М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

 

Факультет: Тарих,экономика және құқық

Кафедра: Құқықтық пәндер

Шифр, мамандық: 5В030100 - Құқықтану

Пән: Мемлекеттік қызмет

 

Нұсқа

1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуді уәкілетті комиссия ... айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады:

А)Қазақстан Республикасының Президенті
В)конкурстық комиссия
С)бірінші басшы
Д)уәкілетті орган

 

2. Жаза келесі кезеңде қолданыла АЛМАЙДЫ:

А)мемлекеттік қызметкердің жұмыс орнында болмауында
В)мемлекеттік қызметкердің емделуінде
С)мемлекеттік қызметкердің уақыта еңбекке қабылетсіздігінде
Д)мемлекеттік қызметкердің демалыста болуында

 

3. Тестілеу нәтижелеріне шағым беру тәртібі анықталады:

А)өкілетті органмен
В)ҚР Президентімен
С)Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерімен құрылған комиссиямен
Д)жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органмен

 

4. «Б» корпусының мемлекеттік лауазымына алғаш рет түсуші немесе мемлекеттік қызметті тоқтаған соң қайта түсуші азаматтар үшін кезеңдердің бірі ретінде болып табылады:

А)мемлекеттік органның бірінші басшысымен сұқбаттасу
В)өкілетті органмен анықталған тәртіп бойынша тестілеу
С)шетел тілін білуге арналған тестілеу
Д)тұлғалық құзыреттерді бағалау

 

5. Тұлға «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымға ішкі конкурс қорытындысы бойынша орналасуға құқылы, егер ол өзге жеке немесе заңды тұлғалармен еңбек шартын жасамаса, және сонымен қатар Қазақстан Республикасынан тыс елдерге жол сапар жасамаса:

А)әкімшілік мемлекеттік қызметтен босатылуынан 30 күнтізбелік күннен соң
В)әкімшілік мемлекеттік қызметтен босатылуынан 60 күнтізбелік күннен соң
С)әкімшілік мемлекеттік қызметтен босатылуынан 90 күнтізбелік күннен соң
Д)әкімшілік мемлекеттік қызметтен босатылуынан 1 жылдан соң

 

6. Әкімшілік мемлекеттік қызметтен босатылған соң тұлға отыз күн ішінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ішкі конкурс қорытындысы бойынша орналасуға келесі жағдайларда құқылы:

А)егер ол 12 жылдан кем емес жалпы еңбек өтілін иеленсе, сонымен қоса мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 7 кем болмаса
В)егер ол 10 жылдан кем емес жалпы еңбек өтілін иеленсе, сонымен қоса мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмаса
С)егер ол өзге жеке немесе заңды тұлғалармен еңбек шартын жасамаса, және сонымен қатар Қазақстан Республикасынан тыс елдерге жол сапар жасамаса
Д)егер ол 5 жылдан кем емес жалпы еңбек өтілін иеленсе, сонымен қоса мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 2 кем болмаса

 

7. Мемлекеттік саяси қызметшімен алынған саяси лауазым құзыреттері келесі жағдайларда тоқтатылады:

А)әкімшілік құқықбұзушылық жасаған кезде
В)жоғары оқу орнына түскен кезде
С)меншік құқығы негізінде оған жататын мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеу
Д)жедел әскери қызмет өтеуге шақырту алған кезде

 

8. Жаза келесі кезеңде қолданыла АЛМАЙДЫ:

А)мемлекеттік қызметкердің жұмыс орнында болмауында
В)мемлекеттік қызметкердің емделуінде
С)мемлекеттік қызметкердің демалыста болуында
Д)мемлекеттік қызметкердің даярлықта, қайта даялықта, біліктілікті арттыру курстарында және тағылымдамада болуында

 

9. Мемлекеттік қызметшілерге жылсайынғы ақылы еңбек демалысы келесі ұзақтықпен беріледі:

А)31 күнтізбелік күн
В)23 күнтізбелік күн
С)24 күнтізбелік күн
Д)30 күнтізбелік күн

 

10. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос немесе уақытша бос лауазымға орналасу конкурсының бірінші кезеңі:

А)мемлекеттік органның конкурстық комиссияны немесе бірыңғай конкурсттық комиссияны құру
В)конкурсқа қатысушылардың құжаттарын бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарастыру
С)конкурсты өткізу туралы хабарламаны жариялау
Д)конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау

 

11. Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін ... бекітеді:

А)Қазақстан Республикасының Үкіметі
В)Қазақстан Республикасының Президенті
С)персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)
Д)Қазақстан Республикасының Парламенті

 

12. Ұжымды басқару қызметімен (мамандар қызметімен) мемлекеттік қызметкерлерге жүргізіледі:

А)жеке іс-қағазы
В)мемлекеттік қызметкердің жеке карточкасы
С)құжаттама
Д)қызметтік тізім

 

13. Мемлекеттік қызметкерлердің ант қабылдау тәртібі анықталады:

А)Қазақстан Республикасы Үкіметімен
В)конкурстық комиссиямен
С)өкілетті органдармен
Д)Қазақстан Республикасы Президентімен

 

14. Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау -:

