Технологиялық картасы

Күні:

Тобы:Ортаңғы

Білім беру саласы:Денсаулық.Таным.

Бөлімі:Дене шынықтыру.

Тақырыбы:Тепе-теңдікті ұстап секіру.

Мақсаты:

Білімділік:Тепе-теңдікті ұстауға жаттығу.

Дамытушылық:Түрлі тәсілдермен жүруге үйрету, балалардың зейінін дамыту.

Тәрбиелілік: Бірлікке баулу.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары:Бала санына қарай сылдырмақтар, дабыл, жіп немесе арқан, гимнастикалық орындық, шығыршық (диаметрі 1 м), орындықтар және гимнастикалық таяқшалар, қаптар. Билингвальдық компонент:секіру – прыгать

 

Іс-әрекет кезеңдері Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық 1.Сапқа тұру. Сабақтың міндеттерін түсіндіру. 2. Бір қатар тізбекпен жүру және жүгіру. Жүруді жүгірумен, жүгіруді жүрумен алмастырады.
Ұйымдастыру- шылық ізденістік 1.Сылдырмақтармен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары: Б.қ.: аяқтарды иық деңгейінде, қолдарына сылдырмақ.Сылдырмақтарды қолдарына алып, екі жаққа созып, жоғары көтеру, сылдырлату, төмен түсіру, қайтадан алғашқы қалыпқа оралу. Б.қ.: аяқтарды иық деңгейінде, қолдарына сылдырмақ. Еңкейіп, сылдырмақтарын аяқтың саусақтарына тигізу, тік тұру. Б.қ.: аяқтарды иықтың деңгейінде, сылдырмақтарды иыққа қойып тұру. Жартылай отырып, сылдырмақтар еденге қою; қолдарын белге қойып, жартылай отыру, сылдырмақтарын алу, тік тұру, алғашқы қалыпқа оралу. Б.қ.: отыру, сылдырмақтарды иыққа қойып ұстау. Оңға (солға) бұрылу, сылдырмақты аяқтың ұшына жақындатып қою, оңға бұрылу (солға), сылдырмақты көтеріп алу, алғашқы қалыпқа оралу. Б.қ.: аяқтарымыз сәл ашылған, сылдырмақтар қолда, кеуде тұсында. Жүру мен қос аяқпен секіруді ауыстырып орындау . 2.Жүрудің түрлері: -еденге созылып жатқан жіптің үстімен аюдың жүрісін салып жүру; -гимнастикалық орындықтар үстімен шалқадан жатып, алға жылжу; -үлкен шығыршықтың бойымен қысқа адымдар жасап жүру (диаметрі 1 м); -орындықтарға қойылған таяқшалардан аттап жүру. 3.Еденге қолдарын артқа тіреп,1-аяқтарын түзу ұстап, кезек-кезек жоғары көтеру, түсіру; 2-360 градусқа оңға, солға бұрылу. 4.Бір аяқпен тұру, көздерін жұму. 5. «Қарлығаш» жаттығуын орындау (құс сияқты қанатын жайып отыру). 6.Басына құм салынған қапшықты қойып, қолдың көмегінсіз тұру және отыру. «Қаппен жүгіру» ойыны.   Нұсқаушының көрсетуі бойынша орындалады.   5 рет қайталанады     3 реттен әр жаққа орындау. Оң жақ иығынан қарау. Қолдары екі жақта.   Қолдары еркін қалыпта.   Тізелерін бүкпеу.   Аяқты барынша тұзу ұстап, жоғары көтеру. Арқасын тұзу ұстау. Балалар қаптың ішіне кіріп, қолымен ұстап, бір сызықтан екінші сызыққа жүгіріп немесе жүріп барулары керек (шамамен 5-6 м).
Рефлексиялық- түзетушілік Жүру түрлері Балалар орындықтар арасымен жүреді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:бір орыннан ұзындыққа секіру;

Түсінеді:ойынның шарттарын;

Қолданады:допты қағып алу дағдыларын.

