Азақстанмен байланысының басталуы және қалыптасуы

 

 

Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы байланыстар тарихына қарап отырсақ, оның тұрақты түрде қарышты дамып келе жатқанын көремiз. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 1992 ж қаңтар айында мүше болды. ЕҚЫҰ -ға енгеннен бастап, Қазақстан оған мүше елдермен ынтымақтастық байланыстарды күшейтуде бірізді қағидатты ұстанымды басшылыққа алуда.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен қарым-қатынастарын бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Алғашқысы – 1994-1997 жылдар, бұл – ықпалдасу іргетасының қаланған кезеңі. Мұндағы елеулі оқиға 1995 жылы Вена қаласында Қазақстанның тұрақты өкілдігінің ашылуы болды.

Қазақстан үшін ЕҚЫҰ-ның 1994 жылғы желтоқсан айында Будапешт (Венгрия) қаласында өткен кезекті жиыны өте маңызды. Сол жолда тәуелсіз Қазақстанның Президенті 55 (ол кезде Черногория әлі мемлекет болып жарияланбаған) мемлекеттің басшылары қатынасқан жиында тұңғыш рет сөз сөйлеп, жаңа саяси жағдайдағы жаңа мемлекет – Қазақстанның Еуропа мен Азия кеңістігіндегі қауіпсіздік пен даму үдерістерін қамтамасыз етуге байланысты өз ұсыныстарын ортаға салған. Дәл осы жиын үстінде Қазақстан үшін маңызды келісімге қол қойылып, елдің мәртебесі көтерілген еді. Ол – жер бетіндегі ядролық қарулы мемлекеттердің Қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдігі туралы тарихи келісім болатын. Өзімізді жаңадан әлемге таныстырып жүрген тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бұл келісім Қазақстанның мәртебесін көтеріп еді. Үлкен сахнаға АҚШ Президенті Б.Клинтон, Ұлыбритания Премьері Дж.Мейджор, Франция Президенті Ф.Миттеран, Ресей Президенті Б.Ельцинмен бірге Нұрсұлтан Назарбаев көтеріліп, Еуропа тарихында тұңғыш рет осындай кепілдік келісіміне қол қойылды деген сөздер жария етілгенде, дамыған елдер қатарына қосылармыз деген сенім де нығая түскен. [21]

Сол 1994 жылы Будапеште қол қойылған келісімнің Қазақстан үшін маңызы бүгінде артып тұр. Болашақта да оның қажеттілігі арта түсері хақ. Осыдан кейін, 1995 жылы Қазақстанға кепілдігін Қытай үкіметі жариялады.

Міне, осындай жақсы нышаннан басталған ЕҚЫҰ-мен қарым-қатынасымыз жылдан жылға өзінің ауқымын кеңейте түсуде. Қазір ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясымен біздің Парламент тығыз қатынаста. Қазақстан делегациясы әр уақытта белсенділік көрсетіп, өзінің мемлекет мүддесіндегі ұсыныс-пікірлеріне ЕҚЫҰ-ның назарын аударып отырады.

1998 жылғы 2-3 желтоқсанда ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында өзара түсіністік туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЕҚЫҰ/БДИПЧ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Алматыда ЕҚЫҰ-ның орталығы ашылды.

Ал ЕҚЫҰ мен әрі қарайғы ықпалдастықтың артуына 2003 жылы аталған меморандумға қатысты хаттамаға қол қою оң әсерін тигізсе, 2004-2006 жылдар қарым-қатынастардың нағыз жанданған тұсы болды. 2004 жылдың сәуір айында ЕҚЫҰ төрағасы – Болгарияның сыртқы істер министрі Соломон Пасси келіп, оның сапары кезінде Алматыдағы ЕҚЫҰ Орталығының жаңа басшысы И.Викки өз жұмысына кірісті.

