Эмоциялық жағдайды меңгеру, басқару.

Жас маманның адам алдындағы мінез-құлқы, класпен жұмысы әдеттегідей. Оның бет-келбетінің өзгеруін, өзіне сенімсіздігін, қорқынышын, ашылмауын білдіреді. Ең алғашқыда балалар, ата-аналар, басқа мұғалімдер алдында, ол дауысында, ой-пікірінде дұрыс қоя алмайды, қорыққанынан, (өзін-өзі дұрыс алмайды деп қорқады, күлкінішті болып көрінуді), аяқ-қолы дірілдеп, қалдырап. Бұл үшін ол өзін-өзі ұстай біліп, сабаққа дейін дайындап туру керек. Өзін-өзі тексеру үшін келесі тесті қолдануға болады. Ия немесе жоқ деген жауаптармен келесі сұрақтарға жауап бер, олар көңіл-күйге және хал жайына байланысты.

- Сіз әрқашанда ұстамды және тынышсыз ба?

- Сіздің көңіл-күйіңіз әдеттегідей көтеріңкі ме?

- Сабақ уақытында аудитория немесе үйде сіз зейінді де жинақылыңқысыз ба?

- Өз туыстарыңызбен және жолдастарыңызбен ылғида жақсы қарым-қатыныстасыз ба?

- Өз эмоцияларыңызды қадағалай аласыз ба?

- Оқыған сабақты тез және жақсы игересіз бе?

- Құтылғыңыз келетін жаман әдеттеріңіз барма?

- Мына бір жағдайда өзімді дұрыс ұстамадым деп өкінген кез болдыма?

Ия және жоқ сандарын санап нәтиже шығарамыз. Егер барлық жауаптарыңыз «ия» - болса, онда сіз еш уайымы жоқ, өз-өзін ұстай алатын кісісіз немесе өзіңізді тым жоғары бағалайсыз.

«жоқ»-деген жауаптар сіз уайымы көп, өзіңізге сенімсіз және өзіңізге сыншыл екеніңізді білдіреді.

Аралас жауаптар «ия» және «жоқ» бұл өзінің кемшіліктерін көре алатынын-ал бұл деген өзін-өзі тәрбилеудің бірінші қадамы. Келесі қадамдағы өзін-өзі қадағалай алса істеуге болады және де оның методикасын игерсе.

Меірімділікпен оңтайлықты тәрбиелеу өзінің тәртібін қадағалау

(Бұлшықеттерінің күш қуатын қадағалау, қозғалыс темпін, сөзін, демін). Іскерліктегі босауы (жұмыс терапиясы, ән терапиясы, джитерапиясы, юмор, имтациялық ойын).

Өзін-өзі сендіру жәнеде В.А.Сухомлинскиидің келесі кеңестерін ойлап қарастырсақ жаңылысудың тепетеңдігін тәрбиелеу жаман жақ бейімдемеуді, басқалардың мүмкіншілдігін жоғарылату әр қашанда жақсы көңіл-күйде болу, мейірімді болу. Бұны тәрбиелеу шарттары осындай. Өз маманының көпшіліктегі ролін білу және атқару адалдық педагогикалық көру қабілеті, эмоциялық сезімділік, өзін-өзіне баға беру және қадағалау.

Осы барлық психоэмоциялық тәсілдер адамның жалпылай жеке тұлға болуына әсер етеді, өзгерістер болуы керек, өйткені өзгеріссіз ешбір нәтиже болмайды.

Келесі негіздер тобы-ағзаның жұмысын қадағалауда біледі. Эмоциялық уайымдарды терең ойлау ,өзгерту, оларға сырттан да іштен де күш түсіріп өтпей қадағалау оларды түзушілікке келтіреді.

Мимикалық тонусқа, скелеттік бұлшықеттерге, дауыс ырғағына, демге және т.б.

Жас ұстаздарға, сабаққа дайындалғанда өз-өзіне сенбегенде, қорыққанда баламен жұмыс істегенде релаксация сеансын өткізген жөн. Психикалық және физикалық босансу тәсілімен өткізу. Аутогендік жаттығу (психикалық өзін-өзі ұстау), өздік психопрофилактикалық жаттығулар-мұғалімнің киімдарінің керектігінің бірі болып табылу керек. Онымен қол артикуляциясының және дем алу жаттығуларын жасау керек. Психикалық өзін-өзі қадағалау дененің бос болуына көп көңіл бөлу. Ол үшін арба жүргізуші ретінде аяқ қолға күш әсерін енгізу керек, сонымен олардың босауында себеп болу керек. Сөйтіп отырып былай деу керек: - Мен тынышпын, сабақты жақсы өткізіп жатырмын. Балалар мені тындап отыр. Сабақ қызықты, балалардың бәрін көріп отырмын. Сабақ жақсы өтеді. Балаларға менімен қызықты, көңіл-күйіміз жақсы. Сабақ беру сондай тамаша. Балалар мені сыйлайды, тыңдайды және менің айтқанымның барлығын орындайды. Сабақта жұмыс істеу маған ұнайды. Мен -Мұғаліммін!

