Дәріс. Тәрбие әдістері.

Жоспар:

  1. Тәрбие әдістерінің мәні қызметі.
  2. Тәрбие әдістерінің түрлері, оларды жіктеп топтастыру.

 

Тәрбие әдістері-тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі, тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады. Тәрбие әдістерінің көздейтін мақсаты тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, соның негізінде олардың әрекеттерін ұйымдастыру.

А.С. Макаренко тәрбие әдістерін психологиялық тұрғыдан оны баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы ретінде қарастырса, В.А. Сластинин ,Ю.К. Бабанскийдің педагогикалық еңбектерінде оны тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекеттерінің өзара байланыс тәсілдері деп сипаттайды.

Ал, Т.Е. Кониковтың анықтамасы бойынша тәрбие әдістері-бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету деп қорытындылайды. Тәрбие әдістеріне берілген жоғарыдағы әр түрлі анықтамаларға талдау жасасақ, онда:

- жеке басқа ықпал ету құралы;

- тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыстәсілдері;

- тәрбиенің мақсатына сай оқушылардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы;

тәрбие мақсатына жету жолдары ретінде қарастырылғанын байқаймыз.

Бұдан шығатын қорытынды, тәрбие әдістері деп тәрбиенің мақсат міндеттеріне сай оқушылардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету, жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастыру және осы бағытта олардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ынталандырудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеттерінде қолданатын тәсілдері мен құралдырының жиынтығы.

Мысалы; жаттығу әдісі : бұйыру, нұсқау, көрсету, үйрету, жаттықтыру, тапсырма, ақыл-кеңес беру тәсілдерінің жиынтығын құрса, мадақтау немесе жазалау, алғыс немесе сөгіс жариялау, сыйлық беру, қабырға газетіне шығару, талап қою, теріс қылықтарды тежеу, жолдама беру т.б. ынталандыру амалдарынан тұрады.

Тәрбие тәсілі тәрбие әдісіне тәуелді бола тұрып оның әрекетін, тәрбиелік мәнін анықтайды. Тәрбие ықпалдың нәтижелі болуы тәрбие құралдарын дұрыс қолдану,таңдай білуге де байланысты. Тәрбие әдістерінің құралдарына көрнекі және техникалық құралдары, бейне суреттер, таспа сабақтары, сызба жұмыстары әдебиеттерді жатқызуға болады.

Педагогика оқулықтарымен ғылыми зерттеу еңбектерінде тәрбие әдістерін жіктеуге байланысты ортақ пікір жоқ. Дегенмен де қалыптасқан тәжірибе бойынша әдістерді негізінен 3 топқа жіктейміз.

Г.И. Шукинаның «Педагогика» оқулығында (-М, 1977) тәрбие әдістері.

1. Жеке адамның санасын қалыптастыру. 2. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру, іс-әрекетті ұйымдастыру. 3. Мінез-құлықпен іс-әрекетті ынталандыру деп жіктесе, В.А. Сластинин бойынша(« Педагогика», -М,1988) оған қосымша. 4.Мінез-құлық ,іс-әрекетке беқылау жасау, өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беру әдістері депте қарастырады.

Ғалым педагогтар Н.И. Болдырев, Н.Г. Гончарев, Ф.Ф. Королев, еңбектірінде тәрбие әдістерін сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау деп қарастырады.

 

Дәріс. Жеке адамның санасын қалыптастыру. Мектептегі тәрбие жүйесі

Жоспар:

1.Жеке адамның санасын қалыптастырудың этикалық әңгімелеу.

2.Мінез-құлықты қалыптастыру, іс-әрекетті ұйымдастырудағы жаттықтыру әдісінің маңызы.

3.Мектептегі тәрбие жүйесі балаларды мақсатты дамытушы фактор ретінде

4.Тәрбие жүйесінің құрылымдары

 

Іс әрекетадамдардың өзін қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі формасы. Олай болса, сананың қалыптасып дамуы тек әрекетке байланысты болмақ. Әрекет негізінде сананың қалыптасу дәрежесін және тұлғаның мінез-құлық қасиеттерінң сапасын байқаймыз, Соағн орай әдістер таңдалып, ықпал жасалынады.

Жас ұрпақтың сенімін қалыптастыруда талап қоюдың қызметі ерекше. Талап қою негізінен қоғамдық мінез-құлық ережелерін, жеке дара және ұжымдық міндеттерін, сонымен бірге мектеп жағдайында оқушылардың оқу-тәрбие ісіне қатычсті әрекеттерін нәтижелі ұйымдастиыруға байланысты әртүрлі шараларды өз деңгейінде орындауда тәрбиешілер тарапынан жасалынатын ықпады айтамыз.

Оғамдық пікір бұл ұжымды қалыптастыруда оның жоғары сатысына тән қасиет. Бұл әдістің маңызы айналадағы, өмірдегі болып жатқан оқиғаларға дұрыс көзқарасты қалыптастыру, балалардың іс-әрекетін бағалау, жаман қылықтардан сақтандыруды мақсат етеді. Баланың мінезін шыңдайды, ерік-жігерін тәрбиелейді.Соағн орай осы әдістің қолданылуы, көптеген жағдайда ұжамда сын және өзара сынның қаншалықты қалыптасу дәрежесіне байланысты болып келеді.

Йрету – тапсырма беру, оны орындауға жаттықтырудың негізінде атқарылады. Үйрету- қоғам нормалары мен ережелерін орындауға баулу. Бұл мақсатты процесс.

Жаттығу – үйретудің алдына қойылағн мақсатты жоспарлы түрде, әртүрлі әрекет барысында жүзеге асыру. Жаттығу барысында дағды қалыптасады. Үйрету мен дағды қалыптастыруда тәрбиешілердің мақсатты көздеген ықпалы жүзеге асады, бірақта оның нәтижесі әркезде ойдағыдай бола бермейді.

Үйрету – нақтылы өмір құбылыстарын ескере отыра, тәрбиешілік жағдайлар туғызып, оқушыларды соған арнайы жаттықтыру. Мұны педагогикалық тұрғыдан баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың практикалық әдісі ретінде қарастырған жөн. Оның құралы- тәрбиелеушілік жағдайларға бағытталған әртүрлі мазмұндағы ойындар. Ойын арқылы жүргізілетін тәрбиелеушілік жағдайлар оқушыларда педагогикалық тұрғыдан қажетті іскерлік пен дағды қалыптастырып, жағымды мінез-құлық ережелерін бойыларына сіңіруіне көмектеседі.