Аралық бақылауды тапсыру кестесі. *- 1-ші аралық бақылау,**- 2-ші аралық бақылау

Апта
            *             **  

*- 1-ші аралық бақылау,**- 2-ші аралық бақылау

 

9.4. Жазбаша (ауызша) түріндегі аралық бақылауды және емтиханды бағалау 1-кестеде көрсетілген әріптік балдық-рейтингтік жүйеге сәйкес 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланады.

 

 

9.5. Тест түрінде өткізілген аралық бақылауда білім алушыға 20 сұрақ беріледі. Аралық бақылаудың тест түріндегі бағалау көрсеткіші 3-ші кестеде берілген.

Кесте 3

Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)

Тест балы Әріптік жүйе бойынша бағасы Пайыздық құрамы, %
А
А-
В+
В
В-
В-
С+
С
С-
D+
D 50-54
9-0 Ғ

 

 

9.6. Тестілеу емтиханында білім алушыға 50 сұрақ беріледі. Бағалау көрсеткіші 4-кестеде берілген.

Кесте 4

Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)

Тест балы Әріптік жүйе бойынша бағасы Пайыздық құрамы, %
А
А
А
А
А-
А-
А-
В+
В+
В+
В
В
В
В-
В-
В-
С+
С+
С+
С
С
С
С-
С-
D+
D 50-54
24-0 Ғ

 

9.7. Әрбір аралық бақылаудан кейін осы кезеңдегі білім алушының оқу жетістіктерінің рейтингісі шығады (сәйкесінше 1-рейтинг және 2-рейтинг). Рейтинг осы кезеңдегі білім алушының тапсырған ағымдық бақылауының және аралық бақылауының бағаларының қосындысы түрінде анықталады. Ағымдық бақылауға 0,7 салмақтық үлес коэффициенті, аралық бақылауға 0,3 коэффициенті беріледі. Рейтингтің толық бағасы келесі формуламен есептеледі:

немесе

мұндағы: R1 – 1-рейтинг, t1 – 1-ағымдық бақылау, r1 – 1-аралық бақылау,

R2 – 2-рейтинг, t2 –2-ағымдық бақылау, r2 – 2-аралық бақылау.

9.8. Академиялық кезең (семестр) кезіндегі білім алушының Rорт орташа рейтингтік бағасы (жіберу рейтингісінің бағасы) екі рейтингтің орташа арифметикалық қосындысы түрінде анықталады:

.

Академиялық кезең (семестр) кезіндегі білім алушының Rорт орташа рейтингтік бағасы (жіберу рейтингісінің бағасы) 35%-дан аз болса, бұл білім алушы емтиханға жіберілмейді.

9.9. Қорытынды бақылауды (емтиханды) өткізу үшін тіркеуші офисі емтихан қабылдайтын оқытушыға білім алушының академиялық кезең бойында жинақтаған балы мен рейтингтік бағасын көрсететін емтихан ведомостін ұсынады.

Пән бойынша қорытынды баға келесі формуламен анықталады:

мұндағы: Е –емтиханның бағасы.

 

 

Курс саясаты

-сабаққа кешікпеу;

-сабақ үстінде өзге әңгіме жүргізбеу, ұялы телефонды қоспау;

-сағыз шайнамау;

-сабаққа сәйкесінше киініп келу;

-сабақтан себепсіз қалмау (анықтама болуы тиіс);

-сабақтан қалған күндерде оқытушы белгіленген мерзімде өтеу;

-әрбір сабақта белсенділік көрсету;

-оқытушымен, студент-құрбыларымен достық, ашық қарым-қатынас орнату;

-барлық сабақтарда оқытушымен кері байланыста болып отыру;

-ұжымдық жұмысқа араласу, аса ұяң студенттерді пікір таласқа қатысуға тарту;

-жауапкершілікті, міндеттерді орындай білу;

-ішкі тәртіп пен ережелерді қадағалау (Корпоративті мәдениет кодексі, студенттердің этикалық кодексі және т.б.).

 

Дәріс Кіріспе. Керамикалық материалдардың жіктемесі және олардың қасиеттері. Керамикалық материалдарының сапасы және оларды бағалау негіздері.

