Азақстанның 2010 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы

Мадридте өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Ұйымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды.

Ең баянды бақыт – еліңнің бақыты. Ең биік мәртебе де, ең мәнді, ең мәңгі мәртебе де – мемлекетіңнің мәртебесі. Американ демократиясының атасы Т.Джефферсон “Тәуелсіздік декларациясында” мемлекет бақытқа ұмтылуға тиіс екенін айтқан. Осы тұрғыдан қарағанда 2007 жылғы 30 қараша Қазақ елінің баянды бақытқа жету жолындағы басты белестердің бірі болып саналарына біз кәміл сенеміз. Мадридтегі кеңесте 2009, 2010, 2011 жылдардағы үш төраға ел белгіленді. 2009-да – Грекия, 2010-да – Қазақстан, 2011-де – Литва төрағалық етеді. Қатарынан үш жыл төрағалық ететін үштіктің құрамында тұру арқылы біз ЕҚЫҰ басшылығында да қатарынан үш жыл боламыз. “ЕҚЫҰ тәртібі бойынша ондағы төрағалық – үштіктің төрағалығы, іс басындағы, бұрынғы және болашақ төраға қатар басшылық жасайды. Шынтуайтында, мәселе Қазақстанның үш жыл бойы ЕҚЫҰ басшыларының бірі атқаратын міндеттерді толыққанды түрде жүзеге асыратындығы жайында болып отыр”, дейді осы шаруаны жеріне жеткізу жөнінде Елбасы тапсырмасын мүлтіксіз атқарып шыққан азаматымыз – сыртқы істер министрі Марат Тәжин.[30]

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге ұмтылысы еліміздің саяси және экономикалық тұрғыдан тәуелсіз дамуының 16 жылдық кезеңінің нәтижелі сатысы болып табылады. Бұл өтінім біздің қауіпсіз әлемге деген тұжырымдамалық көзқарасымыздың маңызды элементі болып табылады. Ол туралы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылы ЕҚЫҰ-ның Лиссабон саммитінде сөйлеген сөзінде атап көрсетілген. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі жүргізіліп жатқан реформалардың күшті қозғаушы күші болуға, одан әрі ырықтандыру мен ашықтық бағытындағы таңдап алынған жолдың дұрыстығын қосымша растауға бағытталған.

Сонымен қатар, осы шешім Қазақстан үшін ерекше сын болып табылады және заңдар мен құқық қолдану практикасын ЕҚЫҰ-ның стандарттарына сәйкес келтіру жөніндегі қажырлы жұмысты талап етеді. Мадрид саммитінің шешімі демократиялық реформалардың елеулі стимулы және қозғаушы күші болады деп ойлаймын.

Мәселен, бірнеше жылдар бойы елімізде әртүрлі комиссиялар жұмыс істеді. Олардың ішіндегі ең соңғысы (Мемлекет басшысы төрағалық еткен Демократиялық бағдарламаларды әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия) осындай пікірталастардың қорытындысын шығарып, еліміздің Парламенті қабыл­даған конституциялық реформалар топтамасын дайындады. Ал 2007 жылғы 14 қарашада Парламент Мәжілісінің шешімімен Қоғамдық палата құрылды. Ол барлық мүдделі тараптарға мемлекетіміздің экономикалық және саяси даму проблемасы тұрғысынан өз көзқарастарын білдіруге және оларды шешу тетіктерін айқындауға мүмкіндік беретін қоғамдық Үнқатысу алаңы болып табылады.

