Лекция-8. Мемлекет және азаматтык қоғам

Мемлекет қоғамныи саяси жүйесінің негізгі институты. Мемлекеттік ұйымның шығу тегі, мемлекеттің пайда болуындағы теориялар мен конңепцияларды салыстырмалы талдау.

Мемлекеттік механизмнің құрылымы және оның компенеттерінің сипаты. Мемлекеттің тарихи түрлері, олардың әлеуметтік-экномикалық және әлеуметтік-саяси негіздері.

Мемлекет қызметтерін жіктеу, оның нарықтық экономика, экономикалық және саяси плюрализм жағдайындағы өзгеруі. Мемлекеттік биліктің өкілетті институттары.

Азіргі сайлау жүйелері, сайлаудың әлемдік тәжірибесі. Мемлекеттік басқарудың органдары.

Мемлекеттік аппараттағы бюрократизм себептері. Әскер және мемлекеттік қауіпсіздік органдары және тәртіпті қамтамасыз ету саяси институттардың ерекшелігі ретінде.

Биліктің бөліну» жүйесіндегі заң шығарушы, атқарушы және сот жүйелерінің өзара қатынасы.

Кықтық мемлекет: пайда болу тарихы мен қазіргі амалдары. Қазакстандағы құкықтық мемлекеттің қалыптасу мәселелері.

Азаматтық коғам концепциялары. Азаматтық қоғам мәні және белгілері. Мемлекег пен азаматтық коғамның өзара байланысы. Қазақстанда азаматтық қоғам мен мемлекеттің қарым-қатынас формалары.

 

Мемлекет қоғамныи саяси жүйесінің негізгі институты. Мемлекеттік ұйымның шығу тегі, мемлекеттің пайда болуындағы теориялар мен концепцияларды салыстырмалы талдау.Мемлекет туралы теориялар мен түсiнiктер саясаттану ғылымында көптеп кездеседi. Мысалы:

¨ теологиялық теория, оның негiзiн салушылар А. Августин мен Ф. Аквинский мемлекеттiң пайда болуын құдай құдiретiмен түсiндiрдi;

¨ патриархтық теория, негiзгi өкiлдерi Р. Филмер мемлекеттiң пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың мемлекетке дейiн бiрiгуiмен түсiндiрдi;

¨ қоғамдық келiсiм теориясы, (Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж.Ж. Руссо) мемлекет келiсiм нәтижесiнде пайда болады, бұған дейiн «табиғи» алғашқы қауымдық жағдайда өмiр сүрген адамдар ендi соның құрамына кiредi деп есептедi;

¨ «зорлық жасау» теория (Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский), бiр елдiң екiншi елдi жаулап алуын тоқтату үшiн мемлекет пайда болды деп түсiндiрдi;

¨ географиялық теория (А. Ратцель, В. Соловьев, Б. Чичерин) мемлекеттiң пайда болуы географиялық ортаның (ауа райы, жер бедерi және т.б.) өзгешелiктерiмен түсiндiредi;

¨ психологиялық теория, адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттiгi мәңгi бақи тән дегендi айтады;

¨ маркстiк теория, мемлекеттiң пайда болуын жеке меншiк пен таптардың шығуымен байланыстырады.

Мемлекет дегенiмiз белгiлi бiр аумақ шеңберiнде адамдар, әлеуметтiк топтар, таптар мен бiрлестiктердiң қатынастары мен қызметтерiн ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесiнiң негiзгi элементi.

Мемлекеттiң белгiлерi мен қызметтерi. Мемлекет қоғамның саяси институты ретiнде мынадай белгiлерi арқылы сипатталады, осы белгiлерi арқылы оны басқа қоғамдық ұйымдардан ажыратуға болады:

¨ территориялық бөлiнуi, бұл мемлекеттiң материалдық негiзi. Мемлекет территориясы деп әлемдiк кеңiстiктегi аталған билеушi саяси топтардың толық әрекет ететiн бөлiгiн айтамыз. Оған жер ғана емес, оның қойнауы, ауа кеңiстiгi, территориялық сулары жатады. Территориямен мемлекеттiң пайда болуы мен жойылуы байланысты. Сондықтан территориялық келiспеушiлiктер ешуақытта да тоқтамайды;

