Тақырып: Жасушаішілік органеллалардың қызметі.

Мақсаты:эукариот жасушасының қызметтерін оқу.

 

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Цитоплазманың компоненттері

2. Интерфазалық ядроның. қызметтері

3. Ядролық-саңылау кешені, олардың қызметі және құрылысы.

4.Жалпы органоидтар (митохондрия, лизосомалар, Гольджи комплексі, эндоплазмалық тор, пероксисомалар, рибосомалар, центриолдер), олардың қызметі.

5. Автофагия және автолиз

 

Ақпараттық блок

Цитоплазма. Сыртқы ортадан плазмалық мембрана арқылы бөлініп тұрады, жасушаның жартылайсұйық ортасын құрайды. Эукариот жасушасының цитолплазмасында ядро және басқа да әртүрлі органоидтар орналасады. Ядро цитоплазманың ортасында орналасады. Ядродан малекулалардың алмасуы немесе оған өтуі белсенді тасымалдау жолмен жүреді. Белсенсіз диффузия және белсенді тасымалдау ядролық-саңылау кешені арқылы жүзеге асады.

Цитоплазмада әртүрлі қосындылар, вакуоль, сонымен қатар жасуша қаңқасын түзетін ұсақ түтікшелер және жіпшелер бар. Цитоплазманың құрамындағы негізгі заттар ақуыздар. Цитоплазмада зат алмаудың негізгі процестері жүреді, ол ядроны және барлық органоидтарды бір-бірімен байланыстырады.

Эндоплазмалық тор. Цитоплазманың барлық ішкі аймағы көптеген ұсақ каналдармен және қуыстармен толтырылған, олардың қабырғалары плазмалық мембрана құрылысына ұқсас мембранадан тұрады. Бұл каналдар тармақталып, бір-бірімен бірігіп тор түзеді, ол эндоплазмалық тор деп аталады.

Эндоплазмалық тор құрылысы бойынша бірдей емес. Оның екі типі белгілі кедір-бұдырлы және тегіс. Кедір-бұдырлы тордың бетінде рибосомалар орналасады. Тегіс эндоплазмалық тордың мембраналарында рибосома болмайды. Эндоплазмалық тор әртүрлі қызмет атқарады. Кедір-бұдырлы эндоплазмалық тордың негізгі қызметі – ақуыз синтезіне қатысу, ол рибосомада жүзеге асады. Тегіс эндоплазмалық тордың мембранасында липид және көмірсулардың синтезі жүреді. Барлық бұл өнімдер канал және қуыстарда жинақталады, содан кейін жасушаның әртүрлі органоидтарына тасымалданады. Эндоплазмалық тор жасушаның негізгі органоидтарын бірі-бірімен байланыстырады.

Рибосомалар. Рибосомалар барлық ағзалардың жасушаларында кездеседі. Бұл микроскоптық денешік, домалық пішінді диаметрі 15-20 нм. Әрбір рибосома мөлшері әртүрлі екі бөліктен тұрады, кіші және үлкен.

Бір жасушада мыңдаған рибосома болады, олар кедір-бұдырлы эндоплазмалық тордың мембранасында немесе цитоплазмада бос күйінде кездеседі. Рибосоманың құрамына ақуыз дәне РНҚ кіреді. Рибосоманың қызметі – ақуыз синтезі. Ақуыз синтезі - күрделі процесс, тек бір ғана рибосомамен синтезделмейді, бірнеше ондаған рибосоманың тобымен жүзеге асады. Рибосоманың бұндай тобын полисома деп атайды. Эндоплазмалық тор және рибосомалар, және мембараналарда орналасқан ақуыз транспортировкасын және биосинтезінен тұратын тұтас аппарат бірлігі болып табылады.