А)мемлекеттік қызметкермен жүргізілетін өзін-өзі оқыту
В)қосымша кәсіби білімдер алу үшін оқыту курстары
С)олардың біліктіліктерін жетілдіру үшін оқыту семинарлары
Д)жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша академиялық және ғылыми дәреже алу үшін оқыту үдерісі

 

15. Кімдер мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымдарына кадр резервіне іріктеу және конкурс өткізілместен, уәкілетті комиссияның шешімі бойынша орналаса алмайды:

А)судьялар
В)мәслихат депутаттары
С)Парламент депутаттары
Д)арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері

 

16. Кімдерге біліктілік талаптары белгіленбейді:

А)мемлекеттік саяси лауазымдарға
В)«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына
С)«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына
Д)мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға

 

17. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің аттестациясын жүргізу үшін комиссия құрылады, оның құрамына кіруі тиіс:

А)сегіз адам
В)бес адамнан кем емес
С)жеті адам
Д)үш адамнан кем емес

 

18. Мемлекеттiк қызметшi ... құқылы емес:

А)ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға
В)азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға
С)басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындауға
Д)өздерін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін жұмыспен өтеуге

 

19. Мемлекеттік лауазымдарды уақытша атқарған және қызметінде уақытша жоқ мемлекеттік қызметкердің міндеттерін орындағын мемлекеттік қызметкерге:

А)жалақы көтеріледі
В)қосымша демалыс бекітіледі
С)сыйақы беріледі
Д)қосымша ақы белгіленеді

 

20. Мемлекеттік қызметкерлерге келесі көтермелеулердің бірі қолданыла алмайды:

А)қызметкерді және оның отбасы мүшелерін ақшалай марапаттау
В)грамотамен марапаттау
С)ведомстволық сыйлармен марапаттау
Д)құрметті атақтың берілуі

 

21. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда ... қолданылады:

А)халықаралық шарттың қағидалары
В)Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңындағы халықаралық қатынастар ережелері
С)Қазақстан Республикасының «Халықаралық қатынастар» Заңы
Д)мемлекеттік органның ішкі тәртіптемесі қағидалары

 

22. Орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшыларының өкілеттіктеріне ... жатады:

А)материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру мәселелерін шешу
В)мемлекеттік орган басшысының орынбасарлары лауазымдарына тағайындау
С)мемлекеттік қызметке кандидаттардың тестін ұйымдастыру және тесттен өткізу
Д)мемлекеттiк сатып алу туралы мәселелерді шешу

23. Еңбек демалысын жекелей беру жағдайында жыл сайынғы ақылы еңбек демалсының бір бөлігі келесі түрде болуы тиіс:

А)бір күнтізбелік аптадан кем емес
В)бес күнтізбелік күннен кем емес
С)екі күнтізбелік аптадан кем емес
Д)екі күнтізбелік күннен кем емес

 

24. Тестілеу нәтижелеріне шағым беру тәртібі анықталады:

А)Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерімен құрылған комиссиямен
В)жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органмен
С)ҚР Президентімен
Д)өкілетті органмен

 

25. Мемлекеттік қызметші қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне келесі мөлшерде бірыңғай уақытта жәрдемақы төленеді:

А)орташа бірайлық жалақы
В)орташа бесайлық жалақы
С)орташа үшайлық жалақы
Д)орташа екіайлық жалақы

 

26. Мемлекеттік қызметкерлермен қызметтік этиканың бұзылуы тудырады:

А)қылмыстық жауапкершілік
В)әкімшілік жауапкершілікті
С)тәртіптік жауапкершілікті
Д)айыппұл санкциялары

 

27. Үш жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі барысында мемлекеттік органды тарату (жою) жағдайында мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қызметтен босағанда берілетін жәрдемақы төлемі келесі мөлшерде жүргізіледі:

А)орташа екіайлық жалақы
В)орташа үшайлық жалақы
С)орташа төртайлық жалақы
Д)орташа бірайлық жалақы

 

28. Облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының өкілеттіктері ... белгіленеді:

А)Қазақстан Республикасының Конституциясымен
В)Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен
С)«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімнің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен
Д)«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен

 

29. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөніндегі органдардың бiрыңғай жүйесін ... құрайды:

А)құқық қорғау органдары
уәкiлеттi орган, оның ведомствосы, аумақтық бөлімшелері, уәкілетті органға В)ведомстволық бағынысты ұйымдар
С)атқарушы және заң шығарушы органдары
Д)арнайы органдар

 

 

30. Мемлекеттiк қызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметке оны тоқтатқаннан кейiн қайтадан кіретін азаматтар ... жүргізетін арнайы тексерудің оң нәтижелерін алуы қажет:

А)Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
В)ұлттық қауіпсіздік органдары
С)персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)
Д)уәкілетті орган

 

«Құқықтық пәндер» кафедрасының шешімімен құрастырылды және бекітілді.

Хаттама №____ «__»________2016ж.

Каф.меңгерушісі ___________________________Серикова Л.С.

Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және бекітілді.

Хаттама №____ «__»________2016ж.

Факультет ОӘК төрағасы _________________Утешова С.М.