Педагогикалық акмеология аясында педагогтың кәсіби тұлғасы

Педагог маманындығының пайда болуы қоғам дамуының негізі. Кез келген білікті игеру және дамыту белгілі бір тәжірибиесіз мүмкін емес болар еді, ал педагог мамандығы сол біліктерді жеткізіп, дамытуды қамтиды.

Мамандықтың пайда болу кезінен бастап, педагогтың басты міндеті – тәрбие беру. Уақыт өте келе, көптеген пәндердің пайда болуымен байланысты педагог бірінші ретте білім беруші болып тағайындалды, ал тәрбиеші міндеттерін басқа адамдарға жүктейтін болды.

Әр халықтың мақтан тұтар педагогтары бар.

Мысалы, Қытай еліндегі ұлы ұстаз – Конфуций (б.э.д. VI – Vғ), сонымен қатар Чехиялық педагог Я.А. Коменский өз еліне бар халықтардың ақылын жинап беруді армандаған. Коменскийдің 206-дан астап педагогикалық еңбегі бар. Швед педагогы И.Г. Песталоции өз өмірін жетім балаларға арнаған. Ресейде ұлы педагогтардың бірі К.Д. Ушинский. Ушинскийдің еңбектері қазір де үлкен сұраныста.

Американдық психолог Р.Герберг пікірі бойынша мұғалім мамандығын таңдау негізгі себептері: іс-әрекеттің сан-алуандығы, өз бетімен жұмыс істеу мүмкідігі, кәсіби өсу мүмкіндігі және т.б. факторлар әсер етеді. Мұғалім мамандығының артықшылығы қоғамдық ара-қатынастардың байлығы. Сонымен қатар мұғалім мамандығы гумманистік мінездемеге ие. Оқыту барысында мұғалім екі мәселені шешеді: гуманистік және бейімделу. Бейімделу мәселе – оқушыны оқу барысында туындайтын жағдайларға бейімдеу болса, гуманистік мәселе – оқушының жеке тұлғасын түсіну мен дамытуға бағытталған.

Педагогикалық іс-әрекеттің міндеттері.Оқыту процессінің негізгі міндеті оқушының болашақта қоғамға өз үлесін қосар жеке тұлға ретінде дамуына барлақ жағдай жасау. Педагогикалық процессте тәрбие мен оқыту үдерісі байланыста болады. Егер оқыту процессінде берілген тақырыпты қайталап, бекіту мүмкіндігі болса, тәрбие процессінде бекіту оңайға түспейді. Дегенмен, оқыту процессі оқушының қызығушылығы болмаса, тиімсіз өтеді. Тәжірибие бойынша оқыту процессінің тәрбиесіз өтуі мүмкін емес.

Педагогтың кәсіби сипаттамасы.Педагог жұмыс барысында тәрбиелік және оқыту функцияларын атқарады. Осы функцияларды жүзеге асыру үшін педагог келесі қасиеттерге ие болу керек:

- Қоғамдық және кәсіби белсенділік;

- Шыдамдылық, оқушыны түсіне, қорғай білу;

- Тұлға дамуының ерекшеліктерін ескеру;

- Топтық ара-қатынасты ұйымдастыра білу, дау-дамайды болдырмау;

- Балардың психологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөліп, олардың дамуына жағдай жасау білу;

- Өзін-өзі кемелдендіру мен тәрбиелеуге дайын болу;

Педагогтың кәсіби қасиеттері.

Педагог мамандығына көптеген талаптар қойылады, оның ішіне «кәсіби даярлық» және «кәсіби жарамдылық» сияқты ұғымдар кіреді. Кәсіби даярлық – мұғалімнің дағдылары мен біліктерін ескерсе, кәсіби жарамдылық – мұғалімнің жеке бас және психологиялық ерекшеліктерін ескереді. Жоғарыда айтылған барлық қасиеттерді жалпылап «Профессиограмма» деп атасақ болады. Профессиограмма ішіне педагогтың жеке бас қасиеттері мен қоса оның біліктері мен дағдылары көрсетіледі.