Әр ұстаздан, әсіресе жас ұстаздың сабаққа дайындығы - ол алдымен психикалық дайын болу. Бірақта бірінші сабақтарында болмай қалса, оған ренжіп керек емес. Бұл жерде бәрі бірте-бірте қалыптасады.

Пантомимика - бұл аяқ-қолдың дененің қозғалысы. Ол ең маңыздысын түсіндіру, образды көрсетуге жақсы. Сабақ түсіндіріп отырған мұғалімге қарайық. Дененің қозғалысына бәрі бірдей қозғалады. Түзу, әдемі тұрысты тұлғаның ішкі жетістіктерін білдіреді. Әдемі, тік жүрісі, жинақылығы, оның өз-өзіне өз біліміне сенетіндігін айтады. Ал өз-өзіне сенбеген адам ренжіп басын түсіріп, бүкірейеді. Ең алдымен мұғалім балалар алдында тұра білу керек, аяғының арасы 12-15см,бір аяғы алға қарай шығып тұру керек. Барлық іс қозғалысы балаларды қызықтыру керек. Жаман әдеттер болмау тиіс; басын қасу, мұрын шұқу, шайқалу, аяқты аяққа салу т.б. Мұғалімнің жесттары ұстамды және аз болу керек. Қолды анда-мұнда бұлғаудың қажеті жоқ. Жесттер-психологиялық және түсіндірушілік болады. Түсіндіру жесттері ойдың ретін көрсетеді. Олар көп кездеседі, бірақ көп керексіз. Ең маңызды ол психологиялық жесттер, сезімді білдіретін. Мысалы, былай дегенде, кәнеки, қолымызды кеудемізге дейін алақанын сыртқа қаратамыз өзімізден алысырақ. Жестде басқа қозғалыстай адамның ойының ретін көрсетеді. Тік арқа болу үшін келесі тәсілдер қолданылады. Аяқтың ұшында тұру, қабырғаға сүйкеніп тұру т.б.

Мұғалімнің өзінің қадағалауы ,өзіне сырттан қарауы ең алдымен балалар көзімен дұрыс. Бір сенімді арттыру үшін ,класқа қарап сөйлеу керек, ашық болу керек, класта алды-артқа жүру керек. Алға шыққанда ол тексеруді, ал артқа жүргенде класс дем алады.

Мимика - өз ойын, сезімін, көңіл-күйін, бет әлпетін, қозғалысын көрсету өнері, көбінесе сөзден көрі көзбен бет әлпет балаларға көп әсерін тигізеді. Жест және мимика эмоционалды негізін көтеріп,жақсы игеруге көмек етеді.

Балалар мұғалімнің бетін оқиды, олар оңай оның көңіл-күйін, не айтқысы келіп, не айтқысы келмегенін түсініп қояды. Үйдегі болған жағдайларды класқа апарып керек емес. Тек жұмысқа байланысты болу керек. Барлығы бет-әлпетте көрінуі керек, жақсыда, жаманы да. Күлкі-адамның бәріне қанағаттылығын, бәрі жақсы екенін көрсетеді. Мимиканың ең негізгі детальдары - ол көз, қас. Көтеріңкі қас-ойланғаның, қозғалыссыз қас-тыныштықты, қозғалыстағы қас-мәз болғандықты білдіреді. Ең көрікті ол-көздері. Бас көздері-бастық. Анда-мында жүгірген көз жақсы емес оны дұрыстап қадағалау керек және ұстай білу керек (К.С.Станиславский) айтқан және де тас бет болмау керек деген.

Балалармен жұмыс істеу үшін психологтардың эталонымен таныс болу керек. Мысалы: жүріс-тұрыстағы эталон ол күлкі, көз жарықтығы, жесттер, көпсөзді, басқаға көмектеспей келуі. Қорқыныштағы жүріс-тұрыстың эталоны ,көз үлкейген, бір орында тұруы, қас көтеріңкі, дауыс дірілі, бет қисаюы, көздің жүгіруі, қозғалыс тез, дене дірілдеуі. Мұғалімнің көзі балаларға қарау керек. Ол көзбен қарым-қатынаста болуы керек. Қабырға, терезе, төбе деген болмайды, оны дамыту керек. Өз алдың бүкіл баланы көре білуі, дамытуы керек.

 

1-Жаттығу. Қолдың бұлшықеттерінің босаңсуы мен қатаюы.

2-Жаттығу. Реласацияға сөзді қолдану.

3-Жаттығу.

4-Жаттығу. Мимикалық бұлшықеттің тонусын бақылау.

5-Жаттығу. Сөз бен қозғалысты бақылау.

6-Жаттығу. Демалуды қалпына келтіру және бақылау.

7-Жаттығу. Библиотерпияны қолдану.

8-Жаттығу. Көрермен бірге музыканы қолдану.

9-Жаттығу. Имитациялық ойын.

10-Жаттығу.«Маска» релаксациясы.

11-Жаттығу. Толық физикалық тыныштық.

12-Жаттығу. Толық психикалық тыныштық.

13-Жаттығу. Оң қолдың ауырлығы.

14-Жаттығу. Релаксациядан шығу.