Оқу пәнінің сипаттамасы

Азақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

Леуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасы

 

 

БЕКІТЕМІН

Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

Университеті» ШЖҚ РМК

Леуметтік ғылымдар факультетінің деканы

 

 

мамандықтарында білім алушылар үшін

Психология (Psi 5204)

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы )

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕНІ

 

Астана 2014

Силлабус

Азақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасы

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының меңгерушісі

Қ.Қ. Шалғынбаева

____________________2014ж.

Психология (Psi 5204)» пәні бойынша

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы )

ПсихологияPSYC 51002

(модульдін атауы және шифры)

«6М060400 - ФТФ» мамандығының білім алушылары үшін

(мамандықтың/мамандандырудың шифры және атауы)

 

 

СИЛЛАБУС

(оқу жұмыс бағдарламасы)

 

 

Силлабус

1Мандыкаева Алмагуль Рамазанқызы,психология ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік және өзін-өзі тану кафедрасының доценті. Мандыкаева Алмагуль Рамазановна – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы психология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Диссертациялық Кеңестің мәжілісінде 19.00.01 – жалпы психология, тұлға психологиясы, психология тарихы, этнопсихология мамандығы бойынша «Тұлға қабілеттерін дамытуда қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.

 

Байланыс телефоны: 87013837796. (эл.жәшігі: alma.mandykaeva@mail.ru)

Ғылыми қызығушылығы: Тұлға психологиясы, қарым-қатынас психологиясы, отбасы психологиясы,тұлға типі мен кәсіби іс-әрекет салаларының өзара байланысы.

 

Пән туралы мәліметтер

Пәннің атауы«Психология» - 2 кредит.

Оқу жоспары бойынша сағаттардың бөлінуі

 

Сабақ түрі Сағаттардың жалпы саны Күзгі семестр Көктемгі семестр
Аптасына Барлығы Аптасына Барлығы
Дәріс      
Тәжірибелік сабақ          
Семинарлық сабақ      
Зертханалық сабақ          
Студиялық сабақ          
БӨЖ      

 

Оқу пәндерінің деректемелері

4.1. Пререквизиттер:философия, жалпы психология, курс педагогика саласындағы пәндермен – жалпы педагогикамен, әлеуметтік педагогикамен, дидактикамен тығыз байланысты болып табылады.

4.2. Постреквизиттер:педагогикалық психология, психология тарихы, жас ерекшелік психологиясы, әлеуметтік психология және педагогикалық психология ғылымдарындағы теориялық-әдіснамалық мәселелер және психологиялық-педагогикалық технологиялар.

 

Оқу пәнінің сипаттамасы

5.1. Оқу пәнінің бағыты. «Психология» курсы магистратура бойынша базалық психологиялық білім беру құрылымының маңызды компоненті болып табылады. Нақты курс негізінде психологияның теориясы және практикасын біртіндеп меңгерудің әдіснамалық принципі жатыр. Аталмыш курс магистранттарға ғылыми-педагогикалық бағытта білім беруге қажетті қазіргі кездегі психологияның әдіснамалық жағдайларына; отандық және әлемдік психологияда негізделген теориялар мен эмпирикалық мәліметтерге; психология ғылымындағы жетістіктерге негізделеді. Осыған байланысты курсты оқытуда және оқуда жоғары мектеп психологиясының әдіснамалық және ғылыми-теориялық негіздері қарастырылады.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты: магистранттардың жоғары мектеп психологиясының әдіснамалық және теориялық негіздерін меңгеруі; олардың жоғары мектеп психологиясын оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде дамуы және жоғары мектеп оқытушысы әрі ғалым-зерттеуші ретіндегі кәсіби іс-әрекет үшін қажетті психологиялық сауатының артуы; психологиялық құзіретінің дамуы; психологиялық мәдениетті игеруі.

 

5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:

· жоғары мектептегі кәсіби іс-әрекетке негіз болатын психологиялық теорияларды талдау;

· студенттік жас кезеңінің психологиялық ерекшеліктерін ашу;

· жоғары оқу орнындағы оқыту мен дамытудың психологиясын қарастыру;

· студенттік топтың әлеуметтік психологиясын талдау;

· педагогикалық қарым-қатынас психологиясын қарастыру;

· жоғары оқу орнында психологиялық қызмет ұйымдастырып, жүзеге асыру технологиясын жүйелеу.

 

5.4. Оқу пәнінің мазмұны.Жоғары мектеп психологиясының пәні мен міндеттерін; жоғары оқу орнында оқытудың психологиялық теориялары мен педагогикалық тәжірибесін; студент жастардың психологиясын; жоғары мектептің оқу процесінде студенттің тұлғалық және интеллектік даму ерекшеліктерін; студенттердің оқу іс-әрекетінің мотивтерін; жоғары мектептегі оқытудың белсенді әдістері мен тәрбие жұмысының психологиялық негіздерін; студенттік ұжым психологиясын; педагогикалық қарым-қатынас психологиясын; студенттер мен оқытушылардың бірлескен іс-әрекет психологиясын; жоғары мектеп оқытушыларының педагогикалық іс-әрекетінің психологиясын; педагогтің кәсіби және тұлғалық даму ерекшеліктерін; ғылыми және педагогикалық шығармашылықтың динамикасын; ғылыми-педагогикалық ұжымның психологиялық ерекшеліктерін; студенттерді психологиялық дайындау және жоғары оқу орнындағы психологиялық қызметті меңгеруі және білуі керек. Осы орайда жоғары мектеп психологиясының қазіргі даму кезеңіндегі өзекті мәселелерін, оның теориялық-әдіснамалық негіздерін бекіту және кеңейту өзекті болады.

 

 

5.3 Оқу пәнін оқыту жоспары