Педагогтың қоғамдық және кәсіби орнын бөліп көрсетеді. Қоғамдық орны педагогтың идеологиясы мен құндылықтарын көрсетсе, педагогтың кәсіби орны оның оқыту процессінің міндеттері мен құралдарын көрсетеді. Мұғалім ақпарат беруші, дос, басшы, нұсқаушы, көмекші, ақыл-кеңес беруші және т.б. рөлдерді атқара алады.

Мұғалімнің тағы бір маңызды қасиетті – «тұлғаға бағытталғандығы». Тұлғаға бағытталғандығаның негізінде кез келген педагогикалық қасиеттер қалыптасады.

Педагогикалық шеберлік.

Педагогикалық шеберлік деген ұғымды көптеген жағдайларда біліктер мен дағдылар деп анықтайды. Бұл сұраққа А.С.Макаренко нақты жауап берген. Макаренко пікірінше, - педагогикалық шеберлік – педагогикалық процесстің ерекшеліктерін біліп, оны дұрыс ұйымдастыру және қозғалысқа келтіру. Педагогикалық шеберлік – жеке бас қасиеттері мен кәсіби қаситеттердің жиынтығы. Педагогикалық шеберлік тәжірибие жүзінде ғана іске асады.

В.А.Сухомлинскидің пікірінше, педагогикалық процесстің нәтижелілігі оқушының оқуға және мұғалімге деген қарам-қатынасымен тығыз байланысты.

Соңғы жылдары педагогикада тек отандық педагогтардың еңбектері ғана емес сонымен қатар шетелдік ғалымдардың еңбектері де тәжірибиеде жие қолданылады. Соның нәтижесінде педагогикалық мәдениет одан сайын дами бастады деп айтуға болады.

Педагогикалық мәдениет – педагогтың жеке бас қасиеттері мен оның біліктері және құндылықтарының жиынтығы. Сондықтан педагогикалық білім беру мәдениетаралық дайындыққа бағытталған.

Педагогикалық процесс барысында педагог бірнеше әрекетті жүзеге асырады: сындарлы, ұйымдастырушылық және коммуникативтік.

Сындарлы әрекет барысында педагог аналитикалық, болжамдық және жобалау қасиеттерін қолданады.

Аналитикалық біліктер келесі жеке біліктерден тұрады:

- Педагогикалық құбылыстарды жекелей қарастыра білу (шарттары, себептер, мотивтері, құралдары, түрлі формалары);

- Педагогикалық құбылыстарды оқу үдерісінің педагогикалық компоненттерімен байланыстыра қарастыру;

- Психо-педагогикалық теорияларда жаңа ойлар мен логикалық шешімдерді таба білу;

- Педагогикалық құбылысты дұрыс қарастыра білу;

- Негізгі педагогикалық мәселені тауып, оны шешу жолдарын қарастыра білу;

Болжамдық біліктер педагогикалық процесстің ақырында қандай нәтижеге әкелетінің болжай алу білігі. Оның ішінде оқушылардың кез келген педагогикалық әрекетке қалайша жауап қайтаратынын алдын ала көздеу. Сонымен қатар белгілі уақыт аралығында топта қандай да бір біліктің дамуын болжай білу да жатады.

Педагогикалық әрекетте келесі жобалық біліктер қолданылады:

- Оқыту және тәрбиелеу мақсаттары мен мазмұнын нақты мақсаттарға аудара білу;

- Оқушылардың мүмкіндіктерін, материалдық база мүмкіндіктерін және жеке бас қасиеттерін ескере білу;

- Педагогикалық процесстің әр деңгейінде дұрыс мақсат қоя білу;

- Қойылған талапқа сәйкес келетін тапсырмалар таңдай білу;

- Оқушылармен жеке жұмыс жасау;

- Педагогикалық процесстің формасымен мазмұның, оларға сәйкес келетін құралдарды таңдай білу;

- Жеке тұлғаның дамуына бағытталған орта құра білу және ата-аналармен жұмыс істеу;

Тәрбие жұмысында ұйымдастыру әрекеті үлкен орын алады. Ұйымдастыру әрекетіне, мобилизациялық, дамытушылық, бағыт-бағдарлық біліктері жатады.

Мобилизациялық білікке оқушыларды оқу процессімен қызықтыру жатады. Сонымен қатар сыныпта айтылған жағдаяттарды өмірде қолдана білуге даярлау және адамгершілік қасиеттерді дамыту жатады.