Қазақстан ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық, әскери-саяси және гуманитарлық қызметінің үш өлшемін ілгері жылжытуға үлес қосқан бірқатар іс-шараларды жүргізді.[22]

Қазақстан Астанада ЕҚЫҰ басшылығының, Ұйымға қатысушы мемлекеттер, академиялық және діни топтар, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен 2006 жылғы 17-18 мамырда ЕҚЫҰ-ның адамдарды сатуға қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясын және Алматыда “Мәдениетаралық, дінаралық және этносаралық түсіністік” кеңесін өткізді. ЕҚЫҰ шеңберінде алғаш рет, әсіресе, жаһандану, жаңа қыр көрсетулер мен қатерлер жағдайында тұрақтылықтың басты факторларының бірі ретінде толеранттылықтың маңызы және діндер, мәдениеттер мен өркениеттер үнқатысуын өрістету үшін ЕҚЫҰ-ның әлеуетін барынша пайдалану қажеттігі ерекше атап көрсетілді.

Айта кетсек әскери-саяси өлшем саласы бойынша Венада 2006 жылғы 29 мамыр - 2 маусым аралығында Қазақстанның төрағалық етуімен Еуропадағы кәдуілгі қарулы күштер туралы шартқа (ЕКҚКШ) арналған 3 конференция өтті. Конференцияның ұйымдастырылуын оған қатысушылар жоғары бағалады. Ал соңғы жылдар ішінде Қазақстан ЕҚЫҰ қызметінің Орталық Азия бағытын дамыту қажеттігі туралы идеяны дәйектілікпен ұсынып келеді. Осының нәтижесінде өзінің тарихы және даму ерекшелігі бар өңірге Ұйым тарапынан лайықты назар аударылуда.

2007 жылдың 21-маусымынан бастап ҚР ЕҚЫҰ-дағы Тұрақты кеңесiнiң шешiмiне сәйкес Орталық ЕҚЫҰ Орталығы болып атауы өзгердi.2008 жылдың маусым айынан бастап франциялық А. Кельчевски Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығын басқарып отыр. Тек соңғы екi жылдың iшiнде екiжақты байланыстар айтарлықтай деңгейде дами түстi. Маңызды iссапарлар мерзiмдiк ретiне қарасаңыз оған көз жете түседi. 2007 жылғы сапарларға назар аударайық. 22-23-қантар- Қазақ делегациясы құрамындағы ЕҚЫҰ жанындағы ҚР тұрақты өкiлдiгi, ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлiгi және қазақстандық экологиялық үкiметтiк емес ұй­ымның өкiлдерi Венадағы ЕҚЫҰ-ның «ЕҚЫҰ аймақтар­ындағы қоршаған ортаның қау­iпсiздiгiн және тұрақты дамуды қамтамасыз етудiң бас мәселелер: жер тозуы, топырақ ластануы және су ресурстарын бас­қару» Экономикалық және экологиялық форумына қатысты. 22-23-ақпан – қазақстандық парламенттiк делегация Сенаттың Төрағасы Қ.Тоқаевтiң басшылығымен Венадағы ЕҚЫҰ Парламенттiк Ассамблеясының қыс мәжiлiсiне қатысты. ЕҚЫҰ ПА Тұрақты комитетiнiң мәжiлiсiнде Қ.Тоқаев сөз алып, ЕҚЫҰ-ның қызмет үдерiсiне ҚР-дың өз үлесiн қосуға әзiрлiгiн бiлдiрдi. ПА және ұлттық парламенттiк делегациялардың басшылары кезектi ЕҚЫҰ ПА 17-шi мәжiлiсiн 2008 жылы Қазақстанда өткiзу жөнiндегi Қазақстанның ұсынысын бiрауыздан қолдап, сондай-ақ бұл шешiмде парламентаралық сұхбат пен ынтымақтастықты дамытуға және ЕҚЫҰ-ның басты мақсаттарына жету жолындағы шараларға Орта Азияны жан-жақты қатыстыру қажеттiгi атап өтiлдi.