¨ ерекше өкiметтiк аппарат. Оған қазiргi кезде қарулы әскер, шенеунiктiк аппарат, полиция, сот, барлау, қауіпсіздік, шiркеу, баспасөз және т.б. жатады;

¨ мемлекеттiң егемендегi, яғни iшкi және сыртқы iстерiн атқаруға толық тәуелсiздiгi мен дербестiгi;

¨ күш қолдану, зорлықпен ерiксiз көндiру. Ол қылмыс жасағандарды еркiнен айырудан бастап өлiм жазасына дейiн кесе алады;

¨ салық салу. Орасан зор мемлекеттiк аппараты ұстау үшiн халықтан салық жинау;

¨ мемлекеттiң мiндеттi түрде мүшесi, азаматы болуы тиiс.

Мемлекет қоғамның саяси ұйымдары iшiндегi ең тұрақтысы және оны басқа саяси жүйе элементтерiнен ажырататын қызметтерi бар. Мемлекет қызметтерi iшкi және сыртқы болып бөлiнедi. lшкi қызметi саяси, құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтiк, бiлiм берушiлiк, мәдени-тәрбиелiк болып бөлiнедi.

1 Саяси қызметi саяси билiктi жүзеге асырумен байланысты. Бұл қызметіне экономикалық жағынан артықшылыққа ие таптың саяси үстемдiгiн қолдау, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, саяси партиялар, кәсiпқой топтар, қоғамдық институттармен бiрге мемлекеттiк құрылысты қалыптастыру, билiк өкiлеттiлiгiн жүзеге асыру мәселелерi бойынша қарым-қатынасты орнату, қоғам дамуының бағдарламалық-стратегиялық мақсаттары мен мiндеттерiн түзу, ұлтаралық қатынасты, әсiресе көпұлтты мемлекетте реттеу жатады.

2 Құқықтық қызметiне: заңшығарушылық, заңдық нормаларды бекiту, қоғамдық қатынастарды, азаматтардың әрекетiн реттеу сияқты қызметтер жатады.

3 Ұйымдастырушылық қызметi, билiк өкiлеттiлiгiн iске асыру, шешiмдердi орындау, басқарушылық кадрлар корпусын қалыптастыру мен пайдалану, заңның, шешiмнiң орындалуын бақылау, саяси жүйенiң әртүрлi субъектiлерiнiң қызметiн реттеу шараларын iске асыруда ұйымдық тетiктердi пайдалануға негiзделген.

4 Экономикалық қызметi ең негiзгi қызмет болып табылады, бiрақ әр қоғамда әртүрлi көлемде, мазмұнда iске асырылады. Қазiргi кезеңде мемлекеттiң экономикаға қатысуы салық саясатын жүргiзуде, несие бөлуде, экономикалық санкцияларды пайдалануда көрiнедi.

5 Әлеуметтiк қызметi: адамдардың жұмысқа, тұрғын үйге сұраныстарын қанағаттандыруды, қарияларды, мүгедектердi, жастарды, жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғауды және өмiрдi, денсаулықты, меншiктi сақтауды т.б. қамтиды.

6 Мемлекеттiң бiлiм берушiлiк қызметi. Сапалы бiлiм беру болашақтың негiзi, өркениетке жетудiң жолы. Көптеген мемлекеттер қазiргi кезде бiлiм беру жүйесiн реформалауда, онда балабақшадан жоғары оқу орнына дейiнгi бiлiм берудiң мемлекеттiк саясатын қалыптастыру мiндеттерiн шешуде. Мемлекет ең алдымен бiлiм беру жүйесiн демократияландыру, оның үздiксiздiгiн қалыптастыру, жастарды белсендi өмiрге сапалы даярлау сияқты мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

7 Мемлекеттiң мәдени-тәрбиелiк қызметiадамдардың мәдени сұраныстарын қанағаттандыруға, жоғары руханилық пен азаматтылықты қалыптастыруға бағытталған. Бұл қызметтiң ауқымы өте кең, сондықтан оған мемлекетпен қатар қоғамдық ұйымдар, мемлекеттiк емес құрылымдар, шiркеу, теле-радио кампаниялар, басылымдар, баспасөз т.б. қатысады. Мемлекет бұл саланы қаржыландыру, салық салу сияқты мәселелердi өз бақылауына алуы керек.

