Азақ тілін оқыту әдістемесі

 
1. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша тіл үйренудегі ұстаным: A) Қарым-қатынас B) Ойлау C) Мүмкіншілік D) Танымдық E) Ынталылық F) Сезімталдық G) Қабілеттілік
2. Фонетиканы оқытуда басшылыққа алынатын жалпы ұстанымдар: A) Жүйелілік B) Сөз құрамдық C) Мазмұндық D) Экстралингвистикалық E) Жеке әдістемелік F) Практикалық дағдыландыру G) Сөз мағыналық  
3. Оқушы сөйлегенде үнемі қолданатын сөздер: A) Архаизм B) Актив C) Белсенді D) Көнерген E) Пассив F) Оқшау G) Диалект  
4. Сөз тудырушы жұрнақтарды оқытудың тиімді жолы: A) Көрнекілікті пайдалану B) Жұрнақтардың өнімділігін ескеру C) Көптік мағынаны анықтау D) Сөз мағынасына талдау жасау E) Сөз тіркесіне талдау  
5. Сын есімге тән белгілер: A) Шақ, рай категориялары бар B) Заттың сипатын білдіреді дұрыс құрылмаған C) Есімше көсемше түрі бар D) Қанша, неше деген сұраққа жауап береді E) Бөлімдердің орнына қолданылады F) Шырай жұрнақтарымен түрленеді G) Қандай, қай сұрақтарына жауап береді  
6. Жай сөйлемнің түрлері: A) толымды және толымсыз сөйлем B) атаулы сөйлем C) сабақтас сөйлем D) салалас сөйлем E) аралас сөйлем F) қарсылықты сөйлем G) ыңғайлас сөйлем  
7. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: A) бірыңғай мүше B) толықтауыш C) айқындауыш мүше D) үйірлі мүше E) пысықтауыш F) баяндауыш  
8. Жалпы адамдар арасындағы тілдесім: A) Дербестік B) Жазбаша сөйлеу C) Орфография D) Ақпараттық E) Жазып алу F) Қабылдамалық  
9. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесін меңгеру дегеніміз: A) Ойлау мүмкіншілігі B) Үйрету мен үйренудің нәтижесі C) Үйрету мен үйренудің қорытындысы D) Үйрену кезеңі E) Оқушы жадында сақталатын білім  
10. Н.Оралбаева, К.Жақсылықовалар ұсынған қазақ тілін оқыту әдістері: A) еліктеу B) бағдарламалап оқытуды C) ана тілімен салыстыру D) қашықтықтан оқытуды E) интерактив тақтасын қолдану  
11. Холерик типті оқушылармен жүргізілетін тиімді жұмыстар: A) тек қана ауызша жауап беретін тапсырма орындату B) қатаң ескерту жасап, талаптарды орындатқызу жағын ойластыру қажет C) жазбаша тапсырманы ғана орындатқан жөн D) жеке жұмыс жүргізу қажет E) суретпен жұмыс, тірек сызбалармен жұмыс істеу керек F) қызуқандылықпен істейтін жұмыстарға бағытталған жөн  
12. Меланхолик темпераменті басым оқушыға тән мінез-құлық: A) ұшқалақ B) көпшіл C) қызуқанды D) сөзге сараң E) аса баяу қозғалады  
13. Фразеологияны оқытуда қолданылатын тиімді көрнекілік түрлері: A) Газет, журнал материалдары B) Сөзжұмбақ C) Фразеологиялық сөздік, түсіндірме сөздік D) Этнолингвистика туралы суреттер, бейнематериалдар E) Ребус  
14. Грамматикалық категориялардың жіктелуін: A) MAthlAB көмегімен бейнелеуге болады B) ExCEl көмегімен көрсете аламыз C) Сөздікпен жұмыс жасау арқылы жеткізген тиімді D) Сөйлеу арқылы жеткізген тиімді E) Таблица арқылы көрсету тиімді F) Диаграмма көмегімен экранға шығару тиімді  
