Инновациялық жобаларды бағалау

Кез-келген бір инновациянымен жобаны іске асыру материалдық және қаржылық шығынды қажет етеді. Жаңа өнімге немесе қызметікеқызметке қолданушылардың табылуы және де жобаның қаншалықты коммерциализацилауға өтетіндігін білмегендіктен ол әрқашанда рискке байланысты болады. Сондықтан да инновациялық үрдісте бағалау уақыты маңызды болып табылады. Бағалаудың қиындығына қарамастан, ол керекті және инновациялық үрдістің рискін түсіретін фактор болып табылады.

Инновациялық жобалардың эффектілігін бағалау кезінде жобаның белгіленуіне байланысты эффектіліктің бірнеше түрлерін анализдеу керек.

Инновациялық жобаларды салыстыру және олардың ішінен ең тиімдісін таңдауды келесі көрсеткіштерді қолдану арқылы орындалады:

— таза дискоттық кіріс (ТДК) немесе интегралдық эффект;

— кірістің индексі;

— кірістің ішкі нормасы;

— есе қайтару мерзімі;

— баллдық көрсеткіштерді алу әдісі;

— әр-түрлі көрсеткіштердің ұқсастығы.

Таза дисконттық кіріс қазіргі эффектілердің бүкіл төлемдік мерзімі бойынша мөлшері болып табылады:

Э = ТДК = ∑ ( Р — З ) 1/(1+Е) ;

мұндағы, Э — интегралдық эффект;

Т — төлем горизонты;

Р — сол уақыттағы жүзеге асырылатын көрсеткіштер, тг;

З — сол уақытта да жұмсалатын шығындар, тг;

1/(1+Е) – көрсеткіштер мен шығындар уақыты бойынша

коэффициент көрсеткіші;

Е — дисконт нормасы.

Егер де инновациялық жобаның ТД-сі оң болса, онда жоба эффектілі (пайдалы) болып табылады және де іске асырылуы тиімді болып саналады. ТДК неғұрлым көп болса, жобаның соғұрлым эффектісі молырақ болады. Егер де тнвестициялық жоба ТДК-сі теріс болса, онда инвестор шығынға ұшырайды да, жоба эффектілі болмайды.

Кіріс индексі (КИ) берілген эффектілердің қосындысының капитал салымына ара-қатынасын көрсетеді:

КИ = 1/К ∑ ( Р — З ) 1/(Т+Е) ;

мұндағы, З — капитал салымы кірмейтін жағдайдағы берілген

уақыттағы шығыны;

Кіріс индексі ТДК-мен тығыз байланысты. Ол сол элементтерден құралады және оның мағынасы ТДК-нің мағынасымен байланысты. Егер де ТДК оң болса, онда КИ > 1, және керісінше. Егер де К > 1, онда жоба эффектілі, ал егер КИ < 1 – онда эффектілі емес.

Ішкі кіріс нормасы (ІКН) Е дисконтының нормасын білдіріп, сол арқылы берілген эффектілер көлемі берілген капитал салымына тең болады.німдерді

Егер де инвестициялық жобаның ТДК төлемі «берілген дисконттық норма (Е) көмегімен эффектілі бола ма, әлде жоқ па?» деген сұраққа жауап берсе, онда ІКН төлем үрдісінде анықталып, артынан инвестордың талабы бойынша қойылған каиталды кіріс нормасымен салыстырады.

Егер ТДК инвестор талап ететін капиталдың кіріс нормасына тең немесе артық болса, онда берілген жобаға жасалған инвестиция ақталады және жобаны қабылдауды қарастыруға болады.

Егер ТДК және ІКН жоба нұсқаларын салыстыруда қарама-қарсы көрсеткішткерге әкелсе, онда ТДК анализі көрсеткіштеріне көңіл бөлу керек.

Есе қайтару мерзімі – бұл бастапқы жобаны жүзеге асыру барысындағы минималдық уақыт арасы. Бұл жобаға байланысты бастапқы салым мен басқа да шығындардың қосындылық көрсеткінтеріне дұрысталатын уақыт мерзімі. Ол жылмен, үшайлықпен және аймен өлшенеді.

Жобаны жүзеге асыру барысындағы көрсеткіштер мен шығындарды дисконтпен (егер есе қайтару мерзімі 1 жылдан астам болса) және дисконтсыз (1 жылдан кем) анықтауға болады.

Инновациялық кәсіпкерлік − новаторлық функциямен байланысты кәсіпкерлік іскерліктің моделі. Кәсіпкердің ролі жаңалықтарды, бұрын−соңды болмаған өнімдерді экономикалық дәстүрлі факторларын (еңбек, жер және капитал) қолдана отырып табу болып табылады. Осылайша, новаторлық қызмет ең мағызды болып есептеліп қалыптасады. Кәсіпкер уақыт талапарына жауап беріп, келесі функцияларды қолдана отырып уақыт сұранысына жауап береді:

— ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату;

— модельдердің ауысуы;

— қолданушының болашақ сұраныстарын бүгін-ақ қамтамасыз етуге

дайын болу;

— жаңалықтарды (өнімдер, қызметтер, технологиялар, өндірістің жаңа

ұйымы және еңбек) енгізу және тарату үшін қолданушылармен тығыз

байланыста болу.

Осы себептер өмірге нарыққа жаңа талаптарға сай құрыла білетін көптеген кішігірім өндірістерді тудырады. Үлкен фирмалар өзінің инерционалдығын және «бұрылмаулылығынан» тез қалыптаса алмайды, бірақ үлкен мөлшерде кіші өндірістер ұсынатын жаңалықтарды қоса алады. Кәсіпкерліктің бұл ролін Й.Шумпетер былай айтты: «Кәсіпкердің мақсаты – ашуларды енгізу арқылы өндіріс тәсілдерін жаңадан құру және оны дамыту, ал нақтылай мағынада жаңа тауарлар немесе көне тауарларды өндіруде жаңа технологияларды қолдану арқылы шикізаттың жаңа қайнар көзін немесе дайын өнімнің жаңа нарығы ашу».