ВВГ, ДВГ және СВГ кезінде дезинфекциялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

292. Бір рет қолданылатын медициналық құрал-саймандар алдын ала дезинфекцияланбай және бөлшектелмей жойылады (өртеледі, қиратылады).
293. Көп рет қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдар пайдаланылғаннан кейін дезинфекцияланады, стерильдеу алдында тазартылады, кептіріледі, оралады және стерильденеді.
294. Құрал-сайманды дезинфекциялау оны пайдаланған жерде дезинфекциялық ерітіндіге батыру немесе ультрадыбыстық және басқа да жуу машиналарына салу жолымен жүргізіледі.
295. Медициналық бұйымдарды дезинфекциялау үшін екі сыйымдылық пайдаланылады. Бірінші сыйымдылықта құрал-сайман қанның, шырыштың, дәрілік препараттардың қалдықтарынан жуылады, сосын экспозиция үшін екінші сыйымдылыққа батырылады. Бөлінетін бөлшектер бөлінген күйінде өңделеді.
296. Дезинфекциялық ерітінділер ластануына, түсінің өзгеруіне немесе тұнбаның пайда болуына, жарамдылық және сақтау мерзімінің өтуіне қарай ауыстырылады.
297. Биологиялық сұйықтыққа қатысты бекіту әсері бар дезинфекциялық ерітіндіні пайдаланған кезде құрал-сайман алдын ала бөлек суы бар сыйымдылықта жуылады, кейіннен ол зарарсыздандырылады.
298. Жуатын ерітінді егер ерітіндінің түсі өзгермесе, дайындалған сәтінен бастап тәулік бойы пайдаланылады. Стерильдеу алдында өңдеудің сапасы қан мен синтетикалық жуу заттарының сілтілі компоненттерінің қалдық мөлшеріне, сондай-ақ аспаптағы майлы дәрілік заттардың қалдықтарына оң сынаманың жоқ болуымен бағаланады.
299. Құрал-сайманды стерильдеу алдында тазалау және стерильдеу медициналық ұйымның әр бөлімшесіндегі арнайы бөлінген жерде немесе орталық стерильдеу бөлімшесінде жүргізіледі. Дезинфекциялық құралдың құрамында жуу компоненті болған жағдайда стерильдеу алдында өңдеу жүргізілмейді.

Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмониялар) кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