10-11-сәуiр – ЕҚЫҰ-ның Төрағасы, Испания Корольдiгiнiң сыртқы iстер және ынтымақтастық министрi Мигель Анхель Моратинос Қазақстанға сапар жасады. Сапар аясында ол ҚР Президентi Н.Назарбаев, ҚР Сенаты мен Мәжiлiсi төрағалары Қ. Тоқаев және О.Мұхамеджановпен, Премьер-министр К.Мәсiмов, Сыртқы iстер министрi М.Тәжин және Қорғаныс министрi Д.Ахметовпен кездестi. Келiссөздер барысында ҚР және ЕҚЫҰ мен Испания арасындағы ынтымақтастық, ҚР-дың ЕҚЫҰ төрағалығына өтiнiмi және мемлекеттегi және жалпы Орта Азиядағы қоғамдық және саяси ахуал жөнiндегi мәселелер талқыланды.

16-18-мамыр – Қазақстан делегациясы құрамындағы Орталық сайлау комиссиясы, Мә­дениет және ақпарат министрлiгi, Адам құқықтары жөнiн­дегi ұлттық орталығы, Әдiлет министрлiгi, СIМ және Польшадағы ҚР елшiлiгiнiң өкiлдерi Вар­шавада жыл сайын өтетiн ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөнiндегi Кеңсесiнiң (ДИАҚК/ЕҚЫҰ) кезектi «Демократиялық қоғамдастықтағы тиiмдi қатысу және өкiлдiк» атты семинарына қатысты. Қазақ делегациясының ресми өкiлдерi үш жұмыс мәжiлiсi аясында азаматтық қоғам мен демократиялық институттарды дамыту, заң үстемдiгiн, сөз және БАҚ еркiндiгiн, ұлттық азшылықтардың құқықтарын және әйелдер үшiн теңдiктi қамтамасыз ету мәселелерiн талқылады. Атап айтқанда, бiрiншi мәжiлiс барысында Қазақ делегациясының басшысы форум қатысушыларын ҚР Президентi Н.Назарбаев ҚР Парламентi Палаталарының бiрлескен мәжiлiсiнде жариялаған ҚР Ата Заңына енгiзiлетiн өзгерiстер жобасымен таныстырды. Семинар барысында ҚР делегациясы ДИАҚК/ЕҚЫҰ-ның директоры К.Штрохальмен бейресми сұхбат жүргiздi. 23-мамыр – Қазақ делегациясы құрамындағы Қоршаған ортаны қорғау министрiнiң орынбасары Ә.Бiрәлиев, Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң төрағасы Б.Оспанов, сондай-ақ Чех Республикасындағы ҚР елшiлiгiнiң дипломаттары Прагадағы «ЕҚЫҰ аймақтарындағы қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн және тұрақты дамуды қамтамасыз етудiң бас мәселелер: жер тозуы, топырақ ластануы және су ресурстарын басқару» атты ЕҚЫҰ-ның XV Экономикалық және экологиялық форумына қатысты. Форум жұмысы барысында Қазақ делегациясы Еуропалық және Азиялық тұрақты даму үрдiстерiн бiрыңғай Еуразиялық үрдiске қосу жөнiндегi бастаманы, сондай-ақ 2012 жылғы Үшiншi Әлемдiк тұрақты даму басқосуды Қазақстанда өткiзудi ұсынды.22-маусым – ҚР Президентi жанындағы адам құқығы жөнiндегi комиссияның төрағасы С.Тұрсыновты, ОСК және Омбудсман офисi мүше­лерi Варшавадағы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ штаб-пәтерiне iс­сапармен барды.