Керамикалық бұйымдар немесе керамика (гректің «керамос»- балшық деген сөзінен) деп табиғи саз балшықтан немесе оны минералдық немесе органикалық косымшалармен араластыра дайындалған қоспалардан илеу, қалыптастыру, кептіру және күйдіру арқылы алатын жасанды тас бұйымдарды атайды.

Құрылыс материалдары өздерінің қасиеттеріне байланысты әртүрлі бұйымдар, конструкциялар жасау үшін қолданылады. Ол бұйымдар, конструкциялар құрылыста қолдану шартына сай әр түрлі болады. Мысалы, көп кабатты үй салу үшін мынадай бұйымдар, конструкциялар пайдаланылады: іргетастар, бағаналар, арқалық, қабатаралық және төбелік жабындар, сыртқы және бөлме аралық қабырғалар. Үй құрылысында бұлардан басқа жылу-дыбыс-ылғалөткізбейтін бұйымдар да колданылады. Құрылыста пайдаланылатын орнына, атқаратын міндетіне байланысты құрылыс материалдары екі топқа бөлінеді.

Бірінші топқа үйлерге немесе басқа ғимараттарға түсетін күшке төтеп бере алатын конструкцияларда колданылатын конструкциялар деп аталатын материалдар жатады. Олар: 1) табиғи тас материалдар; 2) минералды шикізаттарды термиялық әдіспен өңдеу арқылы алынатын материалдар - керамикалық бұйымдар, шыны ситалдар, байланыстырғыш заттар, металдар; 3) минералды байланыстырғыш заттардың негізінде дайындалатын материалдар - бетондар, темірбетондар, құрылыс ерітінділері, автоклавта өндірілетін бұйымдар; 4) органикалық материалдар - ағаш материалдар, органикалық байланыстырғыш заттар, полимерлер; 5) композициялық материалдар - асбестцемент, бетонополимер, фибробетон, шыныпластик.

Екінші топта арнаулы міндет атқаратын конструкцияларда пайдаланылатын "арнаулы орындарда колданылатын" материалдар жатады. Бұлар бұйымдардың эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту, үйдің ішін комфортты, ал сыртын көрнекті ету мақсатымен және конструкцияларды зиян келтіретін ортадан корғау үшін колданылады. Олар: 1) жылуөткізбейтін жылуизоляциялық материалдар (шыныдан жасалынған мақта, ағашталшықты-тақталар, арболит, т.б.); 2) дыбысөткізбейтін материалдар (тесіктелген - перфорацияланган ағаш жоңқалы тақталар, акмигран, фибролит); 3) тыстағыш (өңдегіш) материалдар (табиғи тастардан жасалынған үйдің ішін, сыртын әшекелейтін, оларға өң беретін мәрмер, гранит тақталар және жасанды материалдар - керамикалық тақталар, т.б.); 4) коррозияға төзімді материалдар (сырлар, лактар, бояулар, металл бұйымдарының бетіне тысталатын заттар); 5) төбе конструкцияларын жабатын су, ауа өткізбейтін гидроизоляциялық және герметикалық (саңылаусыздандырғыш) материалдар (рубероид, толь, мастикалар, герметиктер); 6) отқа төзімді кірпіштер (динас, шамот т.б.); 7) радиактивтік сәулеге төзімді материалдар (ауыр толтырғыштар-барит, металл жоңқалары, т.б. негізінде дайындалган өте ауыр бетондар).

Керамикалық материалдарының қасиеттерін стандарттау

Кұрылыс материалдарының физикалық қасиеттеріне олардың тығыздығы, кеуектілігі, ылғалдылығы, су сіңіргіштігі, аязға төзімділігі, жылу өткізгіштігі және т.б., ал механикалық касиеттеріне олардың деформациялық (серпімділік, пластикалық) қасиеттері, беріктігі, қаттылығы, үйкеліске, ұруга және тозуға төзімділігі және т.б. жатады.

