Тапсырма 12. Толық дифференциал. Жуықтап есептеу әдісіне есептер

ИДЗ-10.1(3)

Әдістемелік ұсыныс: Толық дифференциалдың қандай ерекшелігі бар екенін айыра білу қажет. Жуықтап есептеу формуласы практикада жиі қолданылатын болғандықтан формуланы жатқа білу абзал.

Ұсынылатын әдебиеттер: 9 нег. [250-252].

Тапсырма 13. Күрделі функциялардың туындыларын табу ИДЗ-10.1(5)

Әдістемелік ұсыныс: Күрделі функцияның туындыларын табу кезінде сыртқы функцияның аргументінен бірден туынды тауып кетуге болмайтынын, аргументі уақытша өзгермей тұратынын есте сақтау керек.

Ұсынылатын әдебиеттер: 9 нег. [253-254].

Тапсырма 14.Айқындалмаған функциялардың туындыларына есептер шығару ИДЗ-10.1(6)

Әдістемелік ұсыныс: Айқындалмаған функцияның туындысын табу формуласын жатқа білу қажет, өзіндік ерекшелігін ұмытпай, таңбасын тастап кетпей туындылар қатынасын дұрыс табу керек.

Ұсынылатын әдебиеттер: 9 нег. [254-258].

Тапсырма 15.Екі айнымалы функцияның экстремумы ИДЗ-10.2(1,2,3,4,5)

Әдістемелік ұсыныс: Жергілікті экстремум мен жалпы экстремумның айырмасын жете түсініп алу керек, экстремум бірнеше, ал ең кіші және ең үлкен мәндер бір-ақ түрлі болатынын ұмытпау керек

Ұсынылатын әдебиеттер: 9 нег. [210-214].

Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (СОӨЖ)

Тапсырма 1. Анықтауыштарды есептеу. Кері матрицаны Жордан-Гаусс схемасы бойынша табу.

Өткізу түрлері: Тренинг, жазбаша сұрау

Әдістемелік ұсыныс: Анықтауыштарды есептеу үшін есептеу әдістерін, элементтің миноры және алгебралық толықтауышын, анықтауыштардың қасиеттерін білу керек. Кері матрицаны Жордан-Гаусс схемасы бойынша есептеу үшін матрицаны элементар түрлендіруді білу керек.

Ұсынылатын әдебиеттер: 15 қос. [39-43, 70-72].

Тапсырма 2. Сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін матрицалық әдіспен шешу.

Өткізу түрлері: Тренинг, жазбаша сұрау

Әдістемелік ұсыныс: Бұл тақырыпқа есептер шығару үшін кері матрицаны табуды, матрицаларға амалдар қолдануды білу керек.

Ұсынылатын әдебиеттер: 15 қос. [73-74].

Тапсырма 3. Сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесінің үйлесімділігі

Өткізу түрлері: Тренинг, кеңес беру

Әдістемелік ұсыныс: Матрицаның рангін минорлар, не элементар түрлендіру әдісімен тапқанды үйрену керек. Сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесінің үйлесімділігін Кронекер-Капелли теоремасымен тексеру керек. Кеңейтілген матрицамен жұмыс істеп, матрицаны түрлендіргенді білу керек.

Ұсынылатын әдебиеттер: 15 қос. [91-94].

Тапсырма 4. Біртекті сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесінің шешімдер жиыны

Өткізу түрлері: Тренинг, ауызша сұрау

Әдістемелік ұсыныс: Бұл тақырыпта біртекті сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін шешесіздер және мына жағдайларды қарастырасыздар: .

Ұсынылатын әдебиеттер: 9 нег. [32].

Тапсырма 5. Векторлық көбейтінділердің қолданылуына есептер шығару

Өткізу түрлері: Тренинг, жазбаша сұрау

Әдістемелік ұсыныс:Бұл тақырыпта векторлық көбейтінділердің геометриялық және механикалық мағынасына тоқталамыз. Бір вектордың екінші векторға түсірілген проекциясын, екі векторлық арасындағы бұрышты табуды, күштің жұмысын, үшбұрыштың және параллелограммның ауданын табуды, параллелепипедтің көлемін табуды үйренесіздер.

Ұсынылатын әдебиеттер: 15 қос. [44-52].