25-27-маусым – ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесiнiң отырысында сол кездегi Мәдениет және ақпарат министрi Е.Ертiсбаев сөз сөйлеп, БАҚ бойынша заңнаманы жетiлдiру мен ақпараттық қамсыздандыру саласындағы жаңартулар жөнiнде баяндады. Сонымен қатар Е.Ертiбаев ЕҚЫҰ Бас хатшысы М.П. де Бришанбомен, БАҚ еркiндiгi жөнiндегi ЕҚЫҰ өкiлi М.Хараштимен және ЕҚЫҰ жанындағы делегация басшыларымен кездестi. 10-12-қыркүйек – ЕҚЫҰ жанындағы Бельгия Елшiсiнiң (Б.де Кромбрюгге), Словакия Елшiсiнiң (П.Лизак) және Швеция Елшiсiнiң (В.Бард Брингус) Астана және Алматы қалаларына iссапары барысында ҚР Парламентi Сенатында, Президент Әкiмшiлiгiнде, СIМ және ОСК-да кездесулер өттi. 5-6-қараша – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Директоры Астанаға iссапар жасап, Президент Әкiмшiлiгiнде, Адам құқығы жөнiндегi комиссиясында, Жоғарғы Сотта, СIМ-де және ОСК-да кездесулер өткiздi. Кездесудiң мақсаты 2007 жылғы 30-қазанда басылып шыққан 2007 жылғы 18-тамызда өткен Парламенттiк сайлауға бақылау жасау жөнiндегi ДИАҚБ миссиясының қорытынды есебiн таныстыру, сондай-ақ тиiстi есепте көрсетiлген ұсыныстар негiзiнде одан әрi өзара ықпалдастықтың жолдарын (follow-up) талқылау болды. 29-30-қараша – ҚР Сыртқы iстер министрi М.Тәжиннiң басшылығымен қазақстандық делегация Мадрид қаласында өткен ЕҚЫҰ Сыртқы iстер ми­истрлерi кеңесiнiң 15-шi мәжiлiсiнiң жұмысына қатысты. Күн тәртiбiнiң басты мәселелерiнiң бiрi Ұйымға төрағалық ету туралы Қазақстанның өтiнiмi жөнiнде ортақ келiсiмге келу болды. Келiссөздер нәтижесiнде 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуi туралы келiсiмге қол жеткiзiлдi. СIМК тиiстi шешiмi мәтiнiнен оны орындауды кейiнге қалдырудың айқын немесе жасырын механизмдерi, қандайда бiр талаптар алынып тасталды.

29-қыркүйек – 10-қазан –Варшава қаласында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның (ЕҚЫҰ ДИАҚБ – ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар мен адам құқығы жөнiндегi бюросы) Ұйымға қатысушы мемле­еттердiң адам өлшемi саласындағы мiндеттемелерiн орындау жөнiнде жыл сайынғы кезектi кеңесi өттi. Форумның жұмысы барысында ҚР мемлекеттiк органдарының өкiлдерi, Парламент Сенатының депутаттарымен қоса Жоғарғы Сот, Әйелдер және жанұя-демографиялық саясаты жөнiндегi ұлттық комиссиясы, Адам құқығы жөнiндегi комиссиясының өкiлдерi әртүрлi бiрлескен сессиялары шеңберiнде ресми баяндама жасап, сонымен қатар көптеген пiкiрталастар мен «дөңгелек үстелдерге» қатысып, адам өлшемiнiң әралуан аспектiлерi бойынша мемлекеттiң ұстанымын түсiндiрiп қорғады.15-16-қазан– ЕҚЫҰ-ның Қазiргi төрағасының мұсылмандарға қатысты төзбеушiлiкке және дискриминацияға қарсы дербес өкiлi О.Орхун Астана қаласына ресми сапармен келiп қайтты. Iссапар шеңбе­рiнде О.Орхун мұсылмандардың жағдайы жөнiндегi есептi дайындау мақсатымен Бас прокуратура, Адам құқығы жөнiн­дегi ұлттық орталығы, Мәдениет және ақпарат министрлiгi, Сыртқы iстер министрлiгi мен Iшкi iстер министрлiктерiнiң басшыларымен кездестi. 4-5-желтоқсан – Хельсинки қаласында ЕҚЫҰ-ның 16-шi Сыртқы iстер Министрлерi Мәжiлiсi (СIММ) өттi, оған Сыртқы iстер Министрi М.Тәжиннiң басшылығымен қазақстандық ресми делегациясы қатысты. СIММ шеңберiнде Министр ЕҚЫҰ Бас Хатшысы М.П. де Бришамбо, ЕҚЫҰ Парламенттiк Ассамблеясының Президенттi Ж.Соареш және АҚШ, Грузия, Кипр, Нидерланды, Норвегия, Словакия, Швеция, Ұлыбритания делегация басшыларымен бiрқатар екiжақты кездесулер өт­кiздi.