Әр түрлі өнеркәсіптік, азаматтық, т.б. құрылыстарда материалдарды белгілі орында, (іргетаста, қаңқада, қабырғада, т.б.) атқаратын қызметіне сай пайдалану үшін олардың қасиеттерін жақсы білу кажет. Бұл қасиеттер құрылыс материалдарының стандарттарына (ГОСТ, ОСТ, т.б.) келтірілген сан көрсеткіштермен сипатталынады да "Құрылыс нормалары мен ережелеріне (СНиП)" сәйкес қолданылады. Халықаралық айырбас, сауда жүргізу үшін әр мемлекет құрылыс материалдарын өндіргенде ИСО-ның (халықаралық стандарттарды бекітетін мекеме) талаптарында бұлжытпай орындауы керек.

Стандарттар орыс тілінде жазылатын аттарының бас әріптерімен белгіленген: ГОСТ (государственный общесоюзный стандарт) - ол құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындармен, олардың ведомстволығына байланыссыз, міндетті түрде орындалатын бүкілодақтық мемлекеттік құжат, шарттар. ОСТ (отраслевой стандарт) - ол салалық (ведомствалық, РСТ - республикалық, ал СТП (стандарт предприятия) - кәсіпорындық стандарттар. ҚНжЕ (строительные нормы и правила) дегеніміз ол құрылысты жобалау, оны құру үшін колданылатын материалдарды тиімді пайдалану туралы, барлық мекемелер міндетті түрде колданатын, бүкілодақтық нормативтік құжаттардың жинағы.

Құрылыс материалдар саласында ең көп тараған стандарттардың бір түрі - ол ТУ (технические условия) - техникалық шарттар. Бұларда құрылыс материалдарын таңбалау, буып-түю, тасу, сақтау туралы шарттар койылады және олардың үлгілерінің немесе өздерінің сапасын сынау әдістері келтіріледі.

Техникалық талап (шарт) қойылған ережелері бар бұл стандарттар кұрылыс материалдарының сапа көрсеткіштерін нормалайды (мөлшерлейді). Мысалы, ГОСТ-10І78-85 кәдімгі портландцементтерінің мынадай сапа көрсеткіштерін мөлшерлейді ұнтақтық дәрежесін, яғни, майдалық мөлшерін (нөмірі, яғни тесіктерінің диаметрі 0,08мм елеуіште (електе) өтпей қалатын цемент калдығының пайызы бойынша анықталады), нормалы коюлығын (цементтің нормалы илемін, яғни, қамырын алу үшін кажетті су мөлшері пайызы бойынша), ұштасу мерзімін (цементті сумен араластырғанда пайда болған коллоид ерітіндісінің коагуляциялану салдарынан гель деп аталатын қатты денеге айналу, ягни ауысу уакыттарымен, мерзімдерімен сипатталынады), маркасын (элементтің, оған салмағынан үш есе көп құмды косып дайындалған, ерітіндісінен жасалған үлгінің, 20 градуста 28 тәулік бойы катайғанда ие болатын, сығу күшіне беріктілік шегіне тең. Портландцементтің осы келтірілген сапаларына стандарт мынандай шарт кояды - елеуіштегі қалдық пайыздан артық болмауы, камырьның нормалы коюлығы 23...26% аралығында болуы, ұстасу мерзімі 45 минуттан ерте басталмауы, ал ұстасудын аяқталуы сағаттан кем болмауы, құм косып жасалған үлгісінің беріктілігі 400...600 кг с/см2 аралығында болуы керек.

Стандарттарда бірінші цифрлар олардың нөмірін, 2-ші цифрлар бекітілген жылын көрсетеді; олар 5-10 жылда ғылым және техниканың жетістіктеріне байланысты, қайта қаралып, бекітіліп отырылады. Стандарттың шарттары - заңның күшіндей, сондықтан оларды бұлжытпай тиянақты, жауапты орындау керек.

 

Құрылыс материалы қасиеттерінің құрамы мен құрылымына байланыстылығы

Құрылыс материалдарының қасиеттері олардың құрамы мен құрылымына байланысты. құрамдар химиялық, минералдық және фазалық болып бөлінеді. Материалдық химиялық, яғни химиялық элементтерден тұратын, құрамына қарай, оның отқа, микроорганизмдер әсеріне төзімділігін, механикалық және тағы басқа техникалық қасиеттерін жорамалдауға болады. Құрылыс материалдары ішінде көп тараған бейорганикалық байланыстырғыш заттардың және табиғи тас материалдардың химиялык кұрамы әдетте оксидтермен (тотықтармен) сипатталынады.