ЕҚЫҰ-ға төраға ретінде Қазақстан 1992 жылғы Хельсинки құжатына және 1994 жылғы Будапешт құжатына сәйкес Ұйымның қызметіне үкіметтік емес ұйымдардың ашық түрде қатысуының базалық қағидаттарын және Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюроның мандатын сақтауды қолдайды. Сондай-ақ, Қазақстан гуманитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуға және ЕҚЫҰ-ға қатысушы барлық елдер үшін маңызы болуы мүмкін тиісті тәжірибені бөлісуге мүдделі. Біздің ел Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюроны және оның қолданыстағы мандатын сақтайтынын және оларға нұқсан келтіретін қандай да бір әрекеттерді қолдамайтынын мәлімдейді.[31]

Қазақстан ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасының діни төзімділік және дін бостандығы жөніндегі үш жеке өкілінің мандаттарын ұзартуды да мақұлдап отыр. Бұл қағидаларды алға ілгерілетудегі біздің тәжірибеміз өзгеге үлгі болып табылады. Республикамыз әлемнің негізгі конфессияларының рухани көшбасшыларын бір шаңырақтың астына жинап, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін екі рет, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның төзімділік жөніндегі жоғары деңгейдегі кеңесін өткізді. Еліміз “Өркениет альянсымен” достасушылар тобының мүшесі болып табылады.

Атап айтқанда, біз ЕҚЫҰ-ның Ауғанстандағы қақтығыстан кейінгі реттеу үдерісіндегі рөлін күшейтуге бағытталған бастамаларды қолдаймыз. Бұл жерде, ең алдымен, осы ел үшін басым деп табылатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі жедел шараларды қабылдау қажеттігі туралы айтылып отыр.

Қазақстан өзінің экономикалық реформаларды ілгерілетуімен, бұрынғы Семей ядролық полигоны мен Арал теңізінің күрделі экологиялық проблемаларын шешудегі табысты тәжірибесімен мақтана алады.

Қазақстанның белсенді ұстанымы, оның ЕҚЫҰ-ның құндылықтарына адалдығы еліміздің Ұйымға төрағалық етуге қол жеткізуін қамтамасыз етті, сондай-ақ осы функцияларды атқарғаннан кейін де еліміз ықыласты ынтымақтастықты жалғастыра беретін болады. ЕҚЫҰ-ның белсенді қатысушысы ретінде Қазақстан біздің ортақ Ұйымымыздың болашағы үшін жоғары жауапкершілікті толық сезінеді. Біз ЕҚЫҰ-ның өзгермелі өмір шындығына бейімделіп, өзінің әлемдік деңгейдегі беделін сақтай алатынына, Солтүстік Атлантика және Еуразия кеңістіктерін жалғастыратын жаңарған үнқатысу алаңына айналарына үміттіміз. Қазақстан осы міндеттерді іске асыруға ЕҚЫҰ төрағасы ретінде және “Үштікке” қатысушы ел ретінде де өз үлесін қосуға әзір. Қазақстанның Сыртқы істер министрі. Қазақстан ТМД мемлекеттері атынан ұсынылған ортақ кандидат болып табылады. Мұның үстіне, біздің өтінішімізді ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің дені қолдап отыр. [32]

Біздің еліміз өзінің геосаяси ауқымы жөнінен бірегей болып табылатын осы Ұйымға төрағалық етуге дайын әрі оған қауқарлы да. Өйткені, ЕҚЫҰ Ванкуверден Владивостокка дейін созылып жатыр. БҰҰ Жарғысының 8-тарауына сәйкес құрылған ол Еуропадағы дағдарысты жағдайларды ертерек ескеріп, алдын алудың, бар қақ­тығысты жағдайларды реттеп, одан кейінгі қалпына келтірудің басты құралдарының біріне айналды. ЕҚЫҰ-ның басты назарында қару-жарақты бақылауда ұстаудан бастап, экономикалық және экологиялық қауіпсіздікке дейінгі алдын алу дипломатиясы, сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайту, адам құқықтары, сайлауларды байқау сияқты мәселелердің кең ауқымы тұр. Қазақстанның осы негіздемелік бағыттардың әрқайсысы бойынша әлемге айтар сөзі, ұсынар ұсынысы бар деп есептеймін.

ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуімізді – әлемдік қоғамдастықтың еліміздің экономикалық дамуын ғана емес, елдегі демократиялық өзгерістерді де бағалай білгендігі деп қабылдаған жөн. Ұйым мүшелері біздің демократиялық құндылықтардан бас тартпайтынымызды көріп және оған сеніп отыр. Осының өзі – үлкен табыс. Еліміз қазір қазақстандық нақтылықпен қатар, демократияның еуразиялық моделін салу үстінде. [33]

Көбiне төрағалық туралы шешiм Қазақстанның демократиялық қоғам құрудағы және нарықтық экономиканы ырықтандырудағы айқын жетiстiгiн мойындау болып табылады. ЕҚЫҰ қатысу – елдерiнiң консенсусы саяси тұрақтылық пен сыртқы саяси бағыттың айқындылығын қамтамасыз еткен елiмiздiң сыртқы және iшкi саясатын мойындауға негiзделген. Бiрнеше себептерге байланысты бұл тарихи және теңдессiз шешiм. Осылайша, ЕҚЫҰ-ның тарихында бұл ұйымға мұсылман халқы басым түр­кi азиялық ел басшылық жасайды. Әдетте ЕҚЫҰ төрағалары қатарында Еуроодаққа мүше не үмiткер атанған Батыс Еуропа мемлекеттерi басым болған. Мұндай жоғарғы дәрежелi орынға бұрын ТМД елдерiнiң ешқайсысы үмiткер де бола алмады. Қазақстанның төрағалығы туралы шешiм Ұйымға қатысушы барлық елдiң шынайы теңқұқылы екенiн дәлелдедi. Жалпы алғанда өңiрлiк беделдi форумдардың бiрiнiң төрағасы статусы Қазақстанды жаңа әлемдiк жүйеде жаңа деңгейге көтеретiнi сөзсiз. Орта және ұзақ мерзiмдi перспективада бұл басқа да халықаралық құрылымдардың шеңберiнде, ең алдымен БҰҰ, сондай-ақ АҚШ, Еуропа мен Азияның жетекшi елдерiмен қарым-қатынаста Қазақстанның беделiне оң ықпалын тигiзедi.Ендi өткен 2008 жылғы iссапар қорға көз тiгелiк.28-29-қаңтар – ҚР делегациясы ЕҚЫҰ-ның 16-шы Экономикалық және экологиялық форумның 1-шы жартысында қатысты. 6-7-наурыз – Ашгабад қаласында ЕҚЫҰ-ның 16-шы Экономикалық және экологиялық форумға дайындық конференциясы өттi.21-22-сәуiр – Астана қаласында ЕҚЫҰ тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өттi.

Аталмыш iс-шараға ЕҚЫҰ Хатшылығының, Ұйымда бұрын төрағалық еткен мемлекеттер Сыртқы iстер министрлiктерiнiң өкiлдерi, еуропаның зерттеу және бiлiм беру орталықтарының басшылары қатысты. Дөңгелек үстел нәтижелерi бойынша нақты ұсыныстар тұжырымдалынды. 16-мамыр – Астана қаласында ЕҚЫҰ тақырыбына қатысты Сыртқы iстер министрлерiнiң орынбасарлары деңгей­iнде қазақстан-ресей екiжақты кездесуi өттi. 1-2-маусым – Хельсинки қаласында (Финляндия Республикасы) ЕҚЫҰ-ға төраға елдер «Квинтетiнiң» (Испания, Финляндия, Грекия, Қазақстан жә­не Литва) Сыртқы iстер минис­трлерiнiң кездесуi өттi.29-маусым – 3-шiлде – кезеңiнде Астана қаласында ЕҚЫҰ-ның 17-шi жыл сайынғы Парламенттiк ассамблеясының сессиясы өттi.Қазақстан ЕҚЫҰ-да 2010 жылы Төрағалық етуi шеңберiнде осындай көрнектi жиналыстың Астанада ұйымдастырылуы, парламентаралық байланыстардың тереңдетiлуiне және елiмiздiң аймақтық және ғаламдық ауқымда беделiнiң өсуiне зор үлесiн қосты. Бұл шара ЕҚЫҰ Парламенттiк Ассамблеясының мақсаттары мен мiндеттерiн жүзеге асырылуына және ЕҚЫҰ-ның халықаралық алаңында көшбасшылық рөлiн арттыруына ықпал етедi. Сессияның салтанатты ашылуында ҚР Президентi Н.Нзарбаев, ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев, Мәжiлiс Төрағасы А.Мусин және ЕҚЫҰ ПА Президентi Г.Леннмаркер сөз сөйледi. Ассамблеяның соңғы жұ­мыс күнiнде Португалияның өкiлi Ж.Соареш ЕҚЫҰ ПА Төр­ағасы болып, ҚР Парла­ментi Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев Төраға орынбасары жо­ғарғы лауазымдарына сайланды. Сессия жұмысында Еуропаның, Азияның, Американың 50-ден астам елдерiнен 500-ден астам делегаты және халықаралық, парламенттiк ұйымдардың өкiлдерi қатысты.