Қазақстанның сыртқы саяси және сыртқы экономикалық бағытын қалыптастырудың бастапқы кезеңінде Батыс Еуропа, Еуропалық Одақ институттарының саяси және экономикалық ықпалды күш болып табылатындығы пайымға алынды, сөйтіп, мұны мемлекеттің сыртқы саясат стратегиясын әзірлеу барысында ескеру керек болды. Содан бері Қазақстанның сыртқы саясатында Еуроодақпен ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлініп келеді. [23]

Қазақстан – Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы аса ірі сауда және инвестициялық әріптесі. Италия, Франция, Нидерланды, Ұлыбритания және Германия қазақстандық экспорттың негізгі тұтынушылары болып табылады. Еуропалық Одақ елдеріне қазақстандық экспорттың құрылымында мұнай және мұнай өнімдері, жай металдар, ауыл шаруашылығы, химия өнімдері және минералдық өнімдер, тігін бұйымдары және т.б. басым.

2009-2011 жылдарға есептелген “Еуропаға жол” мемлекеттік бағдардармасын табысты іске асыру, қазақстандық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін едәуір дәрежеде арттыруға мүмкіндік береді, ол азаматтардың әл-ауқатын көтеруге және елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге тиіс. [23]

Бағдарламада алға қойылған міндеттерге байланысты мынадай сұрақтар туындауы мүмкін: Біз неге еуропалық стандарттарға ұмтылуға тиіспіз? Қазақстан өз ерекшеліктерін ескеріп, өзіндік жолмен дамып отырған жоқ па? Иә, бұл солай, Қазақстанның өз даму жолы, саяси және мемлекеттік құрылымы мен көп ұлтты, көп конфессиялы қоғамда тұрақтылықты және азаматтық келісімді қамтамасыз етуінің өзіндік үлгісі бар.

Ел тәуелсіздігінің он бес жылдығы қарсаңында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан жолы” атты кітабының жарық көргені белгілі. Онда мемлекетіміздің қалыптасу тарихы, қайта жаңару үдерістерінің мәні мен ерекшеліктері сипатталған. Тәуелсіздік жылдары тарихты аса зор жауапкершілікті өз мойнына алатын нақты тұлғалар жасайтынын айқын дәлелдеді. Осыны айтқан кезде, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған республикамыздың елордасы – Астана қаласының рөлін атап көрсеткіміз келеді. Осы ретте Петр І “Еуропаға терезе” ретінде негізін қалаған Петербург қаласының кезінде еуропалық елдермен толыққанды және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуда қаншалықты маңызды болғаны еске түседі. [23]

Еуропалық мәдениетке және еуропалық стандарттарға ұмтылушылық ондаған жылдармен емес, ғасырлармен өлшенеді. “Петр І Еуропаға терезе ашты” деген тіркес біздің әрқайсымызға таныс. Өз кезегінде біздің қазақ ағартушылары – ғалымдар мен жазушылар еуропалық мәдениетті Ресей арқылы таныды. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев орыстың ғылымы мен мәдениеті дүниенің кілті екендігі және оны тану арқылы халқымыздың өмірін едәуір жеңілдетуге болатындығы туралы жазды.