Ақпараттық білік оқушыларға ақпаратты жатық жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар мұғалімге өз ойын нақты түсіндіруге мүмкіндік береді.

Дамытушылық білік жеке оқушы мен топтың даму деңгейін біле отырып оны болашақта болжауға мүмкіндік береді.

Бағыт-бағдарлық білік оқушыларда еңбекке, табиғатқа, отанға және т.б. деген сүйіспеншілік сезімін дамытуға бағытталған.

Коммуникативтік әрекет педагогикалық техниканы ғана қамтымай, сонымен қатар мұғалімнің және сыныптың қарым-қатынасқа түсу белсенділігін қамтиді. Оның ішіне перцептивті білік кіреді. Перцептивті білік – басқаларды түсіне білу қабілеті.

Қарым-қатынасқа түсе білу сыныптағы көңіл-күйді және оқушыларды дұрыс түсінуге көмектеседі.

Мұғалімнің қоғамнан алатын орны зор. Олай болатын себебі, мұғалімнің еңбегі өтежауапты, әрі күрделі. Өйткені ол жас ұрпақтың болашақ тағдыры үшін өзін жауапты сезінеді, онын тәртібі, білімі, қоғамнан алатын орны, адамгершілігі. белсенділігі, іскерлігі үшін күресетін, оның жүрегіне жол тауып, оның жан дүниесінің таза, қоғам үшін жан тәні мен еңбек етуге құштарлығын оятатын, білімге деген ішкі қажеттігін оята отырып, баланы білімге ұмтылдырып талаптандыратын мұғалім. Оны осы қасиеттері үшін адам жанының инженері деп атайды.

Өмірдің әрі салалары секілді, педогогикалық істе де таланттар сирек кездеседі. Әрине, әр мұғалімге талантты болмауына да болады. Алайда ол өз ісінің шебері болады және болуға да тиіс. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдары бар.

Тәрбие беру ісіндегі аса маңызды жайттардың бірі - педагогикалық такт. Педагогикалық такт деп мұғалім бойындағы мақсатқа сай адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім оқушыларға педагогикалық ықпал жасайды.

Ықпал оқушылар арасындағы мұғалімнің беделі мен өнегесі. Мұғалім қайда болмасын тек оқушылар үшін ғана емес, бүкіл жұртшылық үшін үлгі-өнеге. Ол әркез көпшіліктің бақылауында болады.

Өзін-өзі үйлесімді ұстай білетін, ілтипатты, қарапайым, әділетті болуында тактыға жатады. Әділетті ұстазды бола әр кезде бағалап, сыйлайды. Үлгі тұтады. Ол бала жүрегіне жол тапқан үнемі ұмтылмайтын, педагогикалық істің шебері.

Қорыта айтқанда, мұғалім - шынайы адамгершіліктің үлгісі. Ол өзінің ана тілінің әдеби және ғылыми сөз байлығын жете меңгерген, өз ұлтының әрі дүние жүзінің рухани игіліктерін бойына молынан сіңірген зиялы адам болуы керек.

Педагогтық әдеп - мұғалімнің ең жақын кәсіптік белгісі. Ол әртүрлі әрекет саласында педагогтың балалармен дұрыс қарым-қатынас жасауы. Жалпы әдеп «жұғысу», «адамдар арақатынасының түрі» мағынасында қолданады. Ал этикалык сөздікте «әдеп» адамдар арасындағы қатынастың ерекшеліктерін, мінез-құлық кодексін айтады. Бірақ бұл анықтама толық емес.

Педагогтық әдеп-жастардың тәлімгері ретінде өзіне қойылатын әлеуметтік үмітті тепе-тең қабылдау негізінде кұрылатын мұғалімнің мінез-кұлкы. Бұл педагогтың шәкірттерімен, олардың ата-аналарымен және әріптестерімен дұрыс қарым-қатынасты қолдау іскерліктер мен өлшемдерді сезіне алуы арқылы көрінеді.