Митохондрия Жарық микроскопы арқылы жақсы көрінеді. Митохондрияның ішкі құрылысы микроскоп арқылы зерттелген. Митохондрия екі мембранадан тұрады – сыртқы және ішкі. Сыртқы мембранасы тегіс, ешқандай қатпар және өсінді түзбейді. Ішкі мембранасы, керсінше, митохондрияның қуысына бағытталған көптеген қатпарлар түзеді. Мембрананың ішкі қатпарларын қыртыс (кристалар) деп атайды (лат. «криста» - қыртыс, өсінді) Әртүрлі жасушалардағы митохондриядағы қыртыстың саны әртүрлі. Олар 10-100 дейін болуы мүмкін, әсіресе қыртысытар жасушада белсенді қызмет атқаратын митохондрияда көп, мысалы бұлшық еттік. Бұл қыртыстар митохондрияның ауқымын ұлғайтады. Егер де ферменттер митохондрияның беткі жағымен байланысты болса, көптеген ферментативті реакциялар эффективті түрде өтеді.

АТФ митохондрияда синтезделеді. Бұл процесс цитозольдан енетін, көптеген ферменттердің қатысуын қажет етеді. Митохондрияның басқа органеллалардан ерекшелігі өзіне тән ДНҚ бар, ол ядролық ДНҚ ерекше және ерекше митохондриялы гендерді кодтайды.

Жаңа митохондриялар жасушадағы бұрыннан бар митохондриялардың бөлінуі нәтижесінде пайда болады.

Эукариот жасшаларында табылған көптеген пероксисомалар – жекеленген органеллалар, мембранамен қоршалған. Олар оттегін пайдаланудағы негізгі орын болып табылады, сонысымен олар митохондриямен ұқсас болып келеді. Пероксисомалардың көлденең кесіндісі домалақ пішінді

Пероксисомадағы жоғары концентрациядағы каталаза ферменттері сутегі пероксидің (Н 2 О 2 ) оттегі .және суға ыдырайды. Детоксикация реакциясы жоғарғы мөлшерде жүретін, бүйрек және бауыр жасушалары үшін бұндай тотығу реакия типі өте маңызды.

 

Студенттің өзіндік жұмысы:

1 Жұмыс. Альбомға кестен толтыру «Негізгі органоидтар. Құрылысы Қызметтері».

Для этого подобрать соответствующие строению органелл их функции заполнить 3 колонки таблици:

Негізгі органоидтар Құрылысы Қызметтері
     

Органоидтар

1. Цитоплазма ұсақ түйіршікті құрылысты ішкі жартылайсұйық орта. Ядро және органоидтар орналасқан.

2. ЭПТ Ірі қуысты канал түзетін цитоплазмадағы мембраналы жүйе.

3. Рибосомалар Ұсақ жасушалық органоидтар. Ақуыз малекулаларының синтезін жүзеге асады, олардың аминқышқылдарынан жинақталуын қамтамассыз етеді.

4. Митохондрия Сфералық, жіптәрізді, сопақша және т.б. пішінді. Митохондрияның ішінде қыртыстар бар (ұзындығы 0,8 - 7 мк).

5. Хлоропласттар Диск пішінді, екі мембранамен қоршалған.

6. Гольджи комплекс Ірі қуысты жүйеден тұрады, олардан түтікшелер таралған, олар тор түзеді және олардан үнемі ұсақ және ірі көпіршіктер бөлінеді.

7. Лизосомалар Орташа домалақ пішінді (диам. 1 мк)

8. Жасушалық орталық Екі денешіктен тұрады – центриольдер және центросфералар – тығыз цитоплазмалық аймақтан.

9. Жасушаның қозғалыс органоидтары:

1. Кірпікшелер, талшықтар – бірдей ультражіңішке құрылысты.

2. Миофибрилдер ақшыл және қара түстен кезектесіп келетін тұрады

3. Жалғанаяқтар.

 

Қызметтері:

Күннің жарық энергиясын пайдалана отырып, неорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездеп шығарады.

Тасымалдау қызметін атқарады.

Ядро және органоидтардың бір-бірімен қарым-қатынастарын қамтамассыз етеді.

Жасушадағы қоректік заттардың айналымына әсер етеді.

Жасушаны энергиямен қамтамассыз етеді. Энергия АТФ ыдырауы кезінде энергия босап шығады

Олардың негізінде бұлшық етттердің жиырылуы жүреді.