Минералдар негізгі және қышкыл тотықтардьң өзара байланысуынан түзіледі (құралады). Мысалы, портландцемент құрамында үш кальцийлі силикат - минерал 3СаО×SіO2 (қыскаша С3S) көбейсе (45-60%), оны құм және сумен араластырғанда цемент тез катаяды, оның беріктілігі өседі.

Фазалық құрам қатты каңқа және ауамен, сумен толған саңылауларда түзіледі. Саңылаулар ішіндегі судың катты затқа (мұзга) айналуына байланысты материалдың қасиеттері өзгереді - аязға төзімділігі төмендейді, ал жылу өткізгіштігі өседі.

Көп құрылыс материалдарының құрылымы олардың бөлшектерінің (түйірлерінің) ірілігін, формасын өзара орналасуын, байланысуын көрсетеді. Құрылым үш дәрежеде анықталынады: 1) материалдың макроқұрылымы (құрылымдағы саңылаулардың мөлшері бір-екі мм) жәй көзбен көру аркылы; 2) микроқұрылымы 50-ден 2000 есеге дейін оптикалық микроскопта үлкейту арқылы және 3) материал құрайтын заттың ішкі құрылымы ондаган мың есе үлкейтіп көрсететін электрондық микроскопта және рентген сәулесімен зерттеу арқылы.

Катты құрылыс материалдарының, ұялы, ұсақ саңылаулы, талшықты, қабатты т.б. болуы мүмкін. Мұнда конгломератты (латынша жиналған, құрылған деген сөз) құрылым әртүрлі, мысалы, құмнан, малта (жұмыр) немесе жарықша (қиыршык) тастардан, осыларды байланыстыратын заттардан құралған құрылым-көбінесе бетондардың сан-алуан түрлеріне, ұялы құрылым макросаңылаулы газ және көбік бетондарға, ұялы пластмассаларға, ал ұсақ саңылаулы құрылым ерітіндіге көп су қосу және оны күйдіргенде жанып кететін қосындылар қосу әдістерімен жасалған керамикалық материалдарға тән. Талшықты құрылым ағаш материалдарға, шыны мактадан жасалған бұйымдарға, қабатты құрылым қағазпластқа, текстолитке тән.

Материалдардың микроқұрылымы олардың бөлшектерінің мөлшерін, формасын, материал көлеміндегі санын (оптикалык микроскопта ауданның бір шаршы сантиметріне келетін бөлшек саны мен сипатталады) көрсетеді.

Материал түзетін заттардың ішкі құрылымы кристалл немесе аморф түрлі болады. Кейбір заттардың, мысалы, кварцтың ізі құрылымы осы екі түрде де кездеседі; кристалды түрі тұрақтырақ, өйткені ол әкпен қосылу үшін 175°С және 1МПа қысым кажет, ал аморфты түрінде кездесетін кварцтрепел кәдімгі температурада (20°С шамасында), ешқандай кысымсыз әкпен байланысып кристалл түрлі сулы силикат түзеді.

Құрылыс материалдарының берік, қатты, балқығыш т.б. қасиетті болуы оларды түзетін заттардың ішкі құрылымына-кристалл торларының түріне байланысты. Атомдардың кристалл ішінде орналасуын және атомдардың аралығын рентген сәулесінін заттың атомдық жазыктықтарынан, атомдарынан кері шағылысып экранға түсетін дақтарына қарап, анықтауға болады, өйткені затты құрайтын атомдардың ара кашықтығы рентгендік сәуле толқынының ұзындығымен шамалас. Электрон сәулесі толқынының ұзындығы рентген сәулелерінен әлдеқайда кем екені ақикат. Сондықтан рентгенограммада өте майда фазалардың сызықтары өте көмескі көрінеді, оларды жоғарғы дәлдікпен өлшеу мүмкін емес. Мұндай жағдайда электронография (электрондардың затқа жұтылмай қарқынды шағылысатындығына негізделген) заттың өте ұсақ бөлшектерін зерттеуге кеңінен пайдаланылады.