Мемлекеттiң сыртқы қызметi елдiң шекарасын, территориясын қорғау, басқа елдердiң iсiне араласу (әскери агрессия, күштеу), мемлекеттер аралық қатынасты сақтаумен байланысты. Мұнда сыртқы сауда, халықаралық ұйымдар, блоктар, одақтар жұмысына да қатысады.

Мемлекеттiң атқаратын қызметi белгiлi бiр дәрежеде қоғамның материалдық (экономикалық), ұйымдастырушылық (саяси), ақпараттық, сондай-ақ адамгершiлiк және этномәдени өмiр салаларын реттеуге бағытталынуы тиiс. Яғни, мемлекет қоғамға икемдi, тиiмдi түрде ықпал етуi қажет. Ең алдымен, мемлекет еркi ақпараттық қарым-қатынас негiзiнде нормативтi түрде халыққа жарияланып отыруы керек. Содан кейiн жеке бостандық пен қоғамдық қажеттiлiктi бiлдiретiн нормалардың iске асуын қамтамасыз ету қажет. Бұлардың барлығы өмiрде қалыптасқан ережелердi қолданбай, олардың орындалуын бақыламай, оларды заң бойынша бекiтпей мүмкiн емес. Бұл мемлекеттiң ретке келтiру жұмыстары, әлеуметтiк өмiрге жүргiзетiн ықпалдары мемлекеттiк билiктi бөлудi қажет етедi. Яғни, бұл бөлiнiс тәуелсiз мемлекеттiң саяси және заңдық тұрғыда икемдi болуына мүмкiндiк бередi.

Мемлекеттік биліктің өкілетті институттары. Парламент – жоғары өкілділік және заңшығарушы билік (ағылшын тілінде «parliament», француз тілінде «parler» – сөйлеу деген мағынаны білдіреді). Халықтық өкілділік ұйымдар ежелгі мемлекеттердің өзінде де кездесті, мәселен Ежелгі Римде. Бұл халық жиналысы, ақсақалдар кеңесі, Сенат (Ежелгі Рим), Римдік форум, вече, кұрылтай және т.б. болуы мүмкін. Орта ғасырда сословиялық-өкілділік жүйенің мына түрлері қалыптасты: Францияда Генералдық штаттар, Испанияда Кортестер, Ресейде Земство жиналысы және т.б. Қазіргі парламентаризмнің отаны Англия болып есептелінеді. Англияда парламент ХІІІ ғасырда қалыптасты, бұл король Иоанн Безземельныйдің «Еркіндіктің Ұлы хартиясына» қол қоюымен байланысты болды. Бұл құжат бойынша, король жаңа салықты Королдық Кеңес рұқсатынсыз ендіре алмады.

Енді парламент және парламентаризм ұғымдарының мәнін ажыратып алайық:

1 Парламент ұғымы саяси сахнаға мемлекеттік биліктің бөліну принципімен дүниеге келді, ол саяси режімнің, тіпті антидемократиялық сипатына қарамай жұмыс істей алады;

2 Парламент ұғымы парламентаризмге негіз қалайды. Парламент мемлекеттік құрылыстың басты институттарының бірі, ол парламентаризмсіз өмір сүре алады, ал парламентаризм парламентсіз өмір сүре алмайды;

3 Парламентаризмнің шығуын, қалыптасуын, дамуын қоғамдағы конституционализмнің деңгейімен тікелей байланыста қараған жөн. Демек, парламентаризм қоғамның демократиялық-конституциялық саяси құрылымы негізінде ғана қалыптасуы мүмкін;

4 Парламентаризмнің аса маңызды белгісі парламенттің үстемдігі және оның мемлекеттік билік жүйесінде шешуші орын алуы;