Экономистердің айтуы бойынша осынау халықаралық беделді Ұйымға төраға болу Қазақстанның экономикасын дамыта түсуге қосымша серпін береді. Аймақтардың экономикасын арттыруға бағытталған түрлі үдерістің бағдарламаларымыздың іске асуына, тезірек алға жүруіне бұл мұрындық болатыны да анық. Сондай-ақ оның құрылымдық сапасын жақсартуға, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, экономикалық әлеуетімізді әртараптандыруға қосымша күш берері сөзсіз.

Ауыз су секілді әлеуметтік мәселелердің де өз шешімін табуына ықпал ететіні күмәнсіз. Өйткені, ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көбінің экономикалық даму дәрежесі жоғары, әлеуметтік тұрғыдан үлкен жетістіктерге жеткен.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі қазақстандық дипломатияның ірі жеңісі болды

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан әлемдік державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, оның ішінде ЕҚЫҰ-ның қолдауын қажет етті. Дегенмен, әлемдік қоғамдастық қуаты жағынан дүние жүзінде төртінші орын алатын ядролық қаруға ие Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында үйлесімділіктің болуына мүдделі еді. Осыны ескерген Қазақстан сыртқы саясатында стратегияның өзегі саналатын көпжақты әріптестікті таңдады.

ЕҚЫҰ өзінің бірегей географиялық үнқатысу алаңында осыған ерекше үміт артты. Сондықтан жетекші Батыс елдерінің Ұйымға кіруге шақыруын Қазақстан Еуропа­қауіпсіздігінің жаңа архитектурасын құруға бағытталған қадам ретінде қабыл алды. Әрі ол тең құқықтық жағдайында болды және онда бөле-жаратын желі жоқ еді. [22]

2003 жылы кандидатурасын ресми ұсынған кезден бастап қазақстандық дипломатия объективті және субъективті қиындықтарға қарамастан, ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа өтінішті жалғастыра берді. Жасыратыны жоқ, айтарлықтай қолдау болғанымен, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға саяси көшбасшы болу ниетіне бірқатар елдер, олардың ішінде ықпалды мемлекеттер тарапынан жекелеген скептицизмдер орын алды. Бұлар ЕҚЫҰ-ға ешқандай қатысы жоқ формальды түрдегі талаптар еді.

Қалыптасқан осындай қиын және қатал цейтноттық жағдайлардан қазақстандық сыртқы саясат ведомствосы екіжақты және көпжақты күрделі келіссөздер жүргізу арқылы өзінің ұлттық мүдделерін толық сақтай отырып, алға қойған мақсатына жетті. Қазақстанның кандидатурасына шамалы кедергілер болғанымен, “еуроспективтік” болжамдар ақталмады. Сондай-ақ оның “ескі” және “жаңа” мүшелері арасындағы қарама-қайшылық салдарынан туындайтын ЕҚЫҰ-ның ішкі өткір дағдарыстары да салқынын тигізбеді.

