Шінші. Өңірлерді дамыту мәселесі.

Первое. Занятость казахстанцев.

По моему поручению Правительство утвердило принципиально новую Программу обеспечения занятости.
В ней поставлены три важные задачи.

Во-первых, создание эффективной системы обучения и содействия в трудоустройстве.
Во-вторых, содействие развитию предпринимательства на селе.
В-третьих, повышение мобильности трудовых ресурсов, приоритетное трудоустройство в центрах экономической активности Казахстана.

В 2011 году Программа испытана в пилотном режиме с участием почти 60-ти тысяч человек. Вся подготовительная работа, работа по законодательной базе завершена. Теперь надо перейти к осуществлению этой важнейшей программы.
Поручаю Правительству и акимам с текущего года начать масштабную реализацию этой программы.
Речь также идет об обеспечении микрокредитами тех, кто работает на селе. Тех, кто желает работать в городе, за счет государства надо обучать и трудоустраивать. К концу программы, к 2020 году, мы должны таким образом трудоустроить на качественную работу 1,5 миллиона человек.

Екінші. Қолжетімді баспана.

Біз жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға кірісіп кеттік. Елімізде жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде. Алайда біз жарты миллионнан астам жас отбасыны жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жеткізу қажет. Оның ішінде, ұзақ мерзімге жалға беру, одан кейін сатып алу тәрізді екі түрлі жолын қарастыру керек.
Қаражаты мен мүмкіншілігі барлар жалдау ақысын төлеп, кейіннен үйді өздеріне сатып алатын болады. Ал мүмкіндігі жоқтар жағдайы келгенше ұзақ мерзімді жалға ұстай беретін болады. Осы екі түрлі жолды қарастыруымыз қажет.
Оған қоса жалға алғаны үшін жасалатын төлем әл-ауқаты орташа отбасы мүмкіндігіне сай болуы тиіс.
Мұнымен бірге отандық құрылыс саласы үшін жаңа мүмкіндіктер туады.

Естеріңізде болса, өткен дағдарыс жылдарында біз бүкіл Қазақстанда тұрғын үй салуды көбейтіп, қаншама жұмыс орнын ашып, бизнеске қаншама мүмкіншілік бердік. Сол кездегі сияқты облыстарға тиісті қаражат бөлінеді.
Тұрғын үйлер салынып, жалға берілетін болады.
Соның бәрін жаңа «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасында анық көрсету қажет. Осыған біз кірісуіміз керек.
Мемлекет бұл бағдарламаны тиісті қаражатпен қамтамасыз етеді.
Аталған құжатты Үкіметке осы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жасап, қабылдауды тапсырамын.

шінші. Өңірлерді дамыту мәселесі.

Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы болып саналады.
Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты.
Бұл үшін алдымен жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет.
Бүгінде әлемнің көп елдерінде осылай жасалуда.
Мемлекет өз азаматтарының сондай қуатты өңірлерге қоныс аударуына көмек қолын созуы тиіс.
Қазақстанда келешегі зор қалалар шоғырына Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент шаһарлары жатады.
Үкімет елді мекендер шоғырын (агломерация) дамыту жөнінде бағдарлама қабылдауы тиіс.
Ірі кәсіпорынды немесе бір саланы тірек еткен шағын қалалардың дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Жаңаөзендегі жағдай бір салалы шағын қалалардың әлеуметтік қатерге жақын екенін көрсетті.
Мемлекет Жаңаөзенде төтенше жағдай жариялап, қаладағы ахуалды қалпына келтіру бойынша кешенді шаралар жасауға мәжбүр болды.
Қазіргі уақытта ондағы ахуал қалыпты арнасына түсті.
Мәжіліс сайлауында Жаңаөзен тұрғындарының басым көпшілігі «Нұр Отан» партиясына дауыс берді.
Бұл олардың мемлекет саясатын толық қолдайтынын көрсетеді.
Сондықтан мен Жаңаөзендегі төтенше жағдай режімін бұдан әрі созбау жөнінде шешім қабылдадым.
Алайда, бұл оқиғадан тиісті түйін жасалып, одан сабақ алып, ұдайы ескерілуі керек.
Үкіметке бір салалы шағын қалаларды дамыту туралы арнайы бағдарлама жасауды тапсырамын.
Онда қаланың экономикасындағы әрбір нақты бағытты әртараптандыру, әлеуметтік саланы дамыту ескерілуі қажет.
Сонымен қатар, жергілікті шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шараларын қаперде ұстаған жөн.
Жергілікті өзін өзі басқаруды жетілдіріп, барша жергілікті даму мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейту аса маңызды.
Биылғы 1 шілдеге дейін Үкімет Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы жобасын жасап бітіруі тиіс.