Тақырыбы: Асинхронды қозғалтқышгтың жұмыстық сипаттамасы

Жоспар:1. Асинхронды қозғалтқышгтың жұмыстық сипаттамасы

2. Жалпы мағлұматтар

Асинхронды қозғалтқыштың жмыстық сипаттамалары деп жылжыманың, ротордың айналу жиілігінің n2 тудырылған моментін М, тұтынылған токтың І 1 , қуаттың Р1 , қуат коэффициентінің соs j және пайдалы жұмыс коэффициентінің (ПЖК) машина білігіндегі пайдалы қуатқа Р2 тәуелділігін айтады. Бұл сипаттамалар (12-сурет) қозғалтқыштың дағдылы жұмыс істеу кезінде түсіріп алынады, яғни реттелмейтін қозғалтқыш үшін, желінің ток жиілігі f1 мен кернеу U1 өзгеріссіз болғанда, ток қозғалтқыш білігіндегі жүктемені өзгерту арқылы анықталады.

Қозғалтқыш білігіндегі жүктемені өсіргенде жылжыма артады, дәлірек айтсақ, жылжыма үлкен жүктеме кезінде кіші жүктемеге қарағанда жылдамырақ өседі. Қозғалтқыштың бос жүрісі кезінде жылжыма өте аз (n2 = n1,S=0). Нақтылы номинал жүктеме кезінде әдетте, жылжыма S=3¸5% . Ротордың айналу жиілігі n2=n1(1-S)=(60 f1 / р)(1-S). Қозғалтқыш білігінің жүктемесі өскен сайын жылжыма өседі, ал айналу жиілігі азаяды. Бірақта айналу жиілігінің, жүктеме 0-ден нақтылы (номинал) мөлшерге дейін өскенде, өзгеруі өте мардымсыз болады және ол 5 % апсайды. Сондықтан асинхронды қозғалтқыштың жылдамдық сипаттамасы горизонтал оське аздап көлбеу болады.

12-сурет. Асинхронды қозғалтқыштың жұмыстық сипатамалары.

Қозғалтқыш тудырған айналдырушы момент М біліктегі тежеу моментімен Мт жіне механикалық шығынға кететін моментпен М0 тепе-теңдікте болады, яғни М= Мт + М0 = P2/Q2 + М0, мұндағы P2 - қозғалтқыштың пайдалы қуаты, Q2 – ротордың бұрыштық жылдамдығы.

Қозғалтқыштың бос жүрісі кезінде М=M0 ; білік жүктемесі өскен сайын айналдырушы момент те өседі, оның үстіне, ротордың айналу жиілігінің біраз кемуіне орай айналдырушы моменттің өсуі біліктегі пайдалы қуаттың артуынан жылдамдық жүреді.

Қозғалтқыштың желіден тұтынатын тогы І1, оның білігіндегі жүктеменің артуына қарай бір қалыпсыз өзгереді. Бос жүріс кезінде соs j аз мөлшерде болады, және ток өте үлкен реактивтік құраушыдан тұрады. Қозғалтқыш білігіндегі жүктеме аз болғанда статор тогының активтік құраушысынан кіші болады, сондықтан токтың активтік құраушысының І1 тогына әсері аз болады да, ол негізінен реативтік құраушысымен анықталады. Үлкен жүктеме кезінде статор тогының активтік құраушысы реактивтік құраушысынан артық болады да жүктеменің өзгеруі І1 тогын қатты өзгертеді.

Қозғалтқыш тұтынатын қуаттың графигі стуретте түзу дерлік сызықпен көрсетіледі, тек үлкен жүктемеде жоғары қарай аздап ауытқиды. Бұл ауытқу статор және ротор орамаларындағы шығындардың жүктеменің артуына байланысты көбеюімен түсіндіріледі.

Қозғалтқыштың білігіндегі жүктемеге байланысты қуат коэффициенті былайша өзгереді. Бос жүріс кезінде соs j мөлшері аз (шамамен 0,2), өйткені бұл кезде машинадағы қуат шығынымен анықталатын статор тогының активтік құраушысы осы токтың магнит өрісі туғызатын реактивтік құраушысынан аз болады. Біліктегі жүктемені арттырғанда статор тогының активтік құраушысының өсуі нәтижесінде соs j өсіп, ең үлкен 0,8-0,9 мөшеріне дейін жетеді. Өте үлкен жүктемеде соs j аздап азаяды, өйткені жылжыма мен ротордағы ток жиілігінің өсуінің салдарынан ротор орамасының реактивтік кедергісі көбейеді.

ПЖК-інің h қисығы кез келген машинадағы немесе трансформатордағы сияқты болады. Бос жүріс кезінде ПЖК-і нольге тең. Білік жүктемесі артқан сайын ПЖК-і өседі, одан соң кемиді. ПЖК-і ең жоғарғы мәніне жүктемеге тәуелсіз болатын, болаттағы қуат шығындары мен механикалық шығындар, жүктемеге тәуелді болатын, статор және ротор орамаларының қуат шығындарына теңгерілетін жүктеме кезінде жетеді.

 

Лекция