5 Парламентаризм – саяси плюрализм, биліктің бөлінуі, заңдылық режімі сияқты ерекше жағдайлармен анықталынады;

6 Парламентризм – парламент институтының дамуы, қызметінің жоғары сапалы болуы;

7 Парламентаризм – қоғамды мемлекеттiк басқару жүйесiнде заңшы-ғарушылық және атқарушылық қызметтің анық бөлiнуiмен, әрi заңшығарушы ұйымның артықшылық жағдайымен сипатталынады;

8 Парламентаризм – парламенттің басқа мемлекеттік ұйымдармен өзара қатынасы қалыптасқан, мемлекеттік билік тетіктерінде рөлі мен мәртебесі жоғары, өкілді демократияның қызмет жасауы мен ұйымдастырудың негізгі тәсілі болуы;

9 Парламентаризм – мемлекеттік биліктің формасы емес, оны жүзеге асырудың әдісі.

Парламент – халық сайлаған ең жоғарғы өкілділік және заңшығарушы ұйым. Алайда, кейбір елдер конституцияларында бұл функциялар бірдей аталып көрсетілмейді. Мысалы, Әзірбайжан, Армения, Украина, Жапония Конституцияларында парламент тек заңшығарушы билік есебінде қарастырылған. Ал, Түркіменстан Конституциясында халық билігінің жоғарғы өкілділік органы деп атап көрсетілген. Әлемдік тәжірибеде парламенттің заң шығарушылық биліктен әлдеқайда кең функциялар берілуі де кездеседі. Мысалы, Ұлыбритания, Индия Конституцияларына сәйкес парламент тұтас үш тұтқаның – мемлекет басшысы, жоғары және төменгі палаталардың қосындысы мағынасы берілген. Сонымен бірге, кейбір елдерде парламент бірден-бір заңшығарушы орган емес, мәселен, Индонезия мен Қытайда басқа органдар да заң қабылдайды.

Әлемдегі елдердің парламенттері:

Ұлыбританияда екі палаталы парламент, Лордтар Палатасы мен Қауым Палатасы;

Қытайда бір палаталы, халық өкілдерінің Бүкілқытайлық Жиыны;

Ресейде екі палаталы, Федералды Жиын – Федерация Кеңесі мен Мемлекеттік Дума;

АҚШ-та екі палаталы парламент, Конгресс – Сенат және Өкілдік Палата;

Украинада бір палаталы Жоғары Рада;

Францияда екі палаталы парламент – Сенат және Ұлттық Жиын;

Финляндияда бір палаталы Эдускунта.

Парламент палатасының iшкi ұйымының негiзгi элементтерi:

1) палата мүшелерiнiң партиялық ұйымы;

2) палатаның басқарушы ұйымдары;

3) парламенттiк комиссиялар (комитеттер).

Көптеген елдерде палата мүшелерiнiң партиялық бiрлестiктерi қызметiнiң регламентi қалыптасқан. Палаталар төрағасы партиясыз (Ұлыбританиядағыдай) немесе партия мүшесi (фракциялық көпшiлiктен) болады. Палаталардың басқарушы ұйымдарына төрағалар, олардың орынбасарлары, хатшылары, квесторлар (бақылаушылар) енедi. Көбiнесе палаталардың басқарушы ұйымдары тепе-тең (пропорциональдi) негiзде қалыптасады.

Парламенттiк комитеттер екi түрге бөлiнедi: уақытша және тұрақты. Уақытша комитеттер қандай да бiр iстi қарау үшiн құрылады, кейде оларды арнаулы комиссия деп те атайды. Комитеттердiң партиялық құрамы палатаның партиялық құрамына тепе-тең. Мұнда комитет төрағасы тұрақты да, ал мүшелерi уақытша негiзде болады. Комитет төрағасын таңдау мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

1 комитет мүшелерiнiң өздерi;

2 палата төрағасы бекiтедi;

3 ақсақалдар қағидасы бойынша.

Комитеттер мен комиссиялардың негiзгi жұмысы заңшығарушылық қызметпен тікелей байланысты.

