Еуропадағы қауіпсіздік жӘне ынтымақтастық ұйымының ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ тарихы

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Қазақстан

Мазмұны

Кіріспе.. 4

1 Еуропадағы қауіпсіздік жӘне ынтымақтастық ұйымының ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ тарихы... 7

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қалыптасуы 7

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының құрылымы және қызметі 17

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының. 21

Азақстанмен байланысының басталуы және қалыптасуы.. 21

Еуропадағы қауіпсіздік жӘне ынтымақтастық Ұйымы жӘне Қазақстан: саяси стратегия.. 32

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қазақстандағы стратегиясы.. 32

Азақстанның 2010 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы.. 36

Азақстанның демократиясындағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының рөлі 45

Орытынды... 58

Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі. 61

 


Кіріспе

 

 


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы – қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын әлемдегі ең ірі өңірлік ұйым. Ол бүгінде Солтүстік Америкада, Еуропада, Орталық Азияда миллиардтан астам адам өмір сүріп жатқан 56 мемлекеттің басын қосып отыр. Бұл ұйымға қатысушы мемлекеттерді ортақ құндылықтар, ортақ мақсаттар мен ортақ міндеттер біріктіреді, бәрінен бұрын – осы өңірді анағұрлым қауіпсіз, анағұрлым өркендеген өңірге айналдыруға деген ұмтылыс біріктіреді.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, адамның негізгі бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерге арқа сүйейді. Қауіпсіздік айқындамасы ретінде шекаралардың қорғалуы, әскери қатердің төндірілмеуі, саяси және экономикалық тұрақтылық, адам құқықтарының сақталуы, қоршаған ортаны қорғау алдымен қарастырылады. Бұл ұйымның қауіпсіздік және қақтығыстардың алдын алу мәселелеріне кешенді көзқарасы жер-жердегі құрылымдар мен институттардың тиімді жүйесіне негізделген.

Қазіргі кезде еуропалық мемлекеттер арасында біріккен қаупсіздік кеңістігін құру жолын іске асырудың нақты шараларына көшу қажеттілігі туындап отыр.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының іс-қызметіне қатысушы елдердің мәртебелері тең және олар ешқандай да шарттық міндеттемелермен байланысты емес. ЕҚЫҰ-ның шеңберіндегі шешімдер құқықтық міндетке ие емес, саяси сипатта және консенсус арқылы қабылданады.

Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) ерекше орын алады.

Қазақстан Еуропа мемлекеттерімен неғұрлым терең ынтымақтастық жасауға мүдделі. Еуропалық Одақ (ЕО) елдері де Орталық Азия мемлекеттерімен, әсіресе, Қазақстанмен өзара байланысқа баса назар аударады. Олардың бірегей тиісті ұстанымы 2007 жылы маусымда ЕО саммитінде қабылданған “ЕО және Орталық Азия: жаңа әріптестік стратегиясы” атты құжатта көрініс тапты.

Сыртқы істер министрлері кеңесінің 2007 жылғы 29-30 қарашада Мадридте қабылдаған Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында төрағалық етуі туралы шешімі біздің еліміздің халықаралық тұрғыдан танылуының, сапалық жаңа деңгейге көтерілуінің айқын айғағы болды.

Қазақстанның төрағалығы – бұл, бірінші кезекте, өзінің саяси тарихында тұңғыш рет салмақты халықаралық легитимизация мен өзінің ұмтылысына қолдау көрген барлық Қазақстан халқының жетістігі.

Қазақстан халқы іштегі және сырттағы сындарға қарамастан, таңдап алынған саяси және экономикалық даму бағытынан таймаған елімізге қолдау көрсетіп, өзінің ақылмандығын айғақтады.

Нақ Қазақстан халқы еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығының басты тірегі және негізгі бенефициары болып табылады. Қазақстанның тапсырысы ел басшылығының ғана бастамасы емес, бірақ қоғамдық консенсустың көрінісін білдіреді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық саяси жүйені одан әрі дамытуға ықпал етіп, іс жүзінде қоғамдық-саяси өмірімізді еліміздің одан әрі демократиялануы жағына қарай жүйелі реформалауға бағытталған ішкі интенциямызбен үйлеседі.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне мүмкіндік берілуі туралы көптен күткен шешім Қазақстан қоғамындағы психологиялық құштарлықты жоғарылатып, реформа­лар үдерістерінің қуатты катализаторы, одан әрі либерализациялау мен ашықтыққа бағытталған жолдың дұрыстығының қосымша қуаттаушысы болады.

Қазақстанды әлемдік қоғамдастықтың жаңаша тануы – елдегі экономикалық табыстардың, қоғамдағы тұрақтылықтың, жалпыұлттық консенсустың жемісі. Мұның барлығы Қазақстан Республикасын ұзақ мерзімді перспективада демократиялық және саяси жаңғыртудың негізгі және құнды құрамдастары.

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан бергі аса қысқа мерзім ішінде халықаралық қатынастардың тең құқылы субъектісіне айналды және нарықтық экономикасы, ыңғайлы инвестициялық климаты, демократиялық институттары мен азаматтық қоғамның шешуші жүйесі бар ел ретінде Еуропаның саяси алаңында үйлесімді дамып келеді.

Еуропалық қауыпсіздік және ынтымықтастық ұйымының адамдарды сатумен күресу, жеңіл және ату қаруларын заңсыз айналымына шектеулерін қоюда рөлі маңызды болып келеді. Бұл қоғамның атқаратын қызметтері мен міндеттері бейбітшілік пен ынтымақтастықты қөздейді, осы себепті дипломдық жұмыстың өзектілігі байқалады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қалыптасу тарихын және Қазақстандағы ЕҚЫҰ-ң рөлін, ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы саяси қарым-қатынас мәселелерін ашып көрсету.

Алға қойылған мақсаттарын орындау үшін, келесі міндеттер қаралады:

ЕҚЫҰ-ң қалыптасу тарихын зерттеп, әр кезеңдегі іс-әрекеттерін орындалу реті бойынша жүйелеу;

ЕҚЫҰ-ң құрылымы мен ондағы өзгерістерін, атқаратын қызметін көрсету;

Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ң байланысын, саяси стратегиясын көрсету;

Мадридтегі Қазақстанның төрағалығы жөніндегі шешімінің Қазақстан үшін маңыздылығын ашып айту.

Зерттеу объектісі болып Еуропалық Қауыпсіздік және Ынтымықтастық Ұйымының іс әрекетіне байланысты қабылданған заң күші бар құжаттар және бекітілген бағдарламаға сәйкес өткізілген шаралар.

Дипломдық жұмыстың маңыздылығы демократия, бейбітшілік және адам мен қоғам бостандығы, Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы саяси байланыстар, сонымен қатар қайта өрлеуде, қауіпсіздікті сақтауда Қазақстанның өз тарапынан жаңа шешу жолдарын ұсынуы болып табылады.

Дипломдық жұмыс құрлымы бойынша кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құрылған.

Зерттеу жұмысының теориялық негізі болып Қазақстан Республикасының нормативты-құқықтық актілері, шетел және отандық ғалымдар мен экономистердің еңбектері, интернет жаңалықтары қаралды.


Еуропадағы қауіпсіздік жӘне ынтымақтастық ұйымының ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ тарихы