Педагогтық әдепті мұғалімнің жалпы мәдениеті тәртібі және жалпы әдістемелік сауаттылығымен қою қате. Педагогтық әдеп мұғалімнің барлық жақсы қасиеттерімен жымдасып жатады, бірақ өзіндік ерекшелігі болады. «Педагогтық әдеп дегеннің өзі, шын мәнінде психологиялық әдеп», - деген болатын К. Д. Ушинский.

Педагогтық әдеп тек қана педагогтық мораль принциптерінің мәнін қарастырып қоймай, олардың категорияларының мәнін де қарастырады.

Категориялары:

1. Кәсіби педагогтық борыш;

2. Педагогтық әділетгілік (әділдік), абырой;

3. Педагогтық беделділік.

Педагогтық әдептің басты ерекшелігінің бірі - мұғалім жас буынға моральдық тәрбие беру процесінде қайталау арқылы емес, бүкіл оқу-тәрбие жұмысын адамгершілікке тәрбиелеу ісімен тығыз ұштастыра білуге байланысты болмақ. Бұлмұғалімнен принципшілдік пен жауапкершілікті талап етеді.

Педагогтық әдептің тағы бір ерекшелігі - мұғалім жас ұрпаққа белгілі бір салада жүйелі білім беру мен қатар, өздерінің іс-әрекеті, дүниеге көзқарасы, адамгершілік пен гуманистік қасиеттері арқылы оларды мораль нормаларына тәрбиелеуі тиіс.

Кәсіби борыш – педагогтық әдептің ең маңызды категорияларының бірі. Бұл түсінікке мұғалімнің жеке басына коғамның қоятын талаптары мен моральдық ўйғарымның жиынтығы туралы, кәсіби міндеттерді орындауы туралы, яғни анықталған еңбек функциясын жүзеге асыру, окушылардың және олардың ата-аналарымен, әріптестерімен дұрыс өзара қарым-қатынас орнату, таңдаған кәсібіне деген өзінің қатынасын терең сезінуі.

Кәсіби педагогтық борышта мұғалімнің өзінің еңбегіне деген шығармашылық қатынасжасауға қажеттілігін, өзіне ерекше талап коюға, кәсіби білімін көтеруге, оқушыны және оның ата-анасын кұрметтеуге және т.б. бағдарланған.

Педагогтық әдепте әділдік түсінігінің ерекшеліктері бар. Әділдік педагогтық моральда мұғалімдердің объективтілігін, балалардың қылыктарын, олардың окуға және қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қатынасын бағалауда көрінетін адамгершілік тәрбиелілігінің деңгейінің өлшемін білдіреді.

Әділдік бір жағынан мұғалімнің адамгершілік қасиеті ретінде, екінші жағынан оқушылардың іс-әрекетін бағалау өлшемі ретінде қабылданады. Әділеттілік педагогтық қызметте оқушылардың оқу процесіндегі еңбегін әділ бағалау арқылы жүзеге асады. Бағаны дұрыс, орынды пайдалану тәрбиелік мәні зор. Баға балалардың сана-сезіміне, психикасына, қылықтарына үлкен әсер етеді. Әділетілік пен абыройдың арасында біте қайнасқан білік бар. Себебі, әділетті мұғалім оқушылар арасында абыройлы келеді. Бірақ абырой тек әділетті болу емес, педагогтың өз жұмысына шебер келіп, көп еңбек сіңіруге байланысты болып келеді

Педагогтық беделдің деңгейі –білімнің тереңдігімен, әдеп-тілігімен, шеберлігімен, жұмысқа қатынасымен мұғалімнің қоғамдық белсенділігін, педагогикалық тактикасымен айқындалады.

Мұғалімнің әдебін кұрайтын компоненттер көп. Олардың бастылары: педагогтық оптимизм, педагогтық такт, педагогикалық техника, шеберлік, байқағыштык, психологиялық қырағыштық, күшті ерік-жігер, сөйлеу және сезім мәдениеттілігі, қылық сұлулығы, ұстамдылығы, талант, бейімділік, ұйымдастырушылық.