Жоғары палата тiкелей емес жолмен сайланады, жастық шек жоғары, саны аз, өкiлеттiлiк мерзiмi көбiрек, жиiрек жаңарып отырады.

Бұл жоғарыда айтылғандай жоғарғы палатаның құрылуы әртүрлi. Мысалы, Англияда парламенттiң жоғарғы Лордтар палатасына мұрагерлiкпен өмiр бойы болатын пэрлер мен ондай құқығы жоқ пэрлер және Англия шiркеуiнiң жоғары шендiлерi кiредi. АҚШ-та Конгрестiң жоғарғы палатасы Сенатқа әр штаттан (халық санына байланысты емес) екi өкiлден сайланады. Германияда жоғарғы палатаның депутаттарын әр жердiң өкiметi тағайындайды. Қазақстан Республикасында Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан сайланады. Сенатта 15 депутатты Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл.

Мемлекепік аппараттағы бюрократизм себептері. Әскер және мемлекеттік қауіпсіздік органдары және тәртіпті қамтамасыз ету саяси институттардың ерекшелігі ретінде. Бюрократия ұғымы /француздың «bureau» - стол, канцелярия және гректің «kratos» - билік/ тікелей столбастық, канцелярия, контор билігі деген мағынаны береді.

Бюрократия ұғымын түсіндірудің екі ғылыми тұрғысы кездеседі. Оның бірі неміс ғалымы М.Вебер /1864-0920 ж./ атымен байланысты, ол басқару теориясында үлкен іс қалдырды. Бұл тұрғыда бюрократия ұғымы тиімді ұйымдастырылған басқару жүйесі, онда кәсіби қызметкерлер заң мен ереже бойынша өз қызметтерін орындайды. Яғни, М.Вебер бойынша бюрократия дегеніміз тиімді-құқықтық биліктің қажетті элементі және ол европалық өркениеттің дамуы негізінде пайда болған. Екінші тұрғыда бюрократия жағымсыз бағаланады және қоғамдағы жағымсыз құбылыс ретінде қарастырылады. Барлық уақытта мұндай жағдайда үшінші бір бағыт пайда болады. Онда бюрократия қоғам үшін қажеті құбылыс, бірақ оның жағымсыз жақтары бар деп саналады. Көбінесе мұнда бюрократия жақсы, ал бюрократизм жаман деп саналады. Бұл ситуация бюрократия құбылысына нақты талдау жасап, қорытынды жасауды талап етеді.

Бюрократиялық ұйымның мына төмендегідей сипатымен ерекшелінеді:

· Нәтижелігімен, ұйымның мүшелері арасындағы міндеттерді нақты бөлінуі арқылы жеткен, жоғары кәсіби мамандарды басшы қызметке алуға мүмкіндік беруі;

· Биліктің қатал иерархиялануы, биліктің жоғары сатысында тұрған адамның өзінен төмендерді бақылауға мүмкіндік беретін;

· Формалды қалыптасқан және нақты тіркелген ереже жүйесі, басқару қызметінің біржақтылығын қамтамасыз ететін;

· Тұлғасыз әкімшілік қызмет және көңіл-күйден бейтарап қатынас, олардың әр қайсысы индивид ретінде емес, әлеуметтік билік пен белгілі бір лауазымды алып жүруші ретінде әрекет етеді.

Бюрократияны зерттеуші ғалым Ф.Хэди оны екі топқа бөледі. Біріншісі, классикалық бюрократия, веберлік сипаттауға өте жақын, шығуы жағынан орта ғасырлық абсолюттік тәртіппен байланысты. Ол тиімділігі мен жоғары кәсібилігімен ерекшелінеді, бірақ икемділігі жоқтығымен ерекшелінеді. Классикалық бюрократиялы елдер- Франция мен Германия. Саяси бюрократия, бәрінен бұрын ағылшын тілді елдерге тән, саяси бақылауға оңай ұшырайды. Сондай-ақ либералды-демократиялық елдердегі шенеуіктер екі нұсқаны да алып жүреді. Соңғы жылдары бюрократияның жаңа формасы пайда болды, олар жоғары саяси білім алған және ол білімдерін іске асыруға талпынған.