Қазақстанның беделді Ұйымды басқару құқығына ие болуы, оған қатысушылар арасында өзара түсіністікпен қарап, қолдау білдіруі – ЕҚЫҰ үшін мәртебе. Мән-мағынасы бойынша Қазақстан Республикасының кандидатурасынан бас тартуға қандайда бір себеп-салдар жоқ еді. ЕҚЫҰ ережесінде төрағалыққа кандидаттарды таңдау критерийлері мазмұндалмаған, сонымен қатар, үміткер мемлекеттен бас тарту әлі кездеспеді. Ал Қазақстанның өтінішін бастапқы кезде-ақ Ұйымға мүше елдердің басым көпшілігі қолдады, қатысушы мемлекеттердің ешқайсысымен алын­байтын пікір алшақтығы болған жоқ.

Қазақстандық дипломаттар төрағалыққа оңды шешім қабылдануы үшін ауқымды бәтуалық тұғырнама құра отырып, саяси құралдардың барлығын іске қоса білді. Бұған Қазақстанның тәуелсіздігін алғаннан бергі 16 жыл ішінде жүргізген сыртқы саяси бағыты қызмет етті.

Қазақстанның төрағалық етуінің еліміздің сыртқы және ішкі саяси мәселелеріне қосатын үлесі ерекше болмақ. Қазақстан өзін халықаралық қауіпсіздік проблемаларын шешуге, көпжақты ынтымақтастық пен өзара тиімді интеграцияны да­мытуға белсенді қатысушы, жақтаушы ретінде көрсетті. Әлемдік қоғамдастық Астананың жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қарусыздану және қаруды таратпау режімін нығайтуға, сондай-ақ Ауғанстан мен Ирактағы жағдай­ды тұрақтандыруға, лаңкестікпен, діни экстремизммен күресті күшейтуге, мәдени және дінаралық үнқатысуды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап келеді. [28]

Біздің еліміздің қазіргі кездегі жетістігі әлемдік ерекшеліктерді ескере отырып, мәдени өркениеттілікке толеранттылықпен қарау, теңқұқылық үнқатысуға бейімделу, бір-біріміздің мүддемізді қорғауға ұмтылу, адам құқы арасындағы өзара байланысты жандандыру және қауіпсіздікті нығайтумен сипатталады. Міне, осылар қазақстандық дипломатияның ЕҚЫҰ жанындағы саяси көшбасшылық өкілеттілігін жүзеге асыруда негізгі сапалық іс-шаралары болады.

Төрағалық етудің қазақстандықтардың пайдасына шешілуіндегі негізгі факторлардың бірі Қазақстан сыртқы саясаты мақсатының айқындығы және ЕҚЫҰ қызметінің қағидаттары, сондай-ақ ЕҚЫҰ қызметіндегі үш өлшемнің барлығы бойынша міндеттемелерді мүлтіксіз орындауы және Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының ЕҚЫҰ институттарымен (ДИАҚБ, ВКНМ, ЕҚЫҰ ПА) жауапты өзара іс-қимылда жұмыс істегендігінде жатыр.

ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылық ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Кнут Воллебек 2007 жылғы қазанда Астанаға сапары кезінде Қазақстан мен ЕҚЫҰ институттары арасындағы ынтымақтастықты үлгі болатын тәжірибе деп атады. ЕҚЫҰ жоғарғы комиссары, сондай-ақ қазақстандық тараппен жобаларды ұйымдастыру жөніндегі өзара іс-қимылды белсенді түрде жалғастыруға ынта танытып, қоғамда этносаралық және конфессияаралық қатынастар аясындағы ұлттық міндеттерді жүзеге асыруға ықпал етуге дайын екендігін білдірді.