300. Халықтың ЖРВИ (ТТА, АЖРИ), тұмау және олардың асқынуларымен (пневмониялар) сырқаттанушылығын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жыл бойы мониторинг түрінде жүзеге асырылады және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуді қамтиды.
301. ЖРВИ, тұмау және олардың асқынуларын (пневмониялар) эпидемиологиялық қадағалаудың әдеттегі жүйесі кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар 1 қазаннан бастап 1 желтоқсан аралығындағы эпидемия алдындағы кезеңдерге және 1 желтоқсаннан бастап 30 сәуір аралығындағы эпидемиялық маусымға бөлінеді.
302. Тұмау, ЖРВИ, ТТА және АЖРИ-ды шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жыл бойы жүргізіледі, оның мақсаты амбулаториялық және стационарлық науқастардың тұмаумен сырқаттанушылығына мониторинг жүргізу, халық арасында айналымдағы вирустардың типтерін ерте түсіндіру және тұмау вирусының жаңа, өзгерген түрлерін анықтау болып табылады.
303. Эпидемия алдындағы кезеңде мынадай іс-шараларды жүргізу қамтамасыз етіледі:
1) денсаулық сақтау басқармалары, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары және өзге де мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының ЖРВИ-ге және тұмауға қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық жедел кешенді іс-шаралар жоспарларын әзірлеуі;
2) төсек қорының қажетті көлемін, негізгі тұмауға қарсы препараттар мен құралдардың (вирусқа қарсы препараттар, оксолин майы, қызуды төмендететін құралдар, иммундық модульдеуші дәрі-дәрмектер, витаминдер мен минералдар), қарқынды терапия көрсетуге арналған жабдықтың және құралдардың, дезинфекциялау препараттарының, жеке қорғаныш құралдарының резервін құруды көздей отырып, медициналық ұйымдардың эпидемиялық маусымда сырқаттанушылықтың көтерілуі кезінде ЖРВИ және тұмаумен ауыратын адамдарды қабылдауға дайындығы;
3) меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарындағы вирусқа қарсы препараттар мен құралдардың резерві мынадай есеппен құралады:
МСАК ұйымдарында кемінде 10 науқасқа;
стационарларда – кемінде 35 науқасқа;
4) медициналық ұйымдардың, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілерінің, халыққа қызмет көрсету саласының, туристік фирмалардың персоналына, көші-қон полициясының, шекара және кеден қызметтерінің қызметкерлеріне тұмаудың клиникасы, диагностикасы, оны емдеу және алдын алу мәселелері бойынша семинарлар және нұсқамалар өткізу;
5) медицина қызметкерлерін, медицина ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған балаларды, әлсіз және алты айдан асқан көп ауыратын балаларды, балалар үйлері, сәбилер үйлері балаларын, қарттар үйі контингентін және мүгедектерді, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде және эпидемиологиялық көрсетімдеры бойынша жүкті әйелдерді жыл сайын тұмауға қарсы вакцинациялауды жүргізу.
304. Эпидемиялық кезеңде мынадай іс-шараларды жүргізу қамтамасыз етіледі:
1) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынуларын (пневмонияларды), сондай-ақ биоматериалды тұмауға және басқа да ЖРВИ вирустарына зерделей отырып, оларға байланысты өлім-жітім жағдайларын есепке алу;
2) аумақтар, жас ерекшелік, тәуекел топтары бойынша ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылыққа және олардың асқынуларына (пневмонияларды), сондай-ақ олардан болған өлім-жітімге, тұмауға қарсы вакцинацияланғандар арасында, жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балалар арасында ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылыққа жүйелі түрде мониторинг (1 қазаннан бастап апта сайын, 1 желтоқсаннан бастап күн сайын);
3) халықты жас ерекшелігі, тәуекел топтарының санаттары бойынша тұмауға қарсы иммундауға мониторинг;
4) медициналық ұйымдар ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылық және олардың асқынулары (пневмониялар), сондай-ақ олардан болған өлім-жітім жағдайлары туралы ақпаратты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне береді;
5) тұмауға қарсы иммундау, ЖРВИ және тұмау, ТТА және АЖРИ бойынша күнделікті және апталық есептілік нысанын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосы бекітеді;
6) жергілікті атқарушы органдарға ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылық және олардың асқынулары (пневмониялар) мен олардан болған өлім-жітім, өңірдегі айналымдағы вирус типтерінің белсенділігі және тұмау мен басқа да ЖРВИ-дің алдын алу және оған қарсы күресудің қажетті шаралары туралы ақпарат жүйелі түрде беріліп отырады;
7) тұмау мен басқа да ЖРВИ-дің алдын алу және оған қарсы күрес шаралары туралы тұрғындар арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу;
8) медициналық ұйымдарда (МСАК пен стационарлар), балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
305. ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылықтың апталық бақылау деңгейі немесе сырқаттанушылық көрсеткіштері өткен аптамен салыстырғанда 1,5 немесе одан да көп есеге артқан кезде аумақтарда шектеу іс-шаралары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органымен белгіленген тәртіп бойынша енгізіледі.
306. ЖРВИ-мен, тұмаумен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша жүргізіледі.
307. Емдеуге жатқызу үшін клиникалық көрсетімдер:
1) 14 жасқа дейінгі балаларда, 65 жастан асқан адамдар мен жүктіліктің кез келген мерзіміндегі жүкті әйелдерде аурудың өтуі орташа ауыр және ауыр, асқынған түрлерімен өтетін ЖРВИ және тұмау;
2) орташа ауыр және ауыр өтетін ЖРВИ және тұмау белгілері, жүрек-қан тамыр, өкпе, бөліп шығару, эндокриндік жүйе тарапынан қоса жүретін созылмалы аурулары мен гематологиялық патологиясы бар науқастар.
308. Науқастарды емдеуге жатқызу үшін эпидемиологиялық көрсетімдер олардың сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, интернаттарда, мүгедектер үйлерінде, жатақханаларда, казармаларда тұруы болып табылады.
309. Зертханалық зерттеулер үшін биоматериалдарды алуды, сақтауды және жеткізуді Кодекстің 7-1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес белгілеген тәртіппен медициналық ұйымның оқытылған медицина қызметкері қамтамасыз етеді.
310. ЖРВИ-мен (ТТА, АЖРИ), тұмаумен және олардың асқынуларымен (пневмониялар) ауыратын науқастардан алынған материалды зерттеуді санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ұйымдары жүргізеді.
311. Эпидемиологиялық қадағалаудың әдеттегі жүйесі кезінде зертханалық зерттеу үшін биоматериал алуды ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемия алдындағы және эпидемиялық маусымдарында ай сайын клиникасы айқын ЖРВИ-мен, тұмаумен ауыратын кемінде 10 науқастан әр медициналық ұйымның жауапты медицина қызметкері жүргізеді; шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесінде осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
312. ТТА және АЖРИ шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесі кезінде шолғыншы орталықтардың тізбесін, олардың жұмыс кестесі мен ШЭҚ аясында жұмысты ұйымдастыруға жауапты адамның функционалдық мiндеттерiн шолғыншы өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің басшылары айқындайды және бекітеді.
313. Осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ШЭҚ кезінде ТТА жағдайларына үлгілерді алуды шолғыншы орталықтар айына кемінде бір рет; АЖРИ – стационарлардың қабылдау бөлімдерінде іріктеудің репрезентативті қағидатын қамтамасыз ете отырып жүргізеді.

