Курстың қысқаша сипаттамасы

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУС)

 

 

Пәні Физика

Бағыты

Мамандық 5В070300 – Ақпараттық жүйелер

Топ мамандығы техникалық ғылымдар және технологиялар

 

 

Астана, 2016

 

Студенттер үшін пән бағдарламасы (Силлабус)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі 08.04.2013 жылы №03-3/585 бұйрығымен бекітілген, 5.04.019 – 2011 жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (МЖБС) және 5В070300 – Ақпараттық жүйелермамандығы бойынша ҚР БҒМ 10.04.–2012ж. №158 бұйрығымен бекітілген «Физика» пәнінің типтік оқу жоспары негізінде және мамандықтың «__»______20__ ж. бекітілген жұмыстық оқу жоспарына сәйкес дайындалды.

 

 

 

Бағдарлама физика және химия кафедрасының отырысында қарастырылған.

«__» _____ 20___ ж., № ____ хаттама

Кафедра меңгерушісі Э.Ж.Әлімқұлова

 

Бағдарлама энергетика факультетінің әдістемелік комиссиясымен ұсынылды

«__» _____ 20___ ж., № ____ хаттама

Әдістемелік комиссия төрайымы Н.Қ.Сағынаева

 

 

1. Оқытушы жайлы мәлімет:

Доцент Нурбатырова Т.С. – п.ғ.к.

Жұмыс уақыты мен орны: график бойынша, 5-оқу корпусы, 2405.

2. Пән: Базалық пән міндетті компонент «Физика»

Пәннің коды: Fiz 1215 Дәріс – 15

Оқу түрі: күндізгі Практикалық сабақтар – 15

Курс: 1 Зертханалық сабақтар – 15

Семестр: 1 СОӨЖ – 23

Кредит саны: 3 СӨЖ – 67

Емтихан: 1-семестр Барлығы – 135

 

Оқу уақытын бөлу:

Апта Барлы-ғы
Дәріс
Практика
Зертхана
СОӨЖ
СӨЖ
Апта бойы

3. Пререквизиттер: орта мектеп бағдарламасына сәйкес физика курсы.

4. Постреквизиттер: Оқу жоспарына сәйкес арнаулы техникалық пәндер:

Курстың қысқаша сипаттамасы

Пәнді оқыту мақсаты - классикалық және қазіргі заманғы физика теорияларын, іргелі заңдарын, сондай-ақ физикалық зерттеу әдістерін қолдану дағдылары мен біліктілігін қалыптастыру; шығармашылық ойлауы мен ғылыми дүниетанымын, физикалық процестерді модельдеуді негіздеу; студенттердің дүниенің қазіргі заманғы ғылыми-жаратылыс болмысы туралы тұтастық түсінігін қалыптастыру.

Пәннің қысқаша мазмұны – классикалық және қазіргі заманғы физиканың заңдарының, теорияларының ішкі өзара байланыстарының мағынасын ашу.

Оқыту нәтижесі –Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бакалаврлардың кәсіби іс-әрекетінің іргелі базасы негізінде физиканың әртүрлі бөлімдерінің жалпыланған типтік (теориялық және эксперименттік-практикалық) есептерін талдауда студенттің танымдық іс дағдыларын қалыптастыру, кәсіби міндеттерді шешу және одан әрі білім жетілдіруге машықтану, шығармашылық ой және өзіндік танымдық іс қабылеттілігін дамытуға қолдау жасау.

Пәнді оқу нәтижесінде:

Студенттің түсінігі болу керек:

- негізгі физикалық теориялар, негізгі заңдар және қағидалар, олардың қолданысы, зерттеудің физикалық әдістері туралы;

Студенттің білуі және ұғынуы керек;

А. Ғылыми зерттеу практикасында табиғаттағы физикалық процестер туралы ұғымдарды пайдалануды, оларды талдаудың тәсілдері мен жолдарын, қазіргі заманғы және классикалық физиканың негізгі заңдарын, физикалық зерттеулердің әдістері мен бақылау нәтижелерін тиімді жолдармен өңдеу туралы;

Студенттің үйренуі керек:

В. Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету салаларының кәсіби есептерін шешудің негізі ретінде әртүрлі тақырыптар бойынша нақты есептерді шешу әдістері мен амалдарын игеруді, заманауи ғылыми қондырғылармен эксперименттер өткізу дағдыларын қалыптастыруды;

Студенттің меңгеруі керек:

С.Мамандығы бойынша қолданбалы есептердің нақты физикалық мазмұнын ажырата білуді, қорытындылау және салыстыру қабылетін, өз шешімін ұсынуды;

D.Талқылау саласында - дүниенің қазіргі заманғы ғылыми-жаратылыс болмысы туралы тұтастық түсінігін қалыптастыруды.

Е.Білім алу саласында -шығармашылық ойлауды, танымдық іскерлікті дамытуға жағдай жасауды, компьютерлік технологиялар көмегімен физикалық құбылыстарды модельдеуге ептілікті;

Студент практикалық дағдыларды иелену керек:

С.Мамандығы бойынша қолданбалы есептердің нақты физикалық мазмұнын айқындауды, қсараптау және салыстыру қабылетін, өз шешімін ұсынуды;

D.Талқылау саласында - дүниенің қазіргі заманғы ғылыми-жаратылыс болмысы туралы тұтастық түсінігін қалыптастыруды.

Е.Білім алу саласында -шығармашылық ойлауды, танымдық іскерлікті дамытуға жағдай жасауды, компьютерлік технологиялар көмегімен физикалық құбылыстарды модельдеуге ептілікті;

Пәннің мазмұны

6.1.Дәрістік сабақтар

Тақырыптың атауы Көлемі, сағат Әдебиеттер Ағымды бақылау, балл  
 
1. Кіріспе.Физика курсының жалпы құрылымы. Кинематика. Материялық нүкте мен қатты дене динамикасы.Механикалық қозғалыс. Материялық нүктенің ілгерілемелі және қатты дененің айналмалы қозғалысы. Қисық сызықты қозғалыс кезіндегі жылдамдық пен үдеу. Ньютон заңдары. Механикалық күштердің түрлері. Абсолют қатты дене түсінігі. Қозғалмайтын оське қатысты қатты дененің айналмалы қозғалысы. Ж.Абдулаев. Физика курсы. І..§1-7. Т.Трофимова. Курс физики. §1-10     0,1  
2. Сақталу заңдары.Импульстің және энергияның сақталу заңдары.Реактивтік қозғалыс. Консервативтік және консервативтік емес күштер. Арнайы салыстырмалылық теориясы. Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы. Ж.Абдулаев. Физика курсы. 1. §8-17. Т.Трофимова. Курс физики. §14-21   0,1  
3. Тұтас орта механикасының элементтері. Тұтас орта түсінігі. Сұйықтар мен газдардың жалпы қасиеттері. Идеал және тұтқыр сұйық. Бернулли теңдеуі. Сұйықтардың ламинарлық және турбулентті ағыны. Стокс заңы. Пуазейл теңдеуі. Серпімді кернеулер. Серпімді деформацияланған дененің энергиясы. Ж.Абдулаев. Физика курсы. ІІ.§1-20 Т.Трофимова. Курс физики. §41-59     0,1  
4. Статистикалық физика және термодинамика.МКТ негіздері. МК көзқарас тұрғысынан газдың қысымы. Температура – МКТ мағнасы. Идеал газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы. Термодинамикалық параметрлер. Тепе-теңдік күй және процестер. Идеал газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. Ж.Абдулаев. Физика курсы. ІІ.§8-9 Т.Трофимова. Курс физики. §48 0,1  
5. Тасымалдау құбылыстары.Тасымалдау құбылысының жалпы сипаттамасы. Молекулалардың соқтығысуының орташа саны және еркін жүру жолының орташа ұзындығы. Релакция уақыты. Термодинамика- лық тепе-тең емес күйлердегі тасымалдау құбылысы. Жылу өткізгіштік, тұтқырлық, диффузия: тасымалдау құбылыстарының МКТ. Тасымалдау коэффициенті. Ж.Абдулаев. Физика курсы. ІІІ.§1-8 Т.Трофимова. курс физики. §77-86 0,1  
6. Электростатика. Электрстатикалық өріс жұмысы.Электр өрісінің кернеулігі. Суперпозиция принципі. Электрлік диполь. Вакуумдегі электр өрісі үшін Гаусс теоремасы және оны электр өрісін есептеу үшін қолдану. Электр өрісі кернеулігі векторының циркуляциясы. Потенциал мен электр өрісі кернеулігі арасындағы байланыс. Ж.Абдулаев. Физика курсы. ІІІ.§8-10 Т.Трофимова. Курс физики. §85,86 0,1  
7. Тұрақты электр тогы.Электр тогының болу шарттары және жалпы сипаттамалары.Металдың электр өткізгіштігінің электрондық теориясы. Ом және Джоуль – Ленц заңдарының дифференциалды түрі. Бөгде күштер. Кирхгоф ережелері. Газдар мен плазмадағы электр тогы. Ж.Абдулаев. Физика курсы. ІІІ.§9 Т.Трофимова. Курс физики. §87-91 0,1  
8. Магнит өрісі.Суперпозиция принципі. Био-Савар-Лаплас заңы. Лоренц күші. Холл эффектісі. Ампер заңы. Тогы бар өткізгішке әсер ететін күш моменті. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы. Тогы бар өткізгіштің магнит өрісінде орын ауыстырғандағы жұмысы. Ж.Абдулаев. Физика курсы. V.§5-8 Т.Трофимова.Курс физики. §262-271    
9. Электромагниттік индукция құбылысы.Электромагниттік индукцияның негізгі заңы. Ленц ережесі. Өзара индукция және өздік индукция құбылысы. Катушканың индуктивтігі. Өзара индукция коэффициенті. Токтың магнит энергиясы. Магниттік энергияның тығыздығы. Ж.Абдулаев. Физика курсы. V.§5-8 Т.Трофимова.Курс физики. §262-271    
Оптика. 10. Электромагниттік өріс үшін толқындық теңдеу. Электромагнитік толқындардың қасиеттері. Энергия ағынының тығыздығы. Умов – Пойтинг векторы. Дипольдің сәуле шығаруы. Фотометрия. Ж.Абдулаев. Физика курсы. ІV.§1– 2 Т.Трофимова.Курс физики. §170-172   0,1  
11. Жарықтың толқындық қасиеттері. Жарықтың топтық жылдамдығы. Жарық интерференциясы, дифракциясы, дисперсиясы және поляризациясы. Голография. Жарықтың жұтылуы. Ж.Абдулаев. Физика курсы. ІV.§3– 4 Т.Трофимова.Курс физики. §173-175 0,1  
Кванттық физика 12. Жылулық сәуле шығару. Абсолют қара дене. Кванттық гипотеза, Планк формуласы. Фотондар. Жарық квантының импульсі мен энергиясы. Фотоэффект. Комптон эффектісі. Бор постулаттары. Франк ж/е Герц тәжірибелері. Ж.Абдулаев. Физика курсы. 1V.§5–9 Т.Трофимова.Курс физики. §176-180 0,1  
13. Кванттық статистика элементтері. Бозе-Эйнштейн және Ферми-Дирак кванттық статистикасы. Металдар, шала өткізгіштер. Металл мен шала өткізгіш-тeгі жанасу құбылыстары. Паули принципі. Сутегі атомы үшін Шредингер теңдеуі. Ж.Абдулаев. Физика курсы. ІV.§12-17 Т.Трофимова.Курс физики. §185-192   0,1  
14.Конденсірленген күй.Кристалдық торлардың жылу сыйымдылығы. Фонондық газдар. Металдардың электр өткізгіштігі. Кристалдағы энергетикалық зоналар. Шредингердің уақыттық және стационарлық теңдеулері. Ферми деңгейі. Ж.Абдулаев. Физика курсы. ІV.§19-22 Т.Трофимова.Курс физики. §197-201   0,1  
15. Атом ядросы. Атом ядросының құрамы. Ядролық күштер. Ядро моделі.α, β, γ – сәуле шығару және олардың затпен әсерлесуі. Ядролық реакциялар. Ядролық реактор. Элементар бөлшектер. Ж.Абдулаев. Физика курсы. VI.§1-8 Т.Трофимова.Курс физики. §251-271   0,1
           