Бюрократияның өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар:

oБюрократия қоғамдық құбылыс, тек социумға /қоғамға/ ғана тән;

oБилікпен тығыз байланысты құбылыс;

oБюрократизм, билік субъект және объекті принципі бойынша бөлінген кез келген билікке тән;

oБюрократизмнің объективті негізі биліктің субъект пен объект болып бөлінуінде, олардың бір-бірінен алшақтауы биліктің мүддесін орындау мүмкіндігін әлсіретеді;

oБюрократизммен күрестің радикалды тәсілі билік пен басқаруды ұйымдастыру принципін өзгерту, нақты айтсақ өзін-өзі басқаруға өту;

oБюрократизммен биліктің кез келген сатысы: лауазымды адам, мемлекеттік ұйым, тұтас мемлекет ауруы мүмкін;

oБюрократизм динамикалық құбылыс, билік-басқару жүйесінде көп немесе аз болуы мүмкін;

oМемлекеттік ұйымдардың әр түрлі жүйесі бюрократизмге әр түрлі деңгейде ұшырайды, бюрократизмге ең көп ұшырайтыны басқармалардың кәсіби аппараты, мемлекеттік қызметкерлер, ал аз ұшырайтыны демократиялық жолмен пайда болған мемлекеттік ұйымдар; бюрократия- бұл билікті ұйымдастыру тәсілі, ал бюрократизм- бюрократиялық ұйымдасқан билік-басқару жүйесін сипаттаушы сапалар, қасиеттер, белгілер жиынтығы;

oДемократия мен бюрократия бір-бірімен сиыспайды, олар билікті ұйымдастырудың әр түрлі тәсілдерін қолданады.

Бюрократияны бақылау ресми және ресми емес, сонымен бірге ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Қоғамды бюрократизациялаудың жолдары:

v Демократияның дамуы, жариялылық;

v Шаруашылық механизмдердің жетілуі, нарықтық жүйедегі қатынас;

v Биліктің өкілділік ұйымдарының демократиялануы және атқарушы биліккке ықпалдың күшеюі;

v Құқықтық жауапкершілік, бюрократтарға заң арқылы қысым жасауды күшейту;

v Жалақының, карьера мен қоғамдағы орнының оның қызметінің соңғы нәтижесіне тәуелділігін күшейту.

Посткеңестік шенеуніктікті қарастыра отырып, А.Облонский, олар веберлік классикалық бюрократияға жете алмады деп санады. Сондықтан да оларды квазибюрократия деп атады. Автор сонымен бірге қазіргі әкімшілік жүйе тіпті нашар қызмет етуде деп санады:

Ø Кәсібилік деңгейінің төмендеуі, яғни ең білікті және қабілетті аппарат қызметкерлердің мемлекеттік қызметті тастауы;

Ø Аппарат қоғамға қызмет көрсетуге үйретілмеген;

Ø Аппараттық жемқорлықтың күшеюі;

Ø әкімшілік моралдің кодексінің бұзылуы, бюрократиялық жазаламаушылықтың арттуы.

Мемлекеттік басқаруды демократияландырудың дербес әдістері мыналар:

1. мемлекеттік басқару қызметінің орталыққа тәуелділігін жою;

2. мемлекеттік басқару өкілеттілігінің шоғырлануын жою;

3. алқалық институттардың қызметін жетілдіру /өкілдік/;

4. мемлекеттік басқару органдарының қызметіндегі жариялық пен ашықтықты кеңейту;

5. мемлекеттік басқару органдарының халық алдында жауап беруін күшейту;

6. барлық деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарының бағдарламаларын азаматтық институттардың бекітуін қамтамасыз ету.

Қоғамның бюрократиялануын жою үшін мынадай тетіктерді жетілдіру қажет деп санаймыз:

1. демократияның дамуы, жариялық процестері мен конструктивті сынның жаппайға айналуы;

2. қызметкерлердің жалақысының, карьерасының, қоғамдағы жағдайының оның қызметінің соңғы нәтижесіне тәуелді болуы;

3. шаруашылық механизміні, нарықтық қатынас жүйесін жетілдіру;

4. өкілділік билік ұйымдарын демокартияландыру және атқарушы билікке ықпалын күшейту;

5. заңдық жауапкершілік, бюрократтарды заң бойынша жауапқа тарту ережесін ендіру.

