Болашақтағы Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттары.

 

Халықаралык катынас жүйесіндегі егеменді Қазақстан.Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік Республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.

1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.

Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.

1992 жылы наурыздың 2-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ЕҚЫҰ (ОБСЕ) сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар - Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.

Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2,8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.

Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы.

Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:

1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.

2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.

3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

Қазақстан-Ресей байланыстары.

Қазақстан мен Ресейдің екі онжыл­дық­тағы жемісті қарым-қатынастары үшін берік негіз қаланды:

Біріншіден, өз тарихында алғаш рет Қазақстан мен Ресей тек өткен тарихы­ның ортақтығымен ғана емес, сонымен бірге бүкіл еуразиялық өңір мен әлемнің қазіргі және болашақ дамуын бірдей болжауымен де көршілес тәуелсіз мемлекеттер, БҰҰ-ның толыққанды мүшелері ретінде өзара қарым-қатынастар қалыптастырды.

Екіншіден, КСРО ыдырағаннан кейін мемлекетаралық бөлінудің іс жүзінде барлық мәселелері бір-бірінің ұлттық мүдделерін ескере отырып, сындарлы негізде шешім тапты.

Үшіншіден, түрлі салалардағы 480-нен астам келісім-шарттар мен келісімдерден тұратын екіжақты қарым-қаты­нас­тар­дың көлемді құқықтық базасы құрылды.

1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:

1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.

2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.

1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ХХІ ғасырға бағдарланған «Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы» Декларация жарияланды. Нәтижелері:

1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.

2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.

3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.

Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекара­сы туралы келісім-шарт бекітіліп, оны демаркациялау жөніндегі жұмыстар оң сипатта жүргізілді.

Төртіншіден, Қазақстан мен Ресейдің екіжақты өзара іс-қимылдары мен ықпал­дастығы екіжылдық Бірлескен іс-қи­мылдар жоспары негізінде дамуда.

2007 жылдан бастап осындай екі жоспар жүзеге асты, ал биылғы жылы 2011-2012 жылдарға арналған Жоспарды орындау аяқталып келеді. Қазір екі ел сарапшылары алдағы жылдарға арналған жоспардың жобасын әзірлеуде.

Бесіншіден, Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары бағыттардың кең ауқымды кешені бойынша табысты әртараптан­ды­рылған және іс жүзінде ықпалдастықтың барлық маңызды салалары – сауда-эко­номикалық, инвестициялық, өңіраралық, саяси, әскери-техникалық, т.б. сала­лар­ды қамтиды.

2011 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы шамамен 24 миллиард долларды құрады.

1700 Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіп­орындары табысты жұмыс істеуде.

Екі онжылдықта Ресейдің әскери жооларында 4 мыңнан астам қазақстандық офицерлер даярланды.

Әскери және әскери-техникалық ын­ты­мақтастықтың түрлі аспектілері бой­ын­ша 60-тан астам бірлескен келісімдер жүзеге асырылуда.

Алтыншыдан, Қазақстан мен Ресей іс жүзінде ортақ рухани-өркениет өлше­мін­де өмір сүруде.

Ғылыми білім беру, сол сияқты, гу­ма­нитарлық мәселелер жөніндегі Қазақ­стан мен Ресей арасындағы өзара іс-қимылдар аясы кеңеюде.

Шамамен 20 мыңдай қазақстандық жас азаматтар Мәскеудің, Санкт-Петер­бургтің, Омбының, Екатеринбургтің, Новосібірдің, Томның және Ресейдің басқа да бірқатар қалаларының ЖОО-ларында білім алуда.

Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақ­тас­тық саласындағы жоспарлары:

1 Каспийдің мұнай байлығын бірлесіп өндіру, Каспий құбыр консорциумының қуатын 2015 жылдан бастап 67 миллион тоннаға дейін ұлғайту, ресейлік компания­лар­дың қатысуымен Қарашығанақ газ кен орнын игеру;

2 Екібастұздағы ең ірі көмір кен орны мен электр стансасының құрылысы бірлесіп игеру.

3 Уран өндіру жөнінен 3 бірлескен Қазақстан-Ресей кәсіпорны құру.

4 Қазақстан-Ресей Нанотехнологиялар қоры құ­рылды.

