Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Халықаралық сауда құқығы – халықаралық сауда қатынастарын реттейтін нормалар жүйесі. Халықаралық сауда құқығы халықаралық келісім-шарттардың түрлері мен несиелік-есептік қатынастарды оқытады. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, көптеген езгіде болған мемлекеттердің занды түлғалары мен жеке тұлғалары халықаралық саудаға қатыса бастады. Осы салада ТМД көлемінде, халықаралық сауда қатынастары даму үшін көптеген конвенциялар мен халықаралық шарттар қабылданды. Сондықтан, осы қатынастарды реттейтін халықаралық сауда құқ ығының маңызы өте зор. Сонымен, халықаралық сауда құқығының мақсаты ретінде студеттермен халықаралық сауда құқығының негізгі институттары мен ұғымдарының мағынасын түсіну табылады.

Оқытудың мақсаты:

халықаралық сауда құқығы бойынша халықаралық сауда құқығынын жүзеге асыру барысында пайда болатын коғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары, сондай-ақ халықаралық сауда құқығынын ғылымына тән ғылыми көзқарастар мен концепциялар, құқықтық категориялар болып табылады.

Оқытудың міндеті:

-студенттерге халықаралық сауда құқығының конвенциялары мен келісімдерін түсіндіріп, қолдануға үйрету;

- студенттерді халықаралық сауда шарттардың түрлерімен және отыру тәртібімен таныстыру;

- халықаралық сауда дауларын шешетін органдармен таныстыру және осы дауларды шешуге байланысты құқықтық баға беруге үйрету табылады.

Студенттердің меңгеретін білімі мен іскерлігі:

- Халықаралық сауда құқығы пәні бойынша негізгі ұғымдарын білуге, әрі жадында түйуге;

- Юрисдикция мәселелерімен танысуға, халықаралық шарттар мен Конвенциялардың негізгі принциптері мен ережелерін білуге;

-Курс бойыншаалған білімдерін тәжірбиеде қолдана білуге тиіс.

Осы пәнді оқыту үрдісінде келесі құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған:

Халықаралық сауда құқығының теориялық негіздері мен тұжырымдамаларын, оның ұйымдастырушылық құрылымын және функционалды саласын білуі қажет.

· Негізгі теориялары мен қағидаларын игеру;

· Халықаралық сауда құқығының мақсаттары, элементтері, қағидалары және тұжырымдамаларын толықмеңгеруі;

· Халықаралық сауда құқығының теорияларын, тұжырымдамаларын, стратегияларын, зерттеулерін және элементтерін тәжірибеде толығымен қолдана білу;

· Қазіргінарық жағдайында құқықтың құқықтық жағдайын, заңдарын, даму қағидаларын түсінуіқажет;

· Халықаралық сауда құқығының пәнінің міндеттерін, мақсаттарын, стратегияларын және тұжырымдамаларын дұрыс пайдаланып ие болуы.

 

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

 

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Арнайы дағды     100 балл 8,15
Ағымдық бақылау Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Аралық бақылау Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтенгісі R1 8 апта
Кіру рұқсатының рейтенгісінің   R2 15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі R= (R1 + R2)/2 15 апта
Емтихан Е 16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4  

 

Силлабуста әрбір бақылау түріне қойылатын баллдың критерии көрсетілуі тиіс. Осы мақсатта оқытушы пәннің (спецификасын) өзіне тән ерекшелігін, студенттің мүмкіндігіне сәйкес қойылатын талаптарды ескереді, сонымен бірге оқытушы жалпы белгіленген талаптарды да ескеруі тиіс.

«Ағымдық бақылау» параметрінде сабаққа қатысу, практикалық, лабораториялық және үй тапсырмаларының орындалуын бақылау ескеріледі. Студенттің дәріс сабағындағы белсенділігін де ескеру керек. Балл қойылады: қатысқаны үшін, сабақ барсыныда лектордың тарапынан қойылған проблемалық сұрақтарды талқылауға ат салысқаны үшін, лекторға сұрақ қойғаны үшін, сыни тұрғыдан ойлауына; практикалық (семинар) және ОСӨЖ сабақтарындағы студенттің барлық қатысу мүмкіндіктері бағаланады. Балл қойылады: мәселенің шешімін тапқаны үшін, үй және тест тапсырмаларын орындағаны үшін, оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бергені үшін, тақтада практикалық жұмыс жүргізгені үшін, бүкіл сабақтың барысында студенттің белсеңді ат салысқаны үшін, ОСӨЖ тапсырмаларын дайындауда және қорғауға өзіндік шығармашылқ ізденістерін танытқаны үшін және т.б. Әр оқытушы өз пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерін, тапсырмаларын пәннің өзіне тән ерекшелігін және бағдармадағы мазмұнын ескере отырып дербес анықтайды, әр аралық бақылаудағы білімді бағалаудың рейтингтік жинақталған жүйесін жасайды.