«Инфекциялық аурулардың
алдын алу бойынша санитариялық-
эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына 1-қосымша

20___ жылғы _______ _________________бойынша
(айы) (медициналық ұйым)
халықты флюорографиялық тексеру жоспарының орындалуы туралы есеп

 

Медицина ұйымының атауы Медицина ұйымдарының қызметкерлері оның ішінде перзентханалардың (бөлімшелердің), балалар ауруханаларының (бөлімшелерінің), жаңадан туған және шала туған сәбилер патологиясы бөлімшелерінің қызметкерлері оның ішінде туберкулезге ТҚҰ қызметкерлері
барлықсаны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды

 

Әскери қызметке шақырылғандар Жоғарғы және орта арнайы оқу орындарының студенттері, училищелердің оқушылары 15- 17 жас аралығындағы жасөспірімдер Босанған әйелдер
барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды

 

 

Медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған адамдар оның ішінде созылмалы ерекше емес өкпе ауруларымен оның ішінде қант диабетімен оның ішінде нашақорлықпен
барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды
оның ішінде алкоголизммен оның ішінде АИТВ/ЖИТС-пен Иммунндық супрессивті терапия қабылдайтын адамдар Өкпесінде кез келген этиологиялы қалдық көрінісі бар адамдар
барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықтал-ды барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықтал-ды барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды

 

ТуберкулҰзбен ауыратын адаммен байланыста болған адамдар Мектепке дейінгі ұйымдардың, жалпы білім беретін және арнайы мектептер мен гимназиялардың жұмыскерлері Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдар Тағам өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану және азық-түлік сату объектілерінің жұмыскерлері
барлық саны жоспар орындау % туберку-лез ауруымен анықталды барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды
Қызмет көрсету саласының жұмыскерлері Барлық көлік түрлерінде жолаушылар таситын, оларға қызмет көрсететін адамдар Жоғарғы және орта оқу орындарының қызметкерлері Дәрілік құралдарды шығарумен, өлшеп-салумен және өткізумен айналысатын дәріханалардың қызметкерлері
барлық саны жоспар орындау % туберклез ауруымен анықтал-ды барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды

 

Қазақстан Республикасына уақытша тұруға, соның ішінде еңбек миграциясы бойынша келгендер Перзентханадан шығарғанға дейін туберкулезге қарсы вакцинацияланбаған жаңадан туылған сәбилер отбасының мүшелері Міндетті контингент, қорытынды
барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды

 

Басқа адамдар: оның ішінде екі жыл және екі жылдан астам флюорографиялық тексеру өтпегендер оның ішінде жүкті әйел отбасының мүшелері Барлық тексерілгендері
барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықтады барлық саны жоспар орындау % туберкулез ауруымен анықталды барлық саны жоспар орындау % туберклез ауруымен анықталды

«Инфекциялық аурулардың
алдын алу бойынша санитариялық-
эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына 2-қосымша