ОЖСӨЖ және СӨЖ тапсырмалары

  № Тақырыптар, тапсырмалар және олардың мазмұны Сағат саны Тапсыру түрі және бақылау Тапсыру мерзімі, апталар
Когнитивті психология пәніне кіріспе 1) Когнитивті психологияның даму тарихына сызба, кестелер құру. 2) Когнитивті психологияның зерттеу пәні және міндеттері бойынша негізгі ұғымдарды анықтау: Сенсорлық сигналдарды табу және нейроғылым, білім, паттерндерді тану, ақпараттарды оқу және өңдеу, ойша бейнелеу, мнемоника, ес, мнемикалық процестер, перцептивті процестер, ойлау процестері, адами инттелект, жасанды интеллект. Сызба, таблицалар құру.   1-2
  Когнитивті нейроғылым Нейрон, дендрит, аксон, синапс, нейрокогнитология, орталық нерв жүйесі, шеткі нерв жүйесі, компартментализация идеясы, френология, ми қыртысы, ми иірімдері, ми сайлары, ми қыртысының сенсорлық бөлімі, ми қыртысының ассоциативті бөлімі. Нейроғылымның қазіргі әдістерін мазмұндау және сызба, кесте құру. Қабылдау және зейін Негізгі ұғымдарды анықтау: Түйсік, қабылдау, интерорецепторлар, экстерорецепторлар, проприорецепторлар, анализатор, рецептор, иллюзия, галлюцинация, иконалық сақтау, эхоикалық сақтау, зейін, доминанта, қозудың оптималды ошағы. Зейінді дамыту бойынша практикалық ұсыныстар.   Негізгі ұғымдарды мазмұндау     Сызба, таблицалар құру. Глоссарий   Тапсырмаларды орындау 3-4   5-6
Қабылдау І Білім деңгейін тексеруге арналған тапсырмалар: Келесі тұжырымдар дұрыс па, бұрыс па?   1. Қабылдау – бұл жекелеген тітіркендіргішті бейнелеу. 2. Адамда және жануарларда сигналдарды сезу рецепторлары шектелген. 3. Тұтастық, тұрақтылық, таңдамалылық қабылдау қасиеттері болып табылады. 4. Синестезия, адаптация, сенсибилизация түйсік қасиеттері болып табылады. 5. Түйсік субъективті түзілім ретінде психофизиологиялық процесс негізінде пайда болады. 6. Түйсік танымдық психикалық процестер ішінде анағұрлым элементарлы болып табылады.сенсибилизация – сезгіштіктің артуы. 7. Мағыналылық, құрылымдық қабылдау қасиеттеріне жатпайды. ІІ Практикалық тапсырмалар:   Тапсырма 1. Белгілі бір сезім мүшелеріне жоғары талап қоятын өмірлік жағдаяттардан мысалдар келтіріңіздер. Тапсырма 2. Кәсіби қызметтің қандай түрлері көру, есту, сипап сезу, иіс, дәм сезу және қозғалыс түйсіктеріне жоғары талап қояды? Тапсырма 3. Түйсіктің негізгі қасиеттері көрінетін мысалдар келтіріңіздер (әрқайсысына 4 мысал). Тапсырма 4. Келесі жағдаяттарда түйсіктің қандай қасиеттері көрінеді, анықтаңыздар: 1. Аспаз дайындалған соустардың айырмашылықтарын бірден анықтады. 2. Қабырғаның ашық түстермен боялғандығы адамдарда салқындық сезімін тудырды. 3. Қырып тегістеуші қабырғаның онша еленбейтін кедір-бұдырлығын өлшеуші аспапсыз-ақ анықтады. 4. Ұзақ уақыт бойы музыкамен айналысатын скрипкашыда жоғары дыбыстық есту қабілеті айтарлықтай жоғарылады. 5. Ыстық суда шомылып шыққан демалушы үшін санатория дәлізі суық болып көрінді. 6. Ашық қызғылт түсті заттар жылы болып көрінеді. 