Бұл ретте Еуропаға бағдар алуымыздың Ресейдің немесе қандай да бір басқа елдің тарихына еліктеуден туындап отырмағанын, оның еліміз бастан кешкен нақты тарихи жағдайдан туындағанын есте ұстаған жөн. Қазақстан басқа елдерге экспортталатын шикізат ресурстарының орасан зор қорына – көмірсутегіне, түсті, қара және сирек кездесетін металдарға, астыққа, мақтаға, жүнге ие екені мәлім. Сондықтан “Еуропаға жол” шикізатымызды экспорттау үшін де, сондай-ақ еуропалық елдерден жоғары сапалы бұйымдар импорттау үшін де қажет. Демек, мемлекетіміздің және қоғамның осы кезеңдегі міндеті, бейнелеп айтқанда, “Еуропаға терезені айқара ашуды” ғана емес, сондай-ақ Еуропаға жолды кедергісіз және шұғыл бұрылыстарсыз жалғастыруды қамтамасыз етуден тұрады. Егер бұл жол болмаса немесе ол кедір-бұдырлы әрі көптеген кедергілерге тап келсе, онда ресурстарымыздың, тауарлар мен өнімдеріміздің бағасы едәуір төмен болады және Қазақстанның тактикалық та, стратегиялық та міндеттері мен мақсаттарын орындауы қиындайды.

Біздің осыған дейінгі және қазіргі Еуропаға ұмтылысымыз озық тәжірибе мен білімді зерттеу, сапалы техниканы зерделеу, жасау, азаматтық қоғам құру, адам құқықтарын құрметтей білу және қоғамның басқа да проблемаларын шешу ниетінен туындады. Әлемдік үдерістердің жаһандануы осы міндеттерге қол жеткізуге ықпал жасайды және біз қазақстандық қоғамды дамыту мен жетілдіру үшін қажет қымбат уақытты уыстан шығарып алмауға тиіспіз. Осыған байланысты басқа елдермен өзара түсіністік пен ынтымақтастық көпірін салуды қамтамасыз етуде Конституция ел Парламентіне едәуір рөл бергенін атап айтқан орынды. Мысалы, ел Парламенті соңғы 10 жылдың ішінде 500-ден астам халықаралық келісімдерді ратификациялады, ал бұл – елдің сыртқы саяси қызметіне қосылған зор үлес. [23]

Қазақстан Парламенті Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясымен (ЕКПА) белсенді ынтымақтасуда. Бұл ынтымақтастық Еуропа Кеңесі басшылығының атына Қазақстан Республикасы Парламенті біздің елімізге арнаулы шақырылушының не Парламенттік Ассамблея жанындағы байқаушының мәртебесін беру туралы өтініш жолдаған кезден, яғни 1997 жылдан басталды. Қазақстан Парламенті мен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге 2004 жылғы сәуірде қол қойылғаннан бері қос тарапты әріптестік неғұрлым берік негізге ие болды.

Еуропалық Одақтың Қазақстанмен өзара қатынастары көп жағынан мұнай-газ секторындағы өзара мүдделермен (Еуропалық Одақтың “Мұнай мен газды Еуропаға тасымалдау” – ИНОГЕЙТ мемлекетаралық жобасы), сондай-ақ Еуропа мен Азияны байланыстыратын өңірдегі көліктік-коммуникациялық жолдардың (“Еуропа – Кавказ – Азия” көлік дәлізі – ТРАСЕКА) стратегиялық маңыздылығымен айқындалады. Өзара іс-қимылды дамытудың басым бағыты екі тарапты сауда және қазақстандық өнімнің Еуропа рыноктарына қол жеткізуін қамтамасыз етуде болып отыр. Мәселен, ынтымақтастық жылдары Еуропалық Одақ Қазақстан экономикасына 35 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды. Еуропалық Одақ инвестицияларының үлесі Қазақстан Республикасына шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің жартысынан астамын (53%) құрайды.