Педагогтық тактика мұғалімнің бір сөз тіркесін сан құбылтып айтатын алуан түрлі дауыс ырғағы, күлімсіреу, әсерлі көзқарас, ым-қимылдарының жинақталған шоғыры. Сан құбылатын дауыс ырғағының ішінен тек бажылдауды, ал бар сөздік кұралдардан: «Қимылдама», «Үніңді шығарма», «Сөйлемей отыр» деген сияқты мезі болған сөздер жиынтығын қолданатын «техникалық» жағынан қаруланбаған мұғалімдердің табысқа жетуі шамалы болады. Әсер ету кұралдарын ұзак колдануға болмайтындығы белгілі. Олар «тозады». Егер, ол педагог өз тактикасын өзгертпесе, олөз оқушыларының көңілінен шықпайды.

Оқытушы педагогтық техниканы да меңгеруі тиіс. Ол қалай тұру, қалай отыру, орындықтан қалай тұру, дауысты қалай көтеру, қалай жымию, қалай қарау, дауысты ұстай білу, сыңай білдіру, көз тастау өнері,т.б. педагог үшін дауысты билей білу маңызы зор.

Ұстаздык әдеп - мұғалімнің көркі. Сондай-ақ. мұғалім мен мұғалімнің қарым-қатынастағы ең маңызды көрсеткішінің бірі -ұстаздық әдепті сақтау. Ұстаздық әдеп - инабатгылық, әділеттілік, ұстанымдылық, адамгершілік және т.с.с. қасиеттерден көрініс беруі тиіс.

Сендіру - адамдардың өзара әрекеттік қарым-қатынас жасау процесінің кұралы болып табылады. Сендіру обьективтік процесс. Сендірудің элементі педагогикалық іс-әрекетге практика барысында орын алады. Дұрыс ұйымдастыруды сендіру оқушылардың белсенділігін арттырады, ынталандырады, Сендірудің әр түрлі түрі педагогикалық іс-әрекеттің амалының арнасын кеңейтеді, мұғалім оқушымен жеке жұмыс барысында жақсы әрі тактиканы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сөздің көмегімен оқушыларға сергектік сезімін немесе үрей, қуаныш немесе қоркыныш, өзіне сенімділік немесе сенімсіздік, қызығушылық не зерігу, сенім немесе күмән т.б, сезімдерді тудыруымыз мүмкін.

Педагогикалық байқагыштық - оқушының тәрбиеленушінің ішкі дүниесіне үңіле білу, баланың кім екендігіне бойлай білу оның сол сәттегі психикалық жағдайына ене білу қабілеті. Шебер мұғалім, жақсы тәрбиеші сәл ғана өз терісінен сырт пішінінің азда болса толкуынан баланың ішкі сарайын біле қояды және бұл өзгерістердің неден екенін дұрыс түсінеді. Мұндай мұғалім сылтаушылардың зейінін шын мәнінде зейінділікпен жеңіл айыра алады.

Жаңа материалды түсіндіру кезінде әр түрлі белгілері бойынша әр түрлі окушының материалдың мазмұнын қалай меңгере алатынын, қалай түсінгенін ажырата алады және қажеттілігіне қарай тиісті шараны қолданады.

Қорыта келгенде, ұстаздыц әдепті сақтау үшін шәкірттерге талаптарды мына тұрғыдан қойған жөн:

1. Сабақты шәкірттердің белгілі бір тобының қабілетіне
лайықтап, олардың бос отырмайтындай қаркында жүргізу;

2. Тәртіп бұзушыларға үсті үстіне тапсырма беріп қою керек;

3. Балаларға орынсыз тіл тигізбеу;

4. Оқушылардың болымсыз қылығына ескерту жасау;

5. Сыныпта тәртіп орнатуға басқа адамдардан көмек сұрамау;

6. Бүкіл сыныппен немесе олардың басым көпшілігімен айтыс тартысқа түспеу,егер ондай жағдай болса, келісімге келу;

7. Шәкіртті марапаттау;

8. Балалардың көңіл-күйін көтеріңкі ұстау;

9. Бағалау, мақтау немесе кіналау әдейі болып, соған баланың көзін жеткізу;

10. Сынып жиынында балаларға еркіндік беріп, шәкірттер өз ойларын айтып, ұстаздар одан қорытынды шығарғаны жөн.

