Бақылау сұрақтары. 1.Шаманың бірліктері жане олардың арақатынасын ата.

1.Шаманың бірліктері жане олардың арақатынасын ата.

2.Атаулы сандарды түрлендіру дегеніміз не?

3.Атаулы сандарға амалдар қолдануды көрсет.

 

Әдебиеттер:

1.Оспанов Т.К., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. - Алматы: «Атамұра», 2005.

2.Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.К.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, «Фолиант», 2007.

3.Кдырбаева А.А. и др. Внеклассная работа по математике в начальной школе. - Алматы, 2000.

4.Астамбаева Ж.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы. (Практикалык, лабораториялық сабақтар, СОӨЖ). - Алматы, 2008.

 

 

Лекция21

Тақырыбы : «Есеп және оны шешу үдерісі» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.

Жоспар

1.«Есеп және оны шешу үдерісі» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.

2.Желінің негізгі нысандары: «есеп» ұғымы.

 

1.Есеп – математиканы оқыту курсында үлкен орын алады және математиканы оқытудың барлық жұмыстарымен байланыста жүруі тиіс, кейбір жағдайларда оқып білуге тиісті теориялық материалдың мәнін, практикалық мағынасы мен маңыздылығын түсіну есеп шығару арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайларда есеп шығару математикалық ұғым қалыптастыруға мүмкіндік береді. Есеп шығару – оқушылардың білімін толықтыру, нақтылау мен дағды қалыптастыру және оны одан әрі жетілдіру үшін пайдаланылады. Қазіргі кезде есеп – оқыту мақсаты үшін емес, оның математиканы оқыту құралы болып табылатындығы туралы көптеп айтылып жүр. «Есеп» ұғымын анықтауда бірнеше көзқарастар болған.А.Н.Леонтьева есепті, субъектіден қандай да бір іс-әрекетті талап ететін ситуацияны – айтады.

Мағынасы жағынан бұл анықтаманың көлемі бар. Себебі ол тек қана оқу процесінде ғана емес немесе ғылыми жұмыстарда кездесетін белгісізді, оның белгілі берілгендермен байланысып пайдалану негізінде табуға тиісті ситуацияларды ғана қамтиды. Осы берілген анықтамаларда негізгі қолданылатын, ол іс-әрекет ұғымы. Әрбір іс-әрекетті оның мақсаты, заты, себебі және әдісі болады.

«Есеп деген не?» - деген сұраққа В.М.Брадис былай дейді: «Есеп деген өтілген курстан қандай да бір анықтаманы, текстіні немесе теоремалардың дәлелдеуін, аксиомалар немесе ережелердің тұжырымдалуын жай ғана қайталап келтіру, оған жауап беруге жеткіліксіз болатын кез-келген математикалық сұрақты айтамыз».

Есеп туралы айтылған анықтамаларды талдай отырып математиканы оқытуға арналған есептерге Б.Баймұхановтың еңбегінде мынандай анықтама берілген: «математикалық есеп» дегеніміз – математикадағы заңдылықтар, ережелер және әдіс-тәсілдер негізінде оқушылардан ой мен практикалық іс-әрекетті талап ететін және математикалық білімді меңгеруге, оларды практикада қолдана білуге дағдыландыруға, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған ситуация».

Есептердің шартында теориялық немесе практикалық маңызы бар сұрақ туатын қандай бір ситуация баяндалады. Есептердің мақсаты алған білімдерін практиканың әр түрлі жағдайларында қолдаунға үйрету және бұл білікті әрі қарай дамыту болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін математика сабақтарында текстілі есептерді неғұрлым жиі қарастыру, оқушыларға есептерді шығарудың әдіс-тәсілдерін үйрету, олардың өздігімен есеп шығару дағдыларын және біліктерін қалыптасрыуға септігін тигізеді.

Есеп шығару әр түрлі оқу мақсаттарында қолданылады: оқушылардың оқу іс-әрекеттерін ынталаныдыруды қалыптастыру үшін; оқу материалдарын сипаттау және нақтыландыру үшін; оқушылардың арнайы дағдылары мен біліктерін дамыту үшін; оқу жұмыстарының нәтижелерін бақылау және бағалау үшін т.с.с. Айталық, қозғалысқа берілген есептер математикалық және физикалық түсініктерді қалыптастыруда үлкен орын алады, олардың көмегі арқылы бастауыш мектеп оқушылары шамалар және оларды өлшеу түсініктері қалыптасып, шамалар арасындағы, байланыстар, сандық амалдар және амалдардың қасиеттері туралы мағлұматтар алады.

