүруі, әрекеттері барысында жеке басында, айналасында кездесетін, ықпал ететін табиғи немесе табиғи емес іә түрлі жағдайларды айтуға болады.

Тәрбие процесінің негізіне тұлғаның табиғатын, әлеуметтік мәнін, қоғамдықө өмірдің объективтік қажеттілігін білдіретін заңдлықтар жатады.

Тәрбиенің заңдылықтарына:

  1. Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл-табиғи заңдылық;
  2. Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым-қатынасынан тыс әрбиенің болмау жағдайы,
  3. Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы,
  4. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және оны қолдану мүмкін еместігі,
  5. Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі.
  6. Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш-қуаты мен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс

Кезінде К.Д. Ушинский тек педагогикалық ережелерді жаттап алу тәрбиепроцесінде оң нәтиже бермейтіндгін, керісінше тәрбиенің ғылыми заңдылықтарын жете танып білудің қажеттілігіне баса назар аударуға кеңес берген. Сондықтан да тәрбие заңдылықтарын жетік білмейінше тәрбиені жетілдіру, дамыту мүмкін емес.

Педагогика ғылымында тәрбиенің заңдылықтарын ашып көрсетуді негізгі міндет ретінде қарастырмайды,и керісінше оның заңдылықтары негізінде қандай принциптерді қарастыру қажеттілігіне көптеп көңіл бөледі. Сол себептен де кейбір жағдайларда тәрбие принциптері оның заңдылықтары ретінде қарастырылады.

Принцип деген ұғым латын тілінде “бастапқы”, “негізгі” деген түсінікті білдіріп, белгілі бір әрекет барысында басшылық ету идеясын көздейді.

Олай болса, тәрбие принциптері деп-тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда тәрбиешілердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жиынтығын айтамыз. Болмаса, бұны кейбір педаголгикалық әдебиеттерде “негізгі талаптар” немесе”ережелер жүйесі” деп те түсіндіреді.

Тәрбие принциптері тәрбие міндеттеріне сай анықталады. Педагогика тарихының дамуында тәрбие принциптерінің төмендегідей жүйесі қалыптасқан :

1. Тәрбие мақсаттылығы,

2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланысталығы;

3. Еңбек арқылы тәрбиелеу ;

4. Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі;

5. Балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке елу;

6. Тәрбиенің жүйелілігі, бірізділік және үздіксіздігін қамтамасыз ету;

7. Жеке тұғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу;

8. Тәрбие процесінде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетінің бірлігі болуы.

Тәрбие принциптері ішіндегі ең негізгісі, оның мақсаттылығы. Өйткені, тәрбие процесіндегі тәрбиелік ықпалдар мен әрекеттер белгілі бір мақсатқа бағытталады. Мақсат-тәрбиелік шаралардың кездейсоқтық сиаптқа тап болмауын қамтамасыз етеді. Мақсатқа сай тәрбие міндеттері анықталып, оны атқаруда жұмыстардың түрлері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері белгіленеді. Сондықтан да бұл принцип тәрбие жүйесінде жетекші принцип ретінде саналады.

Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі.

Бұл принциптің көздейтін мақсаты:

-оқушылырға қоғамдық мінез-құлық нормалары мен ержелерін саналы түрде меңгертуді;

-оқушыға қатысты өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындауды;

-мектепте оқушыларға арналған ережені қатаң сақтауды;

-мектеп пен отбасы және мектептен тыс мекекмелердің тәрбие жұмысының барлық буындарының талап бірлігін үйлестіруді;

-оқушының мінез-құлқындағы жақсы қасиеттеріне сүйенуді;

-жеке басына сеніммен қарап, белсенділігін арттыруды;

-сүйіспеншілік көрсетуді. т.б.

Еңбек арқыла тәрбиелеу принципінің мақсатыбаланы еңбек ете білуге, оны қадірлеп-қастерлеуге, оған деген жағымды көзқарыспен қарым-қатынас қасиеттерін орнықтырудығ, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттіліктерінен туындайды.

Жеке тұлғаның ұжымда тек ұжым арқылы тәрбиелеу принципі кеңестік дәуірде коммунистік тәрбие беру жүйесінің негізгі талаптарының бірі болып келді. Бұл социалистік қоғамның талабына айналды. Осы қоғамда өмір сүріп отырған “барлық адамдар біреуі үшін, біреуі барлығы үшін” деген ұранмен еңбек етуге тиіс болды.

Тәрбие процесінде мектеп пен жұртшылық әрекетінің бірлігін қамтамасыз ету, олардың жас өспірімдерге тәрбиелік ықпалын үйлестіру қажеттігінен туындайды.