5 «Байқоңыр» ғарыш айлағында «KAZSAT» байланыс спутниктері серия­ларын ұшыру, ГЛОНАСС жүйесін бір­лесіп, пайдалану. Байқоңыр инновациялық форумын құру.

6 2000 жылы Еуразиялық экономи­ка­лық қауымдастық құрылып, ойдағыдай жұмыс істеуде.

7 2010 жылы Қазақстан мен Ресей Белоруссиямен бірлесіп Кеден одағын құрылды.

1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:

1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.

2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.

1998 жылғы 6 шілдеде МәскеудеІІІ ғасырға бағдарланған «Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы» Декларация жарияланды. Нәтижелері:

1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.

2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.

3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.

Қазақстан-Қытай байланыстары.

1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай Халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық).

1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен - шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті.

1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасында келісімдер нәтижесінде, шекараны нақтылау негізінен аяқталды.

Қазақстан-АҚШ байланыстары.

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономика-сының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.

Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.

1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.

АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.

Қазақстан және ТМД елдерімен тығыз өзара байланыста болу – біздің ел үшін өте қажет. 1994 жылы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан).

Қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі.

Қазақстан және халықаралық ұйымдар. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі маңызды тарихи оқиға болды. Бұл елімізді тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қауымдастық қатарына қабылдануын ресми тұрғы бекіту болып табылады. Қазақстанның і әлемдік қауымдастық алдында беделі өсуіне 1991 жылы Семей ядролық сынақ алаңын жабуы мен 1992 жылы Лиссабонда «Ядролық қаруды таратпау» туралы шартқа қол қоюы ықпал етті. Бұл Қазақстанға БҰҰ Бас Ассамблеясында халықаралық қауіпсіздік проблемасын көтеруге мүмкіндік берді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы ұлы мемлекеттер – КСРО, АҚШ және Англия бастамасымен 1945 жылы шілде айында Сан-Франсиско конференциясында құрылды. Конференцияға КСРО, АҚШ, Англия, Қытай мемлекеттері шақыруымен фашистік Германия мен империалистік Жапонияға қарсы соғысқан немесе оларға соғыс жариялаған елдер қатысты. Конференция Біріккен Ұлттар Ұйымының Уставы қабылдады, мақсаттары мен міндеттері белгіледі. Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб пәтері Нью-Йорк (АҚШ) қаласында орналасқан. Оның Еуропа бөлімінің тұратын орны – Женева қаласы. БҰҰ-на алғаш 51 мемлекет кірді, қазір мүшелер саны 189-ға жетті. БҰҰ-ның негізгі және тұрақты органдары − Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік Кеңес, Бақылау Кеңесі, Халықаралық сот және Секретариат болып табылады. БҰҰ-ы талқыланған мәселелер жөніндегі шешім Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері бір ауыздан қолдағанда ғана толық қабылданды. Шешімнің бір ауыздан қабылдану принципі қандай да болса бір мемлекеттің БҰҰ-на билік жасауына мүмкіндік бермейді. Біріккен Ұлттар Ұйымын құрудағы негізгі мақсат мынада:

- Дүние жүзіндегі халықаралық бейбітшілікті орнату;

- Ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту;

- Халықаралық әлеуметтік, экономикалық, мәдени және гуманитарлық проблемаларды шешу.

Қазақстанда БҰҰ жүйесінің 16 ұйымы қызмет жасайды: БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ Балалар қоры, БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА), БҰҰ есірткі және қылмыс мәселелері жөніндегі басқармасы, БҰҰ Жоғары комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы, БҰҰ Еріктілері, БҰҰ әйелдерді дамыту қоры, Халықаралық еңбек ұйымы, БҰҰ Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ өндірісті дамыту жөніндегі ұйымы, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілеттілігі, БҰҰ гуманитарлық қызметті реттеу бойынша басқармасы, т.б.