Қазақстан Парламентінің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен тығыз ынтымақтастығының нәтижесі 2008 жылғы 28 маусым – 2 шілде аралығында Астанада Парламенттік Ассамблеяның жыл сайынғы 17 сессиясын өткізу болды, оған Еуропаның, Азия мен Американың 50-ден астам елінен 500-ден астам делегат қатысты. Сессия Қазақстанның осы ұйымдағы беделін нығайтты. Өкілді халықаралық форумды өткізу біздің 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіміз қарсаңындағы елеулі емтихан болды.[21]

2008 жылғы 29 шілдеде аталған ұйым Парламенттік Ассамблеясы сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Президент Нұрсұлтан Назарбаев “парламенттік дипломатияның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бүкіл кеңістігінде сенім мен өзара түсіністік ахуалын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқаратынын” атап өтті. Сонымен қатар, ол “Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болып сайлана отырып, ұйымды тең құқықты үнқатысу, оң тәжірибе алмасу және тиімді шешімдерді іздестіру үшін форум ретінде нығайтуды өзіне мақсат етіп қоятынына” қатысушылардың назарын аударды. [3]

Тұтастай алғанда, аталған ұйым Парламенттік Ассамблеясының 17 сессиясының өткізілуіне Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының басшылығы жоғары баға берді. Атап айтқанда, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Йоран Леннмаркер 17 сессиядағы сөзінде Қазақстан атына көптеген жылы сөздер айтты және ол еліміздің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы төраға­сының орнын алатын кезін асыға күтетінін, өйткені, мұның Еуропа мен Орталық Азияның арасындағы байланыстарды күшейте түсуге ықпал ететінін атап өтті.

2010 жылы ЕҚЫҰ-ның және 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының болашақ төрағасы ретінде Қазақстан осы екі ірі ұйымның күн тәртібінің өзекті тармақтары ретінде мәдениеттер мен діндер арасындағы үнқатысу, төзімділікті нығайту және мүше елдердің кемсітушіліктің барлық нысандарына қарсы күрес жөніндегі күш-жігерін жалғастыру мәселелерін қосуды жоспарлап отыр.

Шын мәнінде Қазақстан дін бостандығы жөніндегі нормативтік базаны – БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЕКПА халықаралық стандарттарын сақтайды. Атап айтқанда, біздің мемлекеттік органдар өз қызметінде БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жариялаған 1981 жылғы 25 қарашадағы “Дін немесе сенім негізінде төзбеушілік пен кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы декларацияның”, 1992 жылғы 18 желтоқсандағы “Ұлттық немесе этностық, діни және тілдік азшылыққа жататын адамдардың құқықтары туралы декларацияның” қарарлары мен адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі басқа да халықаралық құжаттарды ұстанады.

Осылайша, Қазақстанның конфессияаралық және ұлтаралық татулық пен келісімді қамтамасыз етудегі тәжірибесі, оның ядролық қарудан бас тарту және ядролық қарусыз әлемді қолдау, терроризм мен экстремизмге қарсы күресті ұйымдастыру жөніндегі бастамалары Еуроодақ стандарттарына толығымен сай келеді және сөз жоқ, оларды Еуропаға қазақстандық жол ерекшеліктеріне қосуға болады. [24]

Қазақстан, Орталық Азия және Еуропалық Одақ арасындағы қауіпсіздіктің “жаңа қатерлеріне”: терроризмге, жаппай қырып-жоятын қаруды таратуға, заңсыз көші-қонға және есірткі трафигіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық ауқымды оң нәтижелерге жеткізе алады. Осы орайда Қазақстан тарапының шақыруы бойынша Еуропалық Одақ өкілдері 2004 жылғы қазанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) жұмысына және 2006 жылғы маусымда АӨСШК ІІ саммитіне байқаушылар ретінде қатысты.

