ТӘРБИЕДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ

Мұғалім – жеке тұлғаның психологиясын білудің терең білгірі болумен қатар оны не нәрсеге үйретуде, оқыту мен тәрбиелеу ерекшеліктерін меңгерген адам.

А.С.Макаренконың жеткен жетістіктері таң қалдырарлықтай, әсіресе қиын да қытымыр балалық тағдырдан еңбекті шаттық деп танитын, өз-өзін сеніммен құра білетін, өмірге шынайы берілген ұжымды құра алуы.

Бүгінгі күні Донецкіден шыққан жаңашыл-мұғалім В.Ф.Шаталов - барлық балалар математика мен физикадағы кездесетін ең күрделі деген мәселелерді қысқа мерзімде және бастысы аса қуанышпен орындайды деп көрсетеді.

Ал Ленинградта халық мұғалімі Т.И.ГОНЧАРОВА өз оқушыларын сүйікті тарихымен қызықтырады... Мысалдарды әлі де жалғастыра беруге болады. Бірақ, ең бастысы шебер-педагог еңбегіне не тән екендігін түсіне білуде.

«Педагогикалық поэмадан» үзіндіні («Мінез және мәдениет» тарауынан) еске түсірейік, колониядағы өмірінің алғашқы жылында А.С.Макаренко қас қарайған түнде естігені: «Жатын бөлмеде қатты тарсылдар дыбысы басым!» Осындай кейіпте педагог өзін қалай ұстайды? Болған жағдай өте анық та айқын сипатталған. Біз бұл жерде педагогтың іс-әрекетінің ой елегінен өткізіліп, нақтыланғанын түсінеміз. Барлығы да жарқ еткен қарақшы тәртібін тоқтатуға бағытталған: «Мен бөлмеден атып шықтым. Мен төбелесіп жатқандарға килігіп ешқашан оларды ажыратқан емеспін, есік маңында үнсіз тұрып қалдым да ақырын барлай қарап қалдым. Біраздан соң менің бар екендігімді сезіп тыныштала бастады, ал мен болсам сонда да үнсіздікті сақтап тұра бердім. Ал өз ішім болса астан-кестең қайнап жатыр, барлық осы берекетсіз өмірге деген ызам мен ашуым күйдіріп барады. Бұл шарасыздықтың ұсқыны, себебі мен бүгін ақырғы күн емес екендігін жақсы білемін... Кенеттен мен өзім осылай істеуім қажет деген сенімді күшпен бұлқына: «Пышақтарды үстелге қойыңдар! Кистени! Ұйықта! » Мен жатын бөлмеден барлығың бірдей ұйықтамай кетпеймін».

Педагогтың қабылдаған шешімі көп күттірген үнсіздіктер мен ашулы күй-жай бейнесінде қысқа түсініктегі әрекеттер арқылы көрініс тапты.

Шеберлік іс-әрекет қызметінде көрінеді. Педагогикада шеберлік туралы түсініктің тек осы түрі ғана қабылданған. Ол «Педагогтың белгілі бір уақытта тиімді нәтижеге қол жеткізуінде көрініс табатын жоғары педагогикалық қызмет деңгейі» немесе «Оқыту мен тәрбиелеу өнерінің жоғары және ұдайы жетілуі» секілді немесе «Мұғалімнің жеке тұлғалық сапасы мен методикалық өнер дағдысының және ғылыми білімдердің түзілісі» іспеттес анықталады (А.И.Щербаковтан қараңыз. Жоғары педагогикалық білім беру жүйесіндегі кеңес мектебі кезінде мұғалімдердің жеке тұлғасының құрылуы: Док.дисс. – Л., 1968. –30б.). Әрине, шеберліктің ішкі жан-дүниесі әр түрлі педагогикалық міндеттердің нәтижелі шешімінде, оқу-тәрбиелік үрдістің жақсы ұйымдастырылған жоғары деңгейінде көрініс табады. Алайда оның маңыздылығы мұғалімнің осы қызметті жан-жақты таныта білуі мен оның табыстылығын қаматамасыз ете алатын сапалы қабілетінде. Және бұл сапалылықты тек қана істей алу мүмкіндігінен емес, педагогқа өзінің ой-пікірі жағынан өнімді және шығармашылық мүмкіндік құратын жеке тұлғалық ерекшелік санатынан да іздеуіміз қажет.

А.С.Макаренконың түйсігінде неліктен осындай жағдайда педагогикалық ыза туындады және ол неге бір уақытта оны берік педагогикалық сарында ұстай білді? Оның жеке тұлға ретіндегі осы бір ерекшелігі абыройлы ұлы педагогтың нақты шеберлігін анықтайды. Біз оның сырын кейінірек педагогикалық шеберлікке анықтама берерде ашамыз. (10б. қараңыз).

Қазір бізге мына бір қорытынды маңыздырақ: педагогикалық шеберлік қызметте көрініс табады (Н.В.Кузьмин), бірақ оған сәйкес келмейтін пікір - ол арнайы қарым-қатынасты дамытудың жоғары деңгейінде дамуымен сипатталады (В.А.Сластенин), дегенмен бұл да басты емес.

Негізгісі: мұғалім жеке тұлға ретінде өз ерекшеліктері мен ой-пікірлерін қызмет барысында жоғары кәсіби деңгейде басқаруында. Шеберлік мәні неде екендігіне анықтама беруде ең алдымен педагогикалық қызметтің өзіндік ерекшелігін қайта талдап қарап шығуымыз тиіс, яғни педагогикалық үрдістің жоғары ұйымдасқандығын қаматамасыз ететін мұғалімнің жеке тұлғасына деген талаптарына көз шалып өтуіміз қажет.