Мұндай мысалдар көрініп тұр. Қазақстан ЕҚЫҰ қызметін орталықазиялық бағытта дамыту қажеттігі туралы идеяны ілгері жылжытады. Нәтижесінде өзінің тарихы мен даму ерекшелігі бар аймаққа Ұйым тарапынан назар аударыла бастайтын болады. 2006 жылғы 29 наурызда ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Карл де Гухт Қазақстанға сапары кезінде: “ЕҚЫҰ үшін Орталық Азия – ерекше маңызды аймақ, ал өз кезегінде Қазақстан Орталық Азиядағы ерекше маңызды ел болып табылады”, – деп атап өтті.

Бүгінде Қазақстан сапалық тұрғыдан Орталық Азияның барлығына даму мен тұрақтылықты жаңғыртудың үлгісі болып отыр. Сондай-ақ ол ЕҚЫҰ-ның аймақтағы негізгі әріптесі болып табылады.

Қазақстан экономикалық қиындықтарды бастан өткізген Орталық Азия елдеріне ЕҚЫҰ-ның нақты және тәжірибе жүзінде көрсеткен көмектерін түсінеді. Осыған байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрі М.Тәжин өзінің 2007 жылғы 30 сәуірде Венадағы ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің арнаулы отырысында сөйлеген сөзінде: “Орталық Азиядағы қажеттілікті шоғырландыруда біз көршілеріміз үшін ерекше маңызы бар ЕҚЫҰ жобаларын бюджеттен тыс тең қаржыландыруға дайынбыз. Екіжақты қатынастар аясында Қазақстан аймақ елдеріне де, Ауғанстанға да белсенді қолдау көрсетеді. Мысалы, Қазақстан Қырғыз Республикасына көлемі 100 миллион доллардың қаржылай көмегін көрсетуге дайын екенін білдірді. Донорлық көмекті ЕҚЫҰ-ның жобалық қызметі арқылы көрсету Ұйым қызметіне Орталық Азияны тартуға ықпал ететіндігіне біз сенімдіміз”, – деп атап көрсетті. [33]

2006 жылғы 14 қарашада Венада ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Г.Леннмаркер: “Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі Орталық Азияны Ұйым қызметіне тартуда маңызды элемент болады, әсіресе жанжалдарды реттеу, адам құқығын қорғап, адам саудасы мен есірткі трафигіне қарсы іс-қимыл жасауға қатысты”, - деп мәлімдеді.

Қазақстанның сыртқы саясаттағы белсенді ұстанымы оның беделі мен мүмкіндігіне, сондай-ақ төрағалық бойынша оң шешім қабылдануына толық сәйкес келеді. Қазақстанның бастамашылығы өркениетті әлемдегі аса өзекті проблемаларды қозғайды. Бұл Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру идеясына да және жаһандық дінаралық және конфессияаралық үнқатысуды дамытуға да қатысты.

Қазақстан көпжақты құрылымдарға (ТМД, ШЫҰ, ЭҚҰ, ЕурАзЭҚ) жетекшілік жасауда үлкен ұйымдастырушылық және саяси тәжірибе жинады. Бұл ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезінде оның жұмысын ойдағыдай жүргізуге мүмкіндік береді. ЕҚЫҰ-ға азиялық балама – Қазақстанның бастамашылығымен құрылған АӨСШК-ге 15 жыл бойы жетекшілік жасап келе жатуының ерекшелігі аз болмаса керек.

Біздің еліміз ЕҚЫҰ төрағалығына қол жеткізу арқылы қазақстандық дипломатия өзінің икемді ұстанымы мен үйлесімділігін дәлелдеді, ұлттық мүддені берік ұстап қана қоймай, Ұйымның созылмалы дағдарыстан шығу мүмкіндігін жасап берді.

Қазақстан ЕҚЫҰ-ны халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде сақтау қажеттілігінің анық түсінеді, сонымен қатар, ЕҚЫҰ-ның халықаралық беделін өсіруде және қауіпсіздікке қатысты өткір проблемаларды шешуде оның мүмкіндігін пайдалану қажет деп біледі. ЕҚЫҰ-ны реформалаудың қажеттілігі Қазақстан өз кандидатурасын Ұйым төрағалығына ұсынғанда байқалды.