Еліміз ірі халықаралық ұйым саналатын Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне 1992 жылдан бастап мүше. 1994 жылы 27 мамырда Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» құжатына, ал 1996 жылы Қазақстан мен НАТО арасында қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды. Осыған орай Қазақстан НАТО-ның дағдарыс жағдайларын басқару бойынша жаттығуларына белсене қатысуда. 2002 жылы Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде алғашқылардың бірі болып НАТО-ның «Жоспарлау және шолу үдерісі» бағдарламасына қосылды. Сонымен бірге бітімгершілік күштерін дамыту бағдарламасын әзірледі. 2002 жылы НАТО елдерімен әскери-техникалық ынтымақтастықтың нәтижесінде НАТО стандарттары бойынша «Қазбат» жасақталды

2000 жылы ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құрутуралы бастамасын аймақ басшылары оң қабылдады. 2005 жылы «Орталық Азия Ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер басшыларынығ саммитінде бұл аталған ұйым Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа (бұдан әрі – ЕурАзЭҚ) бірікті.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кедендік Одаққа қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған ЕурАзЭҚ құру туралы шартқа сәйкес құрылады. ЕурАзЭҚ бастауы 1994 жылы Чолпан ата қаласында (Қырғызстан) Орталық Азия Одағы шеңберінде өткен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекет басшыларының кездесуінде Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы қабылданған шешіммен байланысты.

ТМД шеңберінде Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың қалыптасуы Достастық елдерінің ықпалдастықтың жаңа деңгейіне ұмтылатындығын көрсетті. ТМД-ның ішкі мәселелрі де ықпалдастықтың жаңа деңгейін қажет етті.

Бұл ұйымға Қазақстан, Белоруссия, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Молдова республикалары мүше, ал Украина бақылаушы мемлекет болып табылады. ЕурАзЭҚ құру негізіне «Кедендік одақты және Біртұтас экономикалық кеңістікті тиімді қалыптастыру» мақстаында қалыптастырылған сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымы алынды. ЕурАзЭҚ-тың басқару органдарыМемлекетаралық Ассамблея және Қоғамдастық Соты болып табылады.

2003 жылы мамыр айында БҰҰ ЕурАзЭҚ-ты халықаралық ұйым ретінде мойындады. ЕурАзЭҚ-тың 2003 жылдың 27 сәуірде Душанбе қаласында өткен Мемлекетаралық Кеңесінде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы іс-ахуалы және интеграциялық ынтымақтастықты жеделдету жөніндегі ұсыныстар туралы» баяндамасы тыңдалды.

Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы келесі қадам − Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҮ). Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт 1992 жылы ТМД шеңберінде Достастық елдерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскери-саяси ынтымақтастықты нығайту мақсатында құрылғандығы белгілі. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа ресми түрде 1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында қол қойылды. Келісімге ТМД-ның алты мемлекетіАрмения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қол қойды. Кейіннен Белоруссия қосылды. Ұйымның жоғарғы органы − Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі. Сонымен бірге, өкілетті өкілдерден тұратын Тұрақты Кеңес, Сыртқы істер министрлері кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесі, Қауіпсіздік кеңестер хатшылық комитеті, ұйымның бас хатшысы, ұйым хатшылығы қызмет жасайды.

Қазақстан тек Орталық Азия аймағында ғана емес, Еуразия аймағында да ықпалдастыққа ұмтылуда. Әсіресе, Шанхай ынтымақтастық ұйымының алатын орны ерекше. Ол бүгінгі күні қол жеткізген нәтижелерімен ерекшеленеді. Олар: аумақтық мәселені шешу; лаңкестікке қарсы күрестегі жетістіктер; әскери саладағы тығыз ынтымақтастық; басқа халықаралық ұйымдармен байланыс орнату; экономикалық ынтымақтастықты терендету жолындағы нақты жобалар.

1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда бес мемлекет − Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан «Шекара аймағында әскери салада сенімді бекіту туралы келісім-шартқа» қол қойып, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының негізін қалады. Сол кезде ұйым «Шанхай бестігі» деп аталғанымен, кейін 2001 жылғы саммитте «Шанхай бестігіне» Өзбекстанның кабылдануымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы деп аталды. Саммиттен кейін «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құру туралы» декларация жарияланды. Сонымен бірге «Лаңкестік, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы» деп аталатын тағы бір маңызды құжат қабылданды. Сөйтіп, аймақтық саясатта алғаш рет лаңкестік, сепаратизм және экстремизм ұғымдарына анықтама берілді. Ақиқатында, бұл құжат АҚШ-тағы 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасына 3 ай қалған уақытта қабылданған еді. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы әскери одақ емес, ол аймақтық қауіпсіздік саласындағы ықпалдастықпен қатар, экономика саласындағы байланыстарға ұмтылатын ұйым болып табылады.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (Азия кеңесі, АӨСШК).АӨСШК-ні құру туралы идеяны ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы 5 қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ұсынды. Ұйымның негізгі мақсаты − Азия аймағындағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты көп жақты қарым-қатынастарды орнату және осы мәселелерді шешу барысында ынтымақтастықты нығайту.