Сыртқы ортадан жасушаға енетін, (ақуыздар, майлар, полисахариттер) өнімдерді қабылдайды.

АТФ синтезі.

Майлар, көмірсулар, ақуыздар синтезімен байланысты реакцияларды жүзеге асырады.

Асқорту қызметін атқарады.

Жасушаның бөлінуі кезінде маңызды роль атқарады.

Бөліну ұршығының түзілуіне қатысады. Қоғалу қызметін атқарады.

2 Жұмыс. Тесттік тапсырмаларды орындау:

1.Микротүтікшелердің орталық ұйымы болып не табылады:

-кірпікшелер;

-центросома;

- центриолдер;

- микроталшықтар;

- Гольджи аппараты.

?

2.Бұлшық ет жиырылуының негізгі болып не табылады:

- коллаген;

- миозин;

- эластин;

- кератин;

- тубулин.

?

3.Цитозоль қаңқасын не құрайды:

- гиалоплазма;

- ЭПТ;

- Гольджи аппараты;

-аралық филаменттер;

- эктоплазма.

?

4.Ядроның ішкі құрамы аталады:

- макронуклеус;

- микронуклеус;

-нуклеоплазма;

- кариолемма;

-перинуклеарлық аймақ.

?

5.Эндоплазматический ретикулум тұрады:

- тегіс цистерна түріндегі күрделі мембрана торыынан;

- көпіршікті жүйемен байланысқан тегіс мебрана цистерна қатпарынан;

- екі мембранамен қоршалған цилиндрлар;

- тубулин ақуызынан тұратын жіңішке түтікшелер;

- мембранные мешочки, наполненные гидролитическими ферментами.

?

6.Екі суббірліктен, РНҚ және ақуыздан тұратын органелла:

- митохондрия;

- лизосомалар;

- Гольджи аппараты;

-рибосомалар;

-ядро.

?

7.Тегіс цистерна түріндегі күрделі мембрана торы қай органоидқа тән:

- лизосомалар;

-эндоплазмалық ретикулум;

- рибосомалар;

- ядро;

- жасуша орталығы.

?

8.Қосындылар қайда орналасады:

- митохондрияда;

- цитоплазмада;

- ЭПТ;

- пластидтерде;

- лизосомаларда

?

9.Бір мембранамен қоршалған органоидтар:

- ядро;

- пластидтер;

- митохондриялар;

-лизосомалар;

- рибосомалар.

?

10. Гольджи комплексінің қызметі:

- ДНҚ синтезіне қатысады;

- рибосоманың суббірлігін түзуге қатысады;

-ақуыз синтезіне қатысады;

- АТФ синтездейді;

- лизосоманы түзеді.

?

11.Ламинаның қызметі:

- ядроның тұрақты пішінің сақтап тұрады;

- рибосоманың жинақталуына қатысады;

- тұқымқуалау ақпаратын береді;

- хромосома түзілуіне қатысады;

- ақуызды синтезтездейді.

?

12.Жасушаның қандай компартментінде диссимиляцияның үшінші кезеңі өтеді:

- цитоплазмада;

- митохондрияда;

- пластидтерде;

- ЭПТ;

- рибосомада.

?

13.Лизосоманың түзілуіне қатысады:

- митохондрия;

- Гольджи аппараты;

- ядро;

- ЭПТ;

- жасуша орталығы.

?

14. Пероксисоманың қызметі:

- қзғалысқа қатысады;

- цитоқаңқаны түзеді;

-сутегі асқын тотығын ыдыратады;

- заттарды тасымалдайды;

- лизосоманы түзеді.

?

15.Екіншіретті лизосомалар түзіледі:

-Гольджи комплексінен бөлінеді;

-мебранамен қоршалған, бірінші ретті лизосоманың субстратпен қосылуы кезінде;

-Гольджи комплексіндегі процессинг нәтижесінде;

-жасушаның автолизі кезінде;

-Гольджи аппаратындағы жаңа цистерналардың түзілуі кезінде.