Қауіпсіз, тұрақты және өркендеген Орталық Азияны құру үдерісінде, өңірдің тартымдылығын, оның ішінде экономикалық тартымдылығын арттыруда ЕҚЫҰ-ның әлеуеті мен құралдарын пайдалану маңызды міндет болып табылады. Ағымдағы жылғы қыркүйекте Парижде “Еуропалық Одақ – Орталық Азия” форумының тұсау кескенін атап өткен жөн. Оған Қазақстан делегациясы да қатысты. Париж форумы ЕО мен Орталық Азия арасындағы 2007-2013 жылдарға арналған жаңа әріптестік стратегиясындағы қауіпсіздікке баса назар аударды. Бірқатар халықаралық және өңірлік ұйымдар көшбасшылары қатысқан “ЕО – Орталық Азия үштігі” уәжіндегі форумның және министрлер консультациялары барысында бірлескен қызметтің нақты бағыттары пысықталды. Және бұл мәселелер бір жағынан терроризм мен экстремизмге, адам саудасына, қарудың, сезімтал материалдардың, есірткі құралдарының заңсыз айналымына, екінші жағынан энергетика мен экология саласындағы өзара ынтымақтастыққа да қатысты.[25]

Бұл ретте биік ар-ожданның аржағында ЕҚЫҰ-ны құруға негіз болған жалпы адами құндылықтар мен қағидаттардың тұрғанын ұмытуға болмайды. Және қазіргі заман талаптарын ескере отырып, “Еуропаға жол” бағдарламасына орай ЕҚЫҰ шеңберінде және оның игілігі үшін 2009-2011 жылдар ішінде біз шешуге тиіс болатын басымдықтар мен стратегиялық міндеттерді қазірдің өзінде айқындау қажет.

Қазақстанда қабылданған “Еуропаға жол” мемлекеттік бағдарламасына әлемдік лидерлердің берген пікірлері оң екендігін атап өткен орынды және олар осы бағдарламаның аспектілерін талқылауға дайын. Атап айтқанда, Франция Президенті Н.Саркози, Латвия Президенті В.Затлерс, ЮНЕСКО-ның атқарушы директоры К.Мацуура, Еуропа Одағының Сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы комиссары Х.Солана және басқа да мемлекет қайраткерлері “Еуропаға жол” бағдарламасын қолдайтындықтарын айта келіп, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуде Қазақстанға жүктелетін зор жауапкершілік пен оның Еуропа елдерімен жақындасуының кең мүмкіндіктерін атап көрсетті.

Біздің ойымызша, бағдарламаны одан әрі іске асыру Қазақстанның барлық мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарының белсенді әрі мақсатты түрдегі іс-қимылдарына байланысты. Осыған орай “Қазақстан Республикасының 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” Заңының жобасында еліміздің халықаралық беделін нығайта түсу үшін ірі халықаралық іс-шараларды іске асыруға арналған шығыстар көзделген. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне байланысты 5,3 миллиард теңге сомасында шығыстар (2009 жылы – 1 миллиард теңге, 2010 жылы – 3,1 миллиард теңге, 2011 жылы 1,1 миллиард теңге) көзделіп отыр. Әрине, бұл тек жоба еді, ал ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің 2 сәуірде болып өткен кезекті отырысында қатысушы мемлекеттер

Бұқаралық ақпарат құралдарын одан әрі әртараптандыру және сайлау үдерістерін жетілдіру бұл ретте біз үшін маңызды мәселелер болып табылады. Осыны негізге ала отырып, “Сайлау туралы” Конституциялық заңға, “Саяси партиялар туралы” және “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары Парламентке енгізіледі.

Сонымен қатар, елімізде Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының әзірленуіне орай Парламент Сенатында 2009 – 2011 жылдарға арналған “Еуропаға жол” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалды.

Ал енді бірінші бөлімді қорытындылайық:

ЕҚЫҰ – қауіпсіздікті қолдайтын ұйымдардың ішіндегі ең ауқымдысы, ең жас және тұрақтылыты қолдау аясындағы потенциалы жоғары ұйым.

ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жасалатын қызметтері үш өлшемді қамтиды. Олар: адамзаттық, әскери-саяси және экономикалық-экологиялық қауіпсіздік мәселелері.

Қазақстанның Ұйымға кіруі жалпыеуропалық үдерістерге белсенді қатысуға деген ұмтылыстан туындаған қадам болып табылады. Бүгінгі таңда еліміз ЕҚЫҰ-мен өзара қарым-қатынаста жоғары деңгейге қол жеткізіп отыр.