 

6.2. Практикалық сабақтар

Тақырып атауы Көлемі сағат Әдебиет Ағымдық бақылау, балл
1. Материалдық нүктенің кинематикасы және динамикасы. Н:2   Н: 3   Н: 4   Н:2   Қ:5 Н:2 Н: 3 Н: 4 Н:3   Н:3   Қ:5 Н:4   Н:2 0,5
2. Қатты дененің динамикасы. Импульстің және энергияның сақталу заңы.
3. Тұтас орталар механикасының элементтері. Тербелістер мен толқындар 0,5
4. Газ заңдары. Статистикалық таралу.
5.Тасымалдау құбылысы. Термодинамика негіздері. 0,5
6. Вакуумдағы тұрақты электр тогы. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер мен диэлектриктер. 0,5
7. Электр сыйымдылық. Электр өрісінің энергиясы. Тұрақты ток заңдары
8. Вакуумдағы және заттардағы магнит өрісі. Электромагниттік индукция құбылысы.
9. Айнымалы электр тогы. Электромагниттік толқындар. 0,5
10. Геометриялық оптика. Фотометрия 0,5
11. Жарық интерференциясы, дифракциясы, дис- персиясы және поляризациясы. Малюс заңы
12. Жылулық сәулелену. Стефан-Больцман заңы. Виннің ығысу заңы. Фотоэффект заңдары.
13. Де Бройль толқындары. Сутегі атомының кванттық теориясы
14. Қатты денелер физикасы. Қатты дененің жылулық, электрлік және магниттік қасиеттері.
15. Атом ядросы. Элементар бөлшектер  

 

6.3. Зертханалық сабақтар

Тақырып атауы Көлемі, сағат Әдебиет Ағымдық бақылау, балл
1. Өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу ОӘК,2005 ОӘК,2011 0,5
2. Дененің көлбеу жазықтықтағы қозғалысын зерттеу №3
3. Максвелл маятнигінің инерция моментін анықтау №9 0,5
4. Адиабаталық ұлғаю әдісімен cp/cv қатынасын анықтау №15
5. Өткізгіштердің кедергісін көпір схемасымен анықтау №22
6. Жердің магнит өрісінің горизонталь құраушысын анықтау. №28
7. Серіппелі маятниктің тербелісін зерттеу №5 0,5
8. Неон шамы бар тізбектегі тербелістерді зерттеу №40
9. Айнымалы ток тізбегін зерттеу №39
10. Жинағыш және шашыратқыш линзалардың бас фокус аралығын анықтау №7.1.1 0,5
11. Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау №41
12. Жарық поляризациясын зерттеу №44
13. Сыртқы фотоэффект заңдарын зерттеу №47
14. Жылулық сәулелену заңдарын зерттеу №50
15. Спектрлік заңдылықтарды зерттеу №51