Педагогтың өзін-өзі тәрбиелеу мен кәсіби дамуы

Дәстүрлі көзқарастарда педагог тек педагогикалық әрекеттің негізі ретінде ғана қарастырылады. Педагог процессті жүргізеді, бірақ оның ішкі дүниесі процесске әсер ете алмайды. Гуманистік көзқарас бойынша педагог процесстің ажырамас бөлігі. Оның ішкі жан дүниесі де сол процесске тікелей әсер етеді. Яғни педагог жеке тұлға ретінде дамымаса процесс те дамымай қалады. Сондықтан қазіргі таңда педагог тек қана кәсіби біліктер мен дағдыларды меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар педагогтың жалпы мәдени дамуы мен жеке тұлға ретінде қалыптсуын талап етеді.

Педагог мамандығын таңдаған кезде кез келген адам өз өмірінің бір бөлігін арнайды. Яғни, педагог бола отырып жай ғана жұмысты атқару мүмкін емес. Педагог мамандығын таңдағаннан бастап, педагог сол мамандықпен бірге өмір сүріп, сол мамандықпен бірге дамиды.

Педагог мамандығына оқуға түсетіндердің көбі педагог болуға қабілеті бар адамдар. Оған әсер еткен көбінесе мектепте оқытқан мұғалімдердің іс-әрекеті. Студенттердің мұғалім болуға көптеген себептері бар. Олардың негізгілері қоғамдық құндылықтармен байланысты.

Педагогтың шығармашылық қабілеті оның педагог ретінде дамуында шешуші роль атқарады. Педагогтың шығармашылық қабілеті оның дамуға деген талпынысымен сипатталады. Шығармашылық қабілеттерді қарастыра ғана қоймай, сонымен қатар болашақта пайда бола алатын қасиеттерді де есепке алған жөн. Яғни педагог даму барысында жаңа қасиеттерге ие бола алады. Даму мүмкіндігі бар мұғалім оқушыларға жақын болады. Себебі ол оқушыларда қызығушылық туғызады.

Педагогикалық идеал – педагогтың санасында қалыптасады. Педагог жұмыс барысында туындайтын қиыншылықтарды ескере отыра және өзін-өзі қабылдау нәтижесінде «мен болашақта қандай боламын?» сияқты сұраққа жауап беру нәтижесінде педагогикалық идеал пайда болады. К.Д.Ушинскийдің пікірінше адам қанша білім алса сонша өмір сүреді. Бүгінгі күні үздіксіз білім алу заман талабы. А.Дистверг айтуы бойынша «педагог өзін-өзі тәрбиелеп, білімін жетілдірмесе, басқаларды тәрбиелеп, білім беруге қабілетті болмайлы».

Белсенділіктің ішкі және сыртқы көздері болады. Сыртқы көздері қоршаған ортаның әсері, жақын адамдардың берген бағасы, үміттері, т.б. Ішкі көздері болса, адамның дамуға деген талпынысы.

Педагогтың дамуының ең тиімді жолдарының бірі педагогикалық ұжымның жұмысына белсене қатысып, ғылыми жұмыстармен айналысу.

Өзін-өзі кемелдендіру екі түрлі нәтиже береді. Бір жағынан педагогикалық дағдылар мен біліктерді дамыту болса, екінші жағынан өзін-өзі дамытуды және өзін-өзі қадағалауды үйрену.

Өзін-өзі кемелдендірудің 3 сатысы бар:

1-ші сатысы: студент жай ғана өзін-өзі жақсарту туралы ойлармен шектеліп, нақты талаптар қоймайды. Өзін-өзі тәрбиелеудің құралдары мен амалдарын толық меңгермеген;

2-ші сатысы: студент жалпы талаптар мен мақсаттар қоя бастайды. Олардың кейбіреулері орындалады ойының ұшқырлығы өзін өзі сыни көзбен қарау, өзін-өзі түзету әрекеті іске асырылады;

3-ші сатысы: педагог өзіне нақты талаптар қойып, оларды орындайды, өзін-өзі әсер ету қиындықсыз іске асырылады, мақсаттылық, жоспарлау, өзін-өзі бақылау әрекеті жеңіл орындалады;

Ұсынылатын әдебиеттер:[2],[5],[6],[12],[18],[19]

Дәріс тақырыбы