Бұдан басқа Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі Қазақстанның халықаралық және жалпыеуропалық кеңістік аясында жоғарыда көрсетілген мәселелер негізінде ауқымды және тиімді іс-қимылдар жасауға мүмкіндік береді. Қазақстан өзінің ұлттық мүддесін халықаралық кеңістік мүддесіне үндестіреді, ЕҚЫҰ Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесін де жаһандық деңгейде қосымша хабар тарататын табиғи арна қызметін атқарады.

Қазақстан төрағалығы Орталық Азияда қауіпсіздікті, тұрақтылықты қалыптастырушы маңызды фактор болады; ЕҚЫҰ аясында теңізге шығатын жолы жоқ елдер үшін көлік-транзиттік үнқатысуды дамытып, Орталық Азиядағы экологиялық проблемаларды шешуде негізгі рөлдің бірін ойнайды, экономикалық дамудың қарқынын арттырады, сондай-ақ аймақтағы интеграцияны дамытуға қосымша серпін береді.

Мадридтегі жетістікті Қазақстан көшбасшысы Н.Назарбаевтан бастап, қазақстандық дипломатияның түрлі үлгідегі, бұған қоса форин-оффис, парламенттік дипломатия және МЕҰ-лер желісі бойынша халықаралық ынтымақтастық, басқа да азаматтық қоғам институттары тең бөліседі.

Астананың ЕҚЫҰ төрағалығына берген өтінішінің қанағаттандырылуы – Қазақстан дипломатиясының бәсекелестікке қабілеттілігін көрсетеді.

Қазақстанның төрағалығы біздің елімізге ғана емес, ЕҚЫҰ-ның өзіне тиімді. 2006 жылы 27 наурызда өзінің Астанаға сапарында ЕҚЫҰ-ның бұрынғы төрағасы, Бельгия сыртқы істер министрі Карел де Гюхт "Орталық Азия аймағында жетекші бір мемлекет болуы керек, ол мемлекет аймаққа өз ішінен экономикалық даму нәрін дарытып, бүкіл аймақтың тұрақтылығына ықпал етуі керек" деп мәлімдеді. Сонда ол "Қазақстан Орталық Азия аймағында ең маңызды ойыншының бірі болғандықтан, ол ЕҚЫҰ төрағалығына толықтай үміткер бола алады" деген еді. Гюхттың баса аударған мәселесінің бірі еліміздегі толеранттық жайы еді. Ол: "Бүкіл әлемде өркениеттер соғысы байқалып отырғанда Қазақстанда төзімділік ахуалы қалыптасқан", – деп атап көрсетті. Осы орайда Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы осы заманғы ең басты қатерлер мен қауіптерге жедел және салмақты жауаптарға кепілдік беретінін айтып өткім келеді. [31]

ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету – жалпақ тілмен айтқанда, чемпиондар лигасында ойнау. Бұл – біздің еліміздің жеткен жетістіктерінің, бағындырған биіктерінің оң бағалануы. Яғни айналамыздағы көршілеріміз бізге қарап бой түзеп, үлгі-өрнектерімізді өнеге етіп алып, тиесілі жерінде кәдесіне жаратып жатса, одан артық не нәрсе бар?! Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлінің қандай екенін біз емес, басқалар айтып отыр. Қандай да бір тың үрдістің көшбастаушысына жұрт ерекше сын көзімен қарайды. Өз пайымдауымызша, ЕҚЫҰ шеңберінде жүріп жатқан демократиялық үрдістерді біздің аймақта әрі қарай жалғастыратын болсақ, бұл – ұйымға ғана емес, өзге өңірдегі елдерге де пайдалы.