Брюрократияның өмір сүруі кәсіби адамдар топтары, басқарушылық қызметпен айналысатын - бұл қалыпты, жағымды процесс. Бюрократизм жағымсыз, аномальді құбылыс ретінде қалыптаса бастауы, ол бюрократияның анық нақты көрініс беруі.

«Биліктің бөліну» жүйесіндегі заң шығарушы, атқарушы және сот жүйелерінің өзара қатынасы. Демократиялық қоғамдарда билiктi тармақтарға бөлу қолданылады. Оның негiзiн салушы ағылшын ойшылы Дж. Локк (1632-1704ж.ж.) және француз ғалымы Ш.Л. Монтескье (1689-1753ж.ж.) болды. Билiк – заңшығарушы, атқарушы және сот билiгi болып үш тармаққа бөлiнедi.

Заңшығарушы билiк (парламент) заңшығарумен, оны бекiту, өзгерту және жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкiметтi тағайындайды, бюджеттi бекiтедi, соғыс ашып, әскердi қамтамасыз етедi, сауданы реттейдi, сотты ұйымдастырады, халықаралық келiсiм шарттарды қабылдайды, маңызды iшкi және сыртқы саясатты анықтайды. Оның жұмысын конституция атынан ерекше органдар (конституциялық бақылау) бақылау жасайды.

Атқарушы билiкке Үкiмет пен әкiмшiлiк жатады. Оларды заң шығарушы өкiлдiк органдар қалыптастырады. Атқарушы билiк заңшығарушы билiктiң бақылауында болып, олардың алдында есеп бередi. Оның жұмысы заңға негiзделiп, заң шеңберiнде әрекет етуi тиiс. Үкiмет саяси шешiмдер қабылдайды (конституция шеңберiнде), ал әкiмшiлiк ол шешiмдердi жүзеге асырады.

Соттың билiгi адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушы-лықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестiгiн анықтайды. Оны халық не өкiлеттi мекемелер қалыптастырады. Ол заңшығарушы не атқарушы билiкке тәуелсiз. Егер жоғарғы сот мемлекеттiк органның немесе қызметтегі адамның шешiмiн конституцияға қарсы десе, ол шешiм толығымен күшін жояды.

Кықтық мемлекет: пайда болу тарихы мен қазіргі амалдары. Қазақстандағы құкықтық мемлекеттің қалыптасу мәселелері. Азаматтық коғам концепциялары. Азаматтық қоғам мәні және белгілері. Мемлекег пен азаматтық коғамның өзара байланысы. Қазақстанда азаматтық қоғам мен мемлекеттің қарым-қатынас формалары.

Бұл екі ұғым көптің аузына соңғы жылдары ғана ілікті. Бұрын 20-жылдары, кейінірек алпысыншы жылдардың басында біршама қолға алынып, кейін ұмыт болған-тын. Оның есесіне жалпы халықтық мемлекет және қоғамдық өзін-өзі басқару тіркестері қолданыла бастаған.

Қазір азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қайтадан құжаттарға еніп, ғалымдар ден қоя бастады. Ал шындығында бұл екі ұғымның мән-мазмұны неде, ара-қатынасы қандай, шығыстық ойда қандай көрініс тапқан? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Азаматтық қоғам тарихи жағынан мемлекеттен бұрын пайда болған. Азаматтық қоғам-адамдардың өмір сүруіне, тіршілік етуіне қажетті өзара қарым-қатынасының шарты. Өйткені адам тіршілік ету үшін бір-бірімен қатынас жасап, өзара қауымдасып еңбек етеді. Сөйтіп адамдар жаңа материалдық игіліктер жасайды, сол игілікті бөлісу, айырбастау, бірлесіп пайдалану үшін, бір сөзбен айтқанда, тіршілік тоқырап қалмау үшін түрлі әрекеттер жасайды, отбасы құрылып, бала сүйеді, топтарға, ұйымдарға бірігіп өз мүдделерін қорғайды. Адамдардың қауымдасуы өзінің белгілі бер даму кезеңінде өз қауымдастарының жеке бастары мен отбасы мүшелерінің, бірлестіктері мен ұжымдарының мүддесін қорғау, тыныштығын қамтамасыз ету үшін саяси күшті қажет етеді. Мұндай күш ретінде өмірге мемлекет келеді.

Азаматтық қоғам мен мемлекет бірлесіп, ынтымақтасып қатар бой түзеп өмір сүреді. Бірін бірі тежеп, бір бірінің қызмет аясына араласып, іштей текетіреске де барып отырады.

Мемлекет өзін азаматтық қоғамның өзу туғызып, оны соның өзі асырап, оның іс-әрекетін бақылап отырғанын кейде ұмытып, бар билікті өзуысында ұстауға тырысады. Азаматтық қоғам өз ықпалын әлсіреткен жағдайда, мемлекет өзінің зор күшіне еніп, жыртқышқа айналады. Қоғамның бүкіл ұңғыл-шұңғылына араласып, адамды басып-жаныштайды, адам бостандығы мен құқын аяққа басуға дейін барады.

Адамның өзі дүниеге келтірген саяси күш – мемлекет бірте-бірте оның өзіне ауыз салады, экономикалық қыспаққа салады, алым-салықты үдетіп, саяси жағынан қыспаққа алады, құқықтарын шектейді, заңсыздықтарға барып, адамдарды кейде жазықсыздан-жазықсыз жазалайды, айдауға жіберіп, түрмелерге жабады. Осыған орай адам мемлекеттің зорлық зомбылығын шектеуді қажет етеді. Азаматтық қоғамға иек артып, соның мемлекетті шектеу ықпалын пайдаланып, соған арқа сүйемек болды. Азаматтық қоғамды дамытуға күш салды.

Азаматтық қоғамды қалыптастыру, оны дамытуды мемлекет атаулыны жұтып қою немесе оны қоғамнан аластау деп түсіндеу керек. Бір сөзбен айтқанда, құқытық мемлекет дегеніміз азаматтық қоғамның қалыптасуының, оның жетіліп дамуының заңды жемісі деген сөз.

Көпшілік арасында азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекетті бір біріне қарсы қойып, оларды бірін бірі теріске шығаратын антиподтық ұғым деп түсіну кеңінен етек алып отыр. Бұл әрине дұрыс емес. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына ешқандай да қарсылық көрсетпейді, керісінше ол құқытық мемлекеттің қалыптасуына қызмет етеді.

Құқықтық мемлекет орнықпайынша, әкімшіл-әміршіл жүйе бой көрсетуден танбайды, жеке адамның заңды құқы аяққа тапталып, мүлт кеткен шалыс қадамы жазаланып отырылады. Төрт-бес күнге көршілес елге барып қайту үшін де мемлекеттен

рұқсат сұрап, әуре-сарсаңға түседі. Мемлекет өз үстемдігін толық жүргізіп, адамдардың жеке ісіне, отбасына, сенім-нанымына да қол сұғып, жөн-жосықсыз араласудан біржола

арыла алмайды. Мұны тәртіпке келтіріп, мемлекеттің шексіз билігіне шектеу жасап, оның бәрін әділ қабылданған заңдармен реттеп, заңдастырып отыру – құқықтық мемлекеттің қызметі.

Азаматтық қоғам ұлт мүддесіне қарсы әрекет етпейді. Керісінше, адам құқығын қорғауға күш салады. Алайда, азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекет деген ұғымдар қарсы қоюшылық та осындайдан туған. Бұл екі ұғым бір-біріне қарсы болатындай емес, екеуі екі деңгейде өрбитін ұғымдар. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына емес, мемлекеттің адам құқығы аяқ асты ететін әрекеттеріне қарсы бой көтереді, нағыз демократия үшін күреседі. Осыны ажырата білген абзал.