СӨЖ-ге қойылатын жоғары 100 балл тапсырманың түріне және мазмұнына (ауыр, жеңілдігіне) байланысты бөлінеді, оның негізіне белгіленген талаптар, тапсыру мерзімінің сақталуы тапсырмалар мөлшері, орындалу сапасы жатады.

Әр пәннің мақсаты мен міндеті ескеріле отырып, білім алушының дайындық дәрежесі және өздік жұмысқа бөлінген сағат санын есепке алып СӨЖ формасы (нышаны) мен түрі таңдап алынады. Әрбір СӨЖ талапқа сәйкес бірнеше тапсырмалардан тұрады. Силлабуста әрбір тапсырманың мазмұны мен маңыздылығы және соған сәйкес сол тапсырманы орындағандағы балы көрсетілуі тиіс.

Бағдарламада көрсетілген студенттің қосымша іс-әрекетіне «ғылыми баяндамалары, мақалалары, олимпиядаға конкурс, жарыстарға қатысуы халықаралық грант, жобаларға қатысуы және т.б) үстеме балл бонустар қарастырылып, семестрдегі жинаған балына қосылады. Жіберіп алған сабақтарын және маңызды бақылау қорсонында жүргізіледі. Негізсіз себептермен жіберілген сабақтар және оларды мерзімінен кеш өтеуге балл қойылмайды. Себепсіз сабақ жіберіп алған жағдайда, еңбек тәртібін бұзған кезде, сабаққа кешігіп келгенде, СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын аралық бақылау және үй жұмыстарын орындамау немесе өз уақытында тапсырмаған жағдайда балл кемітіледі.

Аралық бақылау нышанын (форма) оқытушының өзі анықтайды, оның коллоквиум, жобаны қорғау, тұсаукесер (презентация), эссе жазба бақылау жұмысы т.б. болуы мүмкін. Силлабуста әрбір аралық бақылаудың нышаны және бағалау критерилері көрсетілуі тиіс. Осы негізінде, оқытушы семестр бойына студенттің үлгерімін және сабаққа қатысуын қадағалайды.

Сабақ үлгерімінің және қатысудың жиынтық рейтингтік бағасын оқытушы әр аптаның соныңда университеттің жергілікті жүйесі арқылы қояды.

 

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

 

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

Кредиттік технологя жүйесінің өзіне тән ерекшелігі жинақтаушы жүйе қоланылады, яғни білім алушының оқудағы жетістік деңгейі, әр пәннің қорытынды бағасымен анықталады, ол рейтингтен (қорытынды бағаның 60%) және емтихан бағасынан (40%) құралады. Рейтинг студенттің әр пәннен академиялық кезеңде жинаған балынан құралады. Соған сәйкес білім алушының оқу жетістігі үшін (күнделікті сабақтағы жауап беруі, үй тапсырмасын тапсыруды, СӨЖ; аралық бақылау және т.б) 100 баллдық шкала бойынша бағаланады және соңғы рейтинг барлық бақылау кезеңінде алған бағанын орташа арифметикалық сумасымен шығарылады.

 

Баға қоюдын критерилері

 

Бақылау түрі Максимальдық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы практикалық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....) ОСӨЖ тапсырмаларын орындауы   Әр сабақта
СӨЖ 1* Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4   СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
Аралық бақылау 1: коллоквиум №1-№8 дәрістер бойынша Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 8апта
Аралық бақылау 2:коллоквиум №9-№15 дәрістер бойынша Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 15 апта

 

*СӨЖ мазмұны силлабустағы СӨЖ-ге арналған кестеде көрсетілген