 

 

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу –іс әрекетінің

технологиялық картасы № 5 Тобы:Ортаңғы

Білім беру саласы:Денсаулық.Таным.

Бөлімі:Дене шынықтыру.

Тақырыбы:Жүруді жүгірумен, жүгіруді жүрумен алмастыру.

Мақсаты: 1 Жүруді жүгірумен, жүгіруді жүрумен алмастыруды үйрету.

2.Ептілік, күш, шапшандық сияқты қасиеттерді дамыту.

3.Қапшықты алысқа лақтыруға жаттықтыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: ұзын жіп, қапшықтар.

Билингвальдық компоненттер:

Іс-әрекет кезеңдері Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық 1.Жүру 2.Алаң бойынша баяу жүгіру (2, 5 мин). Екі сапқа тізіліп тұру. 150 м шамасында балалар жылан секілді жүгіреді. 3-4 рет терең дем алу және дем шығару. Жетекшінің соңынан тұру.
Ұйымдастыру- шылық ізденістік 1.Кегельмен орындалатын ЖДЖ:Б.қ.: негізгі тұрыс, кегельдер төменде. 1-кегельдерді екі жаққа созу; 2-кегельдерді жоғарыға көтеру; 3-кегельдерді екі жаққа созу; 4- алғашқы қалыпқа оралу ( 6-7 рет). Б.қ.: аяқты екі жаққа кеңінен ашып тұру, кегельдерді кеуде тұсында ұстап тұру. Б.қ.: тізерлеп тұру, кегельдерді иықтарына қойып тұру. Б.қ.: негізгі тұрыс, кегельдер төменде. Б.қ.: негізгі тұрыс: қолдары белдерінде, кегельдер еденде. Қос аяқпен секіру, кегелдің айналасында екі бағытта оң және сол аяқпен кезек-кезек секіру. -бір-бірден сап түзеп жүру. 2.Орта қарқынмен 40 сек. жүгіру (80 м), содаң соң баяу ырғақпен 40 м жүру. 3.Бір орында тұрып, бүйірімен жіптен секіріп өту. 4.Орта қарқынмен 40 сек. жүгіру (80 м), сонан соң жылдам ырғақпен 40 м жүру. 5.Педагог қалай лақтыру мен сермеу керектігін көрсетеді, балалармен бірнеше рет лақтыру мен сермеуді жобалап көрсетеді. 6.Қапшықты алысқа лақтыру. 2,5 мин. жүрумен ауыстырып, баяу жүгіру.     Жаттығуды 6-8 рет қайталау.   Жаттығу педагогпен бірге орындалады.   Әуелі жаттығу нұсқаушының белгі беруіне қарай орындалады, одан кейін балалар өз бетінше (15 рет) орындайды.   Балалар барлық жаттығуларды нұсқаушының көрсетуі бойынша қайталайды. Балалар 10-15 см биіктіктегі тартылған жіпке бір бүйірімен тұрады. Балалар қапшықты алып, оны белгі берген кезде барынша алысқа лақтыруға тырысады. Одан соң өз бетінше лақтырады (10-15 рет).
Рефлексиялық- түзетушілік   «Ұйқыдағы түлкі!»ойыны. Шарты: балалар арасынан «түлкі» сайланады. Ол алаңның бұрышына тұрады да, ұйқыға кеткендей кейіп танытады. Балалар алаңда жан-жаққа шашырап жүгіріп ойнайды. Жүргізуші: «Түлкі оянды» дегенде, барлық бала «түлкіден» сызықтың арғы жағындағы «үйге» қашады. «Түлкі» оларды қуалап ұстауға тырысады. Балалар аса қызығушылықпен ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:жүруді жүгірумен, жүгіруді жүруменалмастыруд Түсінеді:ойынның шарттарын;

Қолданады:қапшықты алысқа лақтыру дағдыларын.

 

 

Келісілді: _________

 

«Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің