Ақпараттық қоғам концепциясы. Құндылықтардың жаңа жүйесі

Қоғам дегеніміз - байланысты еңбек ететін адамның әлеуметтік дамуы. Осы сөзде әлеуметтік заңдылы себептілі дамуанықталған. Қоғамның нақтылы сатылы дамуы формация деп саналады. Формациялық теорияның өкілдері оның түрін белгіленген: алғашқы, құлдық, феодалдық, капиталистік, коммунистік

Қоғамдық сананың формалары. Қоғамдық сананың формалары мәселесі үнемі қызу талқыланып, оның сандық құрылымы туралы пікірлер өзгеріп отырады. Салыстырмалы түрде алғанда, қоғамдық сананың формалары мыналар деуге болады: саяси сана, құқықтық сана, дін сана, өнер, мораль (адамгершілік), ғылым және философия. Кейбір ғалымдар қоғамдық сананың экономикалық және экологиялық формалары туралы да айтып жүр.

Қоғамдық сананың формалары ішкі ерекше қатынастары бар күрделі жүйе, бірақ олардың қай-қайсысының да негізі адам қызметі, нақты өмірлік процесс. Қоғамдық сананың формалары бір-бірімен тығыз байланысты, бір-біріне өзара әсер етеді. Олар өзіндік тәуелсіздікке ие болғанымен, оны абсолютке айналдыруға болмайды.

Қоғамдық сананың формаларының арасында саяси сана ерекше орын алады, себебі онда экономикалық, таптық қатынастар, мемлекеттік және таптық мүдделер, билік мүдделері, әлеуметтік байланыстар тікелей, мүмкіндігінше айқын және толық көрініс табады, сондықтан да саяси сана қоғамдық сананың басқа формаларына айқындаушы ықпал етеді.

Дәуір деген ұғымда жиі ғылыми танымда пайдаланады. Дәуір дегеніміз - ол адамзаттың дамуындағы негіщзгі мәнді әлеуметтік бағытты белгілейтін ұғым. Дәуірде негізгі бағыт белгіліненеді. Осы сөзде негізі адмның даму жолы анықталады. Өркениет дегеніміз - ұғымды әртүрлі мазмұнмен пайдалануға болады. Өркениет деп жоғары техникалық қоғамдық дамуды атайды. Не болмаса өркениет деп мәдениеттің ерекшелігін белгілейді. Мысалы: ұлттық ерекшеліктер, кейбірде үнді, қытай, түркі өркениеті. Глобализациалық, универсализациялық процесстер мемлекеттің бәрін жақындатып отыр. Содан соң дүниежүзілік халықтың бәрін адамзат деп бірге аламыз. Кейінгі кезде тарихи даму жалпы адамның қолында болып отыр. Содан соң ең терең ұғымдардың бірі қазіргі дамуда - ол адамзат. Қоғамның ерекшеліктерін шығару үшін оны, табиғатпен байланыстыруымыз керек. Табиғатпен қоғамның қатынасы әртүрлі дәуірлерде әрқалай болған. Алғашқы уақытта негізгі күш табиғатта, табиғаттың қоғам беретін әсері көбірек болған. Бірте-бірте қоғам керісінше табиғатқа әсер беріп өз-өзін табады. Өзгерте бастады. Табиғи және әлеуметтік заңдарды бір-бірімен салыстарсақ олардың арасында келесі айырмашылықтарды көре аламыз. Табиғи заң объективті, стихиялық дамуда. Ал әлеуметтік даму адам адамның қызметтың арқасында өтеді. Содан соң әлеуметтік заңдарда субъективті даму көп орын алады. Адамзаттың тарихи дамуында, қалыптасуында бірте- бірте адамның өз дамуына беретін әсерлері жоғарлаған. Себебі таным тереңдеген соң адамдар заңды түсіне бастап өз қызметтерінде пайдалана алады.

Кілт сөздері: Қоғам, Өркениет, Адамзат

 

 

15-ТАҚЫРЫП.Қазіргі заманның жаһандык мәселелерін философиялық пайымдау

1. Қазіргі заманның жаһандык мәселелерінің сипаттамасы.

2. Рим клубының құрылуы - жаһандык мәселерге назар аудару және оларды шешу жолдарын іздеу талпынысы.

3. Қазіргі заманғы жаһандык сананың ерекшелігі.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: Н.Ә.Назарбаев қазіргі заманның он жаһандық сын-катері және туралы. Тұрақты даму - әлеуметтік прогресстің ұтымды түрі.

Аксиология - (грек тілінде “axia” құндылық және “logos” - ілім). Аксиология - құндылықтар жаратылысы туралы, оның орны, құрылымы, байланыс туралы ілім. Ол XIX ғ екінші жартысында қалыптасқан. Аксиология термині алғаш рет қолданған Э.Гартман. Құндылықтардың теориялық талдануы философиялық ой тарихында әр турлі бағыттармен сипатталады. Бұл: натуралистік психологизм / А. Мейног, Р. Перри, Дж. Дьюи ж.т.б./, трансцендентализм /В.Виндельбанд, Г. Риккерт/, мәдени-тарихи релятивизм / О. Шпенглер, А. Тойнби, П. Сорокин/ және социологизм / М. Вебер, Т. Парсонс ж.т.б./

Әлемды игеру барысында адам болмысты өз құндылықтары арқылы қарастырады. Адамның әлемге қатынасының ерекшелігі оның өзін және өзге адамдарды, дүниедегі заттарды, құбылыстарды қайырымдылық, әділеттік, сұлулық, пайдалылық т.б.тұрғысынан бағалап, құндылықтар арқылы қарастырумен сипатталады.

Кілт сөздер: Сана, Құндылық, Әлем, Глобализация,