15. Синтаксистік талдау түрлері: A) буынға бөлу B) сөйлем түрлерін талдау C) тасымалдау D) буын үндестігін көрсету E) сөйлем мүшелерін талдау  
16. Сөз тіркесін меңгеру барысында оқушыда қалыптасатын машық-дағдылар: A) Бағыныңқы мен басыңқы сөзді ажырата білу B) Сөздерді тұлғасына қарай және құрамына қарай айыра білу C) Сөз тіркесінің байланысу тәсілін анықтау D) Тіл дыбыстарының артикуляциясын түсіндіру E) Сөз таптарының түрлену жолдарын меңгеру F) Ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту G) Сөз тіркесінің байланысу формасын анықтау  
17. Белгілі бір өтілген емлеге байланысты оқушылардың білімі мен сауаттылық дәрежесін сынау, байқау мақсатында жүргізілетін жұмыс: A) Ереже сұрау B) Диктант C) Көп нүкте D) Тақтамен жұмыс E) Үндік жазылым  
18. Аралас құрмаласты оқытқанда оқушыларының қызығушылығын арттыруда қолданылатын тиімді әдістер: A) Тарихпен байланыстыру B) Сабақтың қызықты болуы C) Оқушылардың синтаксис туралы түсінігін қалыптастыру D) Тілдік білім-машықтардың қажеттігіне көз жеткізу E) Қарсы мәндегі сөйлемдерді құрату F) Өз ойын көркем жеткізуді талап ету G) Екі топтағы сөздердің ішінен тіркесті сөздер құрау  
19. Мәтіннің негізгі белгілерін анықтаудағы логикалық операциялар: A) Мәтін өзге тілден аударылған ба B) Мәтіннің тұтастық сипаты жоқ C) Мәтін жаңалықты ғана қамтиды D) Мәтіннің қандай типтері кездеседі E) Мәтін тілі түсінікті жазылған ба F) Мәтінді кім оқыды  
20. ҚТОӘ методологиялық негіздері мына ғылымдармен байланысты: A) Физика B) Астрономия C) Педагогика D) Шет тілі E) Философия F) Сызу G) Логика  
21. Саналылық пен белсенділік принципінде қазақ тілін жетік меңгерту не арқылы іске асырылады: A) Тілден берілетін мағлұматтарды жеке түсіндіру B) Бағаны көтермелеп қою арқылы C) Ережені жаттау арқылы D) Қазақ тілінен орындалатын тестер E) Тілдік мәдениетке дағдыландыру F) Жаттығуды көшіру арқылы  
22. Мәтін туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі: A) Мәтін туралы ұғым бастауыш сыныптан беріледі B) Мәтіннің стильге қатысы болмайды C) Мәтін философиялық әдебиеттен құралады D) Мәтін әдебиеттану ғылымында қарастырылады E) Мәтіннің грамматикамен байланысы жоқ F) Мәтіннің тақырыбы мен идеясы болады  
23. Компьютерді қазақ тілі сабағында пайдаланғанда көрнекілікті арттыру үшін қолданылатын бағдарламалар: A) MathCad B) MathLab C) Ansys D) ActiveStudio E) Macromedia Flash F) MS Office Power Point  
24. Пунктуацияны оқыту ұстанымдары: A) Жаттығуларды орындау B) Тыныс белгілерінің интонацияға қарап қойылатыны C) Сөзжасамның морфологиялық тәсілдерін білу D) Сөздік құрамның сөз қорына негізделетінін білу E) Мәнерлеп оқу мен пунктуация байланысы F) Сөздің синтаксистік қызметіне мән беруді талап ететін грамматикалық ұстаным  
25. Синтаксисті оқытқанда қолданылатын тіл дамыту жұмысының түрі: A) Сөз тұлғаларын құрастыру B) Сөз тұлғасын талдау C) Сөз тіркесін құрастыру D) Сөйлем құрастыру E) Сөз мағынасын талдау  

Азақ тілін