Есеп шығару барысында математикалық ұғымдардың көбінің мағынасы ашылып, нақтыланады. Айталық, бастауыш сыныптарда жай тексті есептер арифметикалық амалдардың мәнін ашу үшін пайдаланылады. Өйткені, бұл сыныптарда ол амалдардың анықтамасы берілмейді.

Есепті шығарудың міндеттері төмендегіше:

1. Білімділік: оқушыларда толыққанды математикалық ұғымдарды қалыптастыру, бағдарлама анықтап берген жаңа теориялық білімдерді меңгерту;

а) әр арифметикалық амалдың мән-мағынасын ашу;

ә) амал атаулары мен нәтижелері арасындағы байланысты көрсету: амалдың белгісіз компонентін табу;

б) арифметикалық амалдар қасиеттері және ережелерін ашу (терімділік, үлестірімділік, қосындыны санға бөлу ережелері және т.б.);

в) қатынастың мәнін ашу, яғни «кем (артық)», «есе кем (артық)», нешеуі кем (артық)?», «неше есе кем (артық)?» ұғымдарын қалыптастыру;

г) Ж,У,Қ (жылдамдық, уақыт, қашықтық); Б.С.Қ.(бағасы, саны, құны); бір заттың массасы, заттардың саны, жалпы массасы шамалары арасындағы байланысты көрсету;

д) есепті шешу барысында оқушылардың ақыл-ойы дамиды, өйткені логикалық ойлау, талдау (анализ) және жинақтау (синтез) нақтылау және абстрактілеу, салыстыру және жалпылау сияқты ойлау операцияларын орындау, сондай-ақ оқушылардың тілін дамыту талап етіледі.

ж) есеп құрастыру ойлау қабілетін дамыту мен бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық потенциалын белсендіруде маңызды болып табылады.

2. Тәрбиелік және дамытушылық:

а) алынған теориялық білімді тәжірибеде қолдану, өйткені есептер тиімді практикалық жаттығулардың бір түрі болып табылады;

ә) теорияның практикамен, оқытудың өмірмен байланысын көрсету: алынған заттың құнын есептеу, пәтерді жөндеуге жұмсалатын сырдың мөлшерін есептеу, сабаққа кешікпеу үшін уақытты анықтау т.б.;

б) ғылымилықты қалыптастыру: есепті шешу барысында көптеген математикалық ұғымдардың тамыры нақты өмірден, адамдар тәжірибесінен алынатынына оқушылардың көздері жетеді;

в) есептің танымдық рөлі олардың шешу барысында оқушылар адам өмірінің, жануарлар тіршілігінің, ғылым мен техниканың маңызды мәліметтерімен танысуында, яғни оқушы көзқарасының кеңеюінде;

г) есептің тәрбиелік мәні мұғалім есепті шешу барысында табиғатқа, бір-біріне қамқорлықпен қарау, үлкендердің еңбегін құрметтеу туралы әңгіме жүргізсе, есеп шартында этнографиялық материал қолданылса, оқушылар өз халқының өмірі, салты мен дәстүрі туралы мәлімет алады, өз Отатын сүюге үйренеді.

Математиканы оқыту жүйесінде жай есептер аса маңызды роль атқарды. Жай есептерді шығару арқылы математиканың бастауыш курсының негізгі ұғымдарының бірі – арифметикалық амалдар туралы ұғымдар қалыптасады. Жай есептерді шығыра білу оқушылардың құрама есептерді шығара білуді игеруге дайындық басқышы болып табылды, өйткені құрама есепте шығару бірқатар жай есептерді шығаруға келіп тіреледі. Жай есепптерді шығарғанда есеппен және оның құрамды бөліктерімен алғаш танысады. Жай есептерді шығарумен байланысты балалар есепке жүргізілетін негізгі әдістерді игеретін болады. Сондықтан мұғалімнің жай есептердің әр түрімен жұмысты қарай жүргүзу керектігін өрнетерді білунің маңызы өте зор.

Құрама есеп бір есептердің ізделінді шамалары екінші есептердің берілген шамалары болатындай байланыстағы бірқатар жай есептерден тұрады. Құрама есепті шығару оны бірнеше жай есептерге жіктеу және ретімен оларды шығару болып табылады. Сонымен, құрама есепті шығару үшін берілген шамалар мен ізделінді шамалар арасындағы бір қатар байланыстарды тағайындау керек, соған сәйкес арифметикалық амалдарды таңдап алуға содан кейін шығаруға болады.

Құрама есептерді енгізу – қалыптасқан есеп шығару іскерлігін жетілдіре және дамыта түседі. Мұнда кез-келген есептерді шығарғанда шешуші маңызға ие болатын және басшылыққа алынуға тиісті белгілі бір әдіс-тәсілдерді, сондай-ақ іс-әрекеттер түрлерін әр бір оқушының игеріп алуына баса көңіл бөлінеді.