7. Егер тәтті шайдан соң алманың дәмін татып көрсе, ол оған қышқыл болып көрінеді. 8. Кейбір жағдайда адамның дауысын қоңыр дауысты деп жатады. Тапсырма 5. Қабылдаудың негізгі қасиеттерін иллюстрациялайтын мысалдар келтіріңіздер.Қабылдау қасиеттерін тәжірибеде қолдану бойынша жеті психологиялық ұсыныстар дайындаңыздар. Зейін Тапсырма 1. Зейін қасиеттерін шыңдауға мүмкіндік жасайтын психологиялық ықпал немесе ситуацияларды дайындаңыздар. Тапсырма 2.Зейін қасиеттерінің әрқайсысына жоғары талап қоятын көптеген мамандықтарды жазыңыздар. (Әрбір қасиетке 6-7 мамандық). Тапсырма 3. Келесі жағдаяттарда қандай зейін түрлері көрінеді, анықтаңыздар. 1. Музыка сабағында Құрманғазы күйін тыңдап жатқан уақытта әлдебіреу кабинет есігін кенеттен қақты. 2. География мұғалімі Қазақстанның ірі өзендері жайында айта отырып, оларды картадан көрсетті. 3. Акт залы жанынан өтіп бара жатқан оқушы жаңа жылға шыршаның қалай орнатып жатқандығын көрді. 4. Қоңырау соғылды, сыныпқа жаңа мұғалім кірді. 5. Айнұр бір партада отыратын көршісінің жаңа сөмке әкелгендігін байқап, оған қызығушылықпен қарады. 6. Абай өлеңдерін оқып отырған оқушы, терезеден қатты музыканы естиді. 7. Оқушылар шағын әңгімені тыңдап, ондағы сын есімдерді атауы керек. 8. Оқушылар жаңа оқулықтарды ала отырып, оларға қызығушылықпен қарады. 9. Мұғалім жаңа материалды түсіндірмес бұрын оның өте күрделі екендігін ескертеді. 10. Студент оқытушының баяндамасын тыңдай отырып, лекция барысында көп сұрақтар қояды.     Тапсырмаларды орындау     Тапсырмаларды орындау     Тапсырмаларды орындау 7-8
Ес Тақырып бойынша негізгі ұғымдарға анықтама беру: ес, мнемоника, эйдетикалық ес, генетикалық ес, иконалық ес, реминисценция, амнезия. Практикалық тапсырмалар: Тапсырма 1. Естің келесі түрлерін актуализациялауға бағдарланған психологиялық ықпалдар мен өмірлік ситуацияларды мысалға келтіріңіздер: А) қысқамерзімді, ұзақ мерзімді, оперативті; Б) қозғалыс, эмоциялық, бейнелі (көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, сипап сезу), сөздік-логикалық; В) ерікті және еріксіз; Тапсырма 2. Естің қандай түрлері келесі мамандық өкілдеріне қажет: - математика мұғалімі; - дәрігер-терапевт; - кулинар; - механик; - география мұғалімі; - театр әртісі; - биші; - музыкант-орындаушы; - жүргізуші; Тапсырма 3. Еспен жұмыс жасау заңдылықтарын қолдана отырып, оқу материалын тиімді есте сақтауға арналған психологиялық-педагогикалық ұсыныстар дайындаңыздар. Тапсырма 4. Өздеріңіздің өмірлік тәжірибелеріңіздегі жағымсыз және ауыр жағдайларды немесе фактілерді қалай ұмытқандарыңызды еске түсіріңіздер. Ол үшін арнайы тәсілдер қолданыңыздар ма? «Жағымсыз оқиғаларды қалай ұмыту қажет» тақырыбына психологиялық ұсыныстар дайындаңыздар.       Глоссарий   Тапсырмаларды орындау 9-10
Сөйлеу Білім деңгейін анықтауға арналған сұрақтар:
  1. «... – адамзаттың мәдени тәжірибесін игеру, сақтау және беру құралы».
  2. Адамның басқа адамдармен қатынасуға көзделген тілді практикалық қолдану процесі.
  3. Ішкі сөйлеудің сыртқы сөйлеуге алмасуы не деп аталады?
  4. Адамдардың бір-бірімен сөйлесу құралы.
  5. . . . - бұл адамның қарым-қатынас жасау үшін тілді қолдану процесі».
  6. . . . – бұл тілімізде сирек пайдаланылатын, мағынасына түсінгенмен күнделікті айтылмайтын сөздер жиынтығы.
  7. . . . – бұл күнбе күнгі жиі пайдаланылатын сөздер.
  8. Сөйлеу мағынасы кең, тиянақты, ерікті болып келеді. Сөйлемдер грамматикалық формасы жағынан жатық құрылады. Сөйлеуші өз ойын ұзақ уақыт бойы жүйелей, сабақтай баяндайды. Бұл қандай сөйлеу түрі?
  9. Тыңдаушының кезектегі сөз сөйлеуі, сөйлесушісімен сөз жарыстыру, бұл қандай сөйлеу түрі.
  10. Тілсіз коммуникативтік құралдарды – ым-ишара, мимиканы кеңінен қолданатын сөйлеу түрі, бұл - . . .
  11. Сөздерді айту қимылдарының жекелеген жақтарының әлсіреуі, түсуі – бұл . . .
 
  Тапсырмаларды орындау 11-12
Интеллект Ойлау және интеллект, байланысы. Интеллектуалды қабілеттер. Дж. Гилфорд бойынша интеллектінің кубик моделі.   Сұрақтарды талдау.
Ойлау Практикалық тапсырмалар Төмендегі ситуацияларда ойлаудың қандай түрлері көрінеді?
  1. Оқушының қалауы бойынша алған тақырыпқа шығарма жазуы.
  2. Шебердің станокта қиын детальдар жасауы.
  3. Бухгалтердің есеп құруы.
  4. Баланың құрастыруы.
  5. Дизайнердің бөлме интерьерін жобалауы.
  6. Басшының өз қызметкеріне мінездеме жасауы.
  7. Студенттің теориялық механика бойынша есептер шығаруы.
  8. Мұғалімнің бақылау жұмысына сұрақтар дайындауы.
  9. Кондитердің жаңа рецепт бойынша ұннан жасалған тағамдар дайындауы.
  10. Дәрігердің сипатталған симптомдар негізінде пациентке диагноз қоюы.
  11. Журналистің көрген оқиға бойынша репортаж жазуы.
    14-15

Баяндама тақырыптары:

  1. Когнитивті психологияның даму тарихы.
  2. Дж. Келлидің когнитивті теориясы.
  3. Ж. Пиаженің интеллектінің даму кезеңдері.
  4. Адами және жасанды интеллект.
  5. Шығармашылық ойлау проблемалары және даму жолдары.
  6. Шығармашылық ойлаудың жекелеген ерекшеліктері.
  7. Ойлауды дамыту құралдары.
  8. Ес теориялары.
  9. Тіл және сөйлеуді дамыту теориялары.
  10. Қабылдаудың бұзылуы.
  11. Зейін және зейін концепциялары.
  12. Т.Рибоның зейін теориясы.
  13. Естің бұзылуы.
  14. Когнитивті диссонанс.
  15. Психологиядағы ес теориялары.
  16. Адам есін жақсартудың жолдары, тәсілдері мен құралдары.
  17. Қиялдың дамуы.
  18. Ойлау және интеллект.
  19. Ойлау және сөйлеу.
  20. Сөйлеудің генетикалық қайнар көзі.
  21. Сөйлеудің дамуы.
  22. Сөйлеудің бұзылуы.