СОӨЖ тақырыбы. Ұстаздық қарым-қатынас акмеологиялық проблема ретінде

Өткізу формасы: реферат

Тапсырмалар

1. Проблемалық жағдаяттарда іс-әрекеттің нәтижесі ретінде коммуникативтік міндеттердің мән-мағынасы.

2. Ұстаздық қарым-қатынастың негізгі ережелерін іске асыру технологиясын сипаттаңыз.

3. Қатысым құралдарын атап, оларға сипаттама беріңіз.

4. Шағын топтар: олардың жіктеу және құрылымдары туралы әңгімелеңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2], [3], [4], [5], [10], [11], [20], [21]

СОӨЖ тақырыбы. Кәсіптік педагогикалық білім беру жүйесінің когнитивтік компоненті

Өткізу формасы:коллоквиум

Тапсырмалар

1. Когнитивтік оқытудың негізгі ережелері мен әдістер мақсатын анықтаңыздар.

2. Когнитивтік әдістің аясында шетел тілін үйренуде білім алушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескерудің қажеттігі туралы әңгімелеңіз.

3. Когнитивтік-әрекеттілік әдісті қолдануды талап ететін штаттан тыс жағдаяттарды сипаттаңыз.

4. Тілді оқытуда шығармашылық үдерістің параметрлерін анықтаңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер:[2], [3], [5], [7], [11], [15]

СОӨЖ тақырыбы.

Акмеәлеуеті бар білім беру технологиялары

Өткізу формасы:презентация

Тапсырмалар

1. Таңдаған мамандыққа сәйкес оқу әрекетінің өзіндік түрі ретінде гуманитарлық технологиялардың мүмкіндіктері туралы әңгімелеңіз.

2. Пікірталас технологиясын білім алушылардың сөз белсенділігін арттырудың формасы ретінде пайдалану мүмкіндігі туралы пікіріңізді ортаға салыңыз.

3. Тілді кәсіби және кәсіби емес түрде оқытатын ЖОО-да (факультеттерде) контекстік оқыту технологиясын сипаттаңыз.

4. «Кейс-стади» технологиясының мүмкіндіктері мен шектеулерін анықтап беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2], [3], [5], [9], [12], [13], [14], [16], [17]

СОӨЖ тақырыбы.

Зыреттілік - заманауи білім беру жүйесіндегі негізгі және базалық акмеологиялық категория

Өткізу формасы:Жобалау әдісі

Тапсырмалар

1. Жоғары теориялық білімі бар, практикалық білігі төмен немесе керісінше болған жағдайда педагог қызметінің нәтижесін сипаттап беріңіз.

2. «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі» ұғымына анықтама беріңіз.

3. Еуропа кеңесі тұжырымдаған негізгі құзыреттерге кеңірек тоқталыңыз.

4. Шетел тілі мұғалімінің құзыреттілігінің өлшемдерін баяндаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:[2], [3], [5], [10, ][11], [18], [19], [20], [21]

Тапсырмаларды орындау жөнінде әдістемелік нұсқаулар

Оқытушының жетекшілігімен өтетін студенттердің өзіндік жұмыс аясындағы сабақтар төмендегі формада болғаны абзал. Акмеологиялық терминдердің мән-мағынасыны айқындалып, тақырып бойынша берілген тапсырмалар орындалады. Пайдалануға ұсынылған ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді (қазақ, орыс, ағылшн, неміс, француз тілдерінде басылған), сонымен қатар озық педагогикалық тәжірибемен таныса отыра, тақырыптар ауқымын еркін меңгеруді мақсат етіп қою керек. Мәселені талқылағанда сұхбаттастың көзқарасына сыйластықпен қарап, өз ойын тиянақтап, түсінікті, ізетті түрде жеткізе білу керек.

 

 

Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары

СӨЖ тақырыбы. Адамның жоғары деңгейдегі білімінің аясындағы педагогикалық акмеология

Тапсырмалар

1.Акмеологиялық негізгі ережелер мен ұғымдарды жазып алып, санаңызды сақтауға күш салыңыз.

2.Жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде негізгі акмеологиялық ұғымдарды қолдану мүмкіншіліктерін дәлелдеп беріңіз.

3.Бегидова С.Н., Хазова С.А. «Болашақ мамандарды кәсіби даярлауда акмеологиялық әдістер» келістер (http://vestnik.adygnet.ru/files/2008.3/686/begidova2008_3.pdf) атты мақаланы оқып, пікір алмасыңыз. Оған аннотация жазыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:[2], [3], [5], [20], [21]

СӨЖ тақырыбы. Педагогикалық акмеология аясында педагогтың кәсіби тұлғасы

Тапсырмалар

1. Кәсіби қызметте педагог тұлғаның әлеуметтік мүмкіндіктерін толық іске асыру (өзінің жеке бас және кәсіби біліктерін іске асыруға талпынуы жеке бас ерекшеліктерін дамытуға құштар болуы, абырой мен деделге ие болуы т.б.) жоғары кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі мінездемесіне уәж келтіріңіз.

2. Раманова К.Е. «Шеберлік пен шығармашылықты дамытуда акмеологиялық стратегиялар» (http://sspu.ru/pages/journal/arhiv/2013/3%289%29.pdf) атты мақаламен байланысып өз көзқарастарыңызды білдіріңызды білдіріңіз, аннотация жазыңыз.

3. Педагогикалық қызметке практикалық даярлығын көрсететін әрекеттер түрлерін сипаттап беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:[2], [3], [5], [10], [11], [20], [21]