Кейбір элементтердің Полинг(1932) шкаласы бойынша

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы

Фармакагнозия және химия кафедрасы

Тақырыбы:Органикалық қосылыстардың молекуласындағы атомдардың өзара әсері.Индуктивті эффект, қосарлану эффектісі туралы түсінік.Электрондонорлы және электронакцепторлы орынбасарлар.

 

Орындағандар:

Тобы: 202 «Б» ФК

Қабылдаған:

 

ЖОСПАР

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

v1. Органикалық молекулалардағы атомдардың өзара әсері.

v2. Индуктивті эффект туралы түсінік.

v3. Мезомерлі эффект туралы түсінік қалыптастыру.

v4.Электрондонорлы және электронакцепторлы орынбасарлар.

· III. Қорытынды

vIV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

Кіріспе

А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы (1861ж.) бойынша:

• Органикалық қосылыстар молекуласындағы атомдар бір-бірімен белгілі бір тәртіппен, валенттілігіне тәуелді орналасқан. Атомдардың белгілі бір тәртіппен орналсуының бұзылуы, жаңа заттың түзілуіне алып келеді. Мысалы, С2НбО формуласына екі эртүрлі қосылыс сәйкес келеді: диэтилэфирі (СН3-О-СН3) және этил спирті (С2Н5ОН).

• Заттардың қасиетгері молекула құрылысына, яғни атомдардың қосылу ретіне және байланыс сипатына тэуедці.

Органикалъқ молекулалардың құрылысы - оның құрамындағы атомдардың химиялық байланыстардың көмегімен бегілі бір ретпен байланысып орналасуы.

Органикалық қосылыстарға коваленттік δ - және π-байланыстар тән.

Коваленттік байланыс - электрондар жұптасуы арқылы тузілетін байланыс.

δ-Байланыс- атом орбитальдарының тура ось бойында қабысу арқылы түзілген байланыс.

 

π -Байланыс- гидридтелмеген р- орбитальдардың жазықтықтың бетінде және астында бүйірлей қабысу арқылы түзілген байланыс.

Ковалентті байланысты сипаттайтын көрсеткіштер:

Байланыс энергиясы- өзара байланысқан екі атомның түзілуіне немесе үзілуіне қажет энергия. Атомдар арасында байланыс түзілгенде неғүрлым энергия көп бөлінсе, соғырлым байланыс мықты болады

Байланыс ұзьндығы - байланысқан атомдар орталықтарының арасындағы қашықтық.

Валенттік бұрышы - ортақ атомнан тұратын екі байланыстың арасындағы бұрыш. Органикалық қосылыстардагы Х-С-Ү ядро аралық байланыстардың бұрышы көміртек атомының гибридтелу түріне сәйкес, ягни sp3-, sp2- және sp-гибридтік күйге сәйкес 109,5; 120 және 180 тең болады.

Байланыс полюстілігі - электрон тығыздығьның әркелкі таралуы.

Электртерістілік - молекуладағы атомның химиялық байланысқа қатысатын валенттік электрондарды өзіне тарту қабілеті (күші).

Ығысудың электрондық теориясы. Бұл теорияның екі мәні электрондық әсері жайлы мазмұндалған ілімде болатын: индуктивті және мезомерлі.

 

 

Оның біріншісін – индуктивті әсер арқылы таңбалайды және ол оң (+Ј) не теріс (-Ј) таңбалы болады. Индуктивті әсер (І-әсер)- орынбасарлардың электрондық әсерінің δ-байланыс бойында таралуы. Индуктивті әсер

Кейбір элементтердің Полинг(1932) шкаласы бойынша