I саммитте екі маңызды құжатқа − Алматы актісі мен АӨСШК Лаңкестікті жою және өркениеттер арасындағы диалогқа қолдау көрсету туралы декларацияға қол қойылды. Осы құжаттар негізінде АӨСШК Азиадағы дау-жанжалдар мен қақтығыстарды реттеу мақсатындағы форумға айналды.

2004 жылы қазан айындағы АӨСШК-ге мүше елдерінің II кездесуінде Сенім шаралар каталогы қабылданды. Бұл әскери-саяси, экономикалык, гуманитарлық және басқа салалардағы шаралар жиынтығынан тұрды. АӨСШК-ге мүше мемлекеттер басшыларының шешімімен Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылы БҰҰ 47-сессиясында кеңесті құру туралы идеясын қолдау ретінде 5 қазан Азия кеңесі күні болып жарияланды. АӨСШК аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторына айналды.

II саммит 2006 жылы маусым айында өтті. 2007 жылғы желтоқсан айынан бастап Азия кеңесі БҰҰ Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды. Қазақстан − АӨСШК-ні құру туралы идеяны ұсынушы ғана емес, осы идеяны іс жүзіне асырушы мемлекет. Бұл еліміздің ұйым төрағалығына екі мерзімге, яғни 2002-2006 жылдардағы (бірінші мерзім) және 2006-2010 жылдардағы (екінші мерзім) сайлануынан да көрінеді. АӨСШК-тің 2010 жылы III саммиті Қазақстанда өтті.

ШЫҰ мен АӨСШК − тұрақтылық пен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жағынан мақсаттары мен міндеттері ұқсас құрылымдар. Бірақ бұл екі ұйым бірін-бірі қайталамайды әрі бір-біріне қайшы келмейді. Керісінше, Азиядағы қауіпсіздіктің ұжымдық жүйесін толықтырып отыр. Егер Шанхай ынтымақтастык ұйымы оған мүше мемлекеттердің нақты құқықтары мен міндеттемелеріне негізделген бірлестік болса, АӨСШК өзекті де өткір мәселелерді еркін талқылауға және оны шешу жолдарын іздеуге арналған кеңейтілген форум болып табылады. ШЫҰ мен АӨСШК Азия құрлығындағы қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы айрықша маңызы бар фактор ретінде танылып отыр.

2003 жылғы 19 қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері Біртұтас экономикалық кеңістікті (мұнан әрі БЭК) құру туралы келісімге қол қойды. БЭК Достастық кеңістігіндегі экономикалық ықпалдастықты жүзеге асырудың бір жолы. ТМД құрамына кіретін төрт мемлекет ықпалдастықтың жаңа деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады. БЭК қызметіне экономикалық сипат тән. 2004 жылы 20 мамырда БЭК-ті құру туралы заң күшіне енді. 2004 жылы 24 мамырда Ялтада БЭК-тің дамуының басым бағыттарын анықтаған мүше мемлекет басшыларының кездесуі өтті.

Қазақстан және ЕҚЫҰ. ЕҚЫҰ құрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін жал­пы­еуропалық ұйым. Ол БҰҰ Жарғысына сәйкес Еуропадағы дағдарыстық ахуал­дың алдын алу және оны болдыр­мау, көрініс берген жанжалдарды реттеу мәселелерін қарастырады. Сол сияқты қару-жараққа бақы­лау жасау, алдын алу дипло­ма­тиясы, сенім шаралары мен қауіп­сіздікті нығайту, адам құқықтары, сайлауға бақылау жасау, сондай-ақ экономикалық және эколо­гия­лық қауіпсіздік мәселелерімен ай­налысады.

2010 жыл 1-қаңтар айынан Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Төрағасы болды. 2010 жылдың 1-2 желтоқсаны күндері ЕҚЫҰ-ның кезекті Саммитін Астана қаласында өтті. Саммитке ЕҚЫҰ-ға шетелдерден 73 рес­ми делегациясы, сондай-ақ БҰҰ, ЕО, ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ, ҰҚШҰ сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері, 500-ден аса үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Саммит жұмысын 1000-нан аса отандық және шетелдік журналистер, ғаламдық жетекші телеканалдар, газеттер мен ақпарат агенттіктері таратты.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев қаржы-экономикалық қауіпсіздікті және «Жаңа онжылдықтағы тө­зімділікке» бағдарламалық құжатын бірлесе әзірлеу арқылы конфессияаралық төзім­ді­лікті жеке өлшемге бөліп шығарып, ЕҚЫҰ-ның себептері мен институттары санын ұл­ғайтуды ұсынды. Президент ЕҚЫҰ-ның Маас­трихт стратегиясын келісілген валюта-қар­жы сая­са­тының, экономикалық ынтымақ­тас­тық пен интеграцияның қағидаттарын бейнелеуге болатын «Маастрихт-плюс» құ­жатымен толықтыруды ұсынды.

Ол ЕҚЫҰ құрылымында энергетикалық қауіпсіздік және экономикалық өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер, Экологиялық форум, сондай-ақ Қарусыздану және қаруды таратпау саласында арнаулы форум құруды ұсынды. Су проблемаларын құқықтық реттеу мақсатында Президент «Су және құқық» бағ­дарламасын әзірлеуді ұсынды. Транс­ше­каралық қылмысқа, есірткі трафигіне және жа­сырын көші-қонға қарсы күресті үй­лестіру үшін ЕҚЫҰ-ға мүше елдер ми­нистр­лері деңгейінде кеңес қалып­тас­ты­руды, қақ­тығыстардың және әлем эконо­микасындағы келеңсіз үдерістердің алдын алып отыру үшін орталығы Астанада орна­ласқан ЕҚЫҰ-ның Қауіпсіздік институтын құруды ұсынды. Қазақстанда өткен ЕҚЫҰ Сам­ми­тінде «Жалпыға ортақ қауіп­сіздік» атты Астана Декларациясы қа­был­данды.

Қазақстанның мына халықаралық ұйымдар деңгейінде ынтымақтас-тық, қауіпсіздік пен толеранттылық сияқты өзекті мәселелерді шешу бағытында қарқынды жұмыстар жүргізді:

1 Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (Азия кеңесі, АӨСШК). АӨСШК-ні құру туралы идеяны Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы 5-қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынған болатын. АӨСШК елдерінің толеранттылық мәселелері жөніндегі азаматтық форумы өтті;

2 Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (ТМЫК) мүшесі, 2009 жылы 3-қазанда құрылған.

3 Шанхай ынтымақтастық ұйымы. 2010 жылдың маусымынан бастап 2011 жылдың маусымына дейін төрағалық етті;

4 Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының 2010 жылғы төрағасы. ЕҚЫҰ Астана саммиті, 2010 жыл 1-2 желтоқсан;

5 Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық ету 2011 жылы 20-желтоқсанда өтті;

6 Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық, 2011 жыл. 2011-2015 жылдарға арнал­ған Орталық Азия елдерімен ынтымақ­тастық туралы ИЫҰ Іс-шара жоспары қабылданды.

Қазақстан халықаралық ұйымдарға төрағалық ету және белсенді мүшелік қызметі арқылы мынадай нәтижелерге де қол жеткізді:

- халықаралық деңгейде мойындауға қол жеткізу және елде тұрақтылықтың қалыпты дамуы;

- әлемдік қауымдастықтың Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мен нығайтудағы қосқан үлесінің жоғары бағалауы;

- халықаралық маңызға ие мәселелер бойынша өзіндік бастамаларын іс жүзінде асыруға зор мүмкіндіктеріне ие болуы;

- әлемдік қауымдастықты Азия континентіне, ондағы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төндіріп отырған немесе төндіруі мүмкін мәселелерді реттеуге, алдын алуға көңіл аударту.