Ші тақырып. Акмеәлеуеті бар білім беру технологиялары

Сұраулар тізімі:

1. Белгі-контекстік оқыту білім беру технологиясы ретінде.

2. Проблемалық оқыту акмеологиялық технология ретінде.

3. Гуманитарлық технология аясындағы оқытудың жоба әдісі.

4. Шетел тілін оқытуда ойын технологияларын қолдану.

5. Кейс-стади және пікірталас технологиясына оқыту.

Тапсырмалар:

1. Контекстік негізде оқыту технологиясының акмеологиялық әлеуеті қалай сипатталады?

2. Қазіргі білім бері тәжірибесінде жоба әдісінің ерекшелігі қандай?

3. Оқу үдерісінде кейс-стади мен ойын технологиясын қолдану жолдарын әңгімелеп беріңіз.

4. Гуманитарлық технологияларды іске асыру мақсатында проблемалық әдісті сипаттап беріңіз.

5. Жоғары мектеп студенттерінің оқу үдерісінде ойын технологиясын қолдану мүмкіндігіне көзқарасыңыз қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:[5],[14],[15],[16],[17]

Ші тақырып. Құзыреттілік - заманауи білім беру жүйесіндегі негізгі және базалық акмеологиялық категория

Сұраулар тізімі:

1. Қазіргі заманғы Қазақстан білім беру жүйесіндегі құзыреттілік әдістің алатын орны мен атқаратын рөлі.

2. Білім беру жүйесінің құзыреттілік әдісі аясында құзырет және құзыреттілік ұғымдарының мән-мағынасы.

3. Құзыреттің түрлері және олардың сипаттамасы.

4. Нормативтік негізгі және шынайы кәсіби шеберлік және ол маманның кәсіби тәжірибесін анықтайтын технология ретінде.

Тапсырмалар:

1. Білім беру жүйесінде құзыреттілік әдістің мән-мағынасын ашып көрсетіңіз.

2. Кәсіби білім беруде құзыреттер модельдерін сипаттаңыз.

3. Еуропа тәжірибесінде құзыреттердің негізгі түрлерінің мазмұнын зерделеңіз.

4. Кәсіби шеберліктің құлық (мотивация) және операционалдық-технологиялық саласының мазмұны туралы әңгімелеңіз.

5. Аталмыш проблеманы зерделеудің нәтижесін конспект түрінде жазыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:[5],[7],[16],[19],[20]

Пәнді оқу бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар

«Педагогикалық акмеология» курсымен танысып, оны оқу ерекшеліктерінің бірі – оқу үдерісінде кредиттік жүйенің және студенттердің өзіндік жұмыстарының көлемін көбейтумен байланысты дәріс сабақтарында студенттердің танымдық қабілетін арттыратын әдіс-тәсілдерді (синектика тәсілі, кәсіби бағытағы ой-шиеленісін тудыратын, сыни ойлау қабілетін дамытатын тапсырмаларды орындау және т.б.) қолдану арқылы проблемалық сиппатағы сұрақтар талқыланады. Студенттердің оқу материалдарымен алдын-ала істейтін өзіндік жұмысы теориялық білімді кеңейтуді және тереңдетуді көздейтін семинар сабақтарын жаңаша ұйымдаструға, кәсіби маңызды іскерліктерді дамытатын жоба, ойын (рөлдік, іскерлік) және модульдік технологияларды, т.б. қолдану арқылы өз бетінше продуктивті білім алу қабілет-қасиеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

 

Оқытушының жетекшілігімен өтетін студенттердің өзіндік жұмыс (СОӨЖ) аясындағы сабақтардың жоспары

 

СОӨЖ тақырыбы. Адамның жоғары деңгейдегі білімінің аясындағы педагогикалық акмеология

Өткізу формасы: дискуссия

Тапсырмалар

1. Ұсынылған әдебиеттер тізімін пайдалана отыра тілге тиек етіліп отырған мәселе бойынша пікір алмасыңыз.

2. Акмеология туралы бірнеше анықтамаларды салыстырыңыз. Олардың қайсысына басымдық бересіз?

3. Таңдаған мамандығыңыз аясында акмеологиялық қағидаттарға түсінік беріңіз.

4. Акмеологияның педагогика және психологиямен ара байланысының негізгі аспектілері туралы сөз қозғаңыз, сонымен қатар акмеологияның іргелес ғылымдардан айырмашылықтарын атап өтіңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:[2], [3], [5], [20], [21]

СОӨЖ тақырыбы. Педагогикалық акмеология аясында педагогтың кәсіби тұлғасы

Өткізу формасы: жеке дара жобалау әдісі

Тапсырмалар

1. Таңдаған мамандығыңыз бойынша дәріс беретін педагогикалық шеберлігі жоғары оқытушылар туралы әңгімелеңіз.

2. Кәсіби білім беруде өзін-өзі кәсіби кемелдендірудің негізгі кезеңдерін зерделеңіз.

3. «Акме», «педагогикалық шеберлік», «кәсіби шеберлік», «педагогикалық жаңашылдық (наваторство)» ұғымдарының айырмашылықтары неде деп ойлайсыз?

4. «Мен-табысты педагогпын» аясында өзін-өзі кемелдендіру және өз әлеуетін іске асырудың жоспарын құрыңыз.

5. Педагог мамандығын таңдау құлқыларын (мотивациясын) анықтаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:[2], [3], [5], [10], [11], [20], [21]