– Біздің еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жолы жеңіл өтті дей алмаймыз. 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның төрағалық етуі – ең алдымен біздің мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше еңбегінің, халықаралық беделінің, саяси ерік-жігері мен ұмтылысының айғағы болып табылады. Шетелдің қауымы ол кісінің нақты нарықтық қатынастарды өмірге енгізу, саясатта кең ауқымды демократия орнықтыру, Азия мен Еуропада бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту үшін қандай күш-жігер жұмсағанын және ойдағы ісін қалай жүзеге асырғанын жақсы біледі

Төрағалық Қазақстанға да көп нәрсе береді.

Біріншіден, Қазақстан дамыған, өркениетті, демократиялық, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам болу үшін алдына жаңа мақсаттар қойып, өте жоғары міндеттеме қабылдайды, оны жүзеге асыру жолында тер төгеді.

Екіншіден, Қазақстан әлеуметтік, саяси дамудың жаңа сатысына көтеріледі.

Үшіншіден, Қазақстан Еуропа елдерімен тығыз қарым-қатынастың жаңа сапалық сатысына көшеді.

Төртіншіден, дүниежүзілік қоғамдастық Қазақстанды тануын тереңдетеді, елімізге сенім деңгейі артып, достарымыз көбейеді.

Бесіншіден, Қазақстанның халықаралық беделі арта түседі. Яғни беделі бар елге әрқашанда сыйласымдылық ілтипаты білдіріледі. Беделі бар елдің аты жүреді, сөзі өтеді.

Сол сияқты Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Қазақстан да төрағалыққа “құр қол” келейін деп отырған жоқ. Қазақстанның гүлденуін қамтамасыз ететін халқының бірлігі, ынтымағы, ұлтаралық татулық, дінаралық, қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі де ЕҚЫҰ-ның күн тәртібіне енуге әбден лайық. 2010 жылға әзірлік барысында біздің мемлекеттік құрылымдарымыз халықаралық қатынастың жаңа мектебінен өтіп, мол тәжірибе жинақтайды, қызметкерлеріміз, мамандарымыз өседі. Бұқаралық ақпарат құралдарының тынысы кеңейеді, қанаты алысқа сермеледі. ЕҚЫҰ-ның жұмысын барлық елдердің қауіпсіздігін, ынтымақтастығын қамтамасыз ету мақсатына жұмылдырып, беделін көтеруге біздің ел өзінің үлесін қосуға мол әзірлікке кірісіп те кетті. [26]

ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету арқылы Қазақстан мемлекеттегі ел тұрмысына байланысты өсу, өркендеу өлшемдеріне жаңа талап, жаңа сапа беретіні де анық. Бұл оқиға қазіргі кездегі біздің дамыған 50 елдің қатарына қосыламыз деген нақты мақсатымызбен үндес. Яғни, алда тұрған міндеттер ұлан-асыр.

Қазақстанның адам құқығын, еркіндігін, жемқорлықтан арылар тазалығын қамтамасыз ететін жаңа шаралардың жүзеге асырылуына бүкіл халық болып жұмылу – алдағы кезеңнің ең абыройлы келбеті болмақ.

Қорыта айтқанда, Мадрид шешімі Еуропа елдеріне қаншалықты қажет болса, Қазақстанның мемлекет ретінде күшейіп, жаңарып, болашақ үшін жаңа тыныс алуына да соншалықты қажет.

ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету, бірінші кезекте, біздің еліміздің жалпы бірдей стандарттарға, әсіресе, адами өлшемдерге сәйкес болуын, сондай-ақ мемлекетіміздің саяси жүйесін жетілдіруді талап етеді. Осы тұрғыдан келгенде Парламенттің саяси жүйені одан әрі реформалауға қосатын үлесі қомақты. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі тарихымызға алтын әріптермен жазылып қана қоймай, ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттерді, тұтастай алғанда, әлемдік қоғамдастықты тұтастырып, шоғырландыру ісіне жаңа леп әкеледі деп сенемін.