Биостатистиканын нысандары, пани ж\е миндеттери

Биостатистика гылым ретинде калыптасуы

Ғылыми негізделген медицинаның заманауи тұжырымдамасы биометриялық зерттеулерсіз мүмкін емес. Биометрия – бұл математикалық әдістерді тірі тіршілік иелерін оқып-үйрену үшін қолданылатын ғылым. Медицина ілімінің негізі болып табылатын көптеген экологиялық, генетикалық, цитологиялық, микробиологиялық, фармакологиялық және радиобиологиялық құбылыстар табиғаты бойынша жаппай болғандықтан, мұндай жиынтықтардағы оқиғаның жүзеге асуы ықтималдықтар арқылы бағаланады, ал оларды талдау статистикалық әдістерді қолдануды талап етеді. Медициналық-биологиялық есептерді шешу үшін қолданылатын статистика биостатистика деп аталады. Қазіргі кезде дәлелді медицина заманауи медицинаның технологиясы мен философиясы болып отыр және биостатистиканың қажеттілігін анықтайды. Дәлелді медицинаның дануына заманауи ақпараттық технологиялардың, әсіресе биостатистиканың жетістіктері мүмкіндік туғызып отыр. Биостатистика зерттеу жұмыстарының нәтижелері мен медициналық шешімдердің сапасын ақиқат және қолма-қол бағалауға мүмкіндік береді. Биостатистика – жанды алемге колданылатын статистикалык гылым. Ол биологиялык нысандарды табиги ж\е эксперименттик зерттеулерди жоспарлау ж\е олардын натижелерин талдау ережелери жониндеги билимдер жуйеси

Биостатистиканын нысандары, пани ж\е миндеттери

Диагностика мен емдеудің жаңа әдістері жөнінде дәрігерлер негізінен медициналық басылымдардан біледі. Мерзімді басылымдардағы жарияланымдарды оқымаған маман өзінің біліктілігін және бәсекелестікке қабілеттілігін тез жоғалтады. Биостатистиканың негізгі ұғымдары мен әдістерін білу статистикалық терминологиялары бар көптеген медициналық басылымдардағы жарияланымдарды, монографияларды, баяндамалардағы хабарламаларды және статистика көмегімен алынған нәтижелерді түсіну үшін және сыни бағалау үшін өте маңызды. Статистикалық талдау дәлелді медицинаның элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан медициналық ғылымдағы статистикалық технологияны жеткілікті білмеу дәлелді медицинаның технологисын түсінбеуге алып келеді. Сондықтан, заманауи дәрігерлер дәлелді медицинаның принциптерімен сәйкес жұмыс істеулері қажет, яғни медициналық жоғары оқу орындарының қазіргі заманғы түлектерінде заманауи медицинаның методологиясы жөнінде түсініктер және статистикалық ойлау негіздері қалыптасуы керек. Осы мақсатта Республиканың жаңа білім жүйесінен сәйкес медициналық жоғары оқу орындарының жалпы медицина, стаматология және қоғамдық денсаулық сақтау мамандары үшін оқу бағдарламасына биостатистика пәнін енгізу қажеттілігі туды. Оқу құралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес биостатистика пәніне арналған типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалды. Оқу құралында биостатистиканың негізгі ұғымдары: деректер және олардың түрлері, деректердің таралуы, таңдама тәсіл, статистикалық жорамалдар және оларды тексеру үрдісі, негізгі статистикалық критерийлер және олардың қолданылуы, медициналық және биологиялық заңдылықтарды, зерттеу барысында алынған деректерге статистикалық талдау жүргізу принциптері қарастырылды. Әрине, қазіргі кезде деректерге статистикалық өңдеуді дербес компьютерде статистикалық талдаулар жүргізуге арналған арнайы бағдарламалар пакеттерінің көмегімен, мысалы, Statistica, SPSS, SAS, STATA, жүргізілген әлдеқайда қолайлы. Алайда, ол үшін алдымен статистикалық әдістердің мәнісін жете түсіну, олардың қолданылу шекараларын білу аса маңызды. Себебі, ол қолайлы статистикалық әдістерді сауатты таңдау, олардың мүмкіндіктері мен шектеулерін білу және дұрыс қолдану үшін және компьютердегі есептеулер нәтижесін дұрыс түсіндіру үшін аса қажет. Статистикалық әдістерді дұрыс қолданбау, жеке жағдайда, зерттеліп отырған емдеу тәсілінің тиімділігі жөнінде теріс қорытындыға алып келуі мүмкін. Сондықтан, оқу құралының мазмұны мен практикалық тапсырмаларды орындау (қолмен есептеу